1 ҚР ҚН 02-03-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/45
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15985
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45

13
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- технологиялық   мұқтаждық үшін ресурстардың негізгі түрлеріне қажеттілік
негізгі сызбаларға:
а) технологиялық үрдістердің принципті сызбалары;
б)  құрал-жабдықтар  мен  көлік  құралдарының  орналастырылуын  көрсету  арқылы 
корпустар (цехтар) бойынша технологиялық жоспарлау;
в) технологиялық құбырлары;
г) жүк ағымдарының сұлбасы енеді.
Технологиялық  бөлімді  әзірлеген  кезде  технологиялық  жобалаудың  сәйкестендірілген 
салалық нормаларын басшылыққа алу қажет.
9.3.7 Өндірісті, кәсіпорынды басқару, жұмысшылар мен қызметшілердің жағдайы мен 
еңбегін  қорғауды  ұйымдастыру  бөлімі  уәкілетті  органның  еңбек  пен  халықтың  әлеуметтік 
жағдайын  қорғау  мәселелері  бойынша  нормативтік  құжаттарға  сәйкес  орындалады,  онда 
келесі мәселелер:
-  кәсіпорынды  және  жекелеген  өндірістерді  басқаруды  ұйымдастыру  құрылымы, 
басқарудың  автоматтандырылған  жүйесі  мен  оны  ақпараттық,  функционалдық,  ұйымдық 
және  техникалық  қамтамасыз  ету;  басқару  қызметкерлерінің  еңбегін  автоматтандыру  мен 
механикаландыру,  жұмысшылардың  саны  мен  кәсіптік-біліктілік  құрамын  есептеудің 
нәтижелері, жұмыс орындарының саны мен жарақтандырылуы;
- жұмысшылардың  санитарлық-гигиеналық жағдайы;
- еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар, соның ішінде зақымдану-
ды болдырмау үшін өндірістік шу мен дірілді азайту жөніндегі шешімдер; бөлмелердегі ауа-
ның газдануы мен шаңдануы, жылудың көптігі мен жетіспеуі, еңбек жағдайының жайлылық 
деңгейін жақсарту мен қызметкерлердің құқығын қалпына келтіруі қарастырылады.
9.3.8 Сәулеттік-құрылыстық шешімдерге:
-  объектінің  сәулеттік  шешімін  сипаттау,  жобаланатын  объектінің  негізгі  сәулеттік 
параметрлері мен көлемдік-жоспарлау шешімдері;
-  негізгі  ғимараттар  мен  құрылыстардың  сәулеттік-құрылыс  шешімдерінің  сипатта-
масы  мен  негіздемесі,  ғимараттар  мен  құрылыстардың  құрылымдық  схемалары,  негіздер 
мен іргетастар, жүк түсетін және қоршау қонструкциялары, ғимараттар аражабындары мен 
жабындары,  ғимараттар  және  құрылыстардың  беріктігі,  сенімділігі  мен  орнықтылығын 
бағалауға мүмкіндік беретін жобаның конструктивті бөлігі бойынша есептік материалдары;
- жобаланатын кәсіпорында мүгедектер мен елді мекеннің басқа да мүмкіншілігі шектеу-
лі топтарының құқықтарын қамтамасыз ету және оларға тиісті еңбек жағдайын жасау жөнін-
дегі іс-шаралар;
-  қоршау  конструкцияларының  жылуды  сақтау  қасиеттері  бойынша  шешімдердің 
негіздемесі  және  өндірістік  шу  мен  дірілді  азайту,  қызметкерлерге  тұрмыстық,  санитарлық 
қызмет көрсету жөніндегі түбегейлі шешімдердің негіздемесі;
-  құрылыс  конструкцияларын,  инженерлік  желілер  мен  құрылыс  құрылымдарын 
тоттанудан сақтау жөніндегі іс-шаралары жатады.
негізгі сызбаларға:
а) негізгі күш түсетін және қоршау конструкцияларының  кескіндемесі бар ғимараттар 
мен  құрылыстардың  жоспарлары,  қасбеттері  мен  қималары,  интерьерлері,  өнеркәсіптік 
эстетика мен дизайн;
б)  іргетастар,  қаңқалар,  аражабындар,  жабындар  мен  шатырлардың    схемалары 
(жоспарлары) кіреді.
9.3.9 Инженерлік желілер, жүйелер мен жабдықтар бөліміне:  
-  сумен  жабдықтау,  арналық  кәріз, жылумен,  газбен,  электр  энергиясымен  жабдықтау, 
жылыту,  салқындату,  желдеткіш  және  ауаны  баптау,  электр  қуаты  жүйелері  мен  электр 
жарықтандыру жүйелерін, байланыс пен күзет, өртке қарсы дабыл, сағаттандыру, радио мен 


14
ҚР ҚН 1.02-03-2011
теледидар жүргізу, күзетке арналған сыртқы және ішкі бейне бақылау, сондай-ақ автоматтық 
өртке қарсы құрылғылар, найзағайдан қорғау және т.б. бойынша инженерлік желілер, жүйелер 
мен жабдықтардың түбегейлі шешімдері;
-  судың,  отынның,  жылу  мен  электр  энергиясының  шығынын  бақылау  бойынша  іс-
шаралар,  соның  ішінде  олардың  тұтынуын  есептеу  және  реттеуге  арналған  жабдықтарды 
орнату жөніндегі іс-шаралар;
- кезбе тоқтан инженерлік желілер мен жабдықтарды қорғау іс-шаралары;
- инженерлік жүйелерді басқаруды диспетчерлеу мен автоматтандыру шешімдері;
негізгі сызбаларға:
а) жылумен (жылыту), суықпен, желдеткіш пен ауаны баптау, электр қуатымен, газбен, 
сумен  жабдықтаудың,  арналық  кәріздің  және  басқа  да  инженерлік  жүйелердің  түбегейлі 
сызбалары;
б) инженерлік желілердің жоспарлары;
в) инженерлік желілер қырларының кескіндері (қажет болғанда);
г) ішкі инженерлік жүйелер, құрал-жабдықтар мен қондырғылардың сызбалары түсіріл-
ген негізгі ғимараттардың жоспарлары кіреді.
Сыртқы  инженерлік  коммуникациялар  трассаларының  түбегейлі  сызбалары  мен 
жоспарлары  мүдделі  мемлекеттік  органдар  немесе  уәкілетті  ұйымдарымен  белгіленген 
тәртіпте келісуі тиіс.
9.3.10 Азаматтық қорғаныс пен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-
дан сақтандыру бойынша инженерлік-техникалық іс-шаралар азаматтық қорғаныс бөлімінде, 
халық  пен  аумақты  төтенше  жағдайлардан  қорғау  саласындағы  нормалар  мен    ережелерге 
сәйкес орындалады.
9.3.11 Кешендік қауіпсіздік пен лаңкестіктен қорғауды қамтамасыз ету жүйелері (ерекше 
маңызды объектілер, үлкен аралық құрылыстар мен биік ғимараттар және олардың кешендері 
үшін).
Осы бөлімге келесі шаралар:
-  кешендік  қауіпсіздік  пен  лаңкестіктен  сақтануды  қамтамасыз  етуге  арналған  өзара 
үйлестірілген жүйесін басқару мен бірлескен диспетчерлендіру;
- негізгі жүк түсетін конструкциялардың, инженерлік желілердің, күзет, өртке қарсы және 
қауіпті ескертетін дабыл жүйесінің, хабарландыру құрылғыларының, күзеттік және апаттық 
жарықтандырудың,  түтін  таратқыштың,  күзет  мақсатындағы  бейне  бақылаудың,  көшіру 
кезінде  шығу  жолдарына  қол  жетімділікті  бақылау  және  басқару  жағдайының  электронды 
мониторингі,  сондай-ақ  көшірілген  адамдарды  бөліп  жайғастыруды  қамтитын  жерлер  және 
алаңдарды ұйымдастыру;
-  өрт,  жарылыс,  радиация,  химиялық,  бактериялық  қауіп  төнгенде,  табиғи  және 
техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  қауіп-қатерінен,  өзге  де  апаттар  мен  лаңкестік 
әрекеттер  туындаған  жағдайда  бөлмелер  мен  ғимараттардан  адамдарды  тұтастай    көшіруді 
қамтамасыз ету, ұйымдастыру мен  басқару;
  -  табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  қауіп-қатерінен,  өзге  де 
апаттардан және лаңкестік әрекеттердің туындау салдарының материалдық-техникалық зар-
дап деңгейін төмендету, құжаттар мен құндылықтардың сақталуы мен көшірілуін ұйымдасты-
ру, басқару және қамтамасыз ету;
- бақылау-өткізу пунктары немесе қауіпсіздік қызмет бекеттерін ұйымдастыру, объекті-
нің  аумағында дөңгелекті көлік құралдарының қиратып, бұзып өтуіне жол бермейтін физика-
лық  тосқауылдар мен жабдықтау кіреді.
9.3.12 Құрылысты әрекеттегі нормативтерге сәйкес жобалау тапсырмасында анықталған  
көлемде ұйымдастыру.
Осы  бөлім  қолданыстағы  нормативтерге,  құрылыс  материалдары,  бұйымдары  мен 
конструкциялар  нарығындағы  ақпаратты  есепке  ала  отырып,  сондай-ақ  сәйкестендірілген 
жұмыстар мен қызметтерге сәйкес дайындалады.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау