1 ҚР ҚН 02-03-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/45
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15985
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45

32
ҚР ҚН 1.02-03-2011
лердің шығарылымын қамтамасыз етеді. Ол бір немесе бірнеше іске қосылатын кешендерден 
құралуы мүмкін. Құрылыс кезегі бойынша жобалау құжаттамасы белгіленген тәртіп бойынша 
бекітуге жатқызылады.
Жобаның  төлқұжаты  –  негізгі  қасбеттердің,  жоспарлардың  және  қималардың 
(кесіктердің) сызбалы кескіндемесі, қысқаша сипаттамасы және негізгі техникалық-экономика-
лық көрсеткіштері, соның ішінде пайдалану сипаттамалары келтірілетін құжат. Жеке жобалар-
ды  әзірлеу    немесе  оларды  қайта  қолданған  кезде,  сондай-ақ  паспорттағы  үлгілік  жобаны 
бекітуде объектінің орналасқан жерінің ахуалдық сызбанұсқасы келтіріледі.
Қайта есептеудің жоспарлы коэффициенті –  сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  бюджеттік 
заңнамасымен белгіленген 2001 жылғы айлық есептік көрсеткіштерге қатысты айлық есептік 
көрсеткіштердің өзгеру индексі. 
Мердігерлер  –  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексіне  сәйкес,  тапсырыс 
берушімен (мердігермен  қосымша мердігерлік жұмыстар үшін) жасасқан мердігерлік шар-
ты (келісім шарты) бойынша жұмыстарды орындайтын жеке және заңды тұлғалар.
Жобалау алдындағы құжаттама – қала құрылысы, сәулет жобаларын, құрылыс жоба-
сын әзірлеу алдында жасалатын және бағдарламаларды, есеп берулерді, құрылыстың техника-
лық-экономикалық негіздемелерін, техникалық-экономикалық есептерді, ғылыми зерттеулер 
мен  инженерлік  ізденістер  нәтижелерін,  технологиялық  және  конструкциялық  есептерді, 
нобайларды, макеттерді, өлшемдер мен объектілерді зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ жобалау 
құжаттамасын  әзірлеу  және  жобаларды  кейіннен  іске  асыру  туралы  шешімдер  қабылдауға 
қажетті өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын құжаттама.
Жоба  алдындағы  құжаттаманың  бекітілген  түрлеріне  техникалық-экономикалық 
негіздемелер,  техникалық-экономикалық  есептер  және  басқа  да  инвестиция  негіздемелері 
жатады.
Құрылыс  жобасы  (құрылыстық  жоба)  –  көлемдік-жоспарлық,  құрылымдық, 
технологиялық,  инженерлік,  табиғат  қорғау,  экономикалық  және  өзге  де  шешімдерді 
қамтитын  жобалау  (жобалау-сметалық)  құжаттамасын,  сондай-ақ  құрылысты  ұйымдастыру 
мен жүргізуге, аумақты инженерлік жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық 
есептеулерді қамтиды.
Құрылыс жобаларына  мыналар:
- аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын өңдеп шығарған 
объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары;
-  мердігерлік  жобалау  (жобалау-іздестіру)  немесе  құрылыс-құрастыру  жұмыстарының 
сатып  алуларын  (мемлекеттік  сатып  алуларын)  жүргізу  кезінде  әлеуетті  жабдықтаушының 
басқа  да  ұсыныстарын  және  конкурс  өтінімдерінің  құрамындағы  жобалау  материалдары 
(нобайлық жобаларды қосқанда) жатады.
Техникалық күрделі объектілерді салу жобасы – мақсаттылығы мен жауапкершілік 
дәрежесіне  байланысты  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  бекітілген    тәртіпте 
техникалық күрделі санатқа жатқызылған  ғимараттар мен құрылыстар құрылысының жоба-
лау немесе жобалау-сметалық құжаттамасы.
Жобалау-іздестіру  жұмыстары  –  жобалау  және  құрылыс  үшін  қажетті  инженерлік 
іздестірулер жүргізу, сондай-ақ құрылысқа арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-
сметалық) қала құрылысы жобаларын (қала құрылысын жоспарлау) әзірлеу бойынша жұмыс-
тар кешені.
Іске қосылатын кешен – объектінің құрылысы толығымен аяқталғанға дейін пайдала-
нуға  берілуі  мүмкін    құрылыс  объектісінің    аяқталған  бөлігі  (құрылыстың  немесе  оның 
кезегінің бөлігі болып табылатын объектілердің топтары мен олардың бөліктері).
Қолданыстағы  кәсіпорынды  кеңейту  –  жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорынның  және 


33
ҚР ҚН 1.02-03-2011
онымен  жанасып  жатқан  аумақта  немесе  оқшауланған  алаңдарда    пайдалануға  берілгеннен 
кейін дербес теңгерімде болмайтын қосымша өндірістер мен жекелеген объектілерді салу.
Қайта  жаңарту  –  тұру  жағдайларын,  көрсетілетін  қызмет  сапасын  жақсарту,  қызмет 
көлемін  жетілдіру  мақсатында  ғимараттың  негізгі  технико-экономикалық  көрсеткіштерін 
(пәтерлердің  саны  мен  көлемін,  құрылыс  көлемін  және  ғимараттың  жалпы  көлемін, 
сыйымдылығын немесе өткізу қабілеттілігін немесе оның пайдалану мақсатын (өзгертумен) 
байланысты құрылыс жұмыстары мен ұйымдастыру-техникалық шаралардың жиынтығы.
шығындар  жиыны  –  құрылыстың  жалпы  сметалық  құнын  анықтайтын  және  кешен 
құрамына  жататын  объектілер  құрылысының  жиынтық  сметаларын  біріктіретін  сметалық 
құжат.
Жиынтық  сметалық  есеп  –  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкес  құрастырылатын 
және  осы  құрылысты  жоспарлау  мен  қаржыландыруға  негіз  болатын  (мердігердің  және 
тапсырыс берушінің шығындарын қосқанда), құрылыстарды салудың жалпы сметалық құнын 
анықтайтын сметалық құжат.
Сметалық  құжаттама  –  жоба  алдындағы  сатыда  немесе  жобаланатын  объектілердің 
(ғимараттардың, құрылыстардың, кешендердің және коммуникациялардың) немесе олардың 
кезек бойынша жоспарланған сметалық құрылыс құнын анықтау үшін әзірленетін құжаттама.
Сметалық  есеп  –  тапсырыс  берушінің  шығындарын  есепке  алмағанда  («жиынтық 
сметалық  есепті»  салыстыру  үшін  қараңыз),  жобада  қарастырылған  барлық  объектілерді 
пайдалануға енгізу үшін құрылысқа қажетті жалпы сметалық құнын анықтайтын сметалық 
құжаттама.
Құрылыс (қызмет саласы ретінде) – жаңа объектілер салу және (немесе) қолданыста бар 
объектілерді  (  ғимараттарды,    құрылыстар    мен  олардың  кешендерін,  коммуникацияларды) 
өзгерту  (кеңейту,  жаңғырту,  техникалық    қайта  жарақтандыру,  қайта  жаңарту,  қалпына 
келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды 
монтаждау  (бөлшектеу),  құрылыс  материалдарын,  бұйымдар  мен  құрылғыларды  дайындау 
(өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын 
өңдеп  шығарған  объектілерді  кейіннен  кәдеге  жарату  жұмыстарын  жүзеге  асыру  жолымен 
өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет.
Құрылыс  (жобаны  іске  асыру  ретінде)  –  құрылыс-монтаждау  жұмыстарын  (құрылыс 
басталған  уақыты)  жүргізуге  рұқсат  алу  кезінен  бастап  салынған  объектіні  пайдалануға 
енгізгенге дейінгі (объектіні пайдалануға қабылдау) немесе құрылысты тоқтатудың басқа да 
нысанының (тоқтатып қою, бөлшектеу, кәдеге жарату) ұзақтылық мерзімі бойынша шектеулі 
жылжымайтын мүлік объектісін құру (тұрғызу) үрдісі.
Инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) – инвестициялау 
мақсатының  сипаттамасы  бар  негізгі  бастапқы  деректерді,  инвестицияның  тиімділік 
негіздемесін, соның ішінде: объектінің қызмет ету аясынан күтілетін экономикалық, әлеуметтік 
және  (немесе)  коммерциялық  әсерін,  сондай-ақ  құрылыс  объектісінің  негізгі  объектінің 
техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтау есебін қамтитын алдын-ала құжаттама.
Типтік  жоба  –  объектілердің  негізгі  көрсеткіштері  және  мақсатына  байланысты 
ұқсастығына қарай үздік құрылыс жобаларының қатарынан таңдап алу нәтижелері бойынша 
қабылданған ең тиімді (оңтайлы), экологиялық  жағынан дәулетті және экономикалық тиімді 
жобалық  (көлемдік-жоспарлау,  сәулеттік-құрылыстық,  технологиялық,  инженерлік  және 
инженерлік-техникалық) шешімдер есебімен әзірленген, жергілікті құрылыста қолдану үшін 
белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы.
Мемлекеттік  нормативтермен  белгіленген  тәртіпте  байламдалған  типтік  жоба  жұмыс 
жобасы болып табылады.
Эксперименттік  объект  –  құрылыстың  жаңа  жобалау  шешімдерін  және  (немесе) 
әдістерін зерделеу мен тексеру, сондай-ақ бұрын өткізілген зерттеулердің және (немесе) ал-


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау