1 ҚР ҚН 02-03-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/45
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15985
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45

19
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- объектінің қысқаша сипаттамасы мен жобалау қуаттылығының (сыйымдылығы, өткізу 
қабілеті және с.с.) қысқаша деректер;
-  белгіленген  объектіде  (тұрғын  ғимараттардан  басқа)  жұмыс  істейтіндердің  саны, 
мөлшері мен білікті-білімді құрамы және сандық есебінің нәтижелері;
- отын, су, жылу мен электр энергиясын тұтыну туралы деректер;
- құрылыс кезектілігі, қала салу мен іске қосылатын кешендер туралы мәліметтер;
-  объектінің  негізгі  техникалық-экономикалық  көрсеткіштері,  жобалау  шешімдері 
бойынша  жүргізілген  келісулер  туралы  мәліметтер,  әзірленген  құжаттаманың  мемлекеттік 
нормаларға,  ережелері  мен  стандарттарға,  сәулеттік-жоспарлау  тапсырмасына,  бастапқы 
деректерге,  сондай-ақ  инженерлік  инфрақұрылымының  объектілеріне  және  инженерлік 
қамсыздандыру  коммуникацияларына  қосуға  арналған  техникалық  шарттарға  сәйкестігін 
дәлелдеу;
- техникалық пайдалану  жөніндегі іс-шаралар (қайта немесе көп рет пайдаланылатын 
тұрғын және қоғамдық ғимараттар топтамасы  үшін әзірленетін материалдар бойынша);
- мүгедектердің және елді мекеннің өзге де мүмкіндіктері шектеулі топтарының тіршілік 
ету жағдайлары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шешімдер.
9.5.4 Құрылыс алаңының бас жоспарына келесі мәліметтер енеді:
-  құрылыс  салуға  бөлінген  жер  телімінің  жалпы  сипаттамасы  мен  параметрлері 
(өлшемдері,  шекаралары),  оның  қазіргі  жағдайы  мен  пайдалану  тәртібі  туралы  басқа  да  
деректер;
- жобаның елді мекеннің бекітілген бас жоспарына, басқа да қала құрылысы құжаттамасы 
мен  регламенттеріне,  сәулеттік-жоспарлау  тапсырмасына  және  мемлекеттік  нормативтерге 
сейкестігі туралы мәліметтер;
- құрылыс ауданы мен алаңының қысқаша сипаттамасы, бас жоспар (аумақты аймақтарға 
бөлу ескерілген) бойынша шешімдер мен көрсеткіштер, қоғамдық тәртіпті сақтауды, төтенше 
жағдайлар  туындағанда  адамдарды  көшіру  және  материалдық  құндылықтарды  сақтауды 
қамтамасыз ету мақсатында арнайы көліктің қол жетімділігі;
- аумақтың және қоршаған ортаның экологиялық жағдайы, өнім құбырларының учаскесі 
бойынша  немесе  іргелес  аумағынан  өтетін  құрылыс  ауданының  және  жоспарланудағы 
(болжамды) инженерлік және көлік инфрақұрылымы, қала салу регламенттері және шектеулі 
жоспарлау және қолданыстағы қала салу құжаттамасы туралы мәліметтер;
-  құрылыстарды  бұзу  және  көпжылдық  көшеттерді  алып  тастау,  ғимараттар  мен 
құрылыстарды  басқа  жерге  ауыстыру,  құрылыс,  қала  салу  тұжырымдамасының  ережелерін 
сақтау, тарих, мәдениет және табиғат ескерткіштерін және оларды қорғауға арналған аймақ-
тар мен ерекше реттеу аймақтарын сақтау жөніндегі (белгіленген талаптар) талаптар;
- жер асты кеңістігін пайдалану мүмкіндіктері;
- инженерлік дайындық, бедерді ұйымдастыру, аумақты абаттандыру және көгалдандыру 
жөніндегі іс-шаралар;
- инженерлік желілер мен коммуникациялардың орналасуы (өткізілуі) жөніндегі жиынтық 
шешімдер және олардың техникалық шарттарына сәйкес келуі туралы мәліметтер.
9.5.5 Сәулеттік шешімдерге:
- объектінің сәулеттік және көлемді-жоспарлау шешімдерінің қысқаша сипаттамасы мен 
олардың қызметтік мақсаты бойынша жобалау тапсырмасына сәйкес келуі;
- жобаның сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен мемлекеттік нормативтерге сәйкес келуі 
туралы мәліметтер;
-  жобаланудағы  объектінің  негізгі  көлемдік-жоспарлау  параметрлері  және  бөлмелерде 
талап етілетін жайлылықты  қамтамасыз ету туралы деректер;
- шу мен дірілді төмендету бойынша түбегейлі шешімдердің негіздемесі жатады.
9.5.6 Құрылыс шешімдері құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық, гидрогеология-
лық  жағдайы,  сондай-ақ  топырақтың  геотехникалық  қасиеттері  туралы  деректер  ескеріліп, 
әзірленеді және ол келесі шешімдерді қамтиды:


20
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- ғимараттар мен құрылыстардың  құрылымдық схемасын, негіздер мен іргетастардың, 
жүк түсетін және қоршау конструкцияларының, аражабындар мен жабындардың сипаты мен 
негіздемесі;
- ғимараттар мен құрылыстардың  беріктігін, сенімділігін және тұрақтылығын бағалауға  
мүмкіндік беретін жобаның құрылымдық бөлігі бойынша жасалған есептердің материалдары;
-  қоршау  конструкцияларының  жылуды  қорғау  қасиеттері  бойынша  шешімдердің 
негіздемесі;
- құрылыс конструкцияларын, желілер мен құрылыстарды тоттанудан сақтау жөніндегі 
іс-шаралар.
9.5.7 Технологиялық шешімдерге келесі мағлұматтар енгізіледі:
- объектінің қызметтік мақсаты;
-  қысқаша  сипаттама  және  технология,  технологиялық  процестерді  механикаландыру 
мен  автоматтандыру  шешімдерінің  негіздемесі  және  олардың  тапсырыс  беруші  белгілеген 
деңгейге мен қауіпсіздік нормативтеріне, еңбек  жағдайының жайлылығына сәйкестігі
-  қолданылатын  технологиялық  жабдықтың  соның  ішінде  импорттық  жабдықтардың 
құрамы мен негіздемесі.
9.5.8 Инженерлік желілер, жүйелер мен жабдықтар бойынша  шешімдер мынадан тұрады:
-  инженерлік  желілер,  жүйелер  мен  жабдықтар  бойынша  сумен  жабдықтау,  арналық 
кәріз,  жылумен,  газбен,  электр  энергиясымен  жабдықтау,  жылыту,  салқындату,  желдеткіш 
және ауаны баптау, электр қуаты жүйелері мен электр жарықтандыру  жүйелерін, байланыс 
пен күзет, өртке қарсы дабыл, сағаттандыру, радио мен теледидар жүргізу,  күзетке арналған 
сыртқы және ішкі бейне бақылау, сондай-ақ автоматтық өрт сөндіру құрылғылары, найзағайдан 
қорғаудың  түбегейлі шешімдері;
- судың,  отынның,  жылу  мен  электр  энергиясының  шығынын  бақылау  бойынша  іс-
шаралар, соның ішінде олардың тұтынуын есептеу мен реттеуге арналған жабдықтарды орнату 
жөніндегі іс-шаралар;
- кезбе тоқтан инженерлік желілер мен жабдықтарды қорғау іс-шаралары;
- инженерлік желілерді басқаруды диспетчерлеу мен автоматтандыру шешімдері.
9.5.9 Кешендік қауіпсіздік  пен лаңкестіктен қорғауды қамтамасыз ету жүйелері (ерекше 
маңызды объектілер, биік ғимараттар мен олардың кешендері үшін).
Осы бөлім келесі шаралардан:
–  кешендік  қауіпсіздік  пен  лаңкестіктен  сақтануды  қамтамасыз  етуге  арналған  өзара 
үйлестірілген  жүйені басқару және бірлесіп диспетчерлендіру;
–  негізгі жүк түсетін конструкциялардың, инженерлік желілердің, күзет, өртке қарсы және 
қауіпті ескертетін дабыл жүйесінің, хабарландыру құрылғыларының, күзеттік және апаттық 
жарықтандырудың, түтін тазартқыштарының, күзет мақсатындағы  бейне бақылаудың, көшіру 
кезінде  шығу  жолдарына  қол  жетімділікті    бақылау  және  басқару  жағдайының  электронды 
мониторингі, сондай-ақ көшірілген адамдарды бөліп жайғастыруды қамтамасыз етуге қолайлы  
жерлер және алаңдарды ұйымдастыру;
–  өрт,  жарылыс,  радиация,  химиялық,  бактериялық  қауіп  төнгенде,  табиғи  және 
техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  қауіп-қатерінен,  өзге  де  апаттар  мен  лаңкестік 
әрекеттер  туындаған  жағдайда  бөлмелер  мен  ғимараттардан  адамдарды  тұтастай  көшіруді 
қамтамасыз етуді  ұйымдастыру мен  басқару;
–  табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлардың  қауіп-қатерінен,  өзге  де 
апаттардан және лаңкестік әрекеттердің туындау салдарының материалдық-техникалық зардап 
деңгейін төмендету, құжаттар мен құндылықтардың сақталуы мен көшірілуін ұйымдастыру, 
басқару және қамтамасыз ету;
–  қауіпсіздік  қызмет  пункттерін  ұйымдастыру,  объектінің  аумағын  дөңгелекті  көлік 
құралдарының  қиратып,  бұзып  өтуіне  жол  бермейтін  физикалық  тосқауыл  болатын  сәулет 
элементтері және басқа да құралдармен жабдықтау кіреді.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау