11
ҚР ҚН 1.02-03-2011
9.3.3 Жазбахатқа жалпы түсініктеме:
- жобаны әзірлеуге негіздеме (негіздемені құратын құжаттардың тізімі) - жобалауға арнал-
ған бастапқы деректер, құрылыс аймағының жағдайы, қоршаған аумақтың пайдаланымдағы
және жоспарланған (бағдарланған) инфрақұрылымы
туралы мәліметтер;
- жобалау шешімдеріне жүргізілген келісімдер туралы мәліметтер, әзірленген жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамасының мемлекеттік нормаларға, ережелерге, стандарттарға,
сәулеттік-жоспарлау тапсырмасына, бастапқы деректерге, сондай-ақ объектінің (орналасқан
жерін) орналастыруын келіскен кезде мемлекеттік қадағалау органының (бақылау) басқа да
уәкілетті ұйымдардың және лауазымды тұлғалары берген техникалық шарттары мен талаптарына
сәйкестігі, сәйкестендірілген мемлекеттік органдардың белгіленген тәртіпте рәсімделген
қолданыстағы мемлекеттік нормативтік құжаттар талаптарынан шегінуге (ауытқуына) рұқсаты
(келісімі) туралы ақпараттар;
- бас жоспар, инженерлік жүйелер мен желілер және коммуникациялар бойынша негізгі
көрсеткіштер, аумақты инженерлік қорғау жөніндегі шаралары;
- кәсіпорынның (ғимараттың, құрылыстың, кешеннің) және оның өндіріс құрамына ене-тін
қысқаша сипаттамасы, жобалау қуаты мен номенклатурасы, сапасы, көлемдік-жоспарлау және
сәулет-құрылыстық, сондай-ақ өндірістің технологиялық шешімдерінің негізгі принциптері
туралы ақпараттар, бәсекеге қабілеттілігі, жоспардағы шығарылатын өнімнің техникалық деңгейі,
шикізат базасы, отын, суды, жылу мен электр энергиясының қажеттілігі, шикізатты кешендік
пайдалану,
өндіріс қалдықтары, қайта өңделген энергия ресурстары туралы мәліметтер;
- құрылыстың, қала құрылысының және іске қосылатын кешендерінің кезектілігі туралы
мәліметтер;
- қызметкерлердің жағдайы мен еңбегін қорғауды сипаттайтын жалпы мәліметтер,
санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар, мүгедектердің және тұрғындардың мүмкіншілігі
шектеулі топтарының тіршілік ету жағдайы мен еңбек қауіпсіздігін қамсыздандыратын негізгі
шешімдер;
- жобада қолданылған зерттеулер және патенттер туралы мәліметтер;
- пайдалану қауіпсіздігі мен объектінің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін
ұйымдастырушылық, инженерлік және инженерлік-техникалық шаралар бойынша ақпарат-тар,
оған қоса лаңкестікке
қарсы қорғау шаралары;
- жобаны әзірлеудің нәтижесінде алынған техникалық-экономикалық көрсеткіштер,
оларды бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесі бар көрсеткіштермен немесе объекті
құрылысындағы басқа да инвестициялар негіздемесі мен жобалау тапсырмасында белгіленген
жобаны жүзеге асыру жөніндегі қорытындылары мен ұсыныстарын салыстыруды қамтитын
ақпараттар кіреді.
9.3.4 Объектінің бас жоспары мен көлікті ұйымдастыру бөліміне:
- құрылыс салынатын аймақ пен алаңның қысқаша сипаттамасы; жер бедерінің қысқа-
ша сипаттамасы мен құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және
геотехникалық жағдайлары туралы мәліметтері; бас жоспар (аумақты аймақтарға бөлуді еске-
ріп), ішкі алаңдық және сыртқы көлік, көлік түрін таңдау жөніндегі шешімдері мен көрсеткіш-
тері; төтенше жағдайлар туындаған жағдайда адамдарды көшіру мақсатында және материалдық
құндылықтарды құтқару, сондай-ақ олардың салдарынан жоюға мамандандырылған көлік үшін
қолайлылығы;
- құрылысқа ұсынылып отырған жер телімінің жалпы сипаттамасы және оның параметрлері
(мөлшері, шекарасы) туралы өзге де деректер, елді мекен жүйесінде немесе айналасында
салынған құрылыстар мен қолданыстағы инфрақұрылымының, оның қазіргі жағдайы мен
қолданысының сипаттамасы бар ауыларалық аумақта орналасқан орны; аумақтың және қоршаған
ортаның экологиялық жағдайы, көлік және инженерлік-құрылыс-тық шарттары, инженерлік
коммуникациялар және сол немесе іргелес аумақ арқылы өтетін өнім өтпе құбырлары, жоспарлау
шектеулері және қолданыстағы қала құрылысы құжаттамасы;
12
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- құрылысты бұзу және көпжылдық ағаштарды кесу, ғимараттар мен құрылыстарды басқа
жерге ауыстыру, құрылыс салу ережелерін, қала құрылысы тұжырымдамаларын сақтау, тарихи,
мәдени және табиғат, оның қорғалатын және ерекше реттеу аймақтарындағы ескерткіштерді
сақтау жөніндегі талаптар (белгіленген шарттар);
- жер асты кеңістігін пайдалану мүмкіндігі;
- аумақты инженерлік дайындау, жер бедерін ұйымдастыру, абаттандыру және
көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар, инженерлік желілер мен коммуникацияларды орналас-
тыру (төсеу) шешімдері; кәсіпорынның сыртқы күзетін
ұйымдастыру;
негізгі сызбалар:
а) кәсіпорынның (ғимараттың, құрылыстың немесе оның кешендерінің)
орналастырылуының ахуалдық жоспары, онда қолда бар және жобаланып жатқан сыртқы
коммуникациялар, инженерлік желілер мен үй тұрғызатын жерлер, санитарлық-қорғаныс
аймақтарының шекарасы, айрықша күзетілетін аумақтардағы инженерлік шаралары
көрсетіледі. Сызықтық құрылыстар (алаңнан тыс және алаңішілік) үшін ахуалдық жоспардың
орнына трасса жоспары, ал қажет болғанда трассаның бойлық пішіні және жерде салынған
құрылыстың көлденең пішіндері жүргізіледі;
б) Бас жоспарға жобаланып жатқан және қолда бар (сақталатын және бұзуға жатқызыл-
ған) ғимараттар, имараттар мен өзге де құрылыстар, инженерлік және көлік коммуникация-
лары, абаттандыру элементтері мен көпжылдық жасыл көшеттер, аумақтың қолданыстағы
және жоспарлау белгілері түсіріледі, сондай-ақ онда іске қосылатын кешенге енетін объектілер,
желілер мен көлік коммуникациялары бөлініп, көрсетіледі;
в) аумақты инженерлік дайындау, жер үсті суларын үйлестіру жүйесі бар бедерді
ұйымдастыру (вертикаль жоспарлау), жер қазу жұмыстары және жер алқабының картограм-
масы (сызықты құрылыстардан басқа) көрсетіледі.
9.3.5 Аумақты инженерлік қорғау жөніндегі шешімдер құрылыс алаңында инженерлік-
геологиялық, гидрогеологиялық шарттары, сондай-ақ топырақтың геотехникалық қасиеттері
туралы
деректері ескеріліп, әзірленеді.
9.3.6 Технологиялық шешімдерге:
- өндірістік бағдарлама
туралы деректер;
- өндіріс технологиясы бойынша қабылданған қысқаша сипаттама мен шешімдердің
негіздемесі, өнімдерді жасауға жұмысалатын еңбек, технологиялық үрдістерді механикалан-
дыру мен автоматтандыру туралы деректер;
- қолданылатын құрал-жабдықтың, соның ішінде шетел құрал-жабдығының құрамы мен
негіздемесі;
- қалдығы аз және қалдықсыз технологиялық үрдістер мен өндірістерді қолдану, жылуды
және тұтылған химиялық реагенттерді қайта пайдалану жөніндегі шешімдер; жұмыс орны-
ның саны мен жарақтандырылуы; цехаралық және цехтық коммуникациялардың сипаттама-
сы;
- өнім сапасын қадағалауды ұйымдастыру
жөніндегі ұсыныстар;
- жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру жөніндегі шешімдер;
- энергияны үнемдеу іс-шаралары;
- атмосфераны ластайтын және су көздеріне құйылатын зиянды қалдықтардың көлемі
мен құрамы (жекелеген цехтар, өндірістер, құрылыстар бойынша), олардың топырақта
жинақталуы туралы деректер;
- қоршаған ортаға зиянды заттарды шығару мен тастаудың алдын алу (азайту) бойын-
ша техникалық шешімдер; апаттық жағдайдың туындау ықтималдығын бағалау және оларды
болдырмау жөніндегі шешімдер;
- қалпына келтірілетін немесе пайдаға асырылатын, көмілуге жатқызылған өндіріс
қалдықтарының түрі, құрамы мен мөлшері;
- технологиялық үрдістердің отын-энергетикалық
және материалдық балансы;