28
Атомдардың орналасу тәртібі дененің қаттылық деңгейін өзгертуі
ықтимал. Мәселен, өзің қолданып жүрген қалам, тұрмыста пайдаланыла-
тын көмір және табиғаттағы ең қатты денелердің бірі – алмас пен брилли-
ант та бір түрлі көміртегі (С) атомдарынан түзілген.
Қатты денелердің өзіндік көлемі мен пішіні болады.
1. 1. Қатты денелерді газ күйіне өткізуге бола ма?
2. Қатты күйге өткізілген ауаны көргенбісің? Мүмкін, естіген
боларсың?
3. Сағыз алғашында қатты күйде болғанмен, біраз шайнаған соң өз
пішінін өзгертеді. Бұның себебін білесің бе?
4. Қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қасиеттерін
тұрмыста және техникада қалай пайдаланатыны жөнінде мы-
салдар келтір.
13-ТАҚЫРЫП
СҰЙЫҚТЫҚТАРДА КЕЗДЕСЕТІН ДИФФУЗИЯ
ҚҰБЫЛЫСЫН ЗЕРТТЕУ (ҮЙДЕ ОРЫНДАЛАДЫ)
Қажетті құралдар: екі стакан, марганцовка кристалдары.
Жұмысты орындау тəртібі.
1. Бір стаканға суық су құйып, тоңазытқышқа қойыңдар. Екінші
стаканға да су құйылып, жылы жердегі шкафқа қойылады.
2. Стакандардағы суды шайқап алмай, абайлап қана ішіне марган цовка
кристалдарын салыңдар.
3. Күніне екі рет стакандардағы судың қалай қызарып келе жатқанын
(жоғарыға қарай неше миллиметр көтерілгенін) бақылаңдар.
4. Бақылау нәтижелеріне қарай отырып, диффузия құбылысының
жылдамдығын есептеңдер. D
h
t
~
. h – диффузияның нәтижесінде қызыл
түске боялған сұйықтықтың биіктігі, t – уақыт.
5. Бақылаулар нәтижелері жөнінде қорытынды есеп жазыңдар.
29
14-ТАҚЫРЫП
МАССА ЖӘНЕ ОНЫҢ БIРЛIКТЕРI
Күнделікті өмірде сен ата-анаңмен бірге немесе жеке өзің базарға барып
көрген боларсың. Базардағы көптеген азық-түлік өнімдері мен жемістердің
таразымен өлшеніп сатылатынын да білесің. Таразының көмегімен де-
нелер мен заттардың қандай шамасы өлшенеді? Бұны түсініп алу үшін
төмендегілерге назар аударайық. Құм тиелген ойыншық автомобильді
орнынан қозғалту оңай ма, әлде шын мәнінде құм тиелген үлкен жүк
автомобилін бе? Бір қалыпты қозғалыс жылдамдығымен келе жатқан
ойыншық автомобильді қолмен тоқтату оңай ма, әлде үлкен автомобильді
ме? Әрине, әрбір оқушы өз жауабында ойыншық автомобильді айтаты-
ны даусыз. Тағы бір мысал келтірелік. Целофан дорбашыққа салынған
шекерді көтеру оңай ма, әлде бір қап толы шекерді ме? Бұл мысалда да
«әрине, целофан дорбадағыны...» деген жауапты еститініміз ақиқат. Де-
мек, денелер тыныш күйде тұрған болса, оларды бұл күйден шығару үшін
әсер ету керек. Бұдан шығатын қорытынды сол, кез келген дене немесе
зат тыныш тұрған күйін сақтауға ұмтылады. Денелердің тыныштықтағы
немесе қозғалыс үстіндегі күйін сақтау қабілеті инерттік деп аталады.
Бірақ бұндай қабілет түрлі денелерде әр түрлі болып келеді. Денелердің
бұндай қабілетін өлшеу үшін масса деп аталатын физикалық шама ой-
лап табылған. Дененің инерттік қасиетін өрнектейтін физикалық шама-
ны дененің массасы дейміз. Дененің массасын өлшеудің әдіс-амалдары
көп. Солардың ішіндегі баршаға белгілі әдісі – таразымен өлшеу. Іс жүзінде
қолданылатын тара зылардың типтері де әр түрлі: оқу, аналитикалық, элек-
тронды және т.б. 14 а-суретте оқу таразысы (иiндi), ал б-суретте электрон-
ды таразы көрсетілген. Жоғарыда айтқанымыздай, масса бірлігі – 1 кило-
грамм, оның үлгісі Парижге таяу жердегі Севр қалашығында сақталады
(11-сурет).
11-сурет.
Бұл үлгі цилиндр пішінді етіп жасалған,
биіктігі мен диаметрі 39 мм төңірегінде. Одан
40 көшірме алынып, түрлі мемлекеттерге
таратылған.
Дене массасының көптігі немесе аздығы
оның құрамындағы заттардың аз-көптігіне бай-
ланысты. Мәселен, бір қап жаңғақтың массасы
бір дорба жаңғақтың массасынан, ал 1 шелек
судың массасы 1 пиала судың массасынан көп
болады.
30
Түрлі материалдар мен заттар массасының 1 кг-ға қатынасына сәйкес
үлкен және кіші бірлік термен де өлшеуге болады.
1 тонна (т) = 10 центнер (ц) = 1000 кг.
1 кг = 1000 грамм = 1000 000 миллиграмм.
Дененің массасы таразымен өлшенеді. Дененің массасын өлшеу
үшін таразының сол жақ табағына өлшенетін затты, ал оң жақ табағына
таразы тастарын қоямыз. Табақтар теңелгенге дейін тас тарды іріктеп қоя
береміз (12-сурет).
a)
ә)
12-сурет.
13-сурет.
Ең соңында табаққа қойылған тастардың массалары
қосып есептеледі.
Иінді таразымен тартылған дененің массасы оның қыз-
ды рылғанына, суытылғанына немесе қай жерде, қашан
өлшенгеніне байланысты болмайды. Сондықтан тәжіри-
белерде анықталған және есептеулерде көрсе тілген дене мас-
сасы өзгермейтін масса (m = const) болып табылады.
Кей кездерде базарда көкөніс өнімдерін серіппелі та-
разымен өлшеп сатып жатқандарды кездестіреміз (13-су-
рет). Бұндай таразылардың ішіне серіппе орнатылған, ол
жүктің әсерімен созылады. Таразының дұрыс өлшеуі оның
серіппесінің қатты-жұмсақтығына, күннің ыстық, яки суық
болуына, мөлшерден артық жүкті ілген кезде серіппе қатты
созылып, бұрынғы орнына қайтып бармауына тікелей бай-
ланысты болады. Бұдан тыс кейбір жағдайларда өлшеу
істері Жердің Солтүстік полюсіне немесе экваторына жақын
маңдарда жүргізілсе де, анық шықпайды. Сол себепті денелердің массасын
тек иінді таразымен ғана өлшеңдер!
Өте шағын заттар мен үлкен денелердің (Ай, Күн) массаларын өлшеуді
тікелей жүргізу мүмкін емес. Олардың массасы тікелей емес әдістермен
өлшенеді. Бұл жөнінде жоғарғы сыныптарда біліп аласыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |