Мусабаев А. К



жүктеу 3,63 Mb.
бет1/2
Дата23.11.2018
өлшемі3,63 Mb.
#23676
  1   2

Жамбыл политехникалық колледжінің дуальді оқыту тәжірибесі
Мусабаев А.К
Жамбыл политехникалық колледжі, Тараз қаласы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болу мұратын көтерген «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Жолдауында ХХІ ғасыр мамандарын даярлау мәселесіне, соның ішінде, инженерлік білім беру мен техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды басты бағыт ету қажеттігін алға тартты. Кәсіби-техникалық білім ең бірінші кезекте -  ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы.

Қазақстанда Елбасының тапсырмасы негізінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңғырту үдерісі дамып келеді. Білім саласында жаңашыл идеялар, озық технологиялар, әрекетті жобалар енгізілуде.Сондай жобалардың бірі- Германия мемлекетінің дуальді оқыту жүйесі. Осы жобаның озық элементтерін енгізу арқылы оқыту өнімділігін және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру кәсіби техникалық білім беру саласының негізгі мақсаты.

Дуальді оқыту жүйесінің элементтері 2012 жылынан бастап Жамбыл политехникалық колледжінде 1112000 «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану», 1013000 «Өнеркәсіптегі механоөңдеу, бақылау-өлшеуіш аспаптары және автоматикасы», 0911000 «Электр және электрмеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, көрсету және жөндеу», 0816000 «Химиялық технология және өндіріс» мамандықтары бойынша жүзеге асырылуда.

Оқу үрдісіне енгізіліп отырған жаңа жүйенің дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшелігі неде?

Осыған орай бұл жүйенің ерекшелігін төмендегідей сараптауымызға болады:

-Біріншіден, түлектердің жұмыссыз қалмауы.

Дуальді оқыту жүйесі әлемнің көптеген елдерінде, мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде табысты жұмыс істеуде. Дуальді жүйенің негізігі мақсаты— студентті оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Ең бастысы, теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, студент оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп,алған білімін тәжірибе арқылы бекітеді.Сонымен бірге өндірістің құрылымымен және жұмысшы ұжымның психолгиялық хал-ахуалын ұғына бастайды. Колледжде алған білімі мен өндірістегі жинақтаған тәжірибесі арқылы студенттер оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болады. Дуальді жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды, білікті маман болып шығады. Дуальді оқыту әдісінің бір ерекшелігі оқу орнының - жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай  кәсіптік-техникалық  мамандарды даярлау жауапкершілігін арттырады.Колледждегі оқу тәжірибелерінің жүргізілуіне колледж директоры Орынбаева Жанар Рымбекқызы баса көңіл аударып, тәжірибе өткізілетін шеберханалардың заманауи техникамен жасақталуын қамтамасыз етіп отыр. Колледждің «Электромеханикалық және Бақылау, өлшеу аспаптары»  бөлімінің жоғары курс студенттерінің өндірісте алған іс дағдыларының нәтижесінде курстық, дипломдық жоба жұмыстарында зертханалық стенд тренажерлары дайындалып, оқу тәжірибелерінде тиімді қолданылуда.



-Екіншіден, әлеуметтік серіктестікпен байланысты дамыту

Жамбыл политехникалық колледжінің білімгерлері өңірдегі ірі кәсіпорындармен келісім шарт бойынша оқу өндірістік практикадан өтеді, атап айтсақ:

-1112000 «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану» мамандығының студенттерін «Запчасть» АҚ, «Имстальком» АҚ, «Тараз механикалық зауыты» ЖШС;

-1013000 «Өнеркәсіптегі механоөңдеу, бақылау-өлшеуіш аспаптары және автоматикасы», -0911000 «Электр және электрмеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, көрсету және жөндеу», 0816000 «Химиялық технология және өндіріс» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерді «Казфосфат» ЖШС және «Жамбылгипс» АҚ;

-1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша «ЖЭС» ЖАҚ, «ТаразТрансПасс» және «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС базалық кәсіпорындары қабылдайды.

-Үшіншіден, Халықаралық ынтымақтастықтың артуы

Дуальді жүйені оқу үрдісіне енгізу барысында, елімізде әлемнің жетекші  кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерімен ынтымақтастық  дамытылып жатыр. Халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде колледж оқытушылары Германия және Сингапур елдерінің кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарында тәжірибеден өтіп келді. «Холдинг «Кәсіпқор» және колледж арасында оқытушылар мен ТжКБ менеджерлерін қайта даярлау мәселелері бойынша серіктестік туралы келісім жасалды.

Теориялық білім беруге оқу үрдісіне тәжірибелі өндіріс мамандары шақырылуда, өндіріске барынша жақындатылған жұмыс ортасын құрудын сингапурлық үлгісі еңгізілуде. «Қазақстан Республикасында кәсіптік-техникалық білімді қолдау» атты Евроодақтын жобасына сәйкес арнайы пәндердің оқытушылары Германияда (Ганновер) кәсіби сынақтан өтіп дуальді жүйенің әдістерін үйреніп келді. Мұндағы кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындары дуальды жүйе бойынша жұмыс жасайды. Оқытудың бұл әдісі — сапалы мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол,  оқу уақытының басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді. Бұл жерде де өндірістің оқу орындарына деген сұранысы мен талабы жоғары екендігі байқалады.

Кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық техникалық базасы жақсармай, сапалы мамандар даярлау мүмкін емес.

Кәсіптік-техникалық білім беру саласына дуальдік оқыту жүйесін қолдану, өндіріске кәсіби құзырлы, бәсекеге қабілетті, шығармашыл мамандарды дайындауға мол мүмкіндік береді. 



ЖШС «Казфосфат» филиалы МТ бақылау-өлшеуіш аспаптары жөндеу цехі


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау