25
манганат) жүргізейiк. Бұл тәжірибеде диффузия құбылысын стакандағы
судың түсі төмен жағынан бастап өзгеруінен байқаймыз (7-сурет).
Қатты денелерде де диффузия құбылысы байқалады. Бұған көз жеткізу
үшін мынадай тәжірибе жасалған. Қорғасыннан және алтыннан жасалған
тегіс екі пластинаны бірінің үстіне бірін беттестіріп қойған. Олардың үстін
жүкпен бастырып, бөлме температурасында 4–5 жыл қалдырған. Белгілі
уақыт өткен соң пластиналарды көтергенде, олардың бір-біріне шамамен
1 мм-дей кірігіп қалғаны анықталған.
Египеттегі пирамидалар жан-жағы жонылып, тегістелген тастардан
қаланған. Бір қызығы, олардың бір-біріне қаланған жерінен жаңбыр суы
өте алмайды. Себебі мыңдаған жылдар бойы ауыр жүктің астында бір-
бірімен беттесіп тұрған тас қабаттары өзара диффузияланып кеткен.
Бұдан шығатын қорытынды сол, диффузия құбылысы газдарда жедел,
сұйықтарда жайырақ, ал қатты денелерде өте баяу жүреді.
8-сурет.
Диффузиялық құбылыстың жүру жылдамдығы тем-
пе ратураға да байланысты. Температура жоғары лаған
сайын диффузия да жылдамдай береді.
Диффузиялық құбылыстар табиғатта өте маңызды рөл
атқарады. Мысалға алатын болсақ, өнеркәсіп орындары-
нан шығатын зиянды газ дар диффузияның себебінен ауаға тез таралып кетеді.
Біз тыныс алғанда шығатын көмір қышқыл газы да мұрнымыздың айналасы-
на шоғырланып қалмайды. Көкөністерді тұздап, маринадтау да диффузияға
негізделген (8-сурет). Диффузия адамдар мен жануарлардың өмірінде де
айрықша орын алады. Мысалы, ауаның құрамындағы оттегі диффузияның
нәтижесінде адамның терісі арқылы ағзаға енеді. Нақ сол сияқты қоректік
заттардың жануарлардың ішегінен қанға өтуі де диффузияға байланысты.
Практикалық тапсырма
1. Стаканға су құйып, оған баяу еритін қант кесегін сал. Суды
аралас тырмай тұрып ішіп көр. Уақыт өткен сайын оның тәттілігі де
өзгеретінін анықта.
2. Пиалаға ыстық шай құйып, оған бір шай қасық шекер сал да, ара-
ластыр. Шайға тағы да аз-аздап шекер сала отырып, оның қалай еритінін
бақыла. Белгілі бір мөлшерден кейін салынған шекер ерімей қалады.
Бұның себебі неде екенін ойлап көр.
1. Диффузия құбылысының себебі неде?
2. Температура жоғарылаған сайын диффузияның жүруі жылдам-
дайтыны неліктен?
3. Газдарда, сұйықтықтарда және қатты денелерде байқалатын
диффузия құбылыстарына мысалдар келтір.
4. Өзара араласпайтын сұйықтықтарды атай аласың ба?
26
12-ТАҚЫРЫП
ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРДІҢ, СҰЙЫҚТЫҚТАР
МЕН ГАЗДАРДЫҢ МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ ТҮЗІЛІСІ
Қыстыгүні әуіздердегі, көлдер мен арықтардағы суға мұз қатады. Ал
жазда, керісінше, ақпайтын су бассейндеріндегі су азайып, тартылып
қалады. Оның себебі сол, бұндай су бөгендеріндегі су буланып кетеді.
Табиғатта су үш түрлі күйде: қатты – мұз күйінде, сұйық – су күйінде және
газ – бу күйінде кездеседі. Демек, бу да, су да, мұз да бірдей молекулалар-
дан түзіледі. Олардың айырмашылығы тек молекулаларының өзара орна-
ласуы мен қозғалысында ғана. Бу жекелеген молекулалардан түзілген, олар
үздіксіз бей-берекет қозғалыста болады. Сол себепті су бетінен көтерілген
бу ауамен оңай араласады. Ауаның құрамында әрқашан су булары болады.
Сонымен қатар оттегі, көмір қышқыл газы және басқа газдар да кездеседі.
Олардың молекулалары да әрқашан үздіксіз әрі бей-берекет қозғалыс
үстінде болады.
Терезе әйнегінен түскен жарыққа жанынан қарасаң, ауаның құ-
рамындағы өте майда шаң түйіршіктерінің де тоқтаусыз әрі ретсіз
қозғалыста екенін байқайсың. Бұл қозғалыс ауадағы түрлі газ моле кулала-
рының өзара соқтығысуынан туған.
Үрленетін жұқа шарға біраз жел толтырып, аузын байлайық. Со-
сын шарды қолмен қысатын болсақ, оның аздап кішірейгенін байқаймыз.
Демек, газды сығуға болады екен. Енді екі шар алып, біреуін түтік
арқылы үрлейік. Содан соң шардың аузын байлап, түтіктің екінші ұшын
үрленбеген шардың аузына бекітейік те, үрленген шардың аузындағы жіпті
шешіп жіберсек, оның ішіндегі ауа екінші шарға өтіп, оны ісіреді (9-сурет).
Бұдан шығар қорытынды сол, газ бір ыдыстан екінші ыдысқа өздігінен өте
алады.
Газды қандай ыдысқа жібер сең де, ол сол ыдыстың пішіні мен
көлемін толық иелеп алады. Газ молекулаларының ортасындағы арақа-
шықтық молекулалар өлшемінен орта есеппен 100–1000 есе үлкен. Бұндай
арақашықтықта молекулалардың өзара тартылыс күші өте төмен болады.
9-сурет.
Газдың өзіндік пішіні мен көлемі болмайды.
27
Сұйықтықты бірер ыдысқа құятын болсақ, ол сол ыдыстың пішінін
иелеп алады, бірақ өзінің көлемін сақтайды. Сен дүкендерде салқын
сусындардың 1,5 литрлік, 1 литрлік және 0,5 литрлік ыдыстармен са-
тылатынын жақсы білесің. Автомобильге құйылатын жанармай да
литр мен өлшенеді. Сұйықтықтардың молекулалары бір-біріне жақын
орналасқандығы себепті өзара тартылу күші де айтарлықтай жоғары бо-
лады. Сондықтан да ол өзінің көлемін сақтайды. Бірақ өз ауырлығының
әсерінен «жалпайып», ыдыстың пішініне бейімделеді. Сұйықтықтың моле-
кулалары арасындағы тартылу күші сұйықтықтың пішінін сақтай алатын-
дай дәрежеде үлкен емес. Солай болса да, сұйықтықты сығу өте қиын.
Бір тәжірибе кезінде суды сығу үшін оны қорғасыннан жасалған
шардың ішіне құйып, аузын дәнекерлеп тастаған. Сосын шарды ауыр
балғамен соққан. Су бәрібір сығылмастан, шарды жарып шығып, сыз-
дықтап аққан.
Сұйықтықтың өзіндік көлемі бар, бірақ пішіні жоқ.
Айналадағы көптеген заттар қатты денелерден түзілген. Мәселен,
қалам, парта, үй, машина және т.б. Олардың барлығының да өз пі шіні бар.
Әйтсе де, қатты денелерді өзгерту үшін көп күш жұмсау керек. Қатты
денелердің молекулалары (атомдары) бір-біріне сұйық тықтардағыдан да
жақын орналасады. Басты ерекшелігі, олар белгілі бір ретпен орналасады
да, орналасқан жерінде тербеліп тұрады.
Мысалға ас тұзын алайық. Оның молекуласы NaCl, яғни Na – натрий
және Cl – хлор атомынан түзілген. Атом дардың өзара орналасуы 10-суретте
көрсетілген. Егер оларды түзу сызықпен қосып шықсақ, торкөз пішінді бо-
лып шығады.
10-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |