Ағылшын тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы



жүктеу 56,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі56,5 Kb.
#24134
түріОқулық

Қосымша 1 «ҰТО» РМҚК

2014 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 343-ОД бұйрығымен бекітілді

Ағылшын тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге

арналған тест спецификациясы

(12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)
Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген.

Бұл құжат 12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтар негізінде әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді.



Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын 12-жылдық білім беретін эксперименттік сынып түлектерінің ағылшын тілі пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.

Тест тапсырмаларының мазмұны 12-жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтарға сай.





Бөлім

Тақырып

01

Лексика мен орфография

Лексикалық бірліктердің тіркестігі.Синонимдер, антонимдер

Ауызекі сөйлем лексикасы, орфография. Фонетика

Перифраз, аударма

Фразалық етістіктер

Идиомалар. Мақалдар

02

Морфология

Артикль, предлогтар

Туынды сөздер.Приставкалар, жұрнақтар, жалғаулар. Күрделі сөздер

Зат есім. Зат есім түрлері. Зат есімнің тәуелденуі

Есімдіктер: жіктік, тәуелділік, сілтеу, белгісіздік, сұраулы

Сын есім мен үстеу. Сын есім мен үстеудің салыстырмалы шырайлары

Cан есім. Есептік және реттік сан есімдер

Етістік. Етістіктің негізгі түрлері: 'to be', Indefinite Tense (present, past, future), Continuous Tense (present, past, future), Perfect tense (present, past, future), Future – in – the – past, Passive Voice. Модальды етістіктер

Етістіктің жақсыз түрлері: Gerund, Participle I,II, Infinitive

03

Синтаксис

Сөйлемдер: жай, болымсыз және сұраулы сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Төл сөз, төлеу сөз. Шақтардың қиысуы

Райлар: бұйрық рай, ашық рай, шартты рай

Complex Object. Complex Subject

Құрылым, айналым.there is/there are, to be going to, used to

04

Мәтінмен жұмыс

Мәтінмен жұмыс

05

Елтану

Қазақстан

Ұлыбритания, ағылшын тілінде сөйлейтін елдер

Тест жоспары:

Лексика – 5 тапсырма

Морфология – 13 тапсырма

Синтаксис – 5 тапсырма

Мәтінмен жұмыс – 1 тапсырма

Елтану – 1 тапсырма

Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Фонетика – оқу дағдысын тексеру.

Орфография: орфографиялық қабілеттерін тексеру.

Лексика: сөздік қорын тексеру.

Морфология: сөзжасам, мақал-мәтелдерді, сөз таптарын қолдана білу.

Синтаксис: сөйлем түрлерін құрастыру және тілдік материалды қолдану.

Мәтінмен жұмыс: оқылған мәтіннің мазмұнының меңгерілуін тексеру.

Елтану – өз елін және тілін оқып отырған ел туралы білімді тексеру.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.



Нұсқалар мен тапсырмалар саны. Бір нұсқада 25 тест тапсырмасы беріледі. Тест нұсқаларының баламалығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.



Тапсырмалар түрі:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.



Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

Жеке тапсырмалар мен барлық жұмыстың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 25 балл алады.
жүктеу 56,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау