Жол саласы



жүктеу 141,48 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі141,48 Kb.
#1048

Құрылыс басқармасының басшысы К. Орашовтың 2015 жылдың қорытындысы бойынша есептік баяндамасы

Құрметті Бейбіт Бәкірұлы !

Құрметті мәжіліске қатысушылар !

Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасының миссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс аумағында құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Міндеті әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық және тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық маңызы бар инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады.

Басқармада бекітілген штат бойынша мемлекеттік қызметкерлер саны 50, құрылымы 8 бөлімнен тұрады. (Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы №28 қаулысы бойынша 50 бірлік). (Қазіргі таңға, 2016 жылдың 18 қаңтардағы облыс әкімдігінің №13 қаулысына сәйкес 39 бірлік болып бекітілді).

(1-слайд). Бөлімдердің негізгі атқаратын қызметтері:

Әкішілік бөлімі – басқарманың сырқты және ішкі құжатайналымын қамтамасыз етеді, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады.

Жоспарлау және талдау бөлімі – бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша талдау және іске асыру жұмыстарын ұйымдастырады.

Әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімі - инжинирингтік компаниялармен және аудан, қала әкімдіктерімен құрылысы жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы мен өндірістік күнтізбелік кестесінің сақталуына бақылау жасайды, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шара ұсынады, басқарма тапсырысшы болып табылатын нысандар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарында орындалған жұмыстардың нақты көлемін қабылдайды, басқарма тапсырысшы болып табылатын нысандарды (кешендерді) пайдалануға қабылдауды ұйымдастырады.

Тұрғын үй және инженерлік коммуникациялар құрылысы бөлімі - облыстың аудандары мен қалаларындағы тұрғын үй және инженерлік коммуникациялар нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеге сай жүргізілуін техникалық қадағалау мекемелерімен бірлесіп үйлестіреді, құрылыс жұмыстары физикалық көлемінің индексі бойынша мониторинг жүргізеді.

Заң бөлімі - сотта, басқа да ұйымдарда басқарманың мүдделерін білдіреді, нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады.

Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру бөлімі- мемлекеттік сатып алу жөніндегі хабарландыруларды веб-порталға орналастырады, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді.



Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімі- қаржыландыру жоспарларын әзірлейді, бюджеттің атқарылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Жобалар мен сараптамаларға мониторинг жүргізу бөлімі-құрылыстарды салу, кеңейту бойынша жобалық-сметалық құжаттардың әзірленуін ұйымдастырып, мониторинг жүргізеді.

Өткен 2015 жылы құрылыс басқармасының жұмысы келесі негізгі бағыттарда атқарылды:

1. Әлеуметтік нысандар құрылысы

2.Тұрғын үй және инженерлік коммуникациялар құрылысы



(2-слайд). Бюджеттік бағдарлама әкімшісі арқылы 231 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 156 нысан пайдалануға тапсырылды. 75 нысан 2016 жылға жоспарлы өтпелі.

Бірінші бағыт, әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізу мақсатында 2015 жылы 33,1 млрд.теңге бөлінді (2014 ж. – 47,9 млрд. теңге) (3-слайд).

Нәтижесінде 175 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, жоспардағы 121-і пайдалануға тапсырылды (2014ж.- 244 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, жоспардағы 135 нысан пайдалануға тапсырылды).

Атап айтқанда: тапсырысшы құрылыс басқармасы бойынша 57 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 51-і тапсырылды (4-слайд).

- облысымыздың барлық аудан, қалаларында 14 кәсіпкерлік мектептер мен Шымкент қаласындағы облыс әкімдігі ғимаратының және аталған ғимараттың телекоммуникациялық жүйесінің құрылыстары пайдалануға тапсырылды (5-слайд);

- білім саласында 5 нысан құрылысы жүргізіліп, тапсырылды. Айта өткенде, Сарыағаш ауданындағы мамандандырылған мектептің жатын корпусы, Төлеби ауданындағы мектеп интернаттың жатын корпусы, Түркістан қаласындағы профильдік лицейдің оқу,шеберхана, акт зал, спорт зал және асхана, Шымкент қаласындағы саз колледжінің концерт залы мен аграрлық коледжінің оқу өндірістік базасы (6-слайд);

- мұрағат, мәдениет, спорт саласында 5 нысан құрылысы жүргізіліп, тапсырылды. Айта өткенде, Шымкент қаласындағы «Нұрсат» шағын ауданындағы мұрағат ғимараты, көркем галереяның көрме залы, тарихи-мәдени аймақ, көркем гимнастикаға арналған спорт кешені, Бадам су қоймасындағы оқу жаттығу базасы.

- денсаулық сақтау саласында 26 нысан құрылысы жүргізіліп, 24 тапсырылды. Айта өткенде, 1-дәрігерлік амбулатория, 11-медициналық және акушерлік пункт, 2-емхана, 1-жедел жәрдем ауруханасының қосымша құрылысы, 11-өзге де құрылыстары жүргізіліп, өтпелі 1 емхана мен 1 жедел жәрдем ауруханасының қосымша құрылысынан басқалары тапсырылды (7-слайд).

- ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау саласында 3 нысан құрылысы жүргізіліп, Мақтарал ауданындағы тұрмыстық қалдықтар полигонықұрылысы тапсырылды. Созақ және Бәйдібек аудандарындағы су қоймаларының құрылысын ағымдағы жылы аяқтау жоспарда.

- Түркістан қаласындағы психоневрологиялық мекемесіне тұрғын корпус пен Шымкент қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысын ағымдағы жылы аяқтау жоспарда (8-слайд).

Тапсырысшы аудан, қалалар бойынша 118 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 70-і тапсырылды.

- білім саласында 99 нысан құрылысы жүргізіліп, 61 тапсырылды. Айта өткенде, Бәйдібек-3, Қазығұрт-6, Мақтарал-3, Ордабасы-3, Сарыағаш-14, Сайрам-3, Созақ-4, Түлкібас-4, Төлеби-3 аудандары мен Арыс-1, Кентау-1, Түркістан-3, Шымкент-13 қалаларында білім нысандарының құрылысы тапсырылып, Бәйдібек-1, Қазығұрт-6, Мақтарал-8, Сарыағаш-3, Сайрам-3, Созақ-1, Түлкібас-4, Төлеби-4, Шардарада-1 аудандары мен Арыс-2, Кентау-1, Түркістан-1, Шымкент-3 қалаларында білім нысандарының құрылысын ағымдағы жылы тапсыру жоспарда (9-слайд).

- мәдениет, спорт салаларында 19 нысанның құрылысы жүргізіліп, 9 тапсырылды. Айта өткенде, Бәйдібек-1, Қазығұрт-1 аудандары мен Арыс-1 қаласындағы мәдениет үйлері тапсырылып, Шардара-1, Сарыағаш-7 аудандарындағы мәдениет үйлерін ағымдағы жылы тапсыру жоспарда. Бәйдібек-1, Сарыағаш-1, Түлкібас-1 аудандары мен Арыс-1, Шымкент-2 қалаларындағы спорт нысандары тапсырылып, Шардарада-1 мен Түркістандағы-1 спорт нысандарын ағымдағы жылы тапсыру жоспарда.

Құрылыс барысындағы орын алып отырған кемшіліктер бойынша, облыстық құрылыс басқармасы бюджеттік әкімші болып табылатын, құрылысы 2015 жылы басталып 2016 жылға өтпелі нысандар Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Созақ, Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Шардара, Сарыағаш, аудандары мен Арыс, Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларында құрылыс нормалары бұзылған. Құрылысты ұйымдастыру жұмыстары және құрылыс жүргізу құжаттары (құрылыс жүргізу журналдары уақтылы толтырылмаған немесе арналмаған, құрылыс жүргізу жоспары жоқ және т.б) тиісті дәрежеде орындалмауда.

Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Созақ, Түлкібас, Сарыағаш, Шардара аудандары мен Арыс, Кентау, Түркістан, Шымкент қалаларында нысандарда жұмыстардың сапасыз (кірпіш қалануы, бетон құйылуы, қазандықтарды нығыздау және т.б) орындалғаны анықталды.

Түлкібас, Төлеби аудандары мен Арыс, Түркістан, Шымкент қалаларында нысандарда 2015 жылғы өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс жұмыс түрлері аяқталмаған және де кейбіреулерінде жүргізілмеген.

Аталған кемшіліктер нысандарға тапсырысшы және техникалық қадағалаушы мекемелер тарапынан тиісті бақылаудың болмағанынан орын алып отыр.

Тапсырысшы тарапынан келісім-шартқа сәйкес инжинирингтік қызмет көрсету мекемелеріне тиісті шара (айыппұл, келісім шартты бұзу, жосықсызға беру және т.б) көрілмеген.

Анықталған бірқатар кемшіліктерге тоқталып өтсек, Сарыағаш ауданында 2015 жылы 8 нысан мерзімінде тапсырылмай, бюджетке аударылатын 99,9 млн. теңге келісім шартты қамтамасыз ету қаржылары мердігерлерге аударылып жіберілген. Жонарық елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы бойынша зертханалық мекеменің оң қорытындысы алынғанмен, ғимарат астындағы топырақтың тығыздалуы барысында топырақтың ылғалдылық нормативі сақталмай, ғимарат 4 сантиметрге шөккен. Түркістан қаласында 280 орындық бала бақша құрылысын жүргізу барысында инженерлік жүйедегі колодецтің сапасызын(қолдан құйылған), технологияға сәйкес келмейтінін қолдануда.Түлкібас ауданында 2 мектеп құрылысында сыртқы сылақтары түсіп, бір нысанында асхана бөлмелерінің едендері отырған. Зертханалық мекеменің оң қорытындысы алынғанмен, алдағы уақытта ғимараттың шөгуіне әкеліп соғу қауіпі бар. Аудан, қалалардағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша, кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша ұсыныстар берілді.

Облыс көлемінде зертханалық мекемелердің тиісті дәрежеде жұмыс істемеуіне байланысты, құзырлы органдарға тапсырма берілуін ұсынамыз.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, 2015 жылы облыстық құрылыс басқармасы бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылатын әлеуметтік нысандар құрылысына аудан және қалалардың жергілікті жұмыспен қамту орталықтарынан 1060 орынды қамту жоспарланып, 1320 жергілікті тұрғын маусымдық жұмыспен қамтылды (10-слайд).

Екінші бағыт, тұрғын үй және инженерлік коммуникациялар нысандарының құрылысын жүргізу мақсатында 2015 жылы 13,8 млрд.теңге бөлініп, игерілді. (2014 ж. – 16,9 млрд. теңге) (11-слайд).

Нәтижесінде 56 нысанның (40 нысан-74 тұрғын үй, 15 нысан- инженерлік жүйе, 1 нысан-абаттандыру) құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, жоспардағы 35 нысан (25 нысан-39 тұрғын үй, 9 нысан-инженерлік жүйе, 1 нысан абаттандыру) пайдалануға тапсырылды. (2014ж.- 62 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, жоспардағы 19 нысан пайдалануға тапсырылды) (12-слайд).

«Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының» құрылыс саласына қатысты индикатордың бірі – «Құрылыс жұмыстары физикалық көлемінің индексі». Индикатор межесі облыс бойынша 90% болып белгіленген. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін атқарылатын құрылыс жұмыстарының көлемі – 180,0 млрд. теңге.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 196,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,5% орындалды. Республика бойынша – 5 орын (13-слайд).

Тұрғын үйді тапсыруға жоспарланған 405,5 мың ш.м. бойынша 445,0 мың ш.м. (4509 пәтер) тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 109,9%-ға орындалды. Республика бойынша – 8 орын (14-слайд).

Жалпы облыс бойынша барлығы 140 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді (6019 пәтер, 326,6 мың м2).

Оның ішінде:

-74 тұрғын үй бюджет есебінен (3 үй – кредиттік үйлер; 2 үй – жас отбасыларға арналған үйлер; 69 үй – арендалық үйлер) (15-слайд);

- 36 үй – «ҚИК» АҚ-ы арқылы;

- 30 үй – «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ-ы арқылы.

Жыл қорытындысы бойынша 75 тұрғын үй (4253 пәтер, 228,0 мың м2) пайдалануға тапсырылды.

Оның ішінде:

3 – кредиттік үйлер (324 пәтер, 20,3 мың ш.м.),

36 – арендалық үйлер (2357 пәтер, 121,8 мың ш.м.),

36 – «ҚИК» АҚ-ы үйлері (1572 пәтер, 86,0 мың ш.м.).

Сонымен қатар, Шымкент қаласында тұрғын үй комбинаттары арқылы 16 тұрғын үйлердің (656 пәтер, 55,7 мың.м2) құрылысы, жеке инвесторлар арқылы 28 коммерциялық тұрғын үйлердің (1424 пәтер, 121,0 мың.м2) құрылысы жүргізілуде (16-слайд).

Осыған қоса, Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында құрылысы жоспарланған 9 қабатты 8 арендалық тұрғын үйлердің қасбеттеріне Ресейлік жаңа технологиямен шығарылған «Краспан» құрылыс материалын қолдану жоспарлануда. Аталған құрылыс материалдың ұзақ мерзімде қолданылуы, өртке төзімділігі, дыбыс изоляциясының коэффициенті жоғарылығымен ерекшеленеді.

Бюджеттің орындалуы

2015 жылы басқарма арқылы бөлінген даму бюджеті 47,2 млрд. теңгенің игерілгені 47,2 млрд. теңге, немесе 100% құрады.

Оның ішінде: тапсырыс беруші басқарма болып табылатын бағдарламаларға бөлінген 8,7 млрд. теңгенің игерілгені 8,7 млрд. теңге немесе 100 % құрады (17-слайд).

Аудан, қалалар тапсырыс беруші болып табылатын бағдарламаларға 38,5 млрд.теңге бөлініп, игерілгені 38,5 млрд.теңгені немесе 100% құрады.



Қолданылған айыппұлдар, бюджеттік бағдарлама әкімшісі құрылыс басқармасы болып табылатын әлеуметтік нысандар бойынша жалпы 25 нысан бойынша мердігер мекмелерге 28,3 млн. теңге айыппұл салынып, оның 22 нысаны бойынша 10,3 млн. теңгесі өндірілді. Оның ішінде: құрылыс басқармасы тапсырысшы болып табылатын 8 нысанға 5,8 млн. теңге айыппұл салынып өндірілсе, аудан, қала әкімдіктері бойынша 17 нысанға 22,5 млн. теңге айыппұл салынып, 14 нысаннан 4,5 млн. теңгесі өндірілді. Сот ұйғарымы бойынша 1,1 млн. теңге талапкер пайдасына (Кентау қаласы) шешілген. Қалған 3 нысаннан мердігер мекемелерге 16,9 млн. теңгені өндіру бойынша сот процесі өтуде (18-слайд).

Жобалық құжаттамаларды әзірлеу барысында, 5 жобалаушы мекемелерге өз міндеттерін мерзімінде орындамағаны үшін, 341 мың теңге айыппұл салынып өндірілді (19-слайд).



Жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге 2015 жылы 281,9 млн.теңге бөлінді (2014 ж. – 292,3 млн. теңге) (20-слайд).

Нәтижесінде 87 жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп, тапсыруға жоспарланған 37 жобаға қосымша 9 жоба құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды. Қазіргі таңда қаржысы қысқартылған 41 жоба мүмкіншілікке қарай аяқтауды қажет етуде. (2014ж.- жалпы 52 жобадан 39 алынған).

Жалпы алғанда, облыс көлемінде 233 жоба әзірленген. Оның ішінде: 148 жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған (21-слайд).

Жобалардың ішінде 28 типтік (білім саласы) жоба әзірленіп, құрылыстың іске асыру құны 28,8 млрд. теңгені құрады. Айта кететініміз, типтік үлгіде әзірленген жобаларды қайта өңдеу жүргізген жағдайда 30%, яғни аталған 28 жобадан 8,6 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіншілік туындайды. Бүгінгі таңға, 2 жобаны (Қазығұрт, Ордабасы аудандары) қайта өңдеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 660 млн. теңге қаржы үнемделді (22-слайд).

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Бәйдібек би көшесі бойындағы резиденция ғимаратын қайта құру, бұрынғы «Қазақстан» кинотеатрын «Достық үйі» ғимаратына қайта құру, Байтұрсынов көшесі бойындағы онкологиялық диспансеріне қосымша құрылыс жобаларының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды.

Тапсырмалар мен хаттарға тоқтала кетсек, құрылыс саласы бойынша облыс әкімінің 37 хаттамасында берілген 40 тапсырманың, 26-ы орындалып, 11-ің орындалуы тұрақты, 3-і белгіленген мерзімде орындалмады. Оның, 2-объективті, 1-субъективті себептерден. Басқармада барлығы 8341 кіріс құжаттары бірыңғай электронды құжат айналымында (Lotus Notes бағдарламасы) тіркелді (жоғарғы органдардан 2292, мемлекеттік органдардан 5125, заңды тұлғалардан 902). Оның ішінде, өтініштер 396 (заңды тұлғалардан - 374, жеке тұлғалардан – 22). Өтініштер қаралып, 134–і толық және ішінара қанағаттандырылған, 276-сы бойынша түсініктеме берілген, 31 өтініш қатыстылығына қарай басқа органдарға жолданды.

Басқармада жалпы 4917 шығыс құжаттары 100% электронды түрде, негізгі қызмет жөнінде 231, жеке құрам жөнінде 249 және іссапар жөнінде 88, жалпы 568 бұйрық дайындалып, тіркелген. Барлық шығыс құжаттар мен бұйрықтар мемлекеттік тілде дайындалған. Басқарма басшылығы жеке мәселелер бойынша 31 азаматты қабылдады (23-слайд).



Қорытындылай келгенде, өткен жылғы жұмыстардың қарқынын жалғастыру үшін бірқатар жұмыстарды 2016 жылы да атқаруымыз қажет (24-слайд):

- Құрылысқа жаңа технологияны қолдану арқылы пайдалану мерзімін ұзарту және құнын азайту;

- Қазіргі таңдағы экономикалық ахуалды ескере отырып, қолданыстағы сметалық нормаларды талдап, қажет болған жағдайда тиісті өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;

- Құрылыс материалдарының, бұйымдардың, жабдықтың ағымдағы бағаларын мониторингтеу, өңдеу және талдау негізінде сметалық-нормативтік базаны жаңарту;

- Облыс аумағында салу жоспарланған тұрғын үйлердің елді мекендердің бас жоспары (схема) мен тұрғын үй картасына сәйкестігі жағынан база әзірлеу;

- Кәсіпкерлік басқармасымен бірлесе отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде мердігер мекемелермен меморандум түзу жұмыстарын ұйымдастыру;

- Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесе отырып, облыс аумағында құрылысы жүргізілетін нысандардың қас беттерін, ішкі әрлеу жұмыстарын, құрал жабдықтарды бір типке келтіру жұмыстарын ұйымдастыру;

- Құрылыс-монтаж жұмыстарының құрылыс нормаларына сәйкес жүргізілуін күшейту мақсатында, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен бірлескен іс-шара түзу;

- Аудан, қала әкімдіктерімен құрылысы жүргізілетін нысандардың сәулет жоспарлау тапсырмасынан бастап (жер таңдау, инфрақұрылым мәселесі және т.б) әзірленетін құжаттарды облыстық құрылыс басқармасымен келісу жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру.



Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
жүктеу 141,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау