ЗАТТТЫҢ ТҮЗІЛІСІ ЖӨНІНДЕГІ
АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР
ЖӨНІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
ДЕНЕЛЕРДІҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ.
ҚАРАПАЙЫМ МЕХАНИЗМДЕР
ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ
АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ
АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ
АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
ДЫБЫС ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ
АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
ТАШКЕНТ – 2017
Қайта өңделген үшінші басылымы
6
Н.Ш. ТУРДИЕВ
ФИЗИКА
2
УЎK: 372.853-512 (075)
KБK 22.3я72
T–83
П
ікір жазғандар::
Р. Муминов
– Өзбекстан Ғылым академиясының академигі, «Физика-Қуёш»
ғылыми өндірістік бірлестігі Физика-техника институтының бас
ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы;
Д. Бегматова
– ӨзҰУ «Жалпы физика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент;
Н. Саидханов
– ӨзҒА Физика-техника институтының ғылыми хатшысы, физика-
математика ғылымдарының докторы;
Х. Тажимурадова – Низами атындағы ТМПУ «Физика мен астрономияны оқыту
әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдары-
ның кандидаты, доцент міндетін атқарушы;
У.Алимухамедова – Ташкент қаласының Юнусабад ауданындағы №9 мектептің
оқытушысы;
Н. Бердирасулов – Ташкент қаласы Сіргелі ауданындағы №104 мектептің оқытушысы;
Б. Камолов
– Сырдария облысы Баяуыт ауданындағы №30 мектептің оқытушысы.
Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі
оқулық ретінде бекiткен.
Шартты белгiлер:
– физикалық шамаларға түсінік; негізгі заңдар;
– маңызды формулалар;
– көңіл бөл, есте сақтап қал;
– тақырып мәтінін оқып шығып, қойылған сұрақтарға жауап бер;
*
– бұл тақырыптар физиканы терең үйренгісі келетін оқушыларға арналған;
– бұл тақырыптар бұрын өтiлгендердi қайталап, еске түсiруге арналған;
– ойланып жауап бер;
– оқушы орындайтын практикалық жұмыс;
– қызықты материалдар.
«Республикалық мақсатты кітап қорының қаржылары есебінен
жалға беру үшiн басылды».
ISBN 978-9943-4047-1-7
© Н.Ш. Турдиев, 2013, 2017
© Чулпон атындағы баспа-полиграфия
шығармашылық үйi, 2013
© «Niso Poligraf» баспасы
(түпнұсқа-макет) 2013, 2017
3
КIРIСПЕ
1-ТАҚЫРЫП
ФИЗИКА НЕНI ЗЕРТТЕЙДI?
ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР
Қымбатты оқушылар!
Қолдарыңдағы кітап – сендер үшін жаңа оқу пәні болып табылатын
«Физика» оқулығының алғашқысы. Бұдан кейінгі 7, 8, 9-сыныптарда физи-
ка пәнін оқып-үйренуді одан әрі жалғасты расыңдар.
Бұл оқу пәнін үйренудің не қажеті бар?
Айналаңа көз салғаныңда, жапалақтай жауып тұрған қарды немесе
нөсерлете құйған жаңбырды, көк жүзінде қалқыған бұлттарды, тастан-
тасқа секіріп сылдырлай ағып жатқан бұлақты немесе тау қойнауынан
сарқырай құлаған асау өзенді көресің. Олардың барлығы да – табиғат
құбылыстары. Бізді қоршаған ортадағы табиғи өзгерістер өмірімізге де
тікелей ықпалын тигізеді. Табиғат үдерістерінің заңдылықтарын үйрену
біз үшін оны тиімдірек пайдалануға мүм кіндік туғызады. Адам баласы
табиғат заңдылықтарын үйрену барысында өзінің еңбегін жеңілдететін ма-
шиналарды ойлап тапқан. Қазір біз күнделікті өмірімізді электр энергия-
сынсыз, жанармайсыз, таза сусыз елестете алмаймыз. Электр энергиясын
өндіретін машиналардың, электр энергиясы мен жанармайдың көмегімен
жұмыс істейтін қондырғылардың негізін сендерге физика пәні үйретеді.
Машиналар мен механизмдерді басқару және жөндеу, тұрмыстық техника-
ны ұтымды пайдалану кезінде сендерге физика пәнінен алған білімдерің
өте-мөте қажет болады.
Табиғатта болып жатқан түрлі құбылыстарды олардың белгілеріне орай
механикалық, жылу, электр, жарық және дыбыс құбылыстарына бөлуге бо-
лады.
Бұндай құбылыстарды зерттеу заттың түзілісін зерттеуден басталады.
6-сыныпта физиканың үйренетін салалары: заттың түзілі сі,
механикалық жарық құбылыстары, дыбыс туралы алғашқы
мəмметтер электр, жылу (1-сурет) беріледі.
4
Заттың
түзiлiсi
Механикалық
құбылыстар
Жылу
құбылыстары
Электр
қ
ұбылыстары
Жарық
құбылыстары
Дыбыс
қ
ұбылыстары
1-сурет.
Оқулықта осы құбылыстарға қатысы бар оншалықты күрделі емес және
өзің орындай алатын қызықты тапсырмалар беріледі.
5
Велосипед, автомобиль, адамның қимыл-әрекеті, қайшының кесуі және
т.б. – барлығы да механикалық қозғалыстарға мысал бола алады.
Судың булануы мен мұздауы, металдардың балқуы, табиғи газ бен
отынның жануынан шығатын жылу және т.б. – жылу құбылыстарының мы-
салы.
Жарықтың тарауы, оның түрлі заттардан шағылысып, кері қайтуы,
аспанда кемпірқосақтың пайда болуы сияқтылар жарық құбылыстарына
жатады.
Адам қараңғы бөлмені қалайша нұрландырды, сонау қиырдағы
мем лекеттерде болып жатқан оқиғаларды қалайша көре алады, азық-
түліктердің бұзылмай, өз қалпында сақталуына қалайша қол жеткізді?
Бұлардың барлығына да электр құбылыстарын зерттеудің арқасында ие
болдық.
Неліктен Күннен жарық сәуле таралады? Неліктен су буға немесе мұзға
айналады? Қандай себептерге орай сынап бөлме температурасында сұйық
күйде болады, темірді балқыту үшін оны неліктен өте жоғары температу-
рада қыздыру керек?
Міне, осы іспеттес сұрақтарға жауап беру үшін біз заттың түзілісін
үйренуге тиіспіз. Денелердің ішкі құрылысын зерттеп, оның көптеген
қасиеттерін түсініп алу арқылы ерекше қасиеттерге, яғни ыстыққа төзімді,
беріктігі жоғары және басқа да қасиеттерге ие жаңа заттар жасауға болады.
1. 1-суретке қарай отырып, физикалық қасиеттер бойынша өз
мысалдарыңды келтір.
2. Айналамыздағы әлемді үйренуде физика қандай рөл атқарады?
3. Балмұздақтың еруі қандай құбылысқа жатады?
4. Күнделікті өмірден физикалық құбылыстарға мысалдар келтір.
Достарыңызбен бөлісу: |