Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2005 Ж. 7 АҚПАНДАҒЫ № 30-III ҚР ЗАҢЫ
Дата: 20.05.2016 12:00:53
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы
(2015.24.11. берілген
өзгерістер мен толықтырулармен
)
2009.30.12. № 234-IV ҚР
Заңымен
тақырыбы жаңа редакцияда (ресми
жарияланғаннан
кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
)
2009.30.12. № 234-IV ҚР
Заңымен
бүкiл мәтiн бойынша «қызметкер еңбек (қызмет)
мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс
берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «Қызметкер еңбек (қызмет)
мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс
берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде
оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-
құқықтық жауапкершiлiгiн», «жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» және «Жұмыс
берушiнiң жауапкершiлiгiн» деген сөздер тиiсiнше «қызметкердi жазатайым
оқиғалардан», «Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан
мiндеттi сақтандыру туралы», «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «қызметкердi
жазатайым оқиғалардан» және «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан» деген
сөздермен ауыстырылды (ресми
жарияланғаннан
кейiн алты ай өткен соң қолданысқа
енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
)
Осы Заң қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық,
экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2007.07.05.
№ 244-III
ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.
ред
.қара); 2009.30.12. № 234-IV
ҚР
Заңымен
1-бап жаңа редакцияда (ресми
жарияланғаннан
кейiн алты ай өткен соң
қолданысқа енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аннуитеттiк сақтандыру шарты (бұдан әрi - аннуитет шарты) - сақтандырушыны
шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн пайда алушының пайдасына
мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;
2) еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) -
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында
мемлекеттік саясатты iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органы;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiк - қызметкердiң белгiлi бір біліктiлiктегi, көлемдегi
және сападағы жұмысты атқару қабiлетi;
4) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесi - қызметкердiң еңбек (қызметтiк)
мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес
айқындалатын төмендеу деңгейi;
5) кәсiптiк тәуекел сыныбы - өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың
экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;
6) қызметкердi жазатайым оқиғалардан сақтандыру - еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн
атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк
мүдделерiн қорғау жөніндегі қарым-қатынас кешенi;
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2005 Ж. 7 АҚПАНДАҒЫ № 30-III ҚР ЗАҢЫ
Дата: 20.05.2016 12:00:53
2
7) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын
тұлға;
8) сақтандыру жағдайы - осы Заңның
16-1-бабында
көзделген мән-жайлар кезiнде
қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және
(немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесiнде ол (олар) ұшырайтын, соның
салдарынан қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге,
кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндiрiстiк жарақаттану, денсаулығының күрт
нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кездегi
жазатайым оқиға (жазатайым оқиға);
9) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру
жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша
сомасы;
10) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда
алушыға қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген
мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге
мiндеттi ақша сомасы;
11) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының
пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
12) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi
12) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының
заңнамасында
белгiленген тәртiппен
Қазақстан Республикасының аумағында «өмiрдi сақтандыру» саласында аннуитеттiк
сақтандыру сыныбы бойынша және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша
сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға;
13) тармақша ресми
жарияланғаннан
кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
13) сақтанушы - қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын
жасасқан жұмыс берушi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР
Заңымен
2-бап жаңа редакцияда (ресми
жарияланғаннан
кейiн
алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
)
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң мемлекеттік мекемелердiң қызметкерi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн
атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейдi.
2. Жұмыс берушiнiң қызметкердi жазатайым оқиғалардан ерiктi түрде сақтандыру
шартын жасауы оны қызметкердi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндетiнен
босатпайды.
3-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына
негiзделедi
және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан
өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласындағы
мемлекеттік бақылау мен қадағалау
2012.05.07. № 30-V ҚР
Заңымен
1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге
асырады.