65
Атмосфералық қысымның бар екенiне төмендегi
тәжiрибе арқылы көз жеткiзуге болады.
36-сурет.
35-сурет.
p
2
1
p
p
Медициналық шприц алып, поршеньдi ең
төменгi жағдайға келтiрiп, иненiң ұшын суға
түсiремiз. Поршень жоғарыға көте рiлсе, су да
поршеньмен бiрге көтерiледi (35-сурет). Су неге кө-
терiледi? Дәрi тамызатын пипетканың ұшын суға
түсiрiп, резеңкесiн бiр қысса, пипеткаға су кiредi.
Пипетканы судан алсақ, ондағы су төгiлмейдi. Бұның
себебi неде?
Бұл – атмосфералық қысымның әсерi. Шприцтiң
поршенi көтерiлгенде су көтерiл месе, поршень мен
судың арасында бостық пайда болар едi. Бостық
суға ешқандай әсер етпейдi. Төмендегi ыдыс тағы
суға атмосфера қысымы әсер етiп, суды поршень-
мен қоса көтерiлуге мәжбүрлейдi. Пипеткадағы су да
атмосфералық қысымның әсерiнен төгiлмейдi.
Атмосфералық қысымды бiрiншi рет итальян
ғалымы E. Торричелли (1608–1647 ж.) ашқан. Ол
ұзындығы 1 метр ұшы тұйық шыны түтiк алып, оны
сынаппен толтырады. Сосын ашық ұшын қолымен
жауып, төңкерген күйi сынапты ыдысқа түсiредi
(36-сурет). Саусағын алғанда шыны түтiктегi сынап-
тың бiразы төгiледi. Түтiктiң жоғары бөлiгiнде ауа-
сыз бостық қалып, төгiлмеген бөлiгiнiң биiктiгi шамамен 760 мм болады
(төменгi ыдыстағы сынап деңгейiмен салыстырғанда). Түтiктегi сынаптың
төгiлмеуiнiң себебi – сынап бағанының ыдыстағы сынапқа түсiрген
қысымының атмосфералық қысыммен тепе-теңдiгi. Демек, атмосфералық
қысымды түтiктегi сынап бағанының түсiрген қысымымен өлшеуге бо-
лады екен. Қазiргi күнде 0ºС-де тұрған биiктiгi 760 мм сынап бағанының
қысымы қалыпты атмосфералық қысым ретiнде қабылданған. Оның
мәні 1 атм. = 101325 Па-ға тең. Радиода немесе теледидарда ауа райы ту-
ралы мәлiметтер берiлгенде, атмосфералық қы сымды мм. сын. бағымен.
өрнектейдi. 1 Па = 0,0075 мм сын.бағ. немесе 1 мм сын.бағ. = 133,3 Па.
Торричелли тәжiрибе жасағанда сынап бағанының ауа райының өзге-
руiне байланысты өзгеретiнiне көңiл бөлген. Бұдан тыс атмосфералық
қысым биiктiк артқан сайын төмендейдi. Оншалықты үлкен емес
биiктiкте әр 12 метрге көтерiлгенде, қысым 1 мм. сын бағ.-на төмендейтiнi
анықталған.
66
Атмосфералық қысымды өлшейтiн аспапты барометр дейдi. Торричел-
ли тәжiрибесiн сынаптың орнына басқа сұйықтық құйып өткiзсе не болар
едi? Басқа сұйықтықтардың тығыздығы сынаптың тығыздығынан едәуiр
кiшi болғандықтан, сұйықтық бағанының биiктiгi үлкен болады. Дәл сон-
дай сулы барометрде сұйықтық бағанының биiктiгi 10 м-ден көп болады.
37-сурет.
38-сурет.
Атмосфералық қысыммен салыстырғанда үлкен немесе кiшi қысым-
дарды өлшеуде манометр қолданылады. Манометр сұйықтықты және ме-
талды бо лады.
Сұйықтықпен iстейтiн қарапайым манометр U тәрiздi түтiк, оның
жартысына дейiн сұйықтық құйылады (37-сурет). Түтiктiң бiр ұшы
ашық, ал екiншiсi қысымы өлшенетiн ыдысқа резеңке шланг арқылы
жалғанады. Шлангтың ұшына цилиндр тәрiздi ыдыс кигiзiлiп, жұқа плен-
ка қапталуы да мүмкiн. Пленканы бассақ, түтiктегi сұйықтық бағанында
айырмашылық пайда болады.
Металл манометрдiң негiзгi элементi (1) ай тәрiздi құбыр, бiр ұшы
тұйық (38-сурет). Екiншi ұшы (4) шүмек арқылы қысымы өлшенетiн ыдыс-
қа жалғанады. Шүмек ашылғанда құбыр iшiндегi қысым артып, иiледi.
Иiлу тiстi дөңгелектер арқылы (3) стрелкаға (2) берiледi.
Практикалық тапсырма
Стаканға жартылай су құй. Аузын қағазбен жап, сосын қолың-
мен қағазды ұстап тұрып, стаканды төңкер. Стакандағы су тө-
гiлмейдi. Себебiн түсiндiр.
1. Атмосфералық қысымның бар екенiн тағы қандай тәжiрибелер
дәлелдейдi?
2. Атмосфералық қысым неге өзгерiп тұрады?
3. Атмосфералық қысым Жерден жоғары көтерiлген сайын қалай
өзгередi?
67
27-ТАҚЫРЫП
АРХИМЕД ЗАҢЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Суға шеге немесе кiшкентай тас тастасаң, ол шөгiп кетедi. Бiрақ үлкен
ағаш, дөңбек, қайық және үлкен кемелер суда жүзiп жүредi. Оның себебi
неде? Төмендегiдей тәжiрибе өткiзейiк.
Динамометрге суда шөгетiн бiр дененi iлiп, оның ауырлығын өл шейiк.
Сосын оны суы бар ыдысқа түсiрейiк (39-сурет). Динамометрдiң көрсеткiшi
төмендегенiн көремiз. Егер дене тығыздығы судың тығыз дығынан үлкен
бас қа сұйықтыққа түсiрiлсе, динамометрдiң көрсеткiшi тағы да төмендейдi.
Қарастырылған тәжiрибеден сұйықтыққа түсiрiлген денеге оны жоғары
көтерушi күш әсер ететiнiн бiлiп алдық. Демек, дененiң жүзуi немесе
шөгiп кетуi осы көтергiш қүштiң дененiң ауырлығынан үлкен не кiшi бо-
латынына байланысты екен. Иә, бұл күш бiрлiгiн қалай анықтаймыз? Ол
үшiн тағы да тәжiрибе өткiземiз. Тығыздығы судан үлкен куб пiшiндi
дененi динамометр ге iлiп, оның ауада ауырлығы анықталады. Ыдысқа
шүмегiне дейiн су толтырамыз (40-сурет). Сосын динамометрге iлiнген
жүктi суы бар ыдысқа түсiремiз. Онда су тасып, таразыға қойылған
мензуркаға ағады. Мензурка таразыға қойылған кезде оның көрсеткiшiн
белгiлеп қояды. Мензурканың сумен бiрге массасынан оған құйылған
судың массасы анықталады. Мензуркаға тасып түскен судың көлемi де
анықталады. Дененiң өлшемдерiн сызғышпен өлшеп, көлемi есептелсе,
тасыған судың көлемiне теңдiгi шығады. Осы судың ауырлығы есептелсе,
сол суға түсiрiлген дененiң ауадағы ауырлығы P
а
мен судағы ауырлығы P
с
арасындағы айырма F = P
а
– P
с
екенiн табамыз.
3,6 N
2,6 N
3 N
15 N
11 N
39-сурет.
40-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |