Тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 4,28 Mb.
бет16/17
Дата22.05.2018
өлшемі4,28 Mb.
#15654
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
;

52) 84-бапта:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмiнiң санаттарын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдерді қор биржасының листинг комиссиясы қабылдайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары эмитенттердің бағалы қағаздарын жеңілдетілген рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болу мәселелеріне қолданылмайды, олар бойынша шешімдерді қор биржасының атқарушы органы қор биржасының қағидаларында айқындалған тәртіппен қабылдайды.

Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен уәкiлеттi органның өкiлi кiредi.

Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмiнiң санаттарын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кезінде:

1) көрсетілген шешiмге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн, осы тiзiмнен шығарылатын немесе осы тiзiмнiң өзге санатына ауыстырылатын эмитенттiң (осы тармақта бұдан әрi – мүдделi эмитент);

2) мүдделi эмитентке қатысты еншiлес ұйымдары немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;

3) оларға қатысты мүдделi эмитент еншiлес ұйымы немесе тәуелдi акционерлiк қоғамы болып табылатын ұйымдардың;

4) үшiншi ұйымға қатысты мүдделi эмитентпен бiрге еншiлес ұйымдары немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;

5) мүдделі эмитентке қызметтер көрсететін қаржы консультантының, маркет-мейкердің, андеррайтердің;

6) осы бөліктің 1) – 5) тармақшаларында аталған тұлғалармен үлестес тұлғалардың қызметкерлері және (немесе) өкілдері болып табылатын листинг комиссиясының мүшелері дауыс беруге құқығы жоқ.»;

мынадай мамзұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Листинг комиссиясы шығару проспектісінде ұйымдастырылған рынокта олардың айналымы көзделген облигацияларды шығаруды жоспарлаушы эмитентке беру үшін инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздар шығару проспектісіне енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Листинг комиссиясының ұсынымдарын эмитенттің қабылдағаны не қабылдамағаны туралы ақпарат қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылады.»;

53) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары

1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын оның атқарушы органы әзiрлейдi, сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесi бекiтедi және уәкiлеттi органмен келiседi.

2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары оларға уәкiлеттi орган келiсiм білдіргеннен кейін күшіне енеді.

3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары қор биржасының сауда жүйесінде немесе бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногындағы баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесінде айналымға жiберiлген қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаған кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң қызметiн, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы мен оның мүшелерi (клиенттерi) арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.

4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары сауда-саттықты ұйымдастырушының функцияларына кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды.

5. Қор биржасының қағидалары:

1) қор биржасындағы мүшелiк санаттарын, қор биржасының мүшелiгiне кiру шарттары мен тәртiбiн, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасындағы мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртiбiн;

2) қор биржасының мүшесі атынан қор биржасының сауда жүйесі айналымындағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысатын, сондай-ақ осы қор биржасының сауда жүйесін пайдаланып, өзге де іс-әрекеттерді орындайтын трейдерлерге қойылатын талаптарды;

3) сауда жүйесін пайдалануға қор биржасы трейдерлерін міндетті оқыту тәртібін;

4) қор биржасы трейдерлерін сауда-саттыққа қатысуға жіберудің тәртібін және оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету негіздерін;

5) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін және енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;

6) бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгiзудiң, оларды осы тiзiмнен алып тастаудың және тiзiм санатын алмастырудың шарттары мен тәртiбiн;

7) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген (оның iшiнде ақпаратты ашып көрсету бойынша) эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн;

8) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсету мониторингін жүзеге асыру тәртібін;

9) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткiзу тәртiбiн;

10) биржалық сауда-саттықта қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртiбiн;

11) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;

12) қор биржасының сауда жүйесiнде айналымға жiберiлген қаржы құралдарын бағалаудың әдiстемесiн;

13) биржалық сауда қағидаларын бұзғаны үшiн қор биржасы мүшелерiнiң және қор биржасы трейдерлерінің жауапкершiлiгiн, қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдарды төлеудiң мөлшерлерi мен тәртiбiн;

14) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру процесінде туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу тәртiбiн;

15) қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі қызметінің тәртібін;

16) листинг комиссиясы қызметінің тәртібін;

17) қор биржасының бағалы қағаздармен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған сараптама комитеті қызметінің тәртібін;

18) инсайдерлік ақпаратты заңсыз қолдану, бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау жағдайларын анықтау және болғызбау қағидаларын;

19) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асыру тәртібін, мұндай мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті, қор биржасының мүшелері беретін ақпараттың тізбесін және ақпаратты беру мерзімдерін;

20) қор биржасының интернет-ресурсында қор биржасының ресми тізіміне кіретін эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің барлық корпоративтік оқиғалары, тоқсан сайынғы қаржылық есептілігі туралы ақпаратты жариялау тәртібін;

21) қор биржасының атқарушы органының эмитенттердің бағалы қағаздарын жеңілдетілген рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болу мәселелерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау тәртібін;

22) осы Заңда белгіленген өзге де ережелер мен рәсімдерді айқындауға тиіс.»;



54) 86-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Қор биржасының мүшелері қор биржасына қаржылық есептілікті және тізбесі мен беру мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының қағидаларында айқындалатын өзге де ақпаратты беруге міндетті.»;



55) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«88-бап. Қор биржасының қызметi

1. Қор биржасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардан да өзге қаржы құралдарымен де сауда-саттық ұйымдастыруға және өткiзуге құқылы.

2. Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;

2) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналымға жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарына және өзге де қаржы құралдарына қойылатын талаптарды белгілеу;

3) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында өз мүшелерінің сауда жүйелерiне кіруіне мүмкiндiк жасау;

4) қор биржасының сауда жүйесі айналымындағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қор биржасының мүшесі атынан қатысатын қор биржасы трейдерлерін оқыту;

5) қор биржасының трейдерлеріне сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзған жағдайларда, сондай-ақ қор биржасының қағидаларында белгіленген өзге де жағдайларда оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету;

6) сауда-саттыққа жіберілген, сауда-саттыққа қатысудан шеттетілген (шеттету себебін көрсете отырып) қор биржасы трейдерлерінің тізілімін жүргізу және оны қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру;

7) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу;

8) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;

9) қор биржасының бағалы қағаздармен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған комитетінің қызметін ұйымдастыру;

10) уәкілетті органға қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелер мониторингінің және талдаудың нәтижелері туралы, сондай-ақ қор биржасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзуы туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен беру;

11) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсетуіне мониторингті жүзеге асыру және уәкілетті органға мұндай мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат беру;

12) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру не мұндай есеп айырысуларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты әзірлеу;

13) консультациялық, ақпараттық және лицензияланатын қызмет түрі шеңберінде өзге де қызметтер көрсету;

14) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;

15) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыру;

16) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртiбiн айқындау;

17) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторинг;

18) интернет-ресурста бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің барлық корпоративтік оқиғалары туралы, тоқсан сайынғы қаржылық есептілігі туралы ақпаратты қор биржасының қағидаларында белгіленген тәртіппен жариялау;

19) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.»;

56) 89-бапта:

1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңы сауда-саттық ұйымдастырушысының тізіміне енгізу үшін қосымша талаптар мен шарттар белгіленуі мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

«1-2. Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының тізіміне енгізу үшін эмитент брокермен және (немесе) дилермен осы Заңның 64-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған қызметтердің көрсетілуіне шарт жасасуға міндетті.

Осы тармақтың талабы қаржы ұйымы болып табылатын эмитентке қолданылмайды.»;

3-тармақ алып тасталсын;

57) 101-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялау арқылы жүзеге асырады.»;

58) 102-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Бағалы қағаздары қор биржасы тізіміне енгізілген эмитент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ақпаратқа қосымша ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің және тізіміне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілігін, аудиторлық есептерін және тізбесі осы баптың 2-тармағында айқындалған ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орналастыруды қамтамасыз етеді.»;

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) осы эмитент активтерінің он пайызын құрайтын сомада эмитент мүлкін кепілге (қайта кепілге) беруі;»;

7) тармақшадағы «өзгерістер эмитент қызметiндегi бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерi қозғалатын өзгерістер деп танылады.» деген сөздер «өзгерiстер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«8) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер;

9) эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды шығару проспектісінде көзделген талаптарды сақтамауы туралы, аталған эмитент жол берген дефолт фактілері туралы ақпарат эмитент қызметiндегi бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерi қозғалатын өзгерiстер деп танылады.»;

3-тармақ «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «және облигацияларды (болған жағдайда) ұстаушылардың өкiлiне» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың 2-тармағындағы өзгерiстердi эмитент олар туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялау арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткiзедi.»;

59) 103-бапта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) клиентке қаржы құралдары мен эмитенттер туралы лицензиаттың қолында бар ақпаратпен (бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) танысуға мүмкiндiк беруге;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) комиссиялық сыйақы мөлшерін бекіткен лицензиат органының атауын, лицензиат органының оларды бекіту туралы шешімінің күні мен нөмірін көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қызмет көрсеткені үшін клиенттерден – жеке тұлғалардан алынатын комиссиялық сыйақының мөлшерлері туралы ақпаратты интернет-ресурста немесе клиенттердің танысуы үшін қолжетімді орында орналастыруға және оны жаңартылған қалпында ұстауға;»;

9) тармақша «органның назарына» деген сөздерден кейін «мұндай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын;

60) 106-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«106-бап. Уәкiлеттi органның ақпаратты ашып көрсетуi

1. Уәкілетті орган:

1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiлерiндегі және эмитенттердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органға табыс ететiн есептерiндегі;

2) бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру немесе олардан айыру туралы, мұндай лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы, сондай-ақ мұндай оқиғалардың себептерi туралы;

3) шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша дефолтқа жол берген эмитенттер туралы, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары мен ірі акционерлері (қатысушылары) туралы ақпаратты өзiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес ашып көрсетуге тиiс.

2. Уәкiлеттi орган ақпарат алмасу көзделетін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi бередi.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алған ақпаратты оған мұндай ақпарат берген тараптың келісімімен ғана Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына береді.»;

61) 107-баптың бірінші бөлігі «өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардан» деген сөздермен толықтырылсын;

62) 108-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау, инсайдерлік ақпаратты, сондай-ақ коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны пайдалана отырып, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау туралы мәлiметтердiң болуы;».


16. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат):

1) 9-бапта:

1-тармақта:

1) тармақшадағы «рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, қаржылық ұйымдардың бөлiмшелерiн ашуға келiсiм бередi» деген сөздер «оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта құруға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақша «ұйымдардың,» деген сөзден кейін «банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің,» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың уәкілетті органның талаптарын орындауын анықтауға арналған ішкі рәсімдерді бекітеді;»;

7-1) тармақша «ұйымдар» деген сөзден кейін «, банк және сақтандыру холдингтері» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде қаржы рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлғаларды тексереді;»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) қаржылық ұйымдарға, қаржылық ұйымдардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломераттары мен сақтандыру топтарының қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулi ықпал ету шараларын, мәжбүрлеу шараларының және санкциялардың, оның ішінде тәуекелдерді азайту мақсатында қолданылу тәртiбiн айқындайды және оларды қолданады;»;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолданады;»;

2-2-тармақ:

«банктерде,» деген сөзден кейін «банк холдингтерінде,» деген сөздермен толықтырылсын;

«(қайта сақтандыру) ұйымдарында» деген сөздерден кейін «, сақтандыру холдингтерінде» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ «ұйымдарды» деген сөзден кейін «, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттары мен сақтандыру топтарын» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 9-1-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі:

«банктерге,» деген сөзден кейін «банк холдингтеріне,» деген сөздермен толықтырылсын;

«(қайта сақтандыру) ұйымдарына» деген сөздерден кейін «, сақтандыру холдингтеріне» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

«10. Осы баптың 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарының талаптары банк және сақтандыру холдингтеріндегі уәкілетті органның өкіліне қолданылады.»;

3) 10-бапта:

1) тармақша:

«банктердің» деген сөзден кейін «және банк холдингтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;

«рұқсат беру» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру» деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақшадағы «топтар» деген сөз «конгломераттар» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) 12-бап мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«9-1) жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, мұндай келісімді береді не беруден бас тартады;

9-2) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және құрамын белгілейді;

9-3) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;»;

«14-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда бағалы қағаздар рыногы субъектілеріне қатысты шектеулі шараларды және санкцияларды қолданады;»;

5) 13-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;»;

4) тармақшадағы «ашық» деген сөз алып тасталсын;

4-1) тармақша алып тасталсын;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) жинақтаушы зейнетақы қорының, оның ішінде қайта құрылатын немесе лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, зейнетақы шарттары бойынша оның мiндеттемелерiн басқа қорға беру тәртiбiн белгiлейдi;»;

7) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 13-1-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Уәкiлеттi орган ұйымды алдағы тексеру туралы жазбаша хабардар етедi. Уәкiлеттi органның алдағы тексеру туралы хабарламасында тексерiлетiн ұйым тексеруді жүргiзу басталарда тексерушi қызметкерлерге беруге мiндеттi құжаттардың тiзбесi көрсетiледi.

Тексеруге жататын мәселелер, оның мерзімдері, тексеруші топтың құрамы уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары бекітетін тексеруді жүргізу тапсырмасында көрсетіледі.

Тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнін құрайды.

Уәкілетті орган қажеттілігіне қарай тексеруді жүргізу мерзімін ұзарта алады, ол туралы ұйымға тексеруді жүргізу тапсырмасына толықтыру түрінде жазбаша хабарлама жіберіледі.

Тексеру жүргізу тапсырмасына қосымшаның көшірмесі ұйымға беріледі. Ұйым оның көшірмесін алғандығы туралы белгi қойылып тексеру жүргізу тапсырмасына қосымшаның түпнұсқасы уәкiлеттi органда қалады.»;

5-тармақ алып тасталсын;

9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «екі» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;

14-тармақта:

«екі» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;

«отыз» деген сөз «он төрт» деген сөздермен ауыстырылсын;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Ұйым уәкілетті орган белгілеген мерзімде тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады, онда жоспарланып отырған шаралардың тізбесі, жауапты адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және атқаратын қызметі, сондай-ақ жоспарланып отырған шараларды орындау мерзімдері қамтылады.



Ұйым уәкілетті органмен іс-шаралар жоспарын келіскеннен кейін оның орындалуына қарай, іс-шаралар жоспарында көзделген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы есептер не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне алған міндеттемелердің орындалмау себептері туралы түсініктер береді.»;

жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау