Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет15/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49

49
жылдамырақ,  ал  екінші  біреулері  баяу  қозғалады.  Бұны  бейнелеу  үшін 
жылдамдық деп аталатын физикалық шама енгізілген.
    Белгілі  бір  уақыт  бірлігі  ішінде  басып  өтілген  жол  жылдамдық  
деп аталады.
Жылдамдық  оның  ағылшынша  аты    velocite-нің  бірінші  әрпі    v-мен 
белгіленеді.
Басып өтiлген жол
Жолды басып өтуге жұмсалған уақыт
Жылдамдық =
·  
υ
 
=
s
t


  –  жылдамдық,  s – басып  өтілген  жол,  t – жолды  басып  өтуге 
жұмсал ған уақыт.
Жылдамдықтың бірлігі [υ] = 1
 м 
  с
.
Велосипедшiнiң  жылдамдығы  υ
  
= 10
 м 
 с
  -ке  тең  болсын  делік. 
Бұл оның 1 секунд уақыт ішінде 10 метр жолды басып өтетінін білдіреді. 
Әдетте  автомобильдің  жылдамдығы 
  км 
 сағ
  -пен  белгіленеді.  Мысал  үшін 
автомобильдің жылдамдығы 80
 км 
 сағ
 болса, бұндай автомобиль 1 сағатта 80 
километр жолды басып өтеді.
Егер 1 км = 1000 м және 1 сағат = 3600 сек екендігі ескерілсе:
1
 км 
 сағ
 = 
1000 м
3600 с
 = 
10
36
м
с
Автомобильдің жылдамдығы 72
  км 
 сағ
 болса, оны 
м
с
 -пен былайша өрнек-
тейміз:
72
  км 
 сағ
 = 72 · 
1000 м
3600 с
 = 20 м/с.
    Егер дене қозғалыс барысында бірдей жылдамдықпен жүрсе не-
месе қалаған тең уақыт ішінде бірдей қашықтықты басып өтсе, он-
дай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.
Бұған  мысал  ретінде  әуеге  таралып  жатқан  дауысты,  радио  толқын-
дарын  атап  көрсетуге  болады.  Сағат  тілі  де  бір  қалыпты  қозғалыс  жасай-
ды.  Автомобильдер  де  қысқа  уақыт  аралығында  бір  қалыпты  қозғалыста 
болуы мүмкін.
Күнделікті  өмірде  қозғалыс  үстіндегі  денелерге  зер  салсақ,  олардың 
бір  қалыпсыз  қозғалыс  жасайтындықтарын  байқаймыз.  Мәселен,  аялда-
мадан  шыққан  автобус  уақыт  өткен  сайын  жылдамдығын  үдете  тү седі. 
Ал келесі аялдамаға жақындағанда ол өз жылдамдығын баяулатып барып 
тоқтайды.


50
Жылдамдығы  қозғалыс  траекториясының  түрлі  бөлігінде  əр  түрлі 
болған қозғалысты  бір қалыпсыз қозғалыс  дейміз.
Бұндай жағдайларда орташа жылдамдық деген ұғымды қолданамыз.
Дене басып өткен бүкіл жолдың сол жолды басып өтуге жұм салған 
бүкіл  уақытқа  қатынасымен  өлшенетін  шаманы  орташа  жыл дамдық  
дейміз.
 Орташа жылдамдық =
Барлық басып өткен жол
Жолды басып өтуге кеткен уақыт
 · 
υ
ор 

s
t
.
Практикалық тапсырма
Сағатқа  қарай  отырып,  сенің  үйіңнен  мектепке  дейінгі  ара 
қашықтықты  өлшеуге  қанша  уақыт  жұмсалғанына  зер  сал.  Ара 
қашықтық  пен  оны  басып  өтуге  жұмсалған  уақытты  пайдаланып, 
орташа жылдамдықты тап.
Мəселені шешу үлгілері
1.  Электр  пойызы  Янгиер  қаласынан  Ташкентке  3  сағатта  келді.  Егер 
қалалардың арасындағы қашықтық шамамен 150 км десек, онда пойыздың 
орташа жылдамдығы қандай болады?.
Б е р i л г е н i :
Ф о р м у л а с ы :
Ш е ш у i :
s = 150 км
t = 3 сағат

ор
 =
s
t
.

ор 

150 км
3 сағ
 = 50
 км
 сағ
Табу керек:

ор
 = ?
Жауабы: 50
 км
 сағ
.
2.  Жаңа  қазылған  каналдағы  су  бір  қалыпты  ағып  жатыр.  Судың  ағу 
жылдамдығы 1,5
м
с
. Егер біз суға кішкене шырпы сынығын тастасақ, ол 20 
минутта қанша жерге дейін ағып барады?
Б е р i л г е н i :
Ф о р м у л а с ы :
Ш е ш у i :
 
 1,5 
м
с
t
  20 с

 
=
s
t
 бұдан
s =  ∙  t.
s = 1,5
м
с
 ∙ 20 с = 30 м.
Табу керек:
s = ?
Жауабы: 30 метр.
1.  Бір қалыпты қозғалыс жылдамдығы дегенде нені түсінуге болады?
2.  Қозғалыстың уақыты мен жылдамдығы белгілі болса, бір қалыпты 
қоз ғалыс бойынша басып өтілген жолды қалай анықтауға болады?
3.  Қандай қозғалысты бір қалыпсыз қозғалыс деп атаймыз?
4.  Дененің орташа жылдамдығы қалай анықталады?


51
3-жаттығу
1.  Қандай  күйде  қозғалатын  құралды  материалдық  нүкте  деп  атауға 
болады?
а) автомобиль Самарқанттан Ташкентке қарай бара жатыр; 
ә) пойыз көпірден өтіп барады; 
б) Жер шары өз білігінен айналуда.
2.  Велосипед  доңғалағының  баллонындағы  жел  берілетін  шүмектің 
қозғалыс траекториясын сызыңдар. Бұл қандай қозғалысқа жатады?
3. Орташа жылдамдығы 80 
км 
сағ
 болатын пойыз 30 минутта қанша жол-
ды басып өтеді? (Жауабы: 40 км.)
4. 1 
км 
сағ
 үлкен бе, әлде 1
м
с
 үлкен бе?  Жауабыңды негіздеп түсіндір.
5.  Автобус  Нұрата  қаласынан  Қосрабатқа  дейін  90  минут  жүрді.  Егер 
екі  қаланың  арасындағы  қашықтықты  шамамен  90  км  деп  алсақ,  онда 
автобустың орташа жылдамдығы қанша болады?  (Жауабы: 60 
км 
сағ
)
6. 54 
км 
сағ
 қанша  
м
с
 қа тең деп ойлайсың?
7.  Жылдамдығы  1,5 
см 
с
  болатын  жауын  құрты  30  см  қашықтықты 
қанша уақытта басып өтеді?
8.  Ауа  райы  туралы  мәліметте  желдің  есу  жылдамдығы  секундына  10 
метр  болатыны  айтылған.  Егер  желдің  жылдамдығы  км/сағат  бо йынша 
өрнектелсе, онда жылдамдық нешеге тең болады?
9. Автомобиль 225 км қашықтықты 2,5 сағатта басып өттi. Оның орта-
ша жылдамдығы қандай?  (Жауабы: 90 км/сағ).
10. Бал арасы бал жинау үшiн 2 сағат iшiнде 30 км қашықтықты ұшып 
өттi. Оның орташа жылдамдығын тап. (Жауабы: 4,17 м/сек.).
11*.  Атты  адам  бiр  ауылдан  екiншi  ауылға  46  км/сағ  жылдамдықпен  2 
сағатта жетiп келдi. Осы қашықтықты орташа жылдамдығы 0,5  км/ сағ бо-
латын тасбақа қанша уақытта басып өте алады? (Жауабы: 184 сағат).


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау