46
қозғалыста болады (21-сурет). Стадионда жүгіріп бара жатқан спортшының
траекториясы 1 мен 2 аралығында қисық сызықты, ал 3 пен 4 аралығында
түзу сызықты болып шығады (22-сурет).
21-сурет.
22-сурет.
Траекторияның пішіні қарастырылып отырған санақ денесіне орай әр
түрлі болуы да ықтимал. Мәселен, Айдың Жерге орай қозғалысы шеңбер
түрінде болса, Күнге орай күрделі пішінді болып келеді. Өйткені, Жер Ай-
мен бірге Күнді айналып қозғалады. Нақ осылайша автомобиль двигателін
салқындататын қалақ ұшының қозғалыс траекториясы двигательге орай
шеңбер түрінде болса, жерге қатысты алғанда винт, яғни бұранда тәрізді
болып келеді.
Қозғалыстағы денені әрқашан сурет арқылы бейнелеу қолайсыз.
Осыған орай траекторияның ұзындығы дененің өлшем-
дерінен өте үлкен болған жағдайларда денені материалдық нүкте деп
қарауға тиіспіз. Мысал үшін Ташкенттен Бұхараға қарай ұшып бара
жатқан ұшақты материалдық нүкте деп алуымызға болады. Бірақ көпірден
өтіп бара жатқан пойызды материалдық нүкте деп қарау мүлдем қисынсыз.
Материалдық деп аталуының себебі сол, дененің өлшемдері есепке
алынба ғанымен, оның массасы, жылдамдығы және басқа да физикалық
шамалары сол күйінде, өзгеріссіз қалады.
1. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
2. Санақ денесі дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Жазу үстіндегі қалам ұшының қозғалысы қандай қозғалысқа жа-
тады?
4. Қозғалыс үстіндегі денелерді материалдық деп санауға болатын
жағ дайларға мысал келтіріңдер.
47
19-ТАҚЫРЫП
ДЕНЕЛЕРДІҢ БАСЫП ӨТКЕН ЖОЛЫ ЖӘНЕ ОҒАН ЖҰМСАЛҒАН
УАҚЫТ. ЖОЛ (ҚАШЫҚТЫҚ) ЖӘНЕ УАҚЫТ БІРЛІКТЕРІ
Механикалық қозғалыс кезінде дененің жағдайы уақыт өткен сайын
өзгере беретінін біліп алдық. Бұл өзгерісті айқынырақ сипаттау үшін
дененің басып өткен жолы және уақыт ұғымдары енгізіледі.
Қозғалыс траекториясының ұзындығын дененің басып
өткен жолы деп атайды.
Жолды өлшеу үшін ұзындық бірлігі – метр пайдаланылады. Жолды
ағылшын тіліндегі space – қашықтық, length – ұзындық сөздерінің бас
әріптері s немесе l әріптерімен белгілейді
1
.
Дененің қозғалысы белгілі бір уақыт ішінде жүзеге асады. Уақыт
ұғымы өте күрделі болғандықтан, оны жай сөзбен сипаттаудың өзі қиын.
Сондықтан өзімізге дағды болып қалған ұғымдарды қолданайық.
Мысалы: автобус Гүлiстан қаласынан Ташкентке 2 сағатта жетіп
келді делік. Уақытты ағылшынша time сөзінің бас әрпімен, яғни t-мен
белгілейміз. Демек, t = 2 сағат.
Басып өтілген жолдың ұзындығы оның метрден көптігіне неме-
се аздығына қарай қолайлы болуы үшін км-мен, дм-мен және мм-мен де
өлшенеді.
Мәселен, Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 150 000 000 км,
Жерден Айға дейінгі қашықтық орта есеппен 384 000 км, Жердің радиу-
сы – 6400 км, Үргеніштен Нөкіс қаласына дейінгі жолдың ұзындығы – 170
км, мектептегі жүгіру жолының ұзындығы 100 м, жауын құртының жүріп
өткен жолы – 15 см және т.б.
1 км 1000 м; 1 м 10 дм; 1 дм 10 см; 1 см 10 мм.
Қозғалыс уақытын секундпен өлшейміз. Қажеттігіне орай уақытты
да миллисекунд, минут, сағат, тәулік және т.б. деп белгілеуге болады.
1 тәулік 24 сағат, 1 сағат 60 минут, ал 1 минут 60 секунд.
Денелердің қозғалыс уақыты мен басып өткен жолын салыс-
тыру үшін оларды бірдей өлшем бірліктеріне келтіріп алу
қажет!
Практикалық тапсырма
Үйлеріңнен мектепке дейінгі қашықтықты қадамдап өлшеңдер.
Өлшеу таспасының немесе метрдің көмегімен бір қадамның
1
Бұдан былай физикалық шамаларды олардың ағылшынша атауларының басты
әріптерімен белгілеп отырамыз.
48
ұзындығын анықтаңдар. Сосын бір қадамның ұзындығын үйлеріңнен
мектепке дейінгі қадамдардың санына көбейтіп, шыққан нәтижені метр ге
айналдырыңдар.
1. Қашықтықты мм-мен және см-мен өлшеу қолайлы болып табыла-
тын жағдайларға мысал келтіріңдер.
2. Күнделікті өмірде басып өткен жолды өлшеу таспасы мен метр-
ден тыс тағы қандай құралдармен өлшейтінін білесіңдер ме?
3. Бір аптада неше сағат бар?
• Ең кіші атом өлшемі 0,00000001 см-ге тең.
• Ең кіші атом ядросының өлшемі 0,000000000001 см-ге тең.
• Жерден ең жақын жұлдызға дейінгі қашықтық –
≈ 10 000 000 000 000 000 км.
• Күн сәулесінің Жерге жетіп келуіне кететін уақыт 8 минутқа тең.
• Жердің Күнді рет бір айналып шығуына кететін уақыт – 1 жыл.
• Күннен ең шалғайда орналасқан шағын аспан денесі – Плутонның бір
рет айналу уақыты 246 жылға тең (Жер жылы есебімен алғанда).
• Күн мен оның серіктерінің жасы – 4 700 000 000 жыл болып саналады.
• Халықаралық бірліктер жүйесі қабылданғанға дейін түрлі мемлекет-
терде өлшем бірліктері де әр түрлі болған. Мәселен, Англия мен Амери-
ка Құрама Штаттарында төмендегідей ұзындық бірліктері қолданылған:
1 дюйм = 2,54 см, 1 фут = 12 дюйм = 30,48 см, 1 миль = 1609 м, 1 теңіз
милі = 1852 м. Ресейде: 1 вершок = 4,445 см, 1 верст = 1066,8 м, 1 аршын =
71 см, 1 миль = 7 верст = 7467,6 м, 1 сажен = 3 аршын 2,13 м. Орталық
Азияда: 1 қадам = 63–71 см, 1 қарыс 19–21 см, 1 шақырым 1066 м, 1
тұтам 9 см, 1 елі 2,18–2,28 см, а) 1 фарсах 12000 қадам 8500 м,
б) 1 фарсах (фарсанг) 9000 қадам 6000 м.
20-ТАҚЫРЫП
БIР ҚАЛЫПТЫ ЖӘНЕ БIР ҚАЛЫПСЫЗ ҚОЗҒАЛЫС
ТУРАЛЫ ҰҒЫМ. ЖЫЛДАМДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ БIРЛIКТЕРI
Ертедегі ата-бабаларымыз бір мемлекеттен екінші мемлекетке немесе
бір қаладан екінші қалаға атпен, түйемен қатынаған. Олар межелі жерге
жету үшін апталап, кейде айлап жол жүрген. Ал бүгінгі таңда дүниенің
қалаған бұрышына бір-ақ күнде жетіп баруға болады.
Бұның өзіндік себептері бар. Анығырақ айтатын болсақ, бүгінде
адамды бір жерден екінші жерге жеткізетін құралдар жылдам қозға-
латын болған. Демек, бір-бірімен салыстырғанда, денелердің кейбіреулері
Достарыңызбен бөлісу: |