Информационная политика



жүктеу 145,15 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.12.2019
өлшемі145,15 Kb.
#25334


 

 

 

 

 

«

Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ  

ақпарат ашу саясаты 

 

 

 

 

 

 

1. 

Мақсаты 

Осы ақпарат ашу саясаты  (бұдан әрі – Саясат) Қоғам ақпаратын ашудың негізгі 

мақсаттарын, қағидаттарын, формаларын, тәсілдері мен тәрібін анықтайды. 

 

2. 



Әрекет ету аясы 

Осы Саясаттың әрекеті Қоғам қызметінің барлық түрлеріне таралады. Құжат 

Қоғамның  барлық  құрылымдық  бөлімшелерінің,  лауазымдық  тұлғаларының, 

жұмыскерлерінің және басқа мүдделі тұлғаларының қолдануы үшін міндетті болып 

табылады. 

3. 

Жалпы ережелер 

3.1 


Қоғамның  саясаты  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына,  Қоғам 

Жарғысына,  Қоғамның  Корпоративтік  басқару  кодексіне,  қолданылатын 

листингтік талаптарға және Қоғамның өзге ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді. 

3.2 


Саясатты  іске  асыру  шеңберінде  ақпарат  ашудың  ішкі  процедуралары 

Қоғамның  Жарғысына  сәйкес  бекітілетін  Қоғамның  ішкі  нормативтік 

құжаттарымен анықталады. 

3.3 


Осы  Саясат  мемлекеттік  құпия  болып  табылатын  мәліметтермен  жұмыс 

істеумен байланысты қарым-қатынастарды реттемейді.  

3.4 

Саясаттың құрамдас бөлігі ақпараттық қауіпсіздік болып табылады, ол келесі 



міндеттерді орындаумен қамтамасыз етіледі: 

− 

бизнес-процестердің жоғарғы сапасын қолдау мақсатттарында Қоғамның 



ақпараттық активтерінің тұтастығын қамтамасыз ету; 

− 

Қоғамның бизнес-процестерін қолдау үшін оның ақпараттық активтеріне 



қолжетімділіктің үздіксіздігін қамтамасыз ету; 

− 

ақпараттық  технологиялармен  жұмыс істеу  кезінде  Қоғам ақпаратының 



құпиялылығын және өзге тұстарын қамтамасыз ету. 

3.5 


Қоғамның  ақпаратттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етумен  байланысты 

қатынастар  Қоғам  Басқармасы  бекітетін  Ақпараттық  қауіпсіздік  саясатымен 

реттеледі. 



3.6 

Инсайдерлік  ақпаратты  ашу  тізбесі  мен  тәртібі  Директорлар  кеңесі  бекітетін 

Қоғамның  инсайдерлік  ақпаратына  билік  етуге  және  оны  пайдалануға  ішкі 

бақылау қағидаларымен, сонымен қатар қолданылатын листингтік талаптармен 

реттеледі. 

3.7 


Қаржылық  есептілік  депозитарийінің  интернет-ресурсында  міндетті  түрде 

жариялауға жататын ақпаратты ашу тізбесі мен тәртібі, сонымен қатар мерзімдік 

басылымдарда міндетті түрде жариялауға жататын ақпаратты ашу тізбесі мен 

тәртібі Қоғамның жарғысына сәйкес бекітілетін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 

ақпаратын бұқаралық ақпарат құралдарында ашу қағидаларымен реттелді. 

3.8 . 


Өзге ақпаратты ашу Қоғамның бағалы қағаздары айналымда жүрген локалдық 

және халықаралық қор биржаларының қолданылатын листингтік талаптарына 

сәйкес және Қоғамның жарғысына сәйкес бекітілетін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» 

АҚ ақпаратын бұқаралық ақпарат құралдарында ашу қағидаларымен реттелді. 



4. 

Негізгі ұғымдар: 

1) 


Акционер — акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға; 

2) 


Лауазымды  тұлға  –  Қоғамның  Директорлар  кеңеінің  мүшесі,  Қоғам 

Басқармасының мүшесі; 

3) 

ҚБД – Қоғамның Қоғаммен байланыс департаменті; 

4) 


Мүдделі тұлғалар – Қоғам қызметіне қандай да бір шамада мүдделі жеке немесе  

заңды  тұлғалар:  инвесторлар,  әріптестер,  бұқаралық  ақпарат  құралдары, 

мемлекеттік органдар және өзгелер; 

5) 


Құпия  ақпарат–мемлекеттік  құпияларға  жатпайтын,  алайда  оның  үшінші 

тұлғаларға белгісіздігі себепті нақты немесе ықтимал коммерциялық құндылығы 

бар, оған заңды түрдегі қолжетімділікке шектеулі тұлғалар тобы ие және Қоғам 

оның  құпиялылығын  қорғауға  шаралар  қабылдайтын  ақпарат  (соның  ішінде 

таратылуына  шектеу салу қызметтік қажеттілікпен талап етілетін ақпарат); 

6) 


Инсайдерлік  ақпарат  –Директорлар  кеңесі  бекітетін  Қоғамның  инсайдерлік 

ақпаратына  билік  етуге  және  оны  пайдалануға  ішкі  бақылау  қағидаларымен 

анықталғандай маңызы бар; 

7) 


Қоғам – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы; 

8) 


Қоғам  органдары–  Акционерлердің  жалпы  жиналысы  (бұдан  әрі  –  АЖЖ), 

Директорлар кеңесі, Басқарма; 

9) 

Комментарийлер беру–бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрауларына 

ауызша және жазбаша жауаптар беру; 

10)

Ақпарат  ашу–Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен,  Қоғамның 

Жарғысымен,  Қоғамның  корпоративтік  басқару  кодексімен,  қолданылатын 

листингтік  талаптарменжәне  Қоғамның  басқа  ішкі  құжаттарымен  белгіленген 

тәртіпте, тәсілдермен және формаларда, осы ақпаратты алу мақсаттарына тәуелсіз 

барлық мүдделі тұлғаларға ақпараттың қолжетімділігін қатамасыз ету; 

11)


Бұқаралық  ақпарат  құралдары–мерзімдік  баспасөз,  теле-,  радиоарна, 

кинодокументалистика,  аудиобейне  жазбасы  немесебұқаралық  ақпаратты 

көпшілікке  мерзімдік  және  үздіксіз  таратудың  өзге,  интернет-ресурстарды  қоса 

алғандағы, формасы; 

12) 

ИЖБ – Қоғамның инвесторларымен жұмыс істеу басқармасы; 

13) 



Қоғамның  бағалы  қағаздары  –биржада  сатылатын  немесе  сауда-саттыққа 

жіберілген  бағалы  қағаздар,  акцияларды,  облигацияларды  немесе  депозитарлық 

 



қолхаттарды және оларды білдіретін басқа да ұқсас бағалы қағаздарды қоса және 

шектеулерсіз. 



5. 

Саясатың мақсаттары 

Қоғам ақпаратты келесі мақсаттарда ашады: 

акционерлердің  ақпарат  алу  құқықтарының  Қазақстан  Республикаларының 

заңнамасымен,  Қоғамның  Жарғысымен  және  қолданылатын  листингтік 

талаптармен анықталған тәртіпте толығымен іске асырылуы; 

мүдделі тұлғалар үшін Қоғам қызметінің маңызды аспекілерінің мөлдірлігін 

қамтамасыз ету; 

Қоғамның тиісті корпоративтік басқару стандарттарын ұстануға дайындығын 

растау; 

Қоғамның оң имиджін қалыптасттыру және қолдау. 

 

6. 

Саясаттың қағидаттары 

Саясатты іске асыруда Қоғам келесі қағидаттарды басшылыққа алады: 



мөлдірлік  –  акционерлерге  және  өзге  мүдделі  тұлғаларға  толық  және  шынайы 

ақпарат ашу; 



қолжетімділік – ашылатын ақпаратқа акционердің және өзге мүдделі тұлғалардың 

еркін, жеңіл және анағұрлым шығынсыз қолжетімділігін қамтамасыз ететін ақпарат 

тарату арналарын пайдалану;  

 

теңгерімділік–акционерлердің  және  өзге  мүдделі  тұлғалардың  ақпарат  алу 

құқықтарын барынша іске асыру мақсаттарында, алайда Қоғам мүдделерін қатаң 

сақтау  шартымен,  бір  жағынан,  ақпаратты  ашу  мен  мөлдірліктің  орынды  тепе-

теңдігін, екінші жағынан, құпиялылығын қамтамасыз ету

 

ақпаратты қорғау– ақпаратты ашу және (немесе) беру тәртібін бұзу нәтижесіндегі 

материалдық және материалдық емес залалды болдырмау; 

 

бірізділік  –  Қоғам  ашатын  ақпарат  ұқсас  немесе  өзара  байланысты  сұрақтарға 

қатысты бұрын ашылған ақпаратпен барлық елеулі жақтары бойынша бірізді болуы 

тиіс; 

 

құжаттармен  беркітілгендік–ашылатын  ақпарат  құжаттарға  және  шынайы 

оқиғаларға негізделген болуы тиіс; 

 

тиімділік – акционерлерге және өзге мүдделі тұлғаларға ақпарат ашудың барынша 

қысқа мерзімдерін қамтамасыз ету; 

 

теңдік–заңнамамен  және  Қоғамның  ішкі  құжаттарымен  қарастырылған 

жағдайларды  қоспағанда,  барлық  акционерлер  және  өзге  мүдделі  тұлғалар  үшін 

ақпарат алуда тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; 

 



 


толықтық–құпия  ақпаратты  қоспағанда,  акционерлер  мен  өзге  мүдделі 

тұлғалардың  істің  шынайы  жағдайлары  туралы  анағұрлым  толық  пікір 

қалыптастыруы үшін елеулі және қажетті болып табылатын фактілерді жасырмай 

ақпарат беру; 

 

объективтілік–  өз    қызметі  туралы  мәлімдеген  кезде  Қоғам  өз  қызметі  туралы 

акционерлер  мен өзге  мүдделі  тұлғалар  үшін елеулі  болып  табылатын негативті 

ақпаратты ашудан жалтармауы тиіс; 

 

ақпараттық  ресурстарды  қорғау–Қоғамның  құпия  ақпарат  пен  инсайдерлік 

ақпаратты қорғаудың барлық заңды тәсілдері мен құралдарын пайдалану құқығы; 

 

жүйелілік–акционерлерге және өзге мүдделі тұлғаларға үнемі және жүйелі түрде 

заңнама  талаптарына  және  Қоғамның  ішкі  нормативтік  құжаттарына  сәйкес 

ақпарат ашу; 

 

іске көзқарас- Қоғам ашатын ақпараттың Қоғам қызметіне қатысы бар болуы тиіс;  

 

шынайылық–акционерлерге  және  өзге  мүдделі  тұлғаларға  ақпаратты  Қоғамға 

белгілі фактілерді бұрмалаусыз ұсыну; 

 

байланыстылық –Қоғам ашатын ақпарат оны пайдалануға және хронологиялық 

тәртіпте  талдауға  болатындай  бірдей  тәсілдер  мен  қағидаттарды  қолданумен 

құрастырылуы тиіс. 

 

7. 



Саясатты іске асыру 

  

 



7.1  

Саясатты іске асыру үшін Қоғам: 

 

− 

Заңнама  талаптарына,  Қоғам  Жарғысына,  Корпоративтік  басқару 



кодексіне, қолданылатын листингтік қағидаларға және Қоғамның ішкі 

құжаттарына сәйкес ашылуы міндетті ақпаратты (мәліметтерді) есепке 

алуды жүргізеді; 

− 

Ақпаратты ашу тәртібін белгілейді; 



− 

Жариялануы  (берілуі,  жылыстауы)  Қоғам  мүдделеріне  залал  келтіруі 

мүмкін  мәліметтердің  тізбесін  анықтайды  және  құпия  ақпараттың 

сақталуын қамтамасыз етуге ықпал ететін қажетті шаралар қабылдайды; 

− 

ақпарат  ашу  тәсілдерін,  формаларын  және  тәртібін,  ашуға  жататын 



ақпаратты  дайындауға  және  таратуға  жауапты  тұлғаларды  анықтау 

арқылы  Қоғам  туралы  ақпараттың  таратылуын  бақылау  жүйесін 

белгілейді; 

− 

Қоғам  туралы  ақпараттың  тиісті  түрде  ашылуын  қамтамасызетуүшін 



және  құпия  ақпараттың  сақталуына  Қоғам  органдарының,  лауазымды 

 



 


тұлғаларының және жұмыскерлерінің құзыретін және жауапкершілігін 

анықтайды; 

− 

Осы  Саясатты  іске  асыру  үшін  қажетті  шараларды  қамтамасыз  ету 



мақсатында  ақпараттық  коммуникациялық  технологиялар  арқылы  

Қоғам  ішінде  де,  сол  сияқты  одан  тысқары  да  берілетін  ақпаратты 

бақылауды  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  бірыңғай  ақпараттық 

өріс қалыптастырады. 

7.2  

Акционерлердің талабы бойынша Қоғам оған «Акционерлік қоғамдар туралы» 



Қазақстан  Республикасы  Заңының  80-бабымен  және  Қоғамның  Жарғысымен 

қарастырылған  құжаттардың  көшірмесін  беруге  міндетті.  Құжаттарддың 

көшірмесін  бергендігі  үшін  Қоғам  алатын  ақыны  Қоғам  белгілейді  және  ол 

оларды  дайындауға  және  акционерге  жеткізуге  жұмсалған  шығыстардан 

асырыла  алмайды.  Қоғамталап  етілген  ақпаратты  (талап  етілген  ақпараттың 

көшірмесін)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  және  Қоғамның  ішкі 

құжаттарына сәйкес, акционер өтініш жасаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік 

күн  ішінде ұсынуға міндетті. 

7.3 .

Қоғамдағы  ағымдағы  жағдай  туралы  қосымша  мәліметтер,  түсіндірулер  мен 



ресми комментарийлер беру, Қоғам қызметіне қаржылық талдау жүргізу үшін 

қажетті  ақпараттыұсыну,  ойластырылған  инвестициялық  шешімдер  қабылдау 

жолымен  өз  жұмысын  Корпоративтік  басқару  кодексінің  базалық 

қағидаттарына  негіздей  отырып,  Қоғам  инвестициялық  тартымдылықты 

жоғарылату  үшін  акционерлермен  және  өзге  мүдделі  тұлғалармен  тұрақты 

тікелей диалогты қолдауға ұмтылады. 

7.4 

.  Акционерлерге  және  өзге  мүдделі  тұлғаларға  арналған  белгілі  бір  ақпарат, 



тұсаукесерді, Қоғамның қарауына қарай қайсыбір қаржылық және операциялық 

ақпаратты  қоса,  мемлекеттік,  орыс  және  ағылшын  тілдерінде  Қоғамның 

Интернет желісіндегі www.kazatomprom.kz корпоративтік интернет-ресурсында  

«Инвесторларға» тарауында орналастырылады. 



8. 

Ақпараттты ашу тәсілдері мен формалары  

8.1  


Ақпаратты  ашу  формаларын  Қоғам  барлық  мүдделі  тұлғалардың  ашылатын 

ақпаратқа еркін және орынды шығынменқолжетімділігі қамтамасыз етілетіндей 

таңдайды. 

8.2  


Қоғам туралы ақпарат келесі тәсілдермен және формалармен ашыла алады: 

1) 


Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; 

2) 


Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында орналастыру;  

3) 


ақпаратты  қаржылық  есептілік  депозитарийініңинтернет-ресурсында  

(www.dfo.kz), 

сонымен  қатар  Қоғамныңбағалықағаздары  айналыста  жүрген 

локалдық  және  халықаралық  қор  биржаларының  уәкілетті  реттеу  қызметтері 

және/немесе  органдары арқылы орналастыру; 

4) 


Қоғам Жарғысында қарастыылған мерзімдік басылымдарда орналастыру; 

5) 


сұхбат,  баспасөз  конференциялары,  акционерлермен  және  өзге  мүдделі 

тұлғалармен кездесулер; 

6) 

инвсторлардың,  аналитиктердің,  БАҚ  өкілдерінің  Қоғамға  келуін 



ұйымдастыру; 

 




7) 

акционерлергежәнеөзгемүдделітұлғаларға  олардың  тиісінше  және  заңды 

сұраулары бойыншаақпаратқа (құжаттарға) қолжетімділігін ұсыну және олардың 

көшірмелерін беру; 

8) 

ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасымен қарастырылған өзге тәсілдер мен 



формалар. 

8.3


Қоғамсонымен  қатар  акционерлермен  және  өзге  мүдделі  тұлғалармен 

коммуникацияның келесі тәсілдерін пайдалана алады: 

− 

Инвестор күні және Аналитик күні; 



− 

Қоғам  өкілдерінің  қатысуымен,  сол  сияқты  қашықтық  арналарды 

пайдаланумен «көзбе көз» топтық және жеке кездесулері;  

− 

халықаралық инвестициялық конференциялар;  



− 

роуд-шоу, презентациялар, сайт-визиттер; 

− 

аудио конференц-қоңыраулар; 



− 

тұрақты түрде телефон шалу / сұрауларға электрондық пошта арқылы 

жауап беру. 

 

8.4



Келесілерге  қоғамдық  қолжетімділікті  ұсыну  үшін,  Қоғам  мүмкіндігінше 

өзінің веб-сайтынбарынша пайдалануы тиіс: 

− 

көпшілік мәлімдемелерге; 



− 

заңдарға  және  қолданылатынлистингтікталаптарға  сәйкес  талап 

етілетін Қоғамның негізгі ақпаратына; 

− 

Қоғамның презентацияларына (егер қолданымды болса); 



− 

Қоғамның  Директорлар  кеңесіне  қатысты  корпоративтік  басқару 

құжаттамасына. 

 

9. 



Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы 

ақпаратты ашу 

9.1


Қоғамакционерлер  мен  өзге  мүдделі  тұлғаларға  корпоративтік  оқиғалар  мен 

Қоғамның  қызметі  туралы,Қоғамның  Директорлар  кеңесімен  қабылданған 

шешімдерді  қоса,мәліметтерді  осы  Саясатқа  Қосымшада  ұсынылған  тізбеге 

сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, қолданылатын листингтік 

талаптармен  және  Қоғамның  Жарғысымен  және  осы  Саясатпен 

қарастырылған көлемде, формада және тәсілдермен жеткізеді.  

9.2 

Осы  Саясатқа  Қосымшада  қарастырылған  ақпаратты  акционерлер  мен  өзге 



мүдделі тұлғаларға жеткізу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының 

заңнамасымен, Қоғам Басқармасымен бекітілетін Қоғам ақпаратын бұқаралық 

ақпарат  құралдарында  ашу  қағидаларымен,  қолданылатын  листингтік 

талаптармен және өзге ішкі нормативтік құжаттармен сәйкес анықталады. 

9.3 

Егер  Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімі жөніндегі сұрақ құпия болып 



табылса,  Қоғамның  коммерциялық  мүдделерін  қорғау  мақсаттарында 

қабылданған шешім туралы ақпарат жарияланбайды. 

9.4

Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімі жөніндегі сұрақта құпия ақпарат бар 



болса, онда бұл шешім бойынша мәліметтер құпия ақпарат ашылмай, шектеулі 

түрде жарияланады. 

 



10. 

Ақпаратты ашу құқығы 

10.1 


Ақпаратты  ашу  және  Қоғам  атынан  комментарийлер  беру  құқығына  тек 

Қоғамның  уәкілетті  жұмыскерлері  ғана  өз  құзыреттерінің  шегінде  және  осы 

Саясатпен және Қоғамныңішкіқұжаттарымен белгіленген тәртіпте ие.  

10.2 


ҚоғамныңДиректорларкеңесінің 

төрағасы, 

мемлекеттік, 

қызметтік, 

коммерциялық және ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасымен және Қоғаммен 

қорғалатын  құпияның  сақталуын  қамтамасыз  ету  талаптарын  сақтай  отырып, 

Директорларкеңесі  қабылдаған  шешім  бойынша  ресми  комментарий  беруге, 

сонымен қатар Директорларкеңесінің отырысында қаралған сұқрақтар бойынша 

Директорларкеңесінің көзқарасын бідіруге құқылы. 

10.3 


Қоғам  Басқармасының  төрағасы  Қоғам  қызметіне  байланысты  мәселелер 

бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу құқығына ие. Қоғам Басқармасының 

төрағасы  Қоғамның  ішкі  құжаттарымен  белгіленген  тәртіпте  Қоғам 

жұмыскерлеріне Қоғам атынан көпшілік алдында сөз сөйлеуге (ақпарат беруге) 

өкілдік беруге құқылы.   

10.4 


ИЖБ  бастығы  қолда  бар  көпшіліктік  ақпаратты  ұсынуға  құқылы. 

Инвесторлармен  байланысты  барлық  сұраулар  бірінші  байланыстық  тұлға 

ретіндегі ИЖБ бастығына табысталуы тиіс. 

10.5 


ҚБД  директоры  БАҚ-тармен  өзара  әрекеттесу  арқылы  Қоғам    қызметі 

туралы  жалпақ  жұртшылықты  ақпараттандыру  мақсатында  қолда  бар 

көпшіліктік  ақпаратты  ұсыну  құқығына  ие.  Қоғам  қызметімен  байланысты 

БАҚ-тардың  барлық  сұраулары  бірінші  байланыстық  тұлға  ретіндегі  ҚБД 

бастығына табысталуы тиіс. 

11. 

Құпия ақпараттты қорғау 

11.1 


Қоғам құпия ақпараттың қорғалуын Қазақстан Республикасы заңнамасының 

талаптарына және Қоғамныңішкіқұжаттарына сәйкес қамтамасыз етеді. Мұндай 

ақпаратқа  қолжетімділік  шарттарын,  сонымен  қатар  оны  алу  мүмкіндігін 

Қоғамның  ашықтығы  мен  оның  мүдделеріне  залал  келтірмеуге  ұмтылу 

арасындағы теңгерімді сақтау қажеттілігін ескерумен Қоғам анықтайды.  

11.2 


«Қазатомөнеркәсіп»  ҰАК»  АҚ-ының  құпия  ақпаратын  құрайтын  құжаттар 

мен  мәліметтер  тізбесі  Қоғамның  Жарғысына  сәйкес  бекітілетін  тиісті  ішкі 

құжатпен анықталады. 

11.3 


Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  жұмыскерлері  құпия  ақпаратты  тек 

Қоғам  мүдделерінде  және  осы  Саясатқа  және  Қоғамның  ішкі  құжаттарына 

сәйкеспайдалануға міндетті. Қоғамның контрагенттері өздеріне белгілі болған 

құпия  ақпаратты  заңнамаға,  өзге  нормативтік  актілерге  және  Қоғамның 

келісімдеріне сәйкес пайдалануға міндетті. 

11.4 


Қоғамның 

лауазымдық 

тұлғаларының, 

жұмыскерлерінің 

және 

контрагенттерінің  құпия  ақпаратты  пайдалану  тәртібін  қамтамасыз  етуі 



мақсаттарында  Қоғам  құпия  ақпаратты  заңсыз  пайдаланудан  қорғауға 

бағытталған  арнайы  процедуралар  енгізуге  құқылы.  Аталған  процедуралар 

келесілер үшін енгізіледі: 

 




құпия  ақпаратты  пайдалану  тәртібінің  сақталуын,  соның  ішінде  құпия 

ақпаратқа  заңсыз  қолжетімділікті  және  оның  Қоғамның  лауазымды 

тұлғаларымен  және  жұмыскерлерімен  және  үшінші  тұлғалармен  Қоғам 

мүдделерінде емес пайдаланылуын болдырмау жолымен қамтамасыз ету; 

АЖЖ,  инвесторлар  мен  әріптестер  тарапынан  Қоғамға  сенім  деңгейін 



жоғарылату; 

11.5 


Ақпарат  ашу  барысында  Қазақстан  Республикасы  заңнамасын,  Қоғам 

Жарғысын,  осы  Саясатты  және  Қоғамның  ішкі  құжаттарын  Қоғамға  залал 

келтіруге  әкелген  бұзу  орын  алған  жағдайда,  кінәлі  тұлғалар  заңнамамен 

белгіленген тәртіпте жауапқа тартыла алады. 



12. 

Қорытынды ережелер 

12.1 


Осы 

Саясатпен 

реттелмеген 

сұрақтар 

ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасымен, 

ҚоғамныңЖарғысымен, 

қолданылатынлистингтікталаптармен,  АЖЖ,  ҚоғамныңДиректорларкеңесінің 

шешімдерімен 

және 

Қоғамныңбелгіленгентәртіптеқабылданғанішкіқұжаттарымен реттеледі.  



12.2 

Егер 


осы 

Саясаттың 

жекелеген 

тармақтары 

ҚазақстанРеспубликасыныңқолданыстағы 

заңнамасының, 

ҚоғамныңЖарғысының өзгеруі нәтижесінде оларға қайшы келетін болса, осы 

Саясат 


ҚазақстанРеспубликасыныңқолданыстағы 

заңнамасына, 

ҚоғамныңЖарғысына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



 

 

 



 

 

 



 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 

Ақпарат ашу саясатына 

қосымша 


 

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесі қабылдаған   



шешімдер бойынша олар туралы акционерлер мен инвесторларға 

 

ақпарат жеткізілуі тиіс сұрақтар тізбесі 

 

 

Қоғамның  Директорлар  кеңесі  қабылдаған  шешімдер  туралы  ақпарат  

акционерлер мен инвесторларға келесі сұрақтар бойынша жеткізіледі: 

 

 

1. 


Қоғам  акцияларын  орналастыру  (өткізу)  туралы,  соның  ішінде 

жарияланған акциялар шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, 

оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен құны туралы. 

2. 


Қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды  

сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы. 

3. 

Қоғамның  туынды  бағалы  қағаздарын  шығару  шарттарын  анықтау, 



сонымен қатар оларды шығару туралы шешім қабылдау. 

4. 


Қоғамның  шетелдік  филиалдары  мен  өкілдіктерін  құру  және  жабу 

туралы. 


5. 

Қоғам Басқармасының сандық құрамын, өкілеттік мерзімдерін анықтау, 

оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, 

сонымен  қатар  Қоғам  Басқармасының  Төрағасының  өкілеттіктерін  мерзімінен 

бұрын тоқтату. 

6. 


Қоғамның ірі мәмілелер жасасуы туралы. 

7. 


Қоғамның  келесі  сұрақтар  бойынша  Қоғам  мүдделері  бар  мәмілелер 

жасасуы туралы:  

− 

Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма және 



одан  көп    пайызын  құрайтын  сомаға  қарыздартарту,қарыздар/қаржылық 

көмек/кепілдіктер/кепілгерлік  беру.Бұл  сұрақ  бойынша  ақпарат  орналастырған 

кезде, Қоғамның Директорлар кеңесі шешім қабылдаған күн, контрагент, мәміле 

сомасы мен мерзімі жарияланады; 

− 

Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма және 



одан  көп    пайызын  құрайтын  сомаға  табиғи  уран  сатып  алу/сату.  Бұл  сұрақ 

бойынша  ақпарат  орналастырған  кезде,  Қоғамның  Директорлар  кеңесі  шешім 

қабылдаған күн, мәміле пәні, сомасы мен мерзімі жарияланады; 

 




− 

Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма және 

одан көп  пайызын құрайтын сомаға жасасуға Қоғам мүдделі өзге де мәмілелер. 

8. 


Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма және 

одан көп  пайызын құрайтын сомаға басқа заңды тұлғалардың акцияларының  он 

және одан көп пайызын сатып алу (иеліктен шығару) туралы. 

9. 


Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма және 

одан  көп    пайызын  құрайтын  сомаға  басқа  заңды  тұлғалар  құруға  Қоғамның 

қатысуы туралы шешім қабылдау. 

10. 


Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма және 

одан  көп    пайызын  құрайтын  сомаға  Қоғам  мүліктерін  кепілге  (қайта  кепілге) 

табыстау туралы. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

10 


 

жүктеу 145,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау