31
Практикалық тапсырма
Үйде отырғаныңда бір дана сіріңке шырпысын, жіп және
банканың пластмасса қақпағын жинап, таразы жаса. Таразы өлшеуішінің
тілі ретінде сымды, ал таразы тастарының орнына тиындарды пайда-
лануыңа болады.
1. Дененің массасы деп нені айтамыз?
2. Дененің массасын қайсы таразымен анық өлшей аламыз: серіппелі
тара зымен бе, әлде иінді таразымен бе? Жауабыңды негіздеп түсіндір.
3. Үш теңгенің (тиынның) біреуі жеңілірек. Пішіні де, көрінісі де
бірдей бұл теңгелердің қайсысы жеңіл екенін тастары жоқ
табақты таразымен бір рет өлшегенде анықтау мүмкін бе?
15-ТАҚЫРЫП
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. ИІНДІ ТАРАЗЫНЫҢ
КӨМЕГІМЕН ДЕНЕНІҢ МАССАСЫН АНЫҚТАУ
Керекті жабдықтар: иінді таразының тастары, стакан, су, массасы
анықталуға тиісті куб, шар және цилиндр пішінді денелер.
Жұмысты орындау.
1. Иінді таразының құрылысымен, массалары әр түрлі таразы тастары-
мен танысу (14-сурет).
2. Дененің массасын анықтаудан бұрын таразыны тепе-теңдікке келтіру
керек. Қажет болса, таразы табақтарына қағаз бөлектері салынады.
3. Массасы анықталатын денені таразының сол жақ бөлігіне, ал тас-
тарды оң жақ бөлігіне қоямыз.
50
500
200
100
10
20 20
50
14-сурет.
32
4. Таразыны істен шығарып алмау үшін дененің массасына жақын
келетін тасты дұрыс таңдау керек. Өйткені айырмашылығы үлкен тасты
таразы табағына бірден қойғанда, таразының тілі ауытқып, шекарадан
шығып кетуі ықтимал.
5. Таразының табағына дымқылданған, лас, ысып кеткен денелерді
қоюға болмайды. Сонымен қатар сұйықтықтарды таразы табағына тікелей
құйып қою, шашылып, яки сусып кететін нәрселерді (құмшекер, тұз т.б.)
ыдыссыз салу мүмкін емес.
6. Таразының төлқұжатында көрсетілген салмақтан ауыр жүкті
таразыға тарту да мүмкін емес.
15-сурет.
7. Шағын массалы кішкене тастарды таразы табағына тек қыс-
қыштың, яғни пинцеттің көмегімен ғана салу керек. Себебі оларды қол мен
ұстағанда, қолдағы ылғал мен май тастарға өтіп, оның массасына әсерін
тигізуі ықтимал.
8. Табаққа қойылған тас жеңіл болса, оның жанына шамамен одан гөрі
жеңілдеу тастарды бір-бірлеп орналастырған орынды.
9. Таразы тепе-теңдікке келіп, тілі нөлді көрсетсе, немесе табақтарға
қойылған заттардың көрсеткіштері бірдей сызыққа келсе, табақтағы
тастардың массалары жинақталып есептеледі.
10. Таразының көмегімен бос стаканның массасы m
st
өлшенеді (15-су-
рет).
11. Стакан таразы табағынан алынып, оған белгілі бір мөлшерде су
құйылады.
12. Суы бар стаканды таразы табағына қойып, оның массасын m
ст.
су
өлшейміз.
13. m
ст
m
ст.су
– m
су
формуласы бойынша стакандағы судың массасы
есептеліп табылады.
Ескерту: Егер өлшенетін дененің массасы сенің қолыңдағы ең
кішкентай тас (20 мг) қойылған кезде де ауыр немесе жеңіл
33
болып шықса, жалпы масса дөңгелектеніп жазылады. Мысалы, 100 г +
20 г + 1 г + 500 мг + 20 мг қойылғанда масса ауыр, ал 100 г + 20 г + 1 г +
+ 500 мг қойылғанда жеңіл болып шықса, m ≈ 121,5 грамм деп алынады.
1. Дене қыздырылған кезде оның массасы өзгере ме?
2. Не себепті массаны иінді таразымен өлшегендегі көрсеткіш
серіппелі та разымен өлшегеннен гөрі анық болады?
3. Газдың массасын қандай әдіспен өлшеуге болатынын айт.
4. Денелердiң инерттiгi дегенде ненi түсiнемiз?
• Масаның массасы ~ 0,001 г.
• Пілдің жаңа туылған «сәбиінің» массасы шамамен 100 кг.
• «NEXIYA» автомобилінің массасы 1400 кг.
• Бір дана бидайдың массасы ~ 0,01 г.
• Жердің массасы шамамен
1000
000
24
..........
кг.
• Күннiң массасы шамамен
2000
000
30
..........
кг.
16-ТАҚЫРЫП
ТЫҒЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІРЛІКТЕРІ.
БЕРУНИ МЕН ХАЗИННІҢ ТЫҒЫЗДЫҚТЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ
Мензуркаға белгілі бір мөлшерде жылы су құяйық. Оның көлемін
белгілеп алып, суға бір шай қасық шекер салып ерітейік. Тәжірибе ба-
рысында су көлемінің өзгермегенін байқаймыз. Сонда шекер қайда
жоғалды? Шекерді түзетін бөлшектер су бөлшектерінің арасына жайы-
лып, сіңісіп кетті. Демек, затты құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі
бір қашықтықта орналасады. Кей заттарда бөлшектер өзара жақын ор-
наласса, екінші біреулерінде ұзағырақ орналасады. Бұдан тыс түрлі зат-
тар бөлшектерінің массалары да әр түрлі болады. Заттың бұл қасиеті
тығыздық деп аталатын физикалық шамамен өрнектеледі.
Заттың бірлік көлеміне сəйкес келетін массасы тығыздық деп ата-
лады.
Тығыздық (ро деп оқылады) әрпiмен белгiленедi.
Тығыздық =
Масса
Көлем
.
ρρ
== m
V
,
ρ – тығыздық, m – масса, V – көлем.
34
Тығыздықтың бiрлiгi 1
кг
м
3
.
темiр
7800
кг
м
3
. Бұл темiрден дайындалған, жақтары 1 м болатын
кубтың массасы 7800 кг-ға тең дегенi. Дәл осындай көлемдегi 1 м
3
мыс
кубтың массасы 8900 кг болады. Тығыздықты
г
см
3
-пен де өрнектеуге бо-
лады. Онда
кг
м
3
-тан
г
м
3
-қа төмендегiдей өтедi. = 1
кг
м
3
=
1000 г
1000000 см
3
=
1
1000 см
3
= 0,001
г
см
3
. Газдардың тығыздығы кiшi, сұйықтықтарда үлкен-
деу болады. Қатты дене лердiң тығыздығы олардың тығыздығынан үлкен
(16-сурет).
1 см
3
1 см
3
1 см
3
1 см
3
Ауа
Су
Қорғасын
Сынап
m = 0,00129 г
1 г
11,3 г
13,6 г
16-сурет.
17-сурет.
Демек, бiр заттың немесе дененiң
тығыз дығын анықтау үшiн оның
көлемi мен массасы есептелiп та-
былады. Кез келген форма дағы
денелер дiң массасын таразыда өлшеу
мүм кiн. Бiрақ барлық уақыт көлемдi
сызғыш пен
өлшеуге
болмайды.
Мысалы: бiлезiк, жүзiк, сыр ға. Суда
ерiмейтiн денелердiң кө лемi төмен-
дегiдей анық талады (17-сурет). Мензуркаға су құйылып, оның көлемі V
1
-
мен белгіленеді. Содан соң оған жүзік салынып, судың кейінгі деңгейі V
2
жазып алынады. Бұдан жүзіктің көлемі V = V
1
– V
2
болады. Демек, жүзiктiң
көлемi 2,8 см
3
– 2 см
3
0,8 см
3
-қа тең.
Практикалық тапсырма
Жоғарыдағы әдiспен түйменiң, шай қасықтың және осы сияқты
заттар дың тығыздығын анықта. Тығыздықты анықтау жолы-
мен алтын әшекейлердiң жасанды еместiгiн тексеруге болатынын есiңде
сақта!
Достарыңызбен бөлісу: |