Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет13/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49

42
Молекула
Заттың  қасиеті  сақталып  қалатын  ең  кіші  бөлшек.  Молекулалар 
атомдардан  түзіледі.  Заттардың  молекулалары  бір  түрлі  атомдар-
дан  немесе  әр  түрлі  атомдардан  түзіледі.  Латынша  «молес» – «мас-
са» дегенді білдіреді.
Диффузия
Бір  заттың  молекулаларының  екінші  бір  затқа,  екінші  зат 
молекула ларының  бірінші  затқа  өзара  ауысып  өтуі  диффузия  деп 
аталады.  Бұл  құбылыс  газдарда  жылдам,  сұйықтықтарда  баяу, 
ал  қатты  денелерде  өте  баяу  жүреді.  Температура  көтерілген 
сайын  құбылыс  жылдамдай  береді.  Латынша  «диффузио» – «тара-
лу, асығу» дегенді білдіреді.
Броун 
қозғалысы
Сұйықтықтағы немесе газдағы өте майда бөлшектердің үздіксіз әрі 
ретсіз  қозғалысы.  Бұл  қозғалыс  та  температура  көтерілген  сайын 
үдей  түседі.  Құбылысты  алғаш  рет  1827  жылы  ағылшын  ботанигі 
Р.  Броун зерттеген.
Молекуляр-
лық күштер
Молекулалар арасындағы өзара тартылу және тебісу күштері. Өте-
мөте жақын қашықтықта көрініс береді.
Масса 
Заттың инерттік және тартылу қасиеттерін өрнектейтін физикалық 
шама.  Масса  ұғымын  ғылымға  алғаш  рет  И.  Ньютон  (1687  ж.) 
енгізген.  Өлшеу  бірлігі  килограмм,  Халықаралық  бірліктер 
жүйесінің (ХБЖ) негізгі бірлігі. Үлгісі цилиндр пішінінде, биіктігі 
мен  диаметрі  39  мм-ге  тең.  Платина-иридий  қорытпасынан  1799 
жылы әзірленген.
Тығыздық
Дене  массасының  оның  көлеміне  қатынасымен  өлшенетін 
физикалық шама. 
ρ
=
m
V
.  Тығыздық бірлігі кг/м³.


43
II
ТАРАУ
Сендер бұл бөлiмде:
–  денелердiң механикалық 
қозғалысымен;
–  бiрқалыпты жəне ретсiз қозғалыс 
жөнiндегi ұғымдармен;
–  жол, уақыт, жылдамдық шамалары 
жəне оларды іс жүзінде анықтаумен;
–  сұйықтықтар мен газдардағы 
қысыммен;
–  Паскаль жəне Архимед заңдарымен;
–  жұмыс, энергия жəне қуат сияқты 
ұғымдармен танысасыңдар.
МЕХАНИКАЛЫҚ 
ҚҰБЫЛЫСТАР  
ЖАЙЛЫ АЛҒАШҚЫ 
МӘЛІМЕТТЕР


44
АЛҒЫ СӨЗ
Күнделікті өмірде біз қозғалыс үстіндегі көптеген денелерді, машиналар 
мен механизмдерді жиі кездестіреміз. Автомобильдердің, желдеткіштердің, 
аспалы  және  қол  сағаттардың  тағы  басқалардың  қимыл-қозғалысына  зер 
салсақ,  олардың  түрлі  бөлшектері  әр  түр лі  қозғалыста  екенін  байқаймыз. 
Автомобильдің корпусы, тиеген жүгі жүргізушімен бірге алға немесе артқа 
қарай  қозғалса,  оның  доңғалақтары,  двигателінің  салқындататын  қалағы 
айналмалы  қоз ғалыста  болады.  Біз  бұдан  былай  алға,  артқа,  жоғарыға, 
төменге, оңға немесе солға қарай жүретін қозғалыстарды жалпылама атпен 
үдемелі  қозғалыс  деп  атаймыз.  Қабырғаға  ілінген  механикалық  сағаттың 
маятнигі  қайталанатын  қозғалыс  жасайтындықтан,  оның    қозғалысын 
тербелмелі қозғалыс деп атаймыз.
Осылайша  бізді  қоршаған  ортадағы  барлық  денелердің  қозғалыстарын 
үш түрге бөлуге болады:
1. Үдемелi қозғалыс.
2. Айналмалы қозғалыс.
3. Тербелмелi қозғалыс.
Денелердің  барлығы  да  тұрақты  қозғалыста  бола  бермейді.  Мысалға 
ілініп  қойылған  жүкті,  ғимараттың  тіреу  бағанын,  жуылған  кір  жайы-
латын жіпті және тағы басқаларды алайық. Бір қарағанда, оларда ешқандай 
заңдылықтар жоқ сияқты болып көрінеді. Ал шын мәнісінде олар өз тепе-
теңдігін сақтауы үшін белгілі бір заңдар мен ережелер орындалады.
Денелерде  болатын  механикалық  қозғалыс  пен  олардың  тепе-
теңдiктегi жағдайы бiрiгiп механикалық құбылыс деп аталады.
Механика терминi грекше механика сөзiнен шыққан, ол машиналар 
жонiндегi ғылым деген мағынаны бiлдiредi.
Велосипед пен оны жүргізушіден:
1) үдемелі қозғалыс;
2) айналмалы қозғалыс;
3) тербелмелі  қозғалыс  жасап  бара  жатқан  бөліктерді  көрсете 
аласың ба?


45
18-ТАҚЫРЫП
ДЕНЕЛЕРДIҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ. ТРАЕКТОРИЯ
Сен  физика  сабағында  оқытушы  ұстазыңның  айтқандарын  тыңдап 
отырсың  делік.  Одан  бұрын  үйіңнен  шығып,  мектепке  келгенсің.  Сен 
отырған  парта  да,  мектеп  үйі  де  орнында  тұр.  Терезеден  сыртқа  көз 
салсаң,  өтіп  бара  жатқан  адамдарды,  автомобильдерді  көресің.  Олардың 
кейбіреулерін  қозғалыста,  ал  тағы  біреулерін  қозғалыссыз  тұр  деп 
қорытынды  жасайсың.  Бұндай  қорытынды  шығару  үшін  бізге  нелер  се-
беп  болды?  Әрбір  зат  немесе  материя  берілген  уақыттың  ішінде  белгілі 
бір  орында  болады.  Мәселен,  сыныптағы  сен  отырған  парта  есіктен 
3  м  жерде  тұр.  Ал  оқытушы  мен  сенің  аралығың  2  м.  Мұғалім  орнынан 
тұрып  тақтаның  алдына  барды.  Енді  оның  сенен  ұзақтығы  2,5  м.  Демек, 
мұғалімнің сыныпта отырған орны белгілі бір уақыттан кейін өзгерді. Нақ 
осылайша  машиналардың  да  сенімен  салыстырғандағы  орны  уақыт  өткен 
сайын  өзгере  береді.  Сен  осыларды  негізге  алып,  олар  қозғалыс  үстінде 
деп  қорытынды  шығардың.  Ал  сынып  бөлмесінің  қабырғасы  тұрған  ор-
нын  өзгертпейді.  Жоғарыда  айтылған  қозғалыстардың  барлығын  да 
механикалық қозғалыс деп атаймыз.
    Уақыт өткен сайын денелердің кеңістіктегі орнының басқа дене-
лермен салыстырғанда өзгеруін механикалық қозғалыс деп атайды.
Біз  басқа  денелер  дегенде  ағашты,  ғимаратты,  пойыз  вагонындағы 
орындықты  және  тағы  басқаларды  түсінеміз.  Дененің  орны  сол  таңдалған 
денеге қатысты уақыт ішінде қарастырылғандықтан, оны санақ денесі деп 
атаймыз.  Таңдалған  санақ  денесі  белгілі  бір  бөлікке  қатысты  қозғалыссыз 
күйде  болса,  екінші  бір  бөлікке  қатысты  қозғалыста  болуы  мүмкін. 
Мәселен,  санақ  денесі  ретінде  Ташкенттен  Самарқантқа  бара  жатқан  пой-
ызды  алайық.  Ондағы  жолаушы  пойыз  вагонына  қатысты  қозғалыссыз 
күйде,  ал  вагонның  өзі  жерге  қатысты  қозғалыста  болады.  Сол  себепті 
денелердің қозғалысын үйрену кезінде санақ денесін міндетті түрде таңдап 
алу керек.
    Денелер  қозғалыста  болған  кезде  кеңістікте  із  қалдырады.  Бұл 
іздер  көзге  көрінуі  де,  көрінбеуі  де  мүмкін.  Көріну-көрінбеуіне 
қарамастан, бұл ізді  траектория деп атайды.  Көшеде жүрген авто-
мобиль,  трактор  немесе  әуеде  ұшып  бара  жатқан  ұшақ  қалдырған  іздер
бұған  жарқын  мысал  бола  алады.  Траекторияның  пішініне  орай 
қозғалыстар  түзу сызықты  немесе  қисық сызықты болып келеді.
Автомобиль  доңғалағының  білігі  В  жерге  қатысты  түзу  сызықты, 
ал  протекторындағы  А  нүктесі  доңғалақ  білігіне  қатысты  қисық  сызықты 


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау