Тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 4,28 Mb.
бет17/17
Дата22.05.2018
өлшемі4,28 Mb.
#15654
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

7) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алған ақпаратты оған мұндай ақпарат берген тараптың келісімімен ғана Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына береді.».


17. «Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

«13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы келеңсіз ақпарат – заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;»;

2) 3-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсi келiсiмiнiң болуы;»;

3) 7-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «зерттеулер;» деген сөз «зерттеулер жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын;

4) 16-бапта:

2) тармақша «ақпарат берушiлерден» деген сөздердің алдынан «осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

3-1) тармақша «кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз» деген сөздерден кейін «кредиттік тарих субъектісі туралы келеңсіз ақпаратты немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 17-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсiмiн алғаны туралы растау болған кезде кредиттiк есептердi беруге;

3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттiк тарихтағы ақпаратты, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты ашуға жол бермеуге;»;

6) 19-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «берілетін» деген сөздің алдынан «осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 20-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігінде:

3) тармақшадағы «және кредиттiк есептердi алу туралы» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) банк кепілдігі немесе кепілдеме пайдасына берілген тұлға;

4-2) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитентінің кредиттік есебіне қатысты облигацияларды ұстаушылардың өкілі;»;

мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған кредиттiк есептi алушылар өздерiнің пайдасына банк берген кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы ғана кредиттiк есепті алуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитенті туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.»;

2-тармақтағы «2) және 3)» деген сөздер «2), 3) және 4-2)» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 21-баптың 3-тармағында:

бірінші абзацтағы «2) және 3)» деген сөздер «2), 3) және 4-2)» деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақша «кредиттік тарих» деген сөздердің алдынан «Осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 23-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсiмi болған кезде, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында аталған ақпаратты берушiлер кредиттiк бюроларға ақпарат беруге мiндеттi.»;

10) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) кредиттік тарих субъектісі туралы келеңсіз ақпарат;»;

11) 25-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Кредиттік тарих субъектісінің аталған субъекті туралы келеңсіз ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне және кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісі туралы келеңсіз ақпаратты құрайтын кредиттік есептерді беруіне келісім беруі қажет етілмейді.»;

12) 27-бапта:

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн мiндеттi түрде алу;»;

3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы кредиттiк есептi кредиттiк есептi алушыға беруге келiсiмiн мiндеттi түрде алу;»;

13) 28-баптың бірінші абзацындағы «1-тармағының 1), 2) және 3)» деген сөздер «1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4-2)» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 29-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң болуы;»;

«3) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк есептi алушының кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептi беруге келiсiмiнiң бар екендiгi туралы растаған сауалы негiздеме болып табылады.»;

15) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

«6-1-тарау. Банк кепілдіктері мен кепілдемелер жөнінде

ақпарат берудің және кредиттік есепті

алудың ерекшеліктері

30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен

кепілдемелер жөнінде ақпарат беру

1. Банктер тізбесі осы баптың 3-тармағында белгіленген банк кепілдіктері мен кепілдемелер жөнінде ақпаратты өзі туралы және өзінің пайдасына банк берген кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне борышкер тұлғаның келісімі болған жағдайда барлық кредиттік бюроларға береді, онда пайдасына банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген тұлғаға аталған есепті кредиттік бюроның беру құқығы қамтылады.

2. Борышкер тұлғаның өзі туралы және өзінің пайдасына банк берген кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісім нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

3. Банк берген кепілдіктер мен кепілдемелер бойынша кредиттік бюроға берілетін ақпаратта:

1) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілдеме берген борышкер заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

2) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілдеме берген борышкер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;

3) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілдеме берген борышкер кредитор-заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

4) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілдеме берген кредитор жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;

5) кепілдік немесе кепілдеме берген банктің атауы;

6) банк кепілдігі немесе кепілдеме шартының нөмірі мен күні;

7) егер банк кепілдігі немесе кепілдеме шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілдеме шарты бойынша төлеуге жататын ең көп ақша сомасы;
8) егер банк кепілдігі немесе кепілдеме шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген мерзім немесе осы жағдай басталған кезде банк кепілдігі немесе кепілдемені берген банктің міндеттемесі (банк кепілдігі немесе кепілдеменің қолдану мерзімі) тоқтатылатын жағдай (оқиға);

9) банк кепілдігінің немесе кепілдеменің шығарылым нөмірі және күні қамтылуға тиіс.

Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, осы тармақта көзделген ақпарат тізбесі кредиттік бюро мен банк жасасқан ақпарат беру туралы шарт негізінде олардың арасындағы келісім бойынша толықтырылуы мүмкін.

4. Банктердің кредиттік бюроға берілген банк кепілдіктері мен кепілдемелер бойынша ақпарат беру талаптары осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шартта айқындалады.

5. Банктер кредиттiк бюроға банк кепілдіктері мен кепілдемелер бойынша ақпаратты электронды жеткізгішпен бередi. Ақпаратты қағаз жеткізгішпен беру жағдайлары кредиттiк бюролардың iшкi құжаттарында және олардың ақпарат берушiлермен жасалатын шарттарында айқындалады.

6. Банктер борышкер тұлғалардың өздері туралы және берілген банк кепілдігі немесе кепілдеме туралы мәлiметтердi банктің кредиттiк бюроға беруіне өздері алған келiсiмдерді есепке алуды жүргiзедi.


30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілдеме туралы

кредиттік есепті қалыптастыру

1. Кредиттік бюро осы Заңның 30-1-бабының 3-тармағына сәйкес банк берген ақпараттың негізінде банк кепілдігі немесе кепілдеме туралы кредиттік есепті қалыптастыруға міндетті.

2. Банк кепілдігі мен кепілдеме туралы кредиттік есеп банк берген әрбір кепілдік немесе кепілдеме бойынша жеке қалыптастырылады.


30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілдеме туралы

кредиттік есепті беру тәртібі

1. Банк кепілдігі мен кепілдеме туралы кредиттік есепті беруге өзі туралы және берілген банк кепілдігі немесе кепілдеме туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне борышкер тұлғаның келісімі негіз болып табылады, онда оның пайдасына банктің банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген тұлғаға аталған есепті кредиттік бюроның беру құқығы қамтылады.

2. Банк кепілдігі мен кепілдеме туралы кредиттік есепті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.».


18. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар):

1) 1-бапта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) басқарушы компания – уәкілетті орган берген лицензия негiзiнде инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;»;

13) тармақша «активтерін» деген сөзден кейін «және (немесе) осы Заңда белгіленген жағдайда өзге де мүлікті» деген сөздермен толықтырылсын;

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) пайды сатып алу – осы Заңға және инвестициялық пай қорының қағидаларына сәйкес айқындалатын оның құнын пай ұстаушысына басқарушы компанияның төлеуі арқылы пайды айналымнан шығару;»;

2) 3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «сенiмгерлiк» деген сөз «инвестициялық» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 4-бапта:

4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Шығарған (берген) қаржы құралдары және (немесе) өзге де активтері жабық инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн және оның активтері мөлшерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын заңды тұлға осы инвестициялық қордың пай ұстаушысы болуға құқылы емес.»;

5-тармақтағы «6) және 8)-12) тармақшаларында» деген сөздер «6), 9) және 12) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ алып тасталсын;

4) 5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Әдiлет органдарында акционерлiк инвестициялық қор ретiнде тiркелмеген және уәкiлеттi органда инвестициялық қордың акциялар шығарылымын тiркемеген, сондай-ақ басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған заңды тұлға өзiн инвестициялық қор деп атауға, инвестициялық қор ретiнде қызметтi жүзеге асыруға және өз атауларында кез келген тiркесте «инвестициялық қор» деген сөздердi пайдалануға құқылы емес.

Егер акционерлік инвестициялық қор мен оның басқарушы компаниясы арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты бұзылған күннен бастап екі ай ішінде акционерлік инвестициялық қор жаңа басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған жағдайда акционерлік инвестициялық қор атауының өзгеруіне байланысты әділет органдарында қайта тіркелуге тиіс.»;

5) 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«6-бап. Инвестициялық қордың активтерін басқару

1. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды инвестициялық қор акционерлерінің немесе пай ұстаушылардың табыс алуы және осындай инвестициялау кезінде тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыруға құқылы емес.

2. Акционерлік инвестициялық қордың мүлкі акционерлік инвестициялық қордың жарғысында айқындалған арақатынасында инвестициялауға арналған мүлікке және акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған мүлікке бөлінеді.

Инвестициялауға арналған акционерлік инвестициялық қордың мүлкі басқарушы компанияның инвестициялық басқаруына берілуге тиіс.

3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкіне сенімгерлік басқару шарты қолданылатын кезеңде акционерлік инвестициялық қор сенімгерлік басқарудағы мүлікке қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

7-бап. Аудитке қойылатын талаптар

1. Акционерлік инвестициялық қорға және (немесе) инвестициялық пай қорының басқару компаниясына аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.

2. Аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.

3. Акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық пай қоры басқару компаниясының жыл сайынғы аудиторлық есептерінде орындаушы аудитордың және аудиторлық ұйымның акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық пай қоры басқару компаниясының қаржылық есептілігі туралы тәуелсіз пікірі және инвестициялық қордың инвестициялық басқаруға берілген (қабылданған) активтеріне қатысты есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.»;

6) 9-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Акционерлiк инвестициялық қор активтерiн есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.»;

3-тармақтағы «, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорға қызмет көрсететiн аталған ұйымдарды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ алып тасталсын;

7) 10-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi және олардың ең жоғары мөлшерi болуға тиіс.»;

8) 11-бапта:

2-тармақ «жобалары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларация» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

4-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

9) 13-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдау акционерлік инвестициялық қордың директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.

4. Акционерлік инвестициялық қордың бірінші құрылтай жиналысында Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген мәселелер бойынша шешімдерден басқа, кастодиан таңдау туралы шешім қабылданады.»;

10) 14-бапта:

1-тармақ «дауыс берсе,» деген сөздерден кейін «cондай-ақ директорлар кеңесі инвестициялық декларацияға осы Заңның 39-бабы 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылдаған жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта:

«енгенге дейін» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында,» деген сөздермен толықтырылсын;

«барлық» деген сөз алып тасталсын;

11) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды

қайта ұйымдастыру және тарату

1. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Қайта ұйымдастыру немесе ерікті түрде тарату туралы шешім қабылданған жағдайда акционерлік инвестициялық қор бұл туралы уәкілетті органға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында аталған шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.

Осы тармақта көзделген хабарламаға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімнің (шешімдердің) көшірмесі (көшірмелері), жаңадан құрылатын акционерлік инвестициялық қордың (акционерлік инвестициялық қорлардың) жарғысының (жарғыларының) көшірмесі (көшірмелері) қоса беріледі.

3. Акционерлiк инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен соттың шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша сотқа инвестициялық қорды мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы.

4. Акционерлiк инвестициялық қор соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, ол соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға сот шешiмiнiң көшiрмесiн қоса беріп, бұл туралы хабарлама жiбередi.»;

12) 16-бапта:

2-тармақтың екінші бөлігіндегі «Инвестициялық» деген сөз «Осы Заңда белгіленген жағдайды қоспағанда, инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта:

«елу» деген сөз «жүз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«, тиiстi қаржы жылына арналған» деген сөздер алып тасталсын;

13) 17-бапта:



2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Басқарушы компания бiрнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы.

Бір басқарушы компания құрған, бір түрдегі инвестициялық пай қорлары инвестициялық декларациялар бойынша ажыратылуға тиіс.»;

3-тармақтың екінші бөлігіндегі «, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдарды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;

14) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«18-бап. Инвестициялық пай қорларын бiрiктiру немесе

олардың нысанын өзгерту

1. Қордың ережелерiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен бiр нысандағы инвестициялық пай қорларын бiрiктiруге жол берiледi.

2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы жабық инвестициялық пай қорының инвестициялық портфелінің құрылымы ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры портфелінің инвестициялық құрылымына қатысты осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және инвестициялық қор қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес болған жағдайда қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.

3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қоры етіп өзгертуге жол берiлмейдi.»;

15) 20-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Басқарушы компания өзгерген және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілген кезде уәкілетті орган инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды жүзеге асырады.»;

16) 21-бапта:

3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу, пайларды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiнде пайлармен жасалған мәмiлелердi тiркеу ерекшелiктерi тiркеушiнiң iшкi құжаттарында айқындалады.»;



4-тармақтағы «сенімгерлік» деген сөз «инвестициялық» деген сөзбен ауыстырылсын;

17) 23-бапта:

1-тармақ «валюта» деген сөзден кейін «немесе пайдың номиналды құны көрсетілген валюта» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақтың екінші бөлігі «орналастыру кезеңі» деген сөздерден кейін «инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталған күні пайларды ұстаушылардың саны бестен кем болмайтын жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;

18) 26-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «қаржы құралдары немесе өзге де мүлкi» деген сөздер «шығарған (берген) қаржы құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

19) 27-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «нақтылы» деген сөз «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе өзге валютада көрсетілуі мүмкін номиналды» деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 33-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталған күні осы Заңның 23-бабының 4-тармағында айқындалған талаптар орындалмаса;»;

2-тармақтағы «ақшаны» деген сөз «активтерді» деген сөзбен ауыстырылсын;

21) 34-бапта:

2-тармақ «кастодианы» деген сөзден кейін «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақта:

«өткiзудi қамтамасыз етуге» деген сөздер «өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар келіскен жағдайда, басқарушы компания және (немесе) кастодиан осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны бөледі және өткізілмеген активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) инвестициялық қор қағидаларында белгіленген тәртіппен пайларды ұстаушылардың меншігіне береді.»;

22) 35-баптың 2-тармағындағы «пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн оның таза активтерi құнының инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiне сәйкес» деген сөздер «аяқталған күні осы Заңның 23-бабы 4-тармағының талаптарына сай» деген сөздермен ауыстырылсын;

23) 36-бапта:

1-тармақтың 6) тармақшасындағы «ақшаны» деген сөз «активтерді» деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi осы Заңның 33-бабы


1-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тоқтатылған кезде, қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты басқарушы компанияның шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.»;

24) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«37-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамы

1. Акционерлік (жылжымайтын мүлiк қорларынан басқа) және инвестициялық пай қорларының активтерiн қаржы құралдары құрайды.

2. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн қаржы құралдары, сондай-ақ мынадай инвестициялау объектiлерi:

1) ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жер учаскелерi;

2) өндiрiстiк құрал-сайман және ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсетуге қажеттi негiзгi құралдар құрайды.

Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде (бағалы қағаздар мен ақшаны қоспағанда) оны тәуелсiз бағалаушы мiндеттi түрде бағалауға тиiс.

3. Акционерлік және инвестициялық пай қорларының құрамына кіре алатын қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.

4. Жылжымайтын мүлiк қорының таза активтерi құнының кемiнде сексен пайызын жылжымайтын мүлiк құрауға тиiс.

Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына кiретiн мүлiк сақтандырылуға және (немесе) жылжымайтын мүлiк қоры осы активтердiң мөлшерiндей резервтiк қор құруға тиiс.

5. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн құрайтын жылжымайтын мүлiктi қайта бағалаудан түсетін табыстарды шегергендегі жылжымайтын мүлiк қорының инвестициялық табысының кемiнде елу пайызын жылжымайтын мүлiктi жалға беру нәтижесiнде алынған табыстар құрауға тиiс.

6. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамында:

1) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар;

2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (берген) активтер;

3) коммерциялық емес ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акциялар немесе қатысу үлестерi;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын және қаржы агенттiктерiнiң агенттiк облигацияларын қоспағанда, олардың жалпы санының он бестен асатын және одан да көп пайызы мөлшерiндегі бiр заңды тұлғаның бiр түрдегi қаржы құралдары болмауға тиiс.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасының талабы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға қолданылмайды.

7. Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамы жылжымайтын мүлiк қоры акцияларының шығарылымы тiркелген күннен бастап он екi ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiрiлуге тиiс.

Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылатын жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болған күннен кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және активтердiң құрамын жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамында осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.

8. Бiр басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қорлар активтерi мен басқарушы компанияның өз активтерi қаржы рыногы лицензиаттарының дауыс беретiн акцияларына инвестицияларының жиынтық көлемi оларды сатып алуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алуды талап ететiн мөлшерден аз болуға тиiс.

9. Бiр тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтерi есебiнен инвестициялардың жинақталған мөлшерi:

1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры не жылжымайтын мүлiк қоры үшiн таза активтер құнының он бес пайызынан;

2) акционерлiк инвестициялық қор мен жабық инвестициялық пай қоры үшiн таза активтер құнының жиырма пайызынан;

3) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшiн таза активтер құнының отыз пайызынан аспауға тиiс.

10. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн оның активтерi Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе пайлардың номиналды құны көрсетілген валютамен екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне ғана инвестициялануы мүмкiн.

Бастапқы орналастыру мерзімі аяқталғанға дейін депозиттеріне инвестициялық пай қорының пайлары орналастырылатын екінші деңгейдегі банктер мына талаптарға сай болуға тиіс:

1) осы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына қатысты үлестес болып табылмауға тиіс;

2) екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс.»;

25) 38-бапта:

1-тармақтағы «қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарында,» және «, сондай-ақ акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қоры ережелерiнде» деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақта:

«Инвестициялық» деген сөз «Акционерлік» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Инвестициялық пай қоры активтерiнiң құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе пайдың номиналды құны көрсетілген валютамен жүргiзiледi.»;

26) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«39-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы

1. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында:

1) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының, кастодианының, тiркеушiсi мен аудиторлық ұйымының толық атауы, олардың лицензияларының және орналасқан жерiнің деректемелерi;

2) инвестициялық қор активтерiнiң құнын есепке алу және айқындау тәртiбi;

3) инвестициялық қордың активтерi есебiнен төленуге жататын, басқарушы компанияға, кастодианға, тiркеушi мен өзге де тұлғаларға төленетiн шығыстар мен сыйақылардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi және олардың ең жоғары мөлшерлерi;

4) дивидендтiк саясат;

5) инвестициялық қордың инвестициялық саясаты мақсаттарының, мiндеттерiнiң сипаттамасы;

6) инвестициялық қордың инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесi, мәмiле түрлерi, инвестициялаудың шарттары мен лимиттерi;

7) инвестициялық қор активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру шарттары;

8) инвестициялық декларацияда айқындалған объектiлердi инвестициялауға байланысты тәуекелдер сипаттамасы, сондай-ақ оларды азайтуға бағытталған іс-шаралар;

9) инвестициялық саясат бойынша осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шектеулер қамтылуға тиіс.

2. Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар осы инвестициялық қордың директорлар кеңесінде бекітіледі және олар бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға келiсуге табыс етіледі.

Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен келiсiлгенi туралы көрсетiле отырып, осы өзгерiстер мен толықтырулардың мәтiнi баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін немесе барлық акция ұстаушылар қордың жарғысында белгiленген тәртiппен оны алғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң күшiне енедi.»;

27) 40-баптың 4-тармағындағы «сенімгерлік» деген сөз «инвестициялық» деген сөзбен ауыстырылсын;



28) 41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

8) тармақшадағы «сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде ашық сауда-саттық әдiстерiмен жасалған мәмiлелердi қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;



11) тармақша «кірмейтін» деген сөзден кейін «не актив бағалы қағаздар болып табылған жағдайда, оның бағалы қағаздарын есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын ұйымда инвестициялық қордың шотына есепке алынбаған» деген сөздермен толықтырылсын:

мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) инвестициялық қордың акцияларын және пайларын, осы жабық инвестициялық пай қорының активтері құрамына кіретін қаржы құралдары және (немесе) өзге де активтерін шығарған (берген) заңды тұлғаларға өткізуге;»;

29) 43-баптың 2-тармағындағы «сенімгерлік» деген сөз «инвестициялық» деген сөзбен ауыстырылсын;

30) 45-бапта:

2-тармақтың 3) тармақшасы «проспектiсiмен» деген сөзден кейін «және инвестициялық декларациямен» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақта:

1) және 5) тармақшаларда:

«акционерлiк инвестициялық қордың немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«олардың» деген сөз «оның» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақтағы «инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы» деген сөздер «басқарушы компания» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтағы «Тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер акционерлер мен пай ұстаушыларды қордың ережесiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы хабардар ету, акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлiк инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының қызметiн тоқтату жағдайларын қоспағанда,» деген сөздер «Акционерлер мен пай ұстаушыларды қордың ережесiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы хабардар ету, акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлiк инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының қызметiн тоқтату жағдайларын қоспағанда, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер басқарушы компанияның интернет-ресурсын қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

31) 46-бапта:

тақырыптағы «инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының» деген сөздер «басқарушы компанияның» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта:

бірінші абзацтағы «инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы» деген сөздер «басқарушы компания» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «немесе кастодианының» деген сөздер алып тасталсын;

6) тармақшадағы «инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы» деген сөздер «басқарушы компания» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы» деген сөздер «басқарушы компания» деген сөздермен ауыстырылсын.


19. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат):
1) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру

жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi

кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері

мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде

беру операциясын жүргізуге қатысуы»;

2) 16-бапта:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Депозиторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында банк активтері мен міндеттемелерін жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында ішінара не толық көлемде басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру операциясын жүргізуге жол берiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк  заңнамасында айқындалады.

2. Консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы), банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген операцияны жүргiзу процесiнде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қарыз беруге не кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша мiндеттемелердi қабылдайтын қатысушы банкте (банктерде) депозиттер орналастыруға құқылы, оларды беру не орналастыру ерекшелiктерi мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.»;

3-тармақтағы «мәжбүрлеп таратылатын» деген сөздер алып тасталсын;

3) 18-баптағы «бiр» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) 19-баптың 2-тармағындағы «бiр» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын.
20. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 4-баптың 9-тармағының екінші бөлігі «серiктестiктер,» деген сөзден кейін «орталық депозитарий,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 32-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

«16-1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі;».


21. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы
28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

4) тармақшада:

«бухгалтерлер мен» деген сөздер «бухгалтерлердің және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«болып табылатын» деген сөздерден кейін «, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген» деген сөздермен толықтырылсын;

7) тармақша «қаржы ұйымдары» деген сөздерден кейін «(қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) қаржылық есептілік депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) –жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын өткізіп отыратын аудиторлық есептер, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық дерекқор;»;

2) 16-баптағы «мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде» деген сөздер «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 19-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ұйымдар (қаржы ұйымдарынан, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларынан және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларынан басқа) жылдық қаржылық есептерін есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етеді.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары жылдық қаржылық есептерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде табыс етеді.»;

5-тармақтағы «1-3» деген цифрлар «1, 2, 3 және 3-1» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары, мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар жылдық қаржылық есептiлiктi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген  тәртiппен жариялайды.»;

4) 20-бапта:



4-тармақ «компанияларында» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларында» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақта:      

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттiк кәсiпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi заңды тұлғалар үшiн:

қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн тiзбелер мен нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептiлiктi табыс етудің мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;

осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын бекітеді;»;

3) тармақшада:

екінші абзац «актiлерiн» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына  сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары үшiн осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк  құқықтық  актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;»;

4) тармақша «ұйымдардың» деген сөзден кейін «және Қазақстан Даму Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 21-баптың 9-тармағының 4) тармақшасындағы «қарауға міндетті.» деген сөздер «қарауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) сертификаттау бойынша бір немесе бірнеше ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға міндетті.».


22. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 88-құжат):

1) 1-баптың 3-тармағында:

9) тармақшаның төртінші абзацындағы «инвестициялық портфельдердiң бiреуiнде немесе бiрнешеуiнде» деген сөздер «инвестициялық портфелінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) тармақшаның оныншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Зейнеткерлiк жасқа жеткен тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе кез келген басқа жинақтаушы зейнетақы қорының басқа түрдегі инвестициялық портфелiне кейiннен аудармайтындай етiп консервативтiк инвестициялық портфельге аударады.

6. Инвестициялық портфельдi таңдағаны туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтiнiш жасамаған салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын, сондай-ақ зейнеткерлiк жасқа дейiн жетi жыл және одан да аз уақыт қалған тұлғалардың жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе кез келген басқа жинақтаушы зейнетақы қорының агрессивтi инвестициялық портфелiне кейiннен аудармайтындай етiп қалыпты инвестициялық портфельге аударады.»;

17) тармақшада:

екінші, үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын;

алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жинақтаушы зейнетақы қорын құру және оның қызметi кезеңiнде бiрде-бiр тұлға не бір-біріне қатынасы бойынша үлестес тұлғалар тобы мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан астамын тiкелей немесе жанама түрде иеленуге, оған билiк етуге және (немесе) басқаруға құқылы емес.

Аталған шектеулер мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.»;

2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«2-бап.

1. Осы Заң, осы Заңның 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi абзацтарын, 12) тармақшасын, осы Заңның 2009 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының сегiзiншi және тоғызыншы абзацтарын, осы Заңның 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабы 3-тармағы 1) тармақшасының қырық төртiншi абзацын, 11) тармақшасын, 13) тармақшасының екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, сегiзiншi, тоғызыншы абзацтарын, 16) тармақшасының бірінші, екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы абзацтарын, 17) тармақшасын, 20) тармақшасының үшiншi абзацын және 24) тармақшасын, осы Заңның 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 3-тармағының 2), 9) тармақшаларын, 13) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтарын, 16) тармақшасының алтыншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын брокерлер және (немесе) дилерлер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап екi ай iшiнде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiрсiн.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2015 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде салымшылардың (алушылардың) инвестициялық портфельдi таңдау туралы өтiнiштерiн қабылдау бойынша жұмыс жүргiзсiн.».


23. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат, 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

мынадай мазмұндағы 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67 және 68-баптармен толықтырылсын:

«58-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 12-бабы 1-тармағының 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«39) сыйақы – мыналарға:

кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;

кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, талап ету құқығын банк бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;

кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, талап ету құқығын банк екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты барлық төлемдер;».

59-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 90-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның кредитi (қарызы) бойынша банктің талап ету құқықтары, – банктің басқаға берген талап ету құқығы бойынша кредит (қарыз) жөнiндегi талап ету құны және банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күнiне банктің борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде талап ету құқығын басқаға берген;».

60-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 99-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Бас банктің күмәнді және үмітсіз актвитерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, мұндай ұйымның жылдық жиынтық табысына енгізілген және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған табыстар алып тасталады.

Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

Банктің жылдық жиынтық табысынан талап ету құқықтарын беруден түсетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтары мұндай ұйымға бұрын берілген ұйымнан сатып алуына байланысты алынған табыстар алып тасталады.».

61-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 106-бабы мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Банктің еншілес ұйымына күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқықтарын сатып алуға берілген күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру шығыстарының сомасын банктердің шегеруге құқығы бар.

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға берілген рұқсаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Бұл ретте, шегерімге уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен еншілес ұйымның сатып алуына бас банк берген күмәнді немесе үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру шығыстарының сомасы жатқызылады. Күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша бас банктің талап ету құқықтарын еншілес ұйымның сатып алуына берілген күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру шығыстарының сомасы банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша берген талап ету құқықтары мөлшерінің еншілес ұйым қызметінің мерзіміне арақатынасы шамасынан аспауға тиіс.

Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу тәртібін, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

Банктер екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымнан сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру шығыстары сомасын шегерімге жатқызуға құқылы емес.».

62-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 115-бабы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:
аталған ұйымның Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған ақша түріндегі;

Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен байланысты емес шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес.».

63-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандарында 2011-2018 жылдар ішіндегі салық кезеңдерінде мынадай:

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жөніндегі;

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында келтірілген шығыстар жөніндегі ақпарат қамтылуға тиіс деп белгіленсін.».

64-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексi (Салық кодексi) мынадай мазмұндағы 135-2-баппен толықтырылсын:

«135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің

сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға салық салу

1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның табыстары, егер мұндай табыстар мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда, салық салудан босатылады:

1) екінші деңгейдегі банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу және оларды өткізу;

2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның олардың талап ету құқықтарын екінші деңгейдегі банктерден сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларын және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;

3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иелену және өткізу;

4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның заңды тұлғаларға екінші деңгейдегі банктерден талап ету құқықтарын сатып алудан түскен мүлікті жалға беру немесе өтемін төлеп уақытша пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;

5) ақшаны мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру.

Бұл ретте, алынуға жататын табыстарды осы тармақта көрсетілген табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша пропорционал әдіс немесе бөлек есептеу әдісі бойынша айқындалады.

4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы пропорционал әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, табыстардың жалпы сомасында айқындалады.

5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым бөлек есептеу әдiсі бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.».
65-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 137-бабы мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы шеккен залалдары келесі салық салу кезеңдеріне көшірілмейді.».

66-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 143-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым төлейтін кредит (қарыз) бойынша сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.».

67-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 143-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы төлейтін кредит (қарыз) бойынша сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.».

68-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 262-бабы мынадай мазмұндағы 2-1және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

«2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, есепке жатқызудың пропорционал әдiсiн пайдаланатын ұйымның:

мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банк меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар

2-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының, есепке жатқызудың пропорционал әдiсiн пайдаланатын:

күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша бас банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банк меншігіне өткен және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша еншілес ұйым алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.»;».
24. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат; № 24, 133-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):

1) 7-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. 1-тармақты қоспағанда, осы баптың ережелері екінші деңгейдегі банктерге (Қазақстан Даму Банкінен және Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен басқа) қолданылмайды.»;

2) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

«8-1-бап. Қорды басқару жөніндегі кеңес

Қорды басқару жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы басшылық ететін консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылады. Кеңестің құрамы және ол туралы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.»;

3) 9-баптың 3-тармағының 15) тармақшасы «банктердiң» деген сөзден кейін «, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Қордың даму стратегиясын Кеңес мақұлдағаннан кейін Қордың жалғыз акционері бекітеді.».


25. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

166-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «Ұлттық» деген сөз «Екінші деңгейдегі банктерді (Қазақстан Даму Банкінен және Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен басқа) қоспағанда, ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын.


2-бап.

1. Осы Заң:

осы Заңның 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 9-тармағы 10) тармақшасының алтыншы абзацын, 12-тармағының 7) тармақшасын, 15-тармағы 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын;

осы Заңның 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 8-тармағы 3) тармақшасының он екінші абзацын, 6) тармақшасын, 19) тармақшасының он тоғызыншы абзацын;

осы Заңның 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 8-тармағы 3) тармақшасының сегізінші абзацын, отыз сегізінші абзацын, 11) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 12-тармағы 13) тармақшасының сегізінші абзацын, 17) тармақшасының қырық бірінші абзацын, 19-тармағының 3), 4) тармақшаларын;

осы Заңның 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 15-тармағы 16) тармақшасының он екінші абзацын;

осы Заңның 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 12-тармағы 11) тармақшасының жетпіс үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 3) тармақшасының жетінші абзацы, 12-тармағы 17) тармақшасының қырқыншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.



3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабы 17-тармағы 15) тармақшасының жетінші – оныншы абзацтарындағы «бизнес-сәйкестендіру нөмірі», «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер деп есептелсін.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнеткерлік активтерге инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар өз қызметін осы Заң алғашқы ресми жарияланған күннен бастап үш ай ішінде осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 14) тармақшасының оныншы абзацында және 31) тармақшасының бесінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

5. Міндетті сақтандыру түрлері бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары өз қызметін осы Заң алғашқы ресми жарияланған күннен бастап алты ай ішінде осы Заңның 1-бабы 12-тармағы 2) тармақшасы үшінші абзацының талабына сәйкес келтіруге міндетті. Сақтандыру ұйымдары осы Заңның 1-бабы 12-тармағы 2) тармақшасы үшінші абзацының талабын орындамаған жағдайда уәкілетті орган оларды «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілетін лицензиядан айыруға құқылы.

6. Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні зейнеткерлік активтерге инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ірі қатысушы белгілері бар тұлғалар өз қызметін осы Заң алғашқы ресми жарияланған күннен бастап алты ай ішінде осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарында, 11) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары – банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғалар 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде тиісінше осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 8) тармақшасының жетінші, оныншы абзацтарында және 12-тармағы 9) тармақшасының сегізінші, он бірінші абзацтарында белгіленген талаптарға сай болуға міндетті.

7. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін банктік заем және банктік кепіл шарттарын жасасқан екінші деңгейдегі банктер өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 4) тармақшасының үшінші – он алтыншы абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

8. Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар банк холдингтері өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 8-тармағының 3), 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.



Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар сақтандыру холдингтері өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 12-тармағы 11) тармақшасының жетінші – жетпіс екінші абзацтарында, 17) тармақшасының отыз үшінші – жетпіс сегізінші абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесі бар, Қазақстан Республикасының резидент емес банк немесе сақтандыру холдингтері өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде тиісінше осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацында және 12-тармағы 9) тармақшасының алтыншы абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге не банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының оларға тиесілі акцияларын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының орналастырылған (артықшылықты және банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан аз деңгейіне дейін иеліктен шығаруды жүргізуге міндетті.

9. Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктерін, сондай-ақ банк холдингі еншілес ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шартқа орай немесе өзгеше жолмен ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резидент банктерінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шартқа орай немесе өзгеше жолмен ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы бас ұйым болып табылатын ұйымдарды қоспағанда, банк холдингінің еншілес ұйымдары өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 3) тармақшасының отызыншы абзацында, 5) тармақшасының он бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтірсін.

Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні банктің еншілес ұйымдары болып табылатын ұйымдар өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 3) тармақшасының жиырма тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктерін қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілетін күні сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын ұйымдар өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 12-тармағы 11) тармақшасының он бірінші абзацында, 17) тармақшасының қырық жетінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

Қазақстан Республикасының резидент еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктерін, сондай-ақ сақтандыру холдингі еншілес ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шартқа орай немесе өзгеше жолмен ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резидент банктерінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шартқа орай немесе өзгеше жолмен ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы бас ұйым болып табылатын ұйымдарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілетін күні сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары болып табылатын ұйымдар 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 12-тармағы 11) тармақшасының он екінші абзацында, 17) тармақшасының қырық сегізінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

10. Дерекқорын жүргізу және қалыптастыру жөніндегі ұйым 2012 жылғы 1 шілдеге дейін акционерлер ұйымы құрылымының осы Заңның 1-бабы 12-тармағы 35) тармақшасының талаптарына сәйкес келтірілуін қамтамасыз ете отырып, акционерлік қоғам болып қайта құрылу рәсімін жүзеге асыруға міндетті.

11. Сауда-саттықты ұйымдастырушы өзінің ішкі құжаттарын 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 15-тармағының 53) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

12. Акционерлік инвестициялық қорлар және басқарушы компаниялар өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабының 18-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті. Акционерлік инвестициялық қор 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабының 18-тармағында белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор ретіндегі өз қызметін акционерлік инвестициялық қор тоқтатуға міндетті.



13. Осы баптың 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтарында аталған тұлғалар көрсетілген тармақтарда көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдануға құқылы.

14. Осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 10) тармақшасы жетінші абзацының күші жинақтаушы зейнетақы қорларының акцияларын аталған абзац қолданысқа енгізілгенге дейін сатып алған тұлғаларға қолданылмайды.




Қазақстан Республикасының

Президенті



жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау