Тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 4,28 Mb.
бет2/17
Дата22.05.2018
өлшемі4,28 Mb.
#15654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

жеке тұлғаға - екі жүз, лауазымды адамға – төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Эмитенттердің эмитент туралы және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуді және пайдалануды бақылауды жүзеге асыру тұрғысынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы, -

лауазымды адамға – төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

16) 193-бапта:

тақырыбындағы «дұрыс емес мәліметтерді табыс ету» деген сөздер «мәліметтер бермеу не дәйексіз мәліметтер беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші бөліктің бірінші абзацы «субъектісінің» деген сөзден кейін «бағалы қағаздар нарығының қызметіне тексеру жүргізу барысында» деген сөздермен толықтырылсын;

17) 194, 195, 196-1, 199-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы

1. Акционерлердің акционерлiк қоғам iстерiн басқару құқықтарының, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртiбiнің, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу, -

лауазымды адамға – екі жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу, –

лауазымды адамға – екі жүз, заңды тұлғаға – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Бағалы қағаздар эмитентінің өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда бұзуы, сондай-ақ өздері орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда жүзеге асырмауы,-

лауазымды адамға – екі жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
195-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы

құралдарымен мәмiлелер жасау тәртібін, сондай-ақ

мәмілелер жасау шарттарын бұзу

      Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мәмілелер жасаудың шарттарын бұзу, -

      жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

«196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды      

шығарудың және (немесе) орналастырудың     шарттары

мен тәртiбiн бұзуы

1.   Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн, оның ішінде қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің, осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, облигациялар шығару проспектісінде белгіленген облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану шарттары мен тәртібін бұзуы,-

лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Эмитенттің бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы, -

     заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«199-бап. Бағалы қағаздар эмитентінің өз қызметі туралы ақпараттың

құпиясын ашудың тәртібі мен шарттарына

қойылатын талаптарды орындамауы

Бағалы қағаздар эмитентінің өз қызметі туралы ақпараттың құпиясын ашудың Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында белгіленген тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптарды орындамауы, сондай-ақ эмитенттің өз қызметі туралы толық емес немесе дәйексіз ақпаратты ұсынуы,-

лауазымды адамдарға - екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады..»;

18) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «194,» деген цифрлар алып тасталсын;

19) 573-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«573-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және   

қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және   қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 88 (бірінші, 1, 1-1, 1-2 және алтыншы бөліктері), 158-1, 158-2, 167-1 (бірінші бөлігі), 168-2 (бiрiншi - тоғызыншы, он екінші және он үшінші бөлiктері), 168-4, 170, 170-1, 171, 172, 172-1, 172-2, 173, 174, 175 (бірінші және үшінші бөлiктері), 175-1, 175-2, 179-3, 191, 193, 194, 194-1, 195, 195-1, 196, 196-1, 197, 197-1, 198, 199, 201, 201-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгi) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.

2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және  қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қаруға және әкімшілік айыппұл салуға құқылы.»;

20) 636-баптың 1) тармақшасының отыз бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 168-3 (бірінші - төртінші бөліктері), 184, 184-1 (үшінші бөлігі), 190, 192, 194, 200, 202, 356-баптар);».
5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

3-баптың 1-тармағының 37) тармақшасы «жүзеге асыратын» деген сөздерден кейін «және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығынан және (немесе) халықаралық қаржы нарығынан қарыз алуды жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын.


6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50- құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 90-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1-1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:

1) борышкер талапты орындаған кезде бұрын орындау сомасына пропорционалды мөлшерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

 2) цессия шартын жасасу жолымен бас тарту төлемі туралы шарттың, жаңалау, талап ету құқықтарын басқаға қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады;»;

2-тармақтың бірінші абзацындағы «1» деген цифрдан кейін «,1-1» деген цифрлармен толықтырылсын;

2) 541-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

23-1) облигация ұстаушылардың өкілдері - эмитенттің облигация шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигация ұстаушылардың атынан талап-арыз берген кезде; »;

3) 581-баптың бірінші бөлігінде:

5) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақшада белгіленген міндет бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымдарға да қолданылады;»;

10) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Осы тармақшада белгіленген міндет банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымдарға да қолданылады;».
7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнің мәртебесі және қызметiнiң

құқықтық негiзi

Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, валюталық реттеуді және бақылауды, мемлекеттік статистиканы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының шарттарын басшылыққа алады.».



2) 8-бапта:

к-1) тармақша «ұйымдардың» деген сөзден кейін «және Қазақстан Даму Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;

л-2) тармақшадағы «барлық қаржы ұйымдарының» деген сөздер «қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 2-бапта:

1) тармақшада:



екінші абзацта:

«заңды тұлғалардың» деген сөздер «заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;

«басқа тұлғаның», «басқа» деген сөздер алып тасталсын;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«бір тұлғаның заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;»;

төртінші абзацтағы «бір» деген сөз алып тасталсын;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлғаның дербес немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) банк конгломераты – банк холдингінен, банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.

Банк конгломератының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк холдингі, сондай-ақ капиталына еншілес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын ұйымдар кірмейді.»;



4) тармақшаның бірінші абзацы «табылатын жағдайларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;

2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

«5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің

сапасын жақсартуға маманданған ұйым

1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымды осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызына ие Ұлттық Банк құрады.

2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым қызметтің мынадай түрлерін:

1) жарғылық капиталды құру үшін акциялар шығаруды, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруды;

2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуды;

3) күмәнді және үмітсіз активтерге, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарына және оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарына бағалау жүргізуді;

4) банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуды;

5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның талап ету құқығын банктерден сатып алған заңды тұлғалардың акцияларына және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестеріне бағалау жүргізуді;

6) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның талап ету құқығын банктерден сатып алған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуды;

7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның талап ету құқығын банктерден сатып алған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізуді;

8) күмәнді және үмітсіз активтері сатып алынған банктер шығарған және орналастырған акцияларға және (немесе) облигацияларға бағалау жүргізуді;

9) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқығын сатып алған банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алуды;

10) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқығын сатып алған банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларын өткізуді;

11) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым заңды тұлғаларға талап ету құқықтары бойынша банктерден сатып алған мүлікті жалға беруді, немесе осындай мүлікті тегін уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануды;

12) ақшаны бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарты негізінде екінші деңгейдегі банкке және Ұлттық Банкке орналастыруды;

13) талап ету құқықтарын және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым сатып алған басқа да күмәнді және үмітсіз активтерді секюритилендіру бойынша операциялар жүргізуді;

14) банктердің, басқа қаржы ұйымдарының, кәсіби сарапшылар мен халықаралық аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың бағалау, сенімгерлікпен басқару және сатып алынған заңды тұлғаларға талап ету құқықтарының және басқа да күмәнді және үмітсіз активтердің құнын қайта құрылымдау және қалпына келтіру (арттыру) бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды жүзеге асырудың тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым банктік қарыз бойынша өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша кредиторлар (қарыз берушілер) деп танылады және оның банк қарыз шартында белгіленген барлық құқықтар мен міндеттері болады.»;

3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап. Банктер мен банк холдингтері үшін тыйым салынған

немесе шектелген қызмет

1. Банктерге банк қызметіне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 9-тармағында, 30-бабының 12-тармағында көзделмеген операциялар мен мәмілелерді кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларды және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен мәміле жасасуды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.

2. Банк холдингтеріне операциялар мен мәмілелерді кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларды және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен мәміле жасасуды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу мынадай жағдайларда:

1) банктер:

қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларды;



қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, онда банк холдингі болған кезде олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызы мөлшерінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларды құрған, сондай-ақ акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларда қолданылмайды. Бұл ретте банк холдингінің болу талабы дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктерге қолданылмайды;

сатып алатын акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он пайызынан аз мөлшерде заңды тұлғаларды;

бағалы қағаздарды банк кепілдігімен шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес-еншілес арнайы ұйымдарды;

Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;

бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері – еншілес ұйымдарды;

айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау, лизингтік қызметті жүзеге асыру болып табылатын еншілес ұйымдарды;

төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысуға қатысушылардың арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдарды;

электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дәйекті болуын растау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды;

осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғаларды;

кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе осы ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде заңды тұлғаларды;

қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржалары мен орталық депозитарииді;

кредиттік бюроларды;

ислам банкі осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асырғанда - өзге де заңды тұлғаларды;



2) банк холдингтері:

қаржы ұйымдарын;

екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын оларды басқару және (немесе) одан кейін сату, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттерін-ұйымдарды;

бағалы қағаздарды банк холдингінің кепілдігімен шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденттері емес-арнайы ұйымдарды;

Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларын;

айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау, лизингтік қызметті жүзеге асыру болып табылатын ұйымдарды;

төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысуға қатысушылар арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдарды;

банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғаларды құрған, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін банк немесе банк холдингі сатып алған жағдайларда қолданылмайды.

Банктің еншілес ұйымдары, осы Заңның 11-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Банк холдингінің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сақтандырушыға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымдардың және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымдардың акцияларын (қатысу үлестерін) да сатып алуға құқылы.



Банк холдингінің еншілес ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Банк холдингінің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтандырушыға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымдардың акцияларын және дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымдардың акцияларын (қатысу үлестерін) да сатып алуға құқылы. Бұл талап:

Қазақстан Республикасының резиденті -еншілес банктерге;

көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасы резиденті банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы банк холдингі бас ұйымы болып табылатын заңды тұлғаларға;

мынадай талаптардың бірін орындаған кезде:

банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтінгті агенттіктердің бірінің А рейтінгінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтінгі, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығын білдіретін олар шыққан елдің қаржы қадағалау органының жазбаша растауы болған;

банк холдингінде А рейтінгінен төмен, бірақ тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтінгті агенттіктердің бірінің Қазақстан Республикасына берілген шетелдік валютадағы егемен рейтінгінен төмен емес дербес кредиттік рейтінгі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде банк холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінің еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды.

4. Банктің осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға банктің меншікті капиталының он пайызынан аспауға тиіс. Бұл шектеу банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерін не көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын иеленуіне, оның ішінде оларды құру жағдайларына да қолданылады.

Банктің осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мөлшерден аспауға тиіс.

5. Банктің қаржы ұйымдарының, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес–заңды тұлғалардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызы мөлшерінде сатып алуына және иеленуіне банк уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өз капиталының ең төменгі жеткіліктілігіне қойылатын қосымша талаптарды банк орындаған жағдайда жол беріледі. Бұл талап банк көрсетілген заңды тұлғаларды құрған жағдайларға да қолданылады.

6. Банк конгломераты, банк немесе банк холдингі бас ұйымының банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін лимиттерден аспауға тиіс.

7. Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктердің осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алған кезде банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының он пайызынан аспауға тиіс.

Акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі, банк кепіл ретінде қабылдаған осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттармен құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымына беру жағдайларын қоспағанда, он екі айдан аспауға тиіс.

Осы тармақта белгіленген шектеулер, банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған жағдайларда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымын қоспағанда, банктердің еншілес ұйымдарына қолданылады.

8. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу:

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын;

талап етілетін ең төменгі рейтингі бар облигацияларды меншікке сатып алу жағдайларына қолданылмайды. Талап етілетін ең төменгі рейтинг пен рейтингті агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;

Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын арнайы қаржы компаниясының банк немесе банк холдингі мен арнайы қаржы компаниясы арасындағы секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру шеңберінде шығарылған облигацияларын;

банктің немесе банк холдингінің меншікті облигацияларын және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигацияларды меншікке сатып алу жағдайларына қолданылмайды. Мұндай облигациялармен мәмілелер жасасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Осы бапта белгіленген шектеулер ұйымның бұдан бұрын шығарылған облигациялары бойынша міндеттемелері осы ұйымның қайта құрылымданатын міндеттемелерінің тізбесіне енгізілген жағдайда банктің, банк холдингінің бұдан бұрын сатып алған облигацияларының орнына қайта құрылымдау процесіндегі ұйымдардың облигацияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.

9. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметтен басқа банктер мынадай қызмет түрлерімен:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етілімді іске асырумен;

2) ақпарат жеткізгіштің кез келген түрінде банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi арнайы әдебиеттi өткізумен;

3) өз мүлкін өткізумен;

4) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығарумен, сатумен және таратумен;

5) банкаралық клирингті (төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке алынуын жүргізу және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың айқын позицияларын анықтау) жүзеге асырумен;

6) электронды ақшаны шығару, өткізу, сатып алу және өтеу, электрондық ақшамен операциялар жасау жөніндегі ақпаратты жинау және өңдеу бойынша қызмет көрсетумен;

7) қарыз алушылар кепiлге қойған мүліктi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен өткізумен;

8) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен;

8) банк қызметiне байланысты мәселелер бойынша не облигация ұстаушылардың өкілі ретінде басқа тұлғалардың мүдделерiн бiлдiрумен;

10) банктік және қаржылық қызмет саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқуды ұйымдастырумен;

11) электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы болған кезде оның көрсетілетін банктік қызметтерін пайдаланатын өз клиенттеріне қатысты тіркеу куәлігінің дәйекті екенін растау жөніндегі қызметпен;

12) банк пен Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларының арасында олардың атынан сақтандыру шарттарын және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу шарты болған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру шарттарын жасасумен, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасумен айналысуға құқылы.



10. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызметтен басқа, банк холдингтері мынадай қызмет түрлерiмен:

1) банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғадан өз мұқтажы үшін иеленген мүлікті сатып алумен;

2) қаржылық қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен;

3) меншікті мүлкін банк холдингімен айрықша қатынасы жоқ тұлғаға сатумен айналысуға құқылы.



11. Банктер мен банк холдингтеріне «алтын акция» шығаруға тыйым салынады.

12. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктер қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тек қана бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасайды.

13. Осы баптың талаптары:

1) ислам банктерінің банк холдингтеріне;

2) көрсетілген банктің акцияларын тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті банк холдингінің акцияларын немесе қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы банктің акцияларын жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне;



3) мынадай талаптардың бірін орындаған кезде:

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес-тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды.»;

4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

«8-1-бап. Мәмілелер жасасу кезінде банктерге қойылатын шектеулер

1. Банк:

банк конгломератына қатысушылар болып табылатын тұлғаларға берілетін банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін;

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін талаптарға мөлшері мен түрі сәйкес келетін, қамтымы бар банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін;

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын, қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгілері жоқ тұлғаларға берілетін банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін қоспағанда, осы Заңның 40-бабына сәйкес айқындалатын, өзімен ерекше қатынаста болатын тұлғаларға банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес.

2. Банк заңды тұлғаға (Қазақстан Республикасының резидентіне және резиденті емеске), егер ол мынадай талаптардың біріне сәйкес келмесе:

1) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлесінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамымен дауыс беру мүмкіндігі бар немесе осындай тұлғаға бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлға туралы ақпарат болса;

2) жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлесінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамымен дауыс беруге мүмкіндігі бар жеке тұлғалар туралы ақпарат болса;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы жай акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) соңғы меншік иелеріне дейін жай акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын иеленетін заңды тұлға акцияларының барлық меншік иелері туралы ақпарат болса;

4) талап етілетін ең төменгі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган не шет мемлекет бақылайтын заңды тұлға болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;

5) уәкілетті орган белгілеген тізбеге кіретін халықаралық ұйым болып табылса;



6) уәкілетті орган белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар ұйым болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес. Ең төменгі талап етілетін рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;

7) осы тармақтың 4) – 6) тармақшаларында көрсетілген, жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамымен дауыс беру мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат болса;

8) инвестициялық қордың басқарушы компаниясы, сондай-ақ осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, аталған инвестициялық қордың акционерлері (пайшылары) болып табылатын және заңды тұлғаға бақылау жасауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат болса;

9) құпиясын ашу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін ақпараты бар заңды тұлға болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес.

3. Осы баптың 2-тармағының талаптары шамасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын мөлшерден аспайтын банктік қарыздар мен банк кепілдіктеріне қолданылмайды.



Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі, есеп айырысу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін мөлшерден аспауға тиіс.

4. Құны банктің меншікті капиталының он пайызынан асатын активтерді банктің директорлар кеңесінің осы мәмілені алдын ала бекітуінсіз банкке кепілге немесе ауыртпалықтың өзге де нысанына беруге тыйым салынады.»;



5) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«11-1-бап. Банктер мен банк холдингтерінің еншілес ұйымдары

және банктер мен банк холдингтерінің капиталға

қомақты қатысуы

1. Банк және банк холдингі өздеріне осы Заңның 8-бабымен берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құра алады немесе иелене алады.

Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатын алу жөніндегі талап көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резиденті - банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне қолданылмайды.



Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

2. Банктер еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге, сондай-ақ капиталға қомақты қатысуға құқылы емес.

Банктің еншілес ұйымына:



1) осы Заңның 8-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулерді сақтаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін кепіл ретінде қабылдаған жағдайда олар банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар,;

2) жарғылық капиталына банктің қатысуы осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптар негізінде құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде қабылданатын шешімге ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғалар;

3) акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін осы Заңның 52-9-бабында белгіленген банктік операцияларды жүзеге асырған кезде ислам банкі сатып алған заңды тұлғалар жатады.

3. Банк холдингтерінің еншілес ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес банктерді қоспағанда, еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.

4. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар:

1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғыны бекіту туралы шешім;

2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құру немесе оны сатып алу туралы шешімі;

3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;

4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және үлестес тұлғалар туралы мәліметтерді қоса берілуі қажет.

Банкте банк холдингі болмаған жағдайда:

     осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;

егер көрсетілген ұйымдардың директорлар кеңесі, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат;



5) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;

6) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындау мүмкіндігін болғызбауына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпарат;

7) банктің және (немесе) банк холдингінің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол сатып алатын акциялардың саны және акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) алдын ала ақы төлеу мөлшері туралы ақпарат;

8) аудиторлық ұйымның есебі және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігі;



9) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

10) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте қамтылмаса), сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның сатып алынатын акцияларының саны туралы, еншілес ұйымды сатып алу талаптары мен тәртібі туралы ақпарат;



11) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын заңды тұлға туралы:

заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;

банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;

банк және (немесе) банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;

заңды тұлғаның (банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;

банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер қоса ұсынылуы қажет;

Бұл талап банк және (немесе) банк холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын жағдайларға қолданылады.

12) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттар;



13) еншілес ұйымды құрғаннан немесе сатып алғаннан кейін банктің және (немесе) банк холдингінің және еншілес ұйымның болжамды есеп айырысу теңгерімін қоса алғанда, банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруының, сатып алуының қаржы салдарына жүргізілген талдау, сондай-ақ бар болса, жоспары және банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымының активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару жөніндегі қызметіне елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстары;

14) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде еншілес ұйымды бақылауды сатып алу көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса берілуі қажет.



5. Банк және (немесе) банк холдингі соңғы аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде қызметі шығынсыз болған жағдайда және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтаған, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға құқылы.

6. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:

1) рұқсат алуға қажетті құжаттардың ұсынылмауы;

2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;

3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 20-бабы 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;



4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;

5) еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;

6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;



7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ банктің және банк холдингінің пруденциалдық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;

8) өтініш берілген күнгі және құжаттарды қарау кезеңінде банкке және (немесе) банк холдингіне және сатып алынуы болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданыстағы ықпал етудің шектеулі шарасының және (немесе) санкцияның болуы;

9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе сатып алған жағдайда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері – банк немесе сақтандыру холдингінің, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға қатысты талаптарды сақтамауы негіз болып табылады.

7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.

Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

8. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

9. Қазақстан Республикасының резиденті емес - банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - ұйым уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария болмауға тиіс.

10. Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның рұқсаты болмаған кезде басқа заңды тұлғаға бақылау жасау белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі өздеріне тиесілі заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бақылау жасау белгілері туындаған немесе уәкілетті орган аталған бұзушылықты анықтаған кезден бастап алты ай ішінде олармен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.

11. Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.

Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резиденті банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне қолданылмайды.

Ислам банкі үшін, егер ол өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша акцияларды (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) сатып алса, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға уәкілетті орган рұқсатының болуы талап етілмейді.

Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның алдын ала келісімін алмастан ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі өздері капиталына қомақты қатысатын ұйымның оларға тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) банкпен және (немесе) банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және алты ай ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.

12. Капиталға қомақты қатысуға рұқсат алуға берілетін өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10)) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып табыс етіледі.



Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

13. Уәкілетті орган:

1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;

2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың органдары шешім қабылдаған, не сот көрсетілген ұйымдардың қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен тоқтату туралы шешім қабылдаған;

3) банкте және (немесе) банк холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;

4) банк және (немесе) банк холдингі ұйымға тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеліктен шығарған;

5) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алады.

Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат қайтарып алынған жағдайда банк және (немесе) банк холдингі көрсетілген ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) алты ай ішінде осы банкпен немесе банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

14. Осы баптың талаптары:

1) банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптар негізінде еншілес ұйымды құру (сатып алу) жағдайына;

2) мына талаптардың бірін орындаған кезде:

банк холдингінде, банк холдингінің белгілеріне ие тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған түрде қадағалануы тиіс екендігі туралы жазбаша растауы болған;

банк холдингінде, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпарат алмасу туралы келісімі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместердің еншілес немесе тәуелді ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резидент еместерін құрған немесе сатып алған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды.»;

6) 1-тарау мынадай мазмұндағы 11-2-баппен толықтырылсын:

«11-2-бап. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын

банктердің еншілес ұйымдары

1. Банк өзіне осы Заңның 8-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды төлеу үшін пайдаланылатын ақшаны қоспағанда, өз қызметінен алынған ақшаны бас банкке аударуға міндетті.

3. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібі, сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйымдардың басқару мерзімі, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

4. Банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы:

1) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға;

2) жылжымайтын мүлікті және (немесе) күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу бойынша кепілге салынған мүлікті өндіріп алуды айналымға жіберу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын сатып алуға;

3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталдағы үлестерін сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтер бойынша кепіл (кеңшілік жасау немесе қамтамасыз ету ақысы) ретінде қабылдаған жағдайда оларды сатып алуға;

4) күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша сатып алынған кепіл (кеңшілік жасау ақысы немесе қамтамасыз ету) ретіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеусіз уақытша пайдаланудың өзге де нысанында пайдалануға;

5) сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының немесе уәкілетті органның құқықтық нормативтік актісінде белгіленген өзге де активтердің сапасын жақсарту мақсатында өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.



5. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға арналған рұқсатты алуға берілетін өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ:

1) еншілес ұйымға берілуге жататын (берілген) күмәнді және үмітсіз активтер туралы ақпарат;

2) еншілес ұйымды сатып алған жағдайда тиісті өтініш берудің алдындағы соңғы аяқталған тоқсан үшін еншілес ұйымның қаржылық есептілігі;

3) оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша бизнес-жоспар мен іс-шаралар жоспары қоса берілуге тиіс.

6. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:

1) осы Заңның 11-1-бабы 6-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер;

2) еншілес ұйымға берілетін күмәнді және үмітсіз активтердің осы баптың 4-тармағының талаптарына және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі негіз болады.

7. Бас банктен алынған банктік қарыз шарттарының талап ету құқықтары бойынша банктердің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдары банктік қарыз операциялары жөніндегі кредиторлар (қарыз берушілер) болып танылады және талап ету құқығын бас банк еншілес ұйымның пайдасына берген банк қарызы шартында белгіленген бас банктің барлық құқықтарына ие болады.

8. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым бас банк берген күмәнді және үмітсіз активтерді басқару мерзімі аяқталғанға дейін осы активтерді өткізуге міндетті. Осы активтерді өткізбеген жағдайда олар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен бас банкке қайтарып берілуге тиіс.

9. Күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйымның басқару мерзімі аяқталғаннан кейін үш ай ішінде уәкілетті орган берілген құжатты қайтарып алады.

Рұқсатты қайтарып алған жағдайда осы Заңның 11-1-бабының 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген салдар басталады.»;

7) 16-бапта:



1-тармақтағы «2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында» деген сөздер «2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек қана ақшамен төленуге тиіс. Осы талап мынадай:

1) банктің акцияларын банк кредиторлары арасында орналастырған және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу арқылы оларды төлеген;

2) бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде банктің акцияларына айырбастаған;

3) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банктің акцияларын төлеген жағдайларда банктерге қолданылмайды.

Осы тармақта көзделген жағдайларда банк акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді.»;


8) 17-1-бапта:

1-тармақтың бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған билік ете алмайды, сондай-ақ банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан да көп пайызы мөлшерінде банк қабылдайтын шешімді бақылау немесе оған ықпал ету мүмкіндігіне ие бола алмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;

«Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын өзіне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны банктің бұрын сатып алған және сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.»;

мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:



«1-1. Өзі орналасқан елдің шоғырландырылған қадағалауына жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі бола алады.»;

«2-1. Мыналарды:

мемлекетті немесе ұлттық басқарушы холдингті;


жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау