Жұқпалы аурулар
Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection – жұқтыру)- бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар.
Жұқпалы аурулардың әлеуметтік- экономикалық маңыздылығы.
Әлеуметтік- экономикалық мағынасы 2 фактордан құралады
Адам патологиясының ішінде үлес салмағы 60-70 % ( ДДҰ жүрек тамыр және онкологиялық аурулардан кейін 3 орында ).Жұқпалы аурулардың назологиялары мыңнан астам.
Жұқпалы аурулар дүние жүзінде маңызды мәселелердің бірі. Бұрын- эпидемиялар мен пандемиялар (оба, нағыз шешек, холера, бөртпе сүзегі, іш сүзегі, грипп т.б – адам өліміне басты себебі болған. Қазіргі күнде- көптеген инфекциялармен сырқаттану біршама төмендеуде.
Бұрын төмендеген инфекциялар өршіп, қайтадан бас көтеруде ( туберкулез, дифтерия, безгек, холера)
Кейбір табиғи инфекциялардың белсенділігі жоғарлауда ( оба, кене энцефалит, геморрагиялық қызбалар, лептоспироз)
Зоонозды инфекциялардың таралуы кеңейген ( сібір жарасы, туляремия, құтырма)
Жана аурулар пайда болып жатыр ( АИТВ, ротовирусты синдром, Лайм ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалар, боррелиоз, легионеллез,холера бенгал)
Баяу дамитын нерв жүйесінің зақымдауымен өтетін аурулар көбеюде
Қазіргі күнде жұқпалы аурулардың құрамында көбінесе вирустармен шартты патогенді микробтар шақыратын инфекциялардың үлес салмағы жоғарлауда.
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
Жұқпалы ауру туу үшін этиологиялық фактор қажет. Қоздырғыш организмде қорғаныс факторларын (капсула, L – түрлері) түзіп, өзіне тіршілік етуіне әрекет жасайды (соның ішінде антибиотиктерге төзімділік құрастыру).
Жұқпалы ауруларға жұғыстық тән, әр науқас – ауру көзі ретінде қауіпті.
Жұқпалы аурулар кең таралып, «лап етіп » өршу, эпидемия немесе пандемия түрінде өтеді.
Жұқпалы аурулар көбінесе циклдік түрде өтеді (соматикалық, хирургиялық аурулардан басты айырмашылығы)
Бірталай жұқпалы аурулардан кейін тұрақты, ұзақ иммунитет қалыптасады ( қызылша, дифтерия, скарлатина, желшешек т.б), кейбір аурулардан кейін типіне байланысты қысқа мерзімді иммунитет ( ішек инфециялары), кейбір инфекциялардан кейін иммунитет қалыптаспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |