Тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 4,28 Mb.
бет10/17
Дата22.05.2018
өлшемі4,28 Mb.
#15654
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

2) банктік конгломераттардың құрамына кіретін банктік холдингтер болып табылатын және уәкілетті органның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген тиісті рұқсаты бар сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.

15. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық меншікті капиталы Қазақстан Республикасының барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жинақталған меншікті капиталының елу пайызынан аспауы тиіс.»;

12) 33-бапта:

7 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:



1) филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін;

2) филиалды, өкілдікті есептік қайта тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдағандығы туралы әділет органының белгісі қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.»;

«12. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі өкілдік туралы ережеге есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкілдігінің хатын қабылдағандығы туралы әділет органының белгісі қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.»;

14-тармақтағы «талап етуге құқылы» деген сөздер «талап етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 34-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық басшы қызметкеріне қаржы жылы ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті беруге міндетті.



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымның еншілес ұйымы басқару органының құрамына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы мүшелерінің саны ұлттық басқарушы холдинг бас ұйымы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының мүшелерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымның еншілес ұйымының басқару органдары мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауы тиіс.»;

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын директорлар кеңесінің бірінші басшысы немесе мүшесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;»;

9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімді қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарындағы осы басшы қызметкерге бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 11, 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:

«11. Осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасының және 10-тармағының талаптары орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

12. Бірінші басшы және басқару органдарының, атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер, еншілес ұйымдардың және сақтандыру холдингінің капиталға қомақты қатысуы бар ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын сақтандыру холдингінің өзге де басшылары сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері болып танылады.

13. Осы баптың талаптары:

1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың біреуін орындаған кезде:

сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингінің шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан оның шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауы бар болғанда;

сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасындағы ақпарат алмасу туралы келісім бар болғанда;

2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктік конгломераттардың құрамына кіретін банктік холдингтер болып табылатын сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған басшы қызметкерлерді қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.»;

14) 37-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін);»;

15) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;»;

16) 43-бап мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:

«11-2) ұйымның:

ақпараттық процеске;

қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеуге;

дерекқордың сақталуына;

үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;»;

17) 44, 46 және 48-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«44-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру

брокерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру

топтарының қызметін  тексеру

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін  тексеруді уәкілетті орган өз бетінше не басқа да мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, сақтандыру холдингтері, сақтандыру топтары, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары тексеруші органға уәкілетті органның тексеру тапсырмасында көрсетілген мәселелер бойынша жәрдемдесуге, сондай-ақ кез келген лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және ақпаратқа тексеру жүргізуге қажетті кез келген дерек көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясын не коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшін жауапты болады.

4. Уәкілетті органның қызметкерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

5. Өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында берiлген өкiлеттiктер шегiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері оқшауланған бөлімшелерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар анықталған Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мынадай шарттардың бірін:

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің


А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуын;

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің


А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуын орындаған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды.»;

«46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға

               міндетті өзге де нормалар мен лимиттер

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оларға қатысты шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер:

жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін;

төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін;

өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін;

активтерді әртараптандыру нормативтерін қамтиды.

Сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады.

Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтерді, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтер белгілеуге құқылы.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру холдингтерін не олардың лауазымды тұлғаларын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына ірі қатысушыларды немесе сақтандыру холдингтерін жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген төлем қабілеттігі маржасының жеткілікті нормативтерін бұзған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуге тиіс. Бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың толық сипаттамасы мен мерзімдері бар жоспар төлем қабілеттігі маржасының жеткілікті нормативін бұзған күннен бастап бір ай ішінде берілуге тиіс.

4. Сақтандыру холдингтері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттігі маржасының жеткілікті нормативтерін сақтау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

5. Төлем қабілеттігі маржасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен активтердің асып түсуін білдіреді.

6. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасының белгіленген ең аз мөлшерден төмендеуі нәтижесінде құрылады.

7. Сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғасымен (үлестес тұлғаларымен) жасалған шарты (шарттары) бойынша, сондай-ақ сақтандырудың және қайта сақтандырудың жекелеген сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

8. Уәкілетті орган ипотекалық сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттігі маржасының ең аз деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қойылатын қосымша талаптар белгілеуге құқылы.

9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есептілікке кірмейтін туынды қаржы құралдарының болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобына қатысушы уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.»;

«48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру

холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген

қызмет

1. Осы Заңда белгіленген жағдайларды және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыруды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.



2. Осы Заңда белгіленген жағдайларды және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыруды қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне кәсіпкерлік қызмет ретінде операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің мыналарды құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:

дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымдарды;

қызметтің ерекше түрі ретінде сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды;

сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін ұйымды;

сатып алынатын акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келуі шартымен орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он пайыздан аз мөлшерінде заңды тұлғаларды;

қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды;

қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар, өзінде сақтандыру холдингі бар болған кезде орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызы мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды;

2) сақтандыру холдингтерінің:

қаржы ұйымдарын;

банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлға үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының он пайызынан аспауы тиіс. Бұл шектеу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын иеленуіне, оның ішінде оларды құрған кезде қолданылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының елу пайызынан аспауға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктеріне қолданылмайды.

Сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап:

Қазақстан Республикасының резиденттері еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына;

Қазақстан Республикасының резиденттері еншілес банктерге;

сақтандыру холдингі аталған заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен әсер етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе Қазақстан Республикасының резиденттері банктің акцияларына иелік ету арқылы (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен әсер ету мүмкіндігінің болуы) бас ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға;

сақтандыру холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге мынадай талаптардың біреуін орындаған кезде:

сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ аталған тұлғалардың шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан олардың шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауы бар болғанда;


жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау