1. Орталық мұражай құрылу тарихы 1930ж мұражайдын сақтау және ескерткіштерді жинақтау жұмыстары



жүктеу 24,15 Kb.
бет1/2
Дата19.01.2022
өлшемі24,15 Kb.
#33509
  1   2
Документ (7) (1)


22 Тарихи мәдени мұраны сақтауда қоғамдық мекемелердің қызметі

1. Орталық мұражай құрылу тарихы

2. 1930ж мұражайдын сақтау және ескерткіштерді жинақтау жұмыстары

3. Мұражайдын насихаттау жұмыстары

23 Құжатар бұқаралық ақпарат құралдарында 1.Архивтік құжаттарды радиобағдарламалар көмегімен көпшілікке таныту



2.Архивтік құжаттарды теледидар көмегі нәтижесінде пайдалану

3.Аудиовидеотехникада құжаттарды пайдалану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы — Алматы қаласында орналасқан. Орталық Азиядағы байырғы, әрі ең ірі музейлердің бірі.

1925 жылы Қазақ өлкелік Орталық мұражайы құрылды. 1929 жылы жаңа астана - Алматы қаласына көшіріліп, Жетісу губерниясында мұражайымен біріктіріліп, республикадағы іргелі мәдени ордаға айналды. 1944 жылдан казіргі атымен аталады. Алматы қаласындағы мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салынды. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдар жинақталған. Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың палеонтология залына хронологиялық мөлш. 570 млн. жыл бұрын кембрий кезеңінен бастау алып, голоцен деп аталатын бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жәдігерлік бұйымдар қойылған. Олар казірғі Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады. Мұражайдың археология қорындағы сирек кездесетін экспонаттар - ежелгі обалар мен көмбелер табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мәнері ерте дәуірдегі бабаларымыздың эстететикалық талғамын көрсетеді. Мұражайға 1939 жылы Алматы қаласынан 50 км батыста, Іле Алатауы бөктерінде орналасқан Қарғалы қонысынан табылған көмбе бұйымдары қойылған. Бұл "Қарғалы көмбесін" қазғанда б.з.б. 2 ғасыр,- б.з. 1 ғасырнда өмір сүрген абыз әйелдің мүрдесімен бірге көмілген ерекше әсем 370 әшекейлік бұйым шықты. Сондай-ақ, мұражайда 1988 жылы (Алматыдан 250 км шығыста) Кеген аңғарындағы Жалаулы а-нан ежелгі сақтардың байырғы мекенінен табылған жәдігерліктер бар. Мұражайда сақталған Қазақстанда б.з.б. 7-3 ғасырларда өмір сүрген ежелгі көшпелілердің тұрмыс салтындағы ғұрыптық ыдыс-аяқтардың жиынтығы - сақ қазандары ТМД аумағындағы ең бай коллекция болып саналды. Мұражайдың археологиялық қорында 11-15 ғасырлардағы Қазақстанның ежелгі қалаларының материалдық мәдениетінен нақты мәлімет беретін заттар, түркі жауынгерлерінің қару-жарақтары, Ұлы жібек жолы арқылы жеткен шет ел тауарлары мол. Қазақстан жерінен табылған көне түркі (5 - 8 ) руханиятына қатысты тас мүсіндер, балбал тастар, ескерткіштер, т.б. жиынтығы мұражай қорында сақтаулы. Мұнда Қазақстанның әр өңірінен жинақталған халқымыздың материалдық мөдениетінің ескерткіштері, түрлі шаруашылық және тұрмыстық бұйымдары, әшекейлер, ұлттық киім-кешектер, ыдыс-аяқтар, кілем, алаша, сырмақ, тұскиіз секілді этнографиялық мүліктер сақталған. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ зергерлерінің күмістен жасаған әшекейлік бұйымдары жинақталды. Мұражай қорында тері өндейтін зергерлердің көне төсілінен сыр шертегін шаруашьшық заттар (торсық, кесеқап, мес, жағлан), ат әбзелдері (ер-тұрман, жүген, өмілдірік, құйысқан, қамшылар), әйел және ерлер аяқ киім (етік, мәсі, кебіс) үлгілері бар. Киіз үй — көшпелілердің баспанасы болғандықтан мұражайда киіз үй және оның жабдықтары қойылған.Мұражай қорында Қазақстанның ежелгі тарихы мен елімізде өмір сүретін халықтардың тұрмыс-салтына қатысты суреттер, деректер, қол-жазбалар, шағатай, көне түркі, қазақ, араб, парсы, т.б. тілдердегі сирек кездесетін деректемелік материалдар көп. Құран, хадис, шежіре тәрізді көне жәдігерлер сақталған. 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдеріне қатысты фото-суретті құжаттар бар. Сондай-ақ, Қазақстан қылқалам шеберлерінің туындылары да бар. Мұражай қоры тәуелсіз Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысты жәдігерлер, ұлттық валюта үлгілері, жаңа марка түрлері, ғарышкерлер мен ғарыштану ғылымына қатысты тың материалдар, соңғы кездегі ұлттық қолөнер туындыларымен толықтырылған.

Қазақстан мұражайларының алдағы уақыттағы жұмысына күрделі әсер еткен 1930 жылы желтоқсан айында Мәскеу қаласында өткен бірінші бүкілресейлік'' мұражай съезі болып табылды. Мұражайды партияның идеологиялық қаруы ету міндеттері анықталып, бүкіл мұражайлар жұмысын түпкілікті қайта құру, оларды мәдени революцияның құралына айналдыру міндеттері қойылды. Ол үшін мұражай экспозицияларын марксистік негізде құру көзделіп, олар бұқара халықты социалистік құрылысқа жұмылдыру тұрғысында көрсетілуі қажет екені аталып көрсетілді. Съезде көтерілген мәселелердің нәтижелі қорытындысы 1930 жылы Орталық мұражай жаршысының (Вестник Центрального музея Казахстана) бірінші санының жарық көруі Қазақстан мұражайларының өзара және басқада одақтас республикалар мұражайларымен қарым-қатынас орнатуында ерекше орын алды. Аталған жаршыда Орталық мұражай өлкедегі барлық мұражайлар мен өлкетанушы мекемелерге Қазақстанды зерттеу және ғылыми-жинаушылық ортақ ісінде бірлесіп жұмыс атқаруды ұсынды. Сонымен катар, Орталық мүражай өзінің дәрежесіне орай Қазақстанның барлық өлкелерін көрсетуге тиісті болғандықтан басқа мұражайлардан қорларындағы жәдігерлер мен көрмелердің көшірмесін жіберуді өтінді.

Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 жылы Германияда өнер мұражайлары құрылды. 1811 жылы Ресейде – Феодосияда, 1825 жылы Одессада, 1828 жылы Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи мұражайлар құрылды. 19 ғасырда этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық мұражайлар құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж (халықтану мұражайы, 1877), Роттердам (1883) қалаларында құрылған этнографиялық мұражайлар. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық мұражайлар Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланд, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты.


жүктеу 24,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау