Факультативтік курс
«Химиядан сандық есептерді шығару»
Түсінік хат
Химия пәнінен бұл бағдарлама жалпы мектептердің 9-11сыныптарында оқушылардың алған білімдерін әрі қарай тереңдете бекітіп, білімдерін тексеруге арналған. Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Химиялық есептер – оқушылардың химиядан білім сапасын анықтаудың негізгі құралдарының бірі. Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді. Бағдарламада сандық есептерді шығару көзделген. Курстың негізіне атом-молекулалық ілім, стехиометриялық заңдар, химиялық элементтердің периодтық заңы алынған.
Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын жоғары оқу орнына түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
Бейорганикалық және органикалық химиядан алған білімдерін қорытындылау, пысықтау.
Бар білімді жаңа проблемалар (әр түрлі деңгейдегі есептерді) шешуде шығармашылықпен қолдану.
Химияның мектептік курсында қарастырылмайтын ұғымдарды оқып-үйренуді қамтамасыз ету.
Оқушылардың талдау, салыстыру, тұжырымдау, ой-өрісін, өз бетімен ойлау қабілеттерін дамыту.
Конкурстық, олимпиадалық есептерді шығару алгоритмін жетілдіру, күрделі есептерді шығаруда алгебралық әдістерді пайдалану тиімділігін көрсету.
Пәнаралық байланыстардың мазмұның (математика, физика, биология) кеңейту.
Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан-салалы, ауқымды мәселелерді шешудегі рөлінің артуын ашып көрсету.
Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- химиялық дүниетанымды қалыптастыру;
- алған білімдерінінің маңызы туралы түсініктерді меңгерту;
- әр оқушының оқу деңгейін анықтау;
- тәжірибелік білімдерін жетілдіру;
- химиядан білім стандартына сәйкес келетін оқытудың жоспарланған нәтижесін қамту.
Күтілетін нәтиже:
Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есептер шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Бұл курс бағдарламасындағы орындалатын жаттығулар және шығарылатын есептер әр тақырыпқа жеке берілген. Бағдарламаның бұлай құрылуы оқылған тапсырмаларды орындау кезіндегі мақсаты мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді.
Егер де есеп шығару дағдылары қалыптаспаса, күрделі есептерді шығаруда химияның теориялық курсын жақсы білу жеткіліксіз. Өкінішке орай, мектептегі химия курсын оқытуда есептер шығаруға тиісті деңгейде сағаттар бөлінбеген. Жалпы алғанда, есептерді шығарудың өзіндік реті, шығару әдістемесі болады. Сондықтан да, қиындық деңгейлері қарапайым типтік есептерді шығаруды меңгерту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру қажет.
Бағдарламаның мазмұны
Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Тақырыптық жоспарлау (сағат саны)
№ тарау
|
Тақырыптар
|
Сағат саны
|
|
Кіріспе
|
1
|
1.
|
Химияның басты заңдары. Стехиометриялық заңдар. Химиялық формула.
|
4
|
|
|
|
2.
|
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
|
4
|
3.
|
Химиялық процестердің жүру заңдылықтары. Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принципі, Ванг-Гофф ережесі.
|
4
|
4.
|
Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
|
3
|
5.
|
Заттардың қоспасы.
|
5
|
6.
|
«Олеум» тақырыбына арналған есептер.
|
4
|
7.
|
Ерітінділер.
|
4
|
8.
|
Сапалық анализ.
|
3
|
9.
|
Қорытындылау.
|
2
|
|
Барлығы:
|
34 сағат
|
|
Практикалық жұмыс
|
2 сағат
|
Бағдарламаның базалық мазмұны:
Кіріспе. (1сағат)
Химияның басты ұғымдарымен таныстыру. Атом. Молекула. Химиялық элемент. Заттар және физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар.
1 тақырып. Химияның басты заңдары. Стехиометриялық заңдар. Химиялық формула. (4 сағат)
Химияның негізгі заңдары: зат салмағының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, көлемдік қатынастар заңы. Химиялық формула. Заттың сапалық және сандық құрамы.Валенттілік. Химиялық формулалар бойынша есептеулер.
2 тақырып. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.(4 сағат)
Химиялық реакциялар, олардың жүру белгілері және жағдайлары. Табиғаттағы химиялық реакциялар, тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар; Химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін /газдың/, зат мөлшерін есептеу. Бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымды есептеу. Бастапқы зат және теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымы бойынша өнімін есептеу және т.б.
3 тақырып. Химиялық процестердің жүру заңдылықтары. Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принципі, Ванг-Гофф ережесі. (4 сағат)
Химиялық реакция жылдамдығы. Оған әсер ететін факторлар.Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле-Шателье принципін тұжырымдау. Вант-Гофф ережесін және Ле-Шателье принципін негізге ала отырып есептеулер жүргізу.
4 тақырып. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.(3 сағат)
Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері, формулалары бойынша тотығу дәрежелерін анықтау. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш туралы түсінік, тотығу-тотықсыздану реакциялары. ТТР теңестіру әдістері: ионды-электронды баланс. Электролиз. Катодтық және анодтық процестер.
5 тақырып. Заттардың қоспасы. (5 сағат)
Қоспа компаненттердің құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу.
Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептеулер.
Қоспаның сандық құрамын анықтау.
Берілген реагентпен құрамындағы ішінара әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау
Берілген реагентпен құрамындағы компаненттердің бәрі әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау.
6 тақырып. «Олеум» тақырыбына арналған есептер. (4 сағат)
Күкірт оксидтері, күкірт қышқылы мен олеумның қасиеттері. Олеум қатысында жүретін химиялық реакциялар. Сандық есептеулер.
7 тақырып. Ерітінділер. (4 сағат)
Ерітінділер концентрацияларының түрлері. Еріген заттың массалық үлесі, мольдік концентрация, еріткіштің
Ерітіндінің массасын тығыздығы бойынша есептеулер.Қатты заттардың, сұйықтықтардың, газдардың ерігіштігі, кристаллогидраттар.
8 тақырып. Сапалық анализ. (3 сағат)
Бейорганикалық қосылыстар құрамындағы катиондар мен аниондарды сапалық реакциялар көмегімен анықтау.
№1 практикалық жұмыс. Берілген бейорганикалық заттарды сапалық реакциялармен анықтау.
№2 практикалық жұмыс.
№
|
Тақырыбы
|
Сағаты
|
1.
|
Кіріспе.
|
1
|
2
|
І тарау.Химияның басты заңдары. Стехиометриялық заңдар. Химиялық формула. Химиялық формулаларды табу. Белгісіз заттардың эмприкалық және молекулалық формулаларын табу.
Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу.
Кристаллогидраттың формуласын табу.
Газдардың молярлық көлемі. Идеал газдар заңы.
|
4
|
3
|
2-тарау. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер. Бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымды есептеу. Бастапқы зат және теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымы бойынша өнімін есептеу.
.
|
4
|
4
|
3-тарау. Химиялық процестердің жүру заңдылықтары. Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принципі, Ванг-Гофф ережесі. Есептеулер шығару.
|
4
|
5
|
4- тарау. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру әдістері. Электрондық баланс және иондық-электрондық әдісі.
Электролиз.
|
3
|
6
|
5 тарау. Заттардың қоспасына есептер шығару.
Қоспа компаненттердің құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу.
Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептеулер.
Қоспаның сандық құрамын анықтау.
Берілген реагентпен құрамындағы ішінара әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау
Берілген реагентпен құрамындағы компаненттердің бәрі әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау. (5 сағат)
|
5
|
7
|
6 тарау. «Олеум» тақырыбына арналған есептер.
|
4
|
8
|
7-тарау. Ерітінділер.
Ерітінділердің концентрациясын өрнектеу тәсілдері. Еріген заттың массалық үлесін есептеу.
Ерітінділердің молярлық концентрациясы. Ерігіштік.
|
4
|
9
|
8-тарау.Сапалық анализ. Иондарды /катиондар мен аниондарды/ сапалық анықтау.
|
3
|
10
|
Қорытындылау
|
2
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. КузьменкоН.Е:, Еремин В.В. «2500 задач по химии с решениями». Москва «Оникс 21 век», «Мир и образование» 2002 ж.
2. Беляева И.И., Сутягина Е.И., Шелепина И.А. «Задачи и упражнения по общей и неорганической химий». Москва «Просвещение» 1989 ж.
3. «Химия мектепте» ғылыми-педогогикалық журнал. 2011-2014жыл.
4. Ф.Г.Фельдман, Г.Е.Рудзитис «Жалпы химия негіздері». Алматы-Мектеп 2002жыл
5. Дидактикалық материалдар «Химия» 10 сынып. Алматы-Мектеп 2003 жыл
6. Қ.Бекішев, Р.Рысқалиева, А. Солтанбекова «Жалпы химия есептері мен жаттығулары», Алматы, 2009
7. Мендалиева Д.К. «Сапалық химиялық анализден зертханалық практикум», (мектеп оқушыларының факультативтік сабақтарына арналған), Алматы, 2014
8. И.Г. Хомченко «Сборник задач и упражнений по химии» Москва,2013
9. Г.П. Хомченко, И.Г. Хомченко « Сборник задач по химии для поступающих в ВУЗЫ»,Москва, 2013
Достарыңызбен бөлісу: |