1 ҚР ҚН 02-03-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/45
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15985
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

9
ҚР ҚН 1.02-03-2011
ЕСКЕРТПЕ 
Арнайы  техникалық  жағдайлардың  құрамы  тапсырыс  берушінің  техникалық  тапсырмасында 
анықталуы мүмкін.
8.7 АТЖ-ға келісу мәселесін қарастыру үшін құрылысқа тапсырыс беруші сәулет, қала 
құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органға  келесі құжаттарды 
(бұдан әрі - Құжаттама) өткізуі тиіс: 
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның 
басшысының атына АТЖ-ды қарастыру жөнінде ерікті түрде жазылған, басшының немесе 
оның қызметін атқарушының қолы қойылып, ұйымның мөрімен бекітілген тапсырыс беруші-
нің арызы; 
-  АТЖ-ды  қалыптастыру  қажеттілігі,  қабылданған  жобалық  шешімдер,  өтейтін  іс-
шаралар (қолданыстағы нормаларды орындамау туралы шешімдер қабылданған жағдайда)  
жөніндегі ақпарат берілген түсіндірме хат;
- қажет жағдайда мүдделі мемлекеттік органдардың АТЖ-мен келісуі туралы ақпарат
-  АТЖ-ды  қалыптастырушының  лауазымды  тұлғалары  қол  қойған  және  тапсырыс 
берушінің  басшысымен  немесе  оның  қызметін  атқарушы  тұлғамен  бекітілген  жобаның  2 
да-насы; 
- тапсырыс берушінің басшысымен немесе оның қызметін атқарушы тұлғамен расталған 
АТЖ-ды құруға берілген техникалық тапсырманың көшірмесі, сонымен қатар сәулет, қала 
құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның талабы бойынша 
басқа да материалдар
8.8 Құжаттаманы қарастыру және қорытынды дайындау үшін тиісті мамандар тарты-
луы мүмкін. Ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге жобалық құжаттаманы дайындауға 
қатысқан  ұйым  немесе  мамандар,  олардың  үлестес  тұлғалары,  сондай-ақ  мемлекеттік 
сараптама жүргізетін ұйымдар мен осы ұйымдарда қызмет ететін мемлекеттік сарапшылар 
қатыстырылмайды. 
8.9  АТЖ-ға  келісу  немесе  келіспеу  жөніндегі  шешімді  Сәулет,  қала  құрылысы  және 
құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде қабылдайды.
8.10 АТЖ-ға келіспеуге негіз болған себептерді жою үшін Құжаттама келісуге жалпы 
тәртіп бойынша қайта берілуі мүмкін. 
8.11  Бұрын  бекітілген  АТЖ-ға  өзгерістер  енгізудің  қажеттілігі  туындаған  жағдайда, 
құрылысқа тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекет-
тік уәкілетті органға жалпы тәртіп бойынша тиісті Құжаттама тапсырады. Өзгертілген АТЖ-
ға келісім берілген жағдайда бұрын бекітілген АТЖ жаңа АТЖ-ға келісім беру туралы шешім 
қабылданған  күннен бастап өз күшін жояды. 
8.12 Жобалық Құжаттамада әр бөлімнің (марканың) графикалық материалдардың (басты 
сызбалар) «Жалпы мәліметтер» беттерінде жобаның бас инженері (жобаның бас сәулетшісі) 
қол қойған жобаның (Ж) немесе жұмыс жобасының (ЖЖ) арнайы техникалық шарттарға 
(ерекше нормаларға) сәйкестігі туралы жазба болуы керек. Қажет болған жағдайда жобаның 
(жұмыс  жобасының)  тиісті  бөлімдерінің  тұрғындардың  санитарлық-эпидемиологиялық 
саулығы, өртке қарсы қызметтің, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, 
өнеркәсіпте  қауіпсіз  жұмыс  істеу  және  таудағы  жағдайларды  қадағалауда,  сонымен  қатар 
мемлекеттік жол полициясы (инспекциясы), азаматтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті 
мемлекеттік органдармен келісімдер көрсетілуі керек. 
8.13  Арнайы  техникалық  жағдайларға  (ерекше  нормаларға)  сәйкес  әзірленген  және 
осы нормативтік құжаттаманың 8.12 п. сәйкес рәсімделген жобалау құжаттамасы мүдделі 
мемлекеттік органдармен қосымша келісілмейді.


10
ҚР ҚН 1.02-03-2011
9 Екі сатылы жобалау кезіндегі жобалық құжаттаманың 
   құрамы мен мазмұны
9.1  Өндірістік  мақсаттағы  объектілердің  (бөлек  ғимараттар,  құрылыстар  немесе  олар-
дың  кешендерінен,  инженерлік  және  көлік  коммуникацияларынан  құрылған  кәсіпорындар-
дың) жобалау құжаттамасының жоба сатысы (Ж) құрамындағы жобалау құжаттамасы келесі 
бөлімдерден тұрады:
- жобаның төлқұжаты (9.3.1);
- жобаның энергетикалық төлқұжаты (9.3.2 жобалау тапсырмасына сәйкес);
- жалпы түсініктемелік жазбахат (9.3.3);
- объектінің бас жоспары және көлікті ұйымдастыру (9.3.4);
- аумақтарды инженерлік қорғау (9.3.5);
- технологиялық шешімдер (9.3.6);
-  өндірісті,  кәсіпорынды  басқару,  жұмыскерлерге  еңбек  етуге  жағдай  жасау  және  оны 
қорғау ұйымдары (9.3.7);
- сәулет-құрылыс шешімдері (9.3.8);
- инженерлік желілер, жүйелер мен  жабдықтар (9.3.9);
-  азаматтық  қорғаныс  бойынша  инженерлік-техникалық  іс-шаралар  мен  табиғи  және 
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу  шаралары (9.3.10);
- ҚР ҚНжЕ 3.02-05-2010 1-шi міндетті қосымшасына сәйкес ғимарат және имараттарды 
барлау автоматтандырылған жүйесі;
- аса маңызды объектілер үшін үлкен аралық құрылыстардың және биік ғимараттардың, 
оның кешендерінің кешендік қауіпсіздігі мен лаңкестіктен қорғауды қамтамасыз ету жүйелері 
(9.3.11);
- құрылысты жобалау тапсырмасында анықталған көлемді ұйымдастыру (9.3.12);
- қоршаған ортаны қорғау (9.3.13);
- сметалық құжаттама (9.3.14);
-  инвестицияның  тиімділігі  (жобалау  тапсырмасында  анықталған  жағдайларға  сәйкес) 
мен техникалық-экономикалық көрсеткіштері (9.3.15);
-  қазақстандық  мазмұнды  есепке  ала  отырып  К  қосымшаға  сәйкес  қорытынды 
жасалған және тапсырма берушімен бекітілген негізгі құрылыс материалдары, өнімдері және 
қондырғылары қажеттілігінің жиынтық ведомосы.
9.2  Өндірістік  объектіні  (кешенді)  жобалау  кезінде  оны  негізгі  кәсіпорынның 
мұқтаждығына қажет өндірістік емес мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс құрамын қосқанда, 
жобалау  құжаттамасының  құрамынан  осы  тұрғын-азаматтық  және  өзге  де  өндірістік  емес 
мақсаттағы объектілер құрылысы үшін басқа жоба бөлініп жасалады, ол кәсіпорынға қатысты 
жалпы техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен үйлестіріліп, осы құрылыс нормасының  
9.3.4-тармағына  және  ҚР  ҚН  3.01-07-2011  «Қазақстан  Республикасының  қала  құрылысы 
жобасының  құрамы,  және  әзірлеу,  келісу  және  бекіту  тәртібі  туралы  Нұсқаулыққа»  сәйкес 
әзірленеді.
9.3  Өндірістік  мақсаттағы  объектілер  құрылысындағы  жобаның  бөлімдері  мынадан 
тұрады:  
9.3.1
 
Жоба  төлқұжаты  жобаланатын  объектінің  ерекшелігі  мен  мақсатын    қысқаша 
сипаттайтын,  негізгі  параметрлері,  сипаттамалары  мен  техникалық-экономикалық 
көрсеткіштері көрсетілген ақпаратты жинақтау арқылы құрастырылады.   
9.3.2
 
Жобаның  энергетикалық  паспорты  техникалық  регламенттер  мен  норма тивтік 
құжаттардың  талаптарына  сәйкес  анықталған  объектілердің  энергетикалық  сипаттамалары 
туралы ақпарат түрінде, соның ішінде энергияны үнемдеу және энергияны тұтыну жөніндегі 
деректерден,  сондай-ақ  ғимараттардың  қоршау  конструкцияларының  жылу  қорғанысы 
бойынша есептерден тұрады.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау