21
ҚР ҚН 1.02-03-2011
9.5.10 Қолданыстағы нормативтер көлемінде құрылысты ұйымдастыру.
Осы бөлім жобалау тапсырмасында анықталған көлемде қолданыстағы нормативтерге
және құрылыс қызметтері нарығының мәліметтеріне сәйкес әзірленеді және құрылысты
ұйымдастырудың негізгі ережелерінен тұрады.
9.5.11 Қоршаған ортаны қорғау.
Бөлім мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарға, құрылыс нормалары мен
ережелеріне және табиғатты корғау қызметін реттейтін басқа да нормативтік актілерге сәйкес
енгізіледі.
9.5.12 Сметалық құжаттама осы құрылыс нормасының 9.3.14 тармағының ережелеріне
сәйкес құрастырылады.
9.5.13 Инвестициялардың тиімділігі бойынша бөлімнің әзірленуі және техникалық-
экономикалық көрсеткіштердің белгіленуі осы құрылыс нормасының 9.3.15 тармағының
ережелеріне қатысты жүзеге асырылады.
9.5.14 Негізгі сызбалар ҚЖҚЖ (9.6) талаптарына сәйкес әзірленген, оның ішінде:
а) бас жоспарға:
- объектінің (кешеннің) орналасуының ахуалдық жоспары;
- жобаланып жатқан және қолданыстағы (сақталатын және бұзуға жатқызылған) ғима-
раттар, имараттар, басқа да құрылыстар, инженерлік және көлік коммуникациялары, абаттан-
дыру және көп жылдық жасыл көшеттер элементтері көрсетілген, аумақтың қолданымдағы
және жоспарлау белгілері қойылған 1:500 немесе 1:1000 масштабтағы топографиялық негіздегі
сызбалары. Бар болған жағдайда іске қосылатын кешендерге енгізілген объектілер, желілер мен
көлік коммуникациялары айқындалады;
- аумақты инженерлік дайындау, жерүсті суларын бөлу жүйесі бар бедерді (вертикаль
жайғастыру) ұйымдастыру, жер қазу жұмыстары және жер алқабының картограммасы (желілі
құрылыстардан басқасы) жатады;
б) сәулеттік шешімдерге:
- жүк түсетін және қоршау конструкциялардың (жеке және қайта қолданылатын жобалар
бойынша) схемалары бейнеленген ғимараттар мен құрылыстар қабаттарының жоспарлары,
қасбеттері, қималары.
- көлемі жобалауға арналған тапсырмада айқындалған сыртқы өңдеу (экстерьерлер);
- көлемі жобалауға арналған тапсырмада айқындалған графикалық материалдар
(иллюстрациялар) мен макеттер;
- көлемі жобалауға арналған тапсырмада айқындалған негізгі бөлмелердің ішкі көрінісі
(интерьер) жатады;
в) құрылыс шешімдеріне:
- табандар мен іргетастардың, қаңқалардың, жүк түсетін және қоршау конструкциялары-
ның, аражабындар мен жабындардың жеке құрылымдық шешімдердің схемалары (монтаждау
жоспарлары);
- баспалдақ сатылардың, лифтік шахтылар және тік көліктің басқа да түрлерінің орналасу
схемалары, ойықтардың толтырылуы;
г) технологиялық шешімдер:
- негізгі жабдықты мөлшерге сәйкес немесе әр қабатта орналастыру жоспарларының
сілтемесі бар технологиялық тұтастыру;
- көлемі жобалауға арналған тапсырмада айқындалған технологиялық ағымдардың
(қызметкерлердің, келушілердің, клиенттердің, пациенттердің, өнімнің немесе көрсетілетін
қызметтердің және с.с.) номограммалары жатады;
д) инженерлік желілер, жүйелер мен жабдықтар бойынша шешімдерге:
- инженерлік коммуникациялардың түбегейлі схемалары мен трассалардың жоспарлары;
- алаңішілік желілер мен құрылыстар трассаларының сызбалары мен жоспарлары және
22
ҚР ҚН 1.02-03-2011
олардың инженерлік жабдықтарды қондырудың түбегейлі сызбалары, объектіні электр қуатымен
қамтамасыз ету схемалары;
Инженерлік жабдықтардың құралдары мен санитарлық-техникалық қондырғыларды
басқаруды автоматтандырудың түбегейлі схемалары;
- байланыс пен дабыл беруді ұйымдастыру схемасы;
- күл-қоқысты жою сызбалары жатады;
е) кешендік қауіпсіздік пен лаңкестікке қарсы қорғанысты (ерекше маңызды объектілер,
биік ғимараттар және оның кешендері үшін) қамтамасыз ету жүйелеріне:
- кешендік қауіпсіздік пен лаңкестіктен сақтануды қамтамасыз етуге арналған өзара
үйлестірілген жүйені басқару және бірлесіп диспетчерлендірудің сызбалары;
- негізгі жүк түсетін конструкциялардың, инженерлік желілердің, күзет, өртке қарсы және
қауіпті ескертетін дабыл жүйесінің, хабарландыру құрылғыларының, күзеттік және апаттық
жарықтандырудың, түтін тазартқыштарының, күзет мақсатындағы бейне бақылау жағдайы-
ның электронды мониторингі құрылғыларының сызбалары.
- әр қабаттың көшіру жолдарының сызбанұсқалары, сондай-ақ көшірілетін адамдарды
бөліп жайғастыруды қамтамасыз ететін жерлер мен алаңдарды орналастыру;
- қауіпсіздік қызметінің күзет орнын орналастыру сызбалары жатады.
Кешендік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестікке қарсы қорғаныс жүйесіне
қатысты сызбалар (көшіру жолының, сондай-ақ өту жолдары мен аландардың орналастырылу
сызбаларын қоспағанда) шектеулі құқықтағы құжаттамалар болып табылады және белгілен-
ген тәртіпте мүдделі ұйымдармен келісілуі тиіс.
9.6 Өндірістік және өндірістік емес (тұрғын үй-азаматтық) мақсаттағы объектілер
құрылысының жұмыс құжаттамасы (ЖҚ) мемлекеттік нормативтердің талаптарына,
технологиялық жобалаудың ведомстволық нормаларына сәйкес жобалаудың екінші сатысын-
да әзірленеді және ҚЖҚЖ стандарттарына сәйкес рәсімделеді.
9.6.1 Жұмыс құжаттамасына:
- құрылыс және монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс сызбалары;
- құрылыс өнімдері мен конструкцияларының жұмыс сызбалары;
- типтік емес өнімдірдің жалпы түрлерінің нобайлық сызбалары;
- сметалық құжаттама;
- құрылыс пен монтаждау жұмыстары көлемінің ведомостары, сондай-ақ материалдарға
қажеттілік пен жабдықтар, өнімдер және материалдар спецификациясының жиынтық
ведомостары енеді.
9.6.2 Жұмыс сызбалары ҚЖҚЖ стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
9.6.3 Кейбір техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша жобалау тапсырмасында
қосымша пысықтаулар және арнайы қосалқы құрылыстар мен бейімдеулердің жұмыс сызба-
лары, оның ішінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты құрылыстар мен құрылғылардың
сызбалары қарастырылған. Көрсетілген пысықтаулардың қажеттілігі тапсырыс берушімен
анықталады.
9.6.4 Металл конструкцияларының егжей-тегжейлі сызбалары (МБҚ) және (не-
месе) технологиялық құбыр жүргізу істері зауыт дайындаушыларымен әзірленеді, ал
ауа өткізгіштердің егжей-тегжейлі сызбалары сәйкестендірілген құрастыру ұйымдарымен
әзірленеді.
9.6.5 Сметалық құжаттама жиынтық сметалық есеп пен құрылыс құны-
ның сметалық есебінен, объектілік және жергілікті сметалардан, жергілікті
сметалар ресурстардың қажеттілігі туралы ведомосынан тұрады.
9.7 Аяқталған жоба құжаттамасын жобалау ұйымы – Бас жобалаушы тапсырыс берушіге
төрттен кем болмайтын данада табыс етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |