Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар


-ТАҚЫРЫП ФИЗИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНАН МӘЛІМЕТТЕР



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет2/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

6
2-ТАҚЫРЫП
ФИЗИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНАН МӘЛІМЕТТЕР
Физика  грек  тіліндегі  «физис» – «табиғат»  деген  сөзден  алынған,  ол 
«табиғат туралы ғылым» дегенді білдіреді. Адамзат өзін қоршаған табиғат 
жөніндегі  білімдерді  өмір  сүру  жолындағы  аяусыз  күрес  үдерісінде 
үйреніп  отырған.  Бастапқы  ғылыми  мәліметтерді  жинақтау  адамдар  егін 
егіп, отырықты өмір сүретін жерлерде қолға алынған. Ежелгі египеттіктер 
мен  вавилондықтар  өмір  тәжірибесі  барысында  жинақталған  мәліметтерге 
сүйене отырып пирамидалар, ғибадатханалар, бекініс-қамалдар мен тоған-
Архимед
дар  салған.  Олар  бұндай  құрылыстарды  салу  кезінде 
қарапайым  механизмдерді:  рычагтарды,  жұмыр 
бөренелерді,  көлбеу  жазықтарды  пайда ланған.  Физика 
туралы  мәліметтерді  ең  алғаш  рет  кітап  пішініне 
келтіріп  жазған  ертедегі  грек  философы  Аристотель 
(Арасту)  болған  (б.э.  дейінгі  384–322-жылдар).  Заттың 
түзілісі  жөнін дегі  алғашқы  ұғымдар  Демокритке  (б.э. 
бұрынғы  460-370  ж.)  тиісті  болса,  біздің  эрамызға 
дейінгі  341–270-жылдарда  өмір  сүрген  ойшыл  Эпикур 
әлемнің  неден  тұратыны  жайлы  теорияны  ұсынған. 
Ақын  Лукреций  өзінің  «Заттардың  жаратылысы 
жөнінде»  деген  поэмасына  Эпи курдың  сол  идеяларын  арқау  етіп  алады. 
Оның  айтуынша,  барша  денелер  көзге  көрінбейтін,  одан  ары  бөлшектен-
бейтін өте ұсақ атомдардан түзілген және олар үздіксіз қозғалыста болады. 
Физика  заңдарын  әскери  техникада  кең  қолданған  ғалымдардың 
бірі  Архимед  болды.  Ол  біздің  эрамызға  дейінгі  287-жылы  Сицилия 
аралындағы  Сиракуза  қаласында  туылған.  Бұл  кезде  Сицилия  аралы  Рим 
мен  Карфагеннің  арасындағы  қиян-кескі  шайқастар  алаңы  болып  тұрған 
еді.  Арал  өкіметі  өз  тәуелсіздігін  сақтап  қалу  мақсатымен  қорғаныс 
құрылыстарын  салады.  Бұл  ретте  Архимедтің  инже нерлік  қабілеті  ерекше 
рөл атқарады.
Римдіктер  Сицилияға  теңізден  де,  құрлықтан  да  шабуыл  жасай-
ды.  Бұл  соғыс  жөнінде  грек  тарихшысы  Плутарх  былай  деп  жаза-
ды:  «Римдіктердің  екі  жақты  (әрі  теңізден,  әрі  құрлықтан)  шабуылы 
сиракуздықтардың  ортасында  үрей  мен  абыржу  туғызды.  Мынадай 
мықты,  әрі  сан  жағынан  әлдеқайда  басым  қосынға  қарсы  қалай  төтеп 
береді?  Осы  арада  Архимед  өз  машиналарын  іске  қосты.  Құрлықтағы 
жасақтың  үстіне  жаңбырша  жауған  ірі  тастар  олардың  быт-шытын 
шығарды...  Қорған  үстінен  тасталған  бөре нелер  кемелерді  қиратып, 


7
шөктіре  бастады.  Темір  ілмектер  кемелердің  бір  бұрышынан  іліп  алып, 
екінші басын суға батырды. Кейбір кемелер тұрған жерінде шыр айналып, 
басқару  жүйесі  істен  шықты  да,  өзгелеріне  соғылып  опат  болды.  Қандай 
қорқынышты көрініс!..»
Әбу Райхан Беруни
Осыдан  кейін  римдіктер  кері  шегінуге  мәжбүр 
болып,  қаланы  ұзаққа  созылған  қоршаудан  кейін 
ғана  басып  алады.  Бір  өкініштісі,  бұл  шайқаста 
Архимедтің  өзі  де  қаза  табады.  Дегенмен,  Архимед 
соғыс  үшін  қызмет  еткен  және  өзі  сол  соғыстың 
құрбаны  болған  тұңғыш  ғалым  ретінде  тарихта 
қалды.
Орта  ғасырларда  ғылым  мен  мәдениеттің 
қарыштап  дамуы  Шығысқа  ауды.  Бұл  кезеңде  фи-
зика  мен  басқа  да  ғылымдардың  дамып,  алға  ба-
суына  үлкен  үлес  қосқан  ұлы  бабаларымыздың  есімдері  әлемге  танылды. 
Оларға  мысал  ретінде  Әбу  Райхан  Беруни,  Әбу  Әли  ибн  Сина,  Әбу  Абдул-
лах  Мұхаммед  ибн  Мұса  әл-Хорезми,  Омар  Һайям,  Омар  Шағмини  және 
басқаларды  атап  өтуге  болады.  Беруни  заттың  тығыздығы,  ғарыш  фи-
зикасы,  минералдар,  жарықтық,  дыбыстық  және  магниттік  құбылыстар 
тәріздес  көптеген  бағыттар  бойынша  зерттеулер  жүргізген.  Әсіресе,  оның 
Жер шарының радиусын асқан дәлдікпен өлшегені (Беруни өлшеуі бойын-
ша  Жердің  меридиан  доғасының  бір  дәрежесі  110245  м-ге  тең.  Бұған  орай 
Жер  радиусы  6321  км  болып  шығады.  Қазіргі  өлшеу  бойынша  6400  км) 
айрықша  мақтауға  тұрарлық  жетістік  болып  табылады.  Әл-Хорезмидің 
математика,  астрономия  салалары  бойынша  жүргізген  ізденістерін  бүкіл 
әлем  мойындап  отыр.  Ибн  Сина  бүгінде  әлемдік  медицинаның  атасы  бо-
лып саналады. Бұдан тыс ұлы ғалымның механикалық қозғалыс, ауа райы, 
жарықтық құбылыстар сынды тақырыптарға арналған зерттеу жұмыстары 
да бар. Омар Һайям ол заман үшін айтарлықтай жетілдірілген күнтізбе (ка-
лендарь) жасаған болса, Омар Шағмини Жердің өз білігі бойынша айналуы 
себепті жыл мезгілдері ауысып тұратынын тіркеген. 
Физиканың  бұдан  кейінгі  дамуы  Еуропамен  тығыз  байланысты.  Поляк 
ғалымы Н.Коперник алғаш рет Күн жүйесінің түзілісін дұрыс талдап берді. 
Дегенмен,  бұндай  батыл  талдауды  қоғам  бірден  қабылдай  қойған  жоқ. 
Итальян ғалымы Г. Галилей мен неміс ғалымы И. Кеплер өздері жүргізген 
тәжірибелерге  және  есептеулерге  сүйене  отырып,  Коперник  талдауының 
дұрыстығын растап шықты. Тұңғыш рет аспан денелерінің қозғалысын те-
лескоп арқылы бақылаған ғалым да – осы Галилей еді. Оның дененің еркін 
түсуіне байланысты ізденістері де ерекше құнды болды.


8
Ұлы  ағылшын  ғалымы  И. Ньютон  физика  ғы лы мының  қарыш тап 
алға  басуына  өлшеусіз  үлес  қосты.  Күн  мен  ғаламшарлар  қозғалысының 
себептері,  күш  және  оның  дене  қозғалысына  әсері,  жарықтың  түстері 
жөніндегі ғылыми жаңалық тар да Ньютонға тиесілі.
ХVІІІ–ХІХ  ғасырлар  ғылым  жетістіктерін  қолданысқа  енгізу  кезеңі 
болды.  Бұл  кезеңдерде  ғылыммен  тікелей  айналысқан  ғалым дардың 
саны  шұғыл  көбейді.  Алғашқы  бу  машинасының  қолда нылуы,  әскери 
техниканың  дамуы,  электр  тогын  пайдалану  сияқты  көптеген  тың 
ізденістер – сол ғалымдар еңбегінің нәтижесі.
Бұл  кезеңде  ғылымдағы  соңғы  жаңалықтарымен  көзге  түскен  ғалымдар 
қатарында  Дж. Ватт,  М. Ломоносов,  Л. Эйлер,  Т. Юнг,  О. Френель,  А. Вольт, 
Х. Эрстед, А. Ампер, Г. Ом, М. Фарадей, Е.Х. Ленц, В. Вебер, Дж. Джоуль, В. Том-
сон, Л. Вольсман, Д. Менделеев және тағы басқа ларды атап өткен орынды.
ХХ  ғасыр – физика  ғылымы  үшін  ұлы  жаңалықтар  ғасыры  болды.  Осы 
жаңалықтардың  арқасында  атом  энергиясын  пайдалану  мүмкіндігі  ашыл-
ды. Адамзат ғарышқа жол салды. Бұл кезеңнің ұлы жаңалық тапқыштары 
ретінде  Г.
 Лоренц,  А. Эйнштейн,  В. Рентген,  Дж. Томсон,  М. Планк,  Е. Ре-
зерфорд,  Н. Бор,  А. Иоффе,  С. Вавилов,  Де  Броул  сынды  ғалымдарды 
мақтанышпен тілге аламыз. 
Әрине,  физика  ғылымының  дамуы  әрқашан  бір  сарынды  болған  жоқ. 
Белгілі  бір  кезеңдерде  қыруар  жаңалықтар  ашылып  жатса,  кей  кезеңдерде 
бұл  қарқын  саябырсып,  бәсеңдеп  қалған.  Бірақ  қандай  заман  болса  да 
адамзат қиыншылықтардан үстем тұрып, ұдайы алға ұмтылумен келеді.
3-ТАҚЫРЫП
ФИЗИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚОҒАМ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ. 
ӨЗБЕКСТАНДА ФИЗИКАНЫҢ ДАМУЫ
Ертедегі  адамдар  табиғатқа  толығымен  тәуелді  болған.  Өйткені,  олар 
ешнәрсені өз қолдарымен жасамастан, айналасында барды пайдаланған. Жа-
уын-шашыннан,  үскірік  аяз  бен  қапырық  ыстықтан  және  жабайы  аңдардан 
үңгірлерге  жасырынып  қорғанған.  Бертін  келе  олар  аң  аулау  құралдарын 
ойлап  тапқан  және  отты  пайдалануды  игерген.  Бұл  үдерісте  олардың  өмір 
сүруі  анағұрлым  жеңілдей  бастаған.  Мінеки,  осыдан  келіп  табиғатты  зерт-
теу,  оны  пайдалану  және  оған  ықпал  жасау  қажеттігі  туындаған.  Адам-
зат  табиғат  жөніндегі  ғылымдарды  үйрену  және  солар  негізінде  табиғат 
байлықтарын тиімді пайдалану арқасында тоңу, қараңғыда қалу, аштық пен 
жалаңаштық  тәрізді  келеңсіз  жағдайлардан,  сонымен  қатар  сан  түрлі  ауру-
лардан  құтылудың  жолын  тапты.  Бүгінде  адам  баласы  жер  бетінде,  әуеде 
және су астында емін-еркін әрекет жасай алатын болды.


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау