Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет16/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49

52
21-ТАҚЫРЫП
ДЕНЕЛЕРДІҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУІ ТУРАЛЫ  
МӘЛIМЕТТЕР. КҮШ
Айнала  төңірегімізге  қарасақ,  барлық  нәрселердің  бір-біріне  әсер 
ететінін  байқаймыз.  Мәселен,  аспанға  тас  лақтырсақ,  ол  Жерге  қайта 
түседі.  Өйткені  оны  Жер  өзіне  тартып  тұрады.  Темір  бөлегіне  маг-
нитті  жақындататын  болсақ,  магнит  оны  өзіне  тартып  алады.  Допты 
қабырғаға  қарай  лақтырсақ,  одан  шоршып  өзіңе  қайтады.  Қозғалыс 
үстіндегі  автомобильдің  моторын  сөндірсең,  ол  біраз  жүріп  барып 
тоқтайды.  Бұндайда  жол  мен  доңғалақтар  арасындағы  әсер  күшіне  бай-
ланысты  жылдамдық  азаяды.  Осындай  әсерлесулердің  себебінен  дененің 
жылдамдығы өзгереді.
Қолымызға  ермексазды  немесе  сағызды  алып,  саусақтарымызбен 
қысатын  болсақ,  оның  пішіні  өзгереді.  Нақ  сол  сияқты  мыс  тиынды  да 
балғамен соқсақ, ол  жалпайып, пішіні өзгереді.
    Бірер дененің екінші бір денеге əсер етуі нəтижесінде оның жыл-
дам дығы  немесе  пішіні  өзгеруіне  себеп  болатын  шаманы  күш  деп 
атаймыз.
Табиғатта  күштер  алуан  түрлі  сипатта  көрінеді  (22-сурет).  Жердің 
барлық  денелерді  өзіне  тартып  тұруы  себепті  ауырлық  күші  пайда  бо-
лады.  Бір  дененің  үстінде  екінші  дене  қозғалатын  болса,  беттердің  өзара 
әрекеттесуінен  үйкеліс  күші  туындайды.  Созылған  немесе  сығылған 
серіппелер мен резеңкелерде серпінділік күштері пайда болады. Бала лардың 
ойыншық тапаншаларында көбінесе сығылған серіппелер пайдаланылады.
Бір  дене  екіншісіне  әсер  көрсеткенде,  екінші  дене  де  бірінші  дене-
ге  өз  әсерін  тигізеді.  Егер  сен  ашу  үстінде  үстелді  жұдырығыңмен  қойып 
қалсаң,  үстел  аздап  иіледі.  Сонымен  қатар  оның  үстінде  жатқан    қалам-
қарындаштар  да  бір  секіріп  түседі.  Ондайда  қолың  да  ауырып  қалатыны 
рас,  әрине.  Демек,  біз  бұдан  екі  дененің  арасында  өзара  әсерлесу  болаты-
нын аңғарамыз.
Сендер  бастауыш  география  курсынан  Жердің  Күнді  айналып  қозғала-
тынын,  ал  Айдың  Жер  төңірегінде  айналатынын  біліп  алғансыңдар. 
Бұндай қозғалыстарға олардың арасындағы тартылыс күші себеп болады.
Шашты  тарап  болған  соң,  тарақты  ұсақтап  жыртылған  қағаз  бө-
лектеріне  жақындатсаң,  тарақ  оларды  өзіне  тартып  алады.  Бұны  электр 
күші  дейміз.  Таға  тәріздес  немесе  төрт  бұрыш  пішініндегі  тұ рақты  маг-
ниттер  темірден  жасалған  заттарды  өзіне  тартады.  Бұны  магнит  күші  деп 
атайды.  Заттарды  құрайтын  бөлшектер  арасында  да,  сонымен  қатар  осы 


53
бөлшектерді  түзетін  өте  ұсақ  бөлшектер  арасында  да  күштер  бар.  Олар 
жөніндегі мәліметтер жоғарғы сыныптарда беріледі. 
Күш  бірлігі  ретінде  1  Ньютон  (Н)  заңы  қабылданған.  Бұл  бірлік  ұлы 
ағылшын ғалымы Исаак Ньютонның құрметіне осылай аталған.
Ауырлық күшi
Үйкелiс күшi
F
F
Серпiмдiлiк күшi
Тартылыс күшi
Электр және магнит 
күштерi
23-сурет.
Күшті  өлшеу.  Күшті  өлшеу  үшін  динамометр  (грек  тілінде 
dinamis – күш,  metreo – өлшеймін)  деп  аталатын  аспап  қолда-
нылады.


54
24-сурет.
= 102 г
    Бұл  аспап  тақтай  бетіне  орнатылған 
серіппеден,  серіппенің  ұшына  бекітілген 
көр сеткіш  сымнан  және  сол  жерге 
жалғанып,  шкала  бойымен  жылжитын 
стерженьнен 
құралады. 
Стерженьнің 
ұшын да  ілмегі  бар,  оған  жүк  ілінеді. 
Ілмек ке  жүк  ілінген  кезде  серіппе  созыла-
ды.  Жүктің  массасы    m  =  102  г  болса, 
серіппенің  ұшындағы  көрсеткіш  сым 
1  цифрының  тұсында  тоқтайды  (24-су рет). 
Бұл  ретте  серіппенің  созылуынан  пайда 
болған  серпінділік  күші  оның  ауырлық 
күшіне  тең  болады.  Динамометрдің  тілі  1 
N күшті көрсетеді. Оған ауырлығы 1 N жүкті қосып ілсек,  динамометрдің 
серіппесі  тағы    созылып,  көрсеткіш  сымның  ұшы  төмен  қарай  жылжиды 
да,  кезекті  цифрдың,  яғни  2  санының  тұсында  тоқтайды.  Бұл  жүкке  әсер 
көрсетіп  отырған  күштің  2  N – ге  тең  екенін  білдіреді.  Осылайша  жүк  са-
нын  көбейте  отырып,  динамометрдің  көмегімен  олардың  ауырлықтарын 
өлшеуге  болады.  Жалпы  алғанда,  дененің  массасы  m  белгілі  болса,  оған 
әсер ететін ауырлық күшін  Ғ (еф)-пен белгілеп:
F
ауырлық
 
күшi
  · g
формуласы арқылы есептеуге болады.
g = 9,81
N
kg
 Жер үстінде өзгермейтін шама болып табылады.
1.  Айналаңда өзара әсерлесіп жатқан денелерге мысалдар келтір.
2. Серпімділік күштерін қай жерлерде пайдалануға болады?
3.  Үйкеліс  қай  жерлерде  пайдалы,  қай  жерлерде  пайдасыз  болып 
келеді?
Үйге тапсырма
Серіппе,  ілмекті  сым,  миллиметрлік  қағаз  сияқтылардан  дина-
мометр  жасаңдар.  Оның  көмегімен  кітап-дәптерлеріңнің,  оқу 
құралдарыңның ауырлығын өлшеңдер.


55
4-жаттығу
1.  1.  Оқушыны  таразыға  тартқанда,  оның  массасы  32  кг  болды.  Оның 
ауырлық күші неше  N-ге тең болады? (Жауабы: 314 N.)
2. Динамометрге жүк ілген кезде оның көрсеткіші 24,5 N-ге тең болды. 
Оған ілінген жүктің массасы қандай?  (Жауабы: 2,5 кг.)
3. Диқан 50 кг сәбіз салынған қапты иығымен көтерді. Диқанның мас-
сасы 70 кг. Диқан жерді қандай күшпен басады?  (Жауабы: 1176 N.)
4.  Бір  дененің  массасы  екінші  дененікінен  екі  есе  ауыр.  Оларға  әсер 
ететін ауырлық күштерін салыстырыңдар.
5. 480 mN күшті N-дермен өрнекте. 
22-ТАҚЫРЫП
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.  
ДИНАМОМЕТРДІҢ КӨМЕГІМЕН КҮШТЕРДІ ӨЛШЕУ
Керекті  жабдықтар:  динамометр,  массалары  әр  түрлі  денелер, 
резеңке, ұшында ілмегі бар тегіс тақтай, үстел.
Жұмысты орындау тәртібі:
1.  Ауырлық  күшін  өлшеу.  Динамометрді  қолыңа  алып,  оның  шкала-
сына  жақсылап  зер  сал.  Динамометрдің  өлшеу  шекарасын  және  анықтық 
дәрежесін жазып ал. Сосын оны штативке орнатып, ілгегіне әр түрлі мас-
салы  жүктерді  іл  (24-суретке  қара).  Әрбір  өлшеу  кезінде  динамометрдің 
көрсеткіштерін жазып отыр.
2.  Үйкеліс  күшін  өлшеу.  1-т
əжірибе.  Үстелдің  үстіне  ілмегі  бар  тегіс 
тақтайшаны  қой.  Динамометрдің  ілмегін  тақтайшаның  ілмегінен  өткіз 
(25-сурет).
25-сурет.
Енді динамометрдің ұшынан жайлап тарт. Дене орнынан қозғалған соң, 
мүмкіндігі барынша оның қозғалысы өте-мөте баяу әрі бір қалыпты болу-
ын қадағала. Сол күйдегі динамометрдің көрсеткішін жазып ал.


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау