1
ҚР ҚН 1.02-03-2011
ҚР ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЖОБАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫН
ӘЗІРЛЕУ, КЕЛІСУ, БЕКІТУ ТӘРТІБІ МЕН ҚҰРАМЫ
Енгізілген күні – 2012-06-01
1 Қолдану аясы
1.1 Осы құрылыс нормалары жобалық құрылысқа арналған жаңа құрылыстарды салу
және (немесе) құрылыстағы объектілерді өзгертуді (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта
жарақтандыру, қалпына келтіру және күрделі жөндеуден өткізуді) қосқанда, жобалық
(жобалық-сметалық) құжаттаманың (бұдан әрі – жобалық құжаттаманың) құрамы мен оны
әзірлеу, келісу, бекіту, тәртібін белгілейді және Қазақстан Республикасының аумағындағы
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтерінің барлық субъектілерінің, соның ішінде
мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдіктердің,
шет ел заңды тұлғаларының қолданылуына арналған.
Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасын-
да қарастырылмаған өзге де шаралар болмаса, белгіленген тәртіпте жобалау құжаттамасында
бекітілмеген объектілер мен олардың кешендерін салу (реконструкция, қалпына келтіру,
кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу), сонымен қатар
коммуникацияларды тарту, аумақты инженерлік даярлау, абаттандыру және көгалдандыру
рұқсат етілмейді.
1.2 Осы құрылыс нормалары жеке ережелерді есепке алмағанда, жобалау құжат-
тамалардың түрлеріне жалпы болып табылатын келесі құжаттарды әзірлеу, келісу, бекітуге
және оның құрамы мен мазмұнына қарай:
- жоба алдындағы құжаттамаларына (соның ішінде техникалық-экономикалық негіз-
демелерге);
- қала
құрылысы жобаларына;
- үй-жай түріндегі аз қабатты тұрғын үйлер құрылысының жобалары (жеке тұрғын үй
құрылыс объектілері), сондай-ақ көпқабатты тұрғын ғимараттар мен оның бөлігінің, пәтерлері
мен басқа да жеке тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын қайта жоспарлау (реконструкция,
қайта жабдықтау);
- типтік жобалар, жеке типтік жобалық шешімдері (типтік құрылыс конструкциялары,
бұйымдары, тораптары);
- эксперименттік жобалар (эксперименттік құрылыс салудың жобалық құжаттамасы);
- Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде объектілерді салуға арналған жобалық
құжаттама;
- Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған мемлекетаралық (халықаралық)
жобаларға таралмайды.
Осы тармақта тізбеленген жобалау құжаттамаларын әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу
және бекіту тәртіптері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да норматив-
тік құжаттарда немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттары-
мен анықталады.
1.3 Өнертабыстарды немесе басқа да авторлық құқық объектілерін қолдану, сонымен
қатар жобалау (жобалық құжаттаманы әзірлеу және келісу) процесі барысында пайда
болған авторлық құқықты немесе әзірлеушілердің басқа құқықтарын қорғау Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ресми басылым
2
ҚР ҚН 1.02-03-2011
2 Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларды қолдану үшін келесі сілтемелік нормативті құжаттар қажет:
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім).
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11
шілдедегі № 151-І Заңы;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі
№ 303-III Заңы;
«Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (тех-
никалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сарапта-
ма жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды
бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918
Қаулысы;
«Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу
ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы
№ 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23
қазандағы № 1656 Қаулысы;
ҚР ҚН 1.01-01-2011 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік
нормативтер. Негізгі ережелер».
ҚР ҚН 8.02-02-2002 «Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын
анықтау тәртібі».
ЕСКЕРТПЕ
Осы құрылыс нормаларын пайдалану кезінде сілтемелік құжаттардың ағымдағы жылғы
ахуалы бойынша жыл сайын құрастырылатын және ағымдағы жылда жарияланған көрсеткіштерге
ақпараттық «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттардың тізімінің», «Қазақстан
Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының көрсеткішінің» және «Қазақстан
Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттарының көрсеткішінің»
сәйкестігін тексеру мақсатқа сай болады. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса,
осы нормативті пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер
сілтемелік құжат ауыстырылмай, алынып тасталған болса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы
сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы құрылыс нормаларында А қосымшасында келтірілген терминдерге сәйкес
анықтамалар қолданылады.
4 Жалпы ережелер
4.1 Құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу жә-
не бекіту (қайта бекіту) кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет,
қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамалық және басқа да құқықтық нормативтік
актілерді, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтерді, сонымен қатар осы құрылыс
нормасын басшылыққа алу қажет.
Жоба құжаттамасы адамның толыққанды тіршілік ету ортасын қалыптастыруға, жоба-