39
4. Қантты пиалаға салып, үстіне шай құйғанда тез ери ме, әлде ал-
дымен шай құйып, қантты содан соң салғанда тез ери ме? Жауабыңды
негіздеп бер.
5. Сүт құйылған ыдыстардың бірі тоңазытқышқа, ал екіншісі бөлмеге
қойылды. Олардың қайсысының бетінде қаймақ тезірек пайда болады?
6. Сынып тақтасындағы жазуды өшіру үшін «Тақтаны ылғал шүберек-
пен сүрт» деседі. Неге олай?
7. Қыстыгүні далаға ілінген кір мұздап қалады да, бүктелуі қиын бола-
ды. Себебі неде?
8. Тамақ тұзды болып қалса, оған жаңа аршылған картопты салып,
біраз қайнатса, тұзы тартылып қалады. Бұның себебі неде?
I ТАРАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУҒА АРНАЛҒАН
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. «Атомның ішінде бос кеңістіктер мен бөлшектер бар, бұл бөлшек-
тердің барлығы да қозғалыста болады» деген тұжырымды қайсы
ғұлама айтқан?
A) Ибн Сина;
В) Әбу Райхан Беруни;
C) Әбу Бәкір Ар-Рози;
D) Демокрит.
2. СО
2
– көмір қышқыл газының молекуласы неше атомнан түзілген?
A) 2. B) 3. C) 4. D) 5.
3. Заттың қайсы ең кіші бөлігінде оның қасиеті сақталып қалады?
A)
1 мм
3
көлемінде;
В) молекуласында;
C)
атомында;
D) кез келген кіші бөлігінде.
4. Сұйықтық молекулаларының молекулярлық қозғалыстың нəтиже сін-
де өзінен-өзі бытырап кетпейтіні неліктен?
А) атмосфералық қысым бар болғандықтан;
В) өзара тартылу күші болғандықтан;
С) диффузияның себебінен;
D) А, В және С пункттерінде айтылған барлық себептерге байланысты.
5. Қатты дененің молекулалары (атомдары) қандай қозғалыста болады?
A)
бей-берекет алға ұмтылатын қозғалыста.
B)
айналма бағыттағы қозғалыста;
C)
тербелмелі қозғалыста;
D)
олар қозғалыссыз күйде болады.
6. Қайсы сұйықтықтың атауы қатты күйге өткен кезінде өзгереді?
A)
сүт
. B)
су
. C) м
ай
. D)
спирт.
40
7. Температуралары бірдей сұйықтық пен газдың молекулалары ара-
сын дағы қашықтық бірдей бола ма?
A) бірдей емес. Сұйықтықтардың молекулалары арасындағы қашықтық
газдағыға қарағанда үлкен болады;
В) бірдей, өйткені олардың температуралары да бірдей;
С) бірдей емес. Сұйықтықтардың молекулалары арасындағы қашықтық
газдағыға қарағанда кіші болады;
D) бірдей емес. Егер сұйықтық пен газдың молекулалары бір заттыкі бол-
маса.
8. Қант қандай жағдайдағы суда тез ериді: ыстық суда ма, əлде суық
суда ма?
А) ыстық суда. Өйткені су молекулаларының жылдамдығы үлкен;
В) суық суда. Өйткені қант молекулаларының қозғалысына су молекула-
ларының қарсылығы аздау болады;
С) ыстық суда. Өйткені қант және су молекулаларының жылдамдығы
үлкен;
9. Төмендегі заттардың қайсысының молекуласы үш атомнан түзілген?
1. Су. 2. Оттегі. 3. Сутегі. 4. Көмір қышқыл газ.
А) 1; В) 2; С) 3; D) 4.
10. Қысымның күшімен қайсы жағдайда заттың көлемін кішірейтуге бо-
лады?
1. Газ. 2. Сұйықтық. 3. Қатты дене.
А) 1; В) 2; С) 3; D) 1 мен 2.
11. Суық судың молекуласы ыстық судың молекуласынан несімен ерекше-
ленеді?
А) массасымен;
В) өлшемімен;
С) ерекшелігі жоқ;
D) жылдамдығымен.
12. Көмір қышқыл газының молекуласында неше оттегі атомы бар?
А) 1; В) 2; С) 3;
D) молекула құрамында оттегі атомы жоқ.
13. Металдарды дəнекерлеп жалғау қайсы құбылысқа негізделген?
А) диффузия құбылысына;
В) броун қозғалысына;
С) молекулалар арасындағы тартылыс күшіне;
D) молекулалардың атомдардан түзілуіне.
14. Шамамен алғанда май молекуласының диаметрі қанша болады?
А) 0,0002 мм;
В) 0,00002 мм;
С) 0,000002 мм;
D) 0,0000002 мм.
41
15. Бір литр су неше см³-қа тең?
A) 500.
B) 100.
C) 1000.
D) 2000.
16. Сөйлемді жалғастыр. «Заттың тығыздығын анықтау үшін... керек».
А) ... массасын көлеміне бөлу ...
В) ... массасын көлеміне көбейту ...
С) ... массасын көлеміне қосу ...
D) ...массасын көлемінен азайту ...
17.
Суретте келтірілген дененің массасы мен көлемі неге тең? Тығыз-
дығы 1500 кг/м³.
A) 75000 кг; 50 м
3
.
B) 75000 кг; 100 м
3
.
C) 75000 кг; 30 м
3
.
D) 45000 кг; 30 м
3
.
ҚОРЫТЫНДЫ СҰХБАТ
Бұнда сендер I тарауда өтілген тақырыптардың қысқаша тұжырым-
дарымен танысасыңдар.
Физикалық
денелер
Табиғатта кездесетін түрлі заттардан түзілген барша денелер.
Физикалық
құбылыстар
Затты құрайтын бөлшектері өзгермеген күйінде жүзеге асатын
құбылыстар.
Физикалық
шамалар
Денелердің немесе физикалық құбылыстардың өлшеуге болатын
параметрлері.
Халықара-
лық бірлік-
тер жүйесі
(ХБЖ)
1960 жылы енгізілген. Оған негізгі 7 бірлік жатады: ұзындық
(метр), масса (килограмм), уақыт (секунд), ток күші (Ампер),
температура (Келвин), жарықтың күші (кандела) және заттың
мөлшері (моль). Қалған физикалық шамалар негізгі өлшем
бірліктерінің көмегімен жасалады. Мәселен, 1 N = 1 кг ∙ 1 м/с
2
.
Метр (м)
Ұзындық бірлігі. ХБЖ-ның негізгі бірлігі. Құны тұрғысынан
ауыр лықтың 1/299792458 секунд барысында өтетін жолына тең.
Үлгісі платина мен иридийдің қоспасынан жасалған, Францияда
сақталады.
Секунд (S) ХБЖ-ның негізгі бірлігі. Шамамен орташа күн тәулігінің 1/86400
бөлігіне тең (1 тәулік = 24 сағат – 86400 сек).
Атом
Грек тілінде «атомос» – «бөлінбейтін» дегенді білдіреді. Химия-
лық элементтің қасиеттері сақталып қалатын ең кіші бөлшегі.
Бүгінгі таңда табиғи күйде 94 элемент бар екендігі анықталған, 24
элемент зертханаларда жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |