БАСПАСӨЗ ХАБАРЫ
АХҚО биржасының 2018 жылғы жұмыс нәтижелері
29 желтоқсан, 2018
Астана, Қазақстан
«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange,
AIX) 2018 жылғы қызмет нәтижелерін ұсынады.
2018 жылы мынадай эмитенттердің бағалы қағаздары AIX алаңында листингтен өтті:
Қазақстан
Республикасы
Қаржы
министрлігінің
еурооблигациялары,
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жай акциялары мен жаһандық депозитарлық
қолхаттары және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ корпоративтік облигациялары. Бұл
ретте төрт компания AIX-те борыштық бағалы қағаздарды жеке орналастыруды
(private placement) жүргізді
1
. Бұдан басқа, «Шұбаркөл Көмір» АҚ және «Қазхром»
ТҰК» АҚ компанияларының бағалы қағаздары «pre-IPO» санатына енгізілді. 13
брокерлік компания, соның ішінде 2 ірі халықаралық компания AIX-ке сауда мүшелері
болып кірді. AIX (AIX CSD) Бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне екі
кастодиан банк – Сбербанк және ЦентрКредит банкі мүше болды. Сондай-ақ, 2018
жылы AIX CSD-де 60 мыңнан астам инвестор үшін шоттар ашылды.
AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт:
«Біз AIX қызметінің алғашқы жылында елеулі нәтижелерге қол жеткіздік және
бірнеше маңызды кезеңдерден өттік: халықаралық инвесторлар үшін таныс
реттеуші ортаны, сондай-ақ жергілікті және халықаралық брокерлердің экожүйесін
құрдық; жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде листингтен
бірінші өткен ұлттық компанияның ІРО өткізу үшін алаң ұсындық, сондай-ақ
жергілікті және халықаралық инвесторлар тарапынан «Қазатомөнеркәсіптің»
қағаздарына айтарлықтай қызығушылықты қамтамасыз еттік, олардың кейінгі
өтімділігін осыны айғақтайды; жоғары технологиялық инфрақұрылым толыққанды
жұмыс істейді. Бір жылдан аз уақыт ішінде біз әлемдік деңгейдегі биржаны құруға
қол жеткіздік, және Біз болашақта Қазақстанның капитал нарығын дамыту
жөніндегі жұмысымызды жалғастыратын боламыз».
Сауда қызметінің нәтижелері мынадай болды. IPO сәтінен бастап «Қазатомөнеркәсіп»
(«KAP») жай акциялары бойынша айналым 3,3 млрд теңгені (2 359 мәміле, 697 047
акция) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық
1
«Қазақтелеком» АҚ (2 орналастыру), «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын
үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ.
қолхаттарымен (ЖДҚ) шамамен 582,3 мың АҚШ доллары (46 503 акция) сомаға 77
мәміле жасалды.
Бір аптадағы сауда-саттыққа шолу
Бағалы
қағаз
24-28
желтоқсан
аралығында
ғы апта
қорытынды
сы бойынша
жасалған
мәмілелер
саны
Өткен аптаға
қатысты
өзгеріс, %
24-28
желтоқсан
аралығында
ғы апта
қорытынды
сы
бойынша
жасалған
мәмілелер
көлемі
Өткен аптаға
қатысты
өзгеріс, %
28
желтоқсанд
ағы
мәмілелерді
ң жалпы
саны
28
желтоқсандағ
ы
мәмілелердің
жалпы көлемі
KAP
214
12.04%
KZT
138,164,425
-52.47%
2359
KZT
3,288,033,705
KAP.Y
5
-16.67%
US$
42,317.46
44.88%
77
US$
582,335.63
Анықтамалық ақпарат:
AIX. АХҚО биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында
құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы саудасын ашты. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай
қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және
www.aix.kz
AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ та –
AIX акционерлері болып табылады.
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
«Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды.
АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын
қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау
үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан
Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен
ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады.
www.aifc.kz
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
AIX коммуникациялар жөніндегі жетекшісі
+77172235394
y.pak@aix.kz