Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс*: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы. сот орындаушысына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-4
|
109932
|
148242
|
I. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі, 75, анықтама үшін телефон: 8 (7112) 50-73-51, факс: 50-75-29, электрондық мекен-жайы: dushyeva.e@minagri.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімінің басшысы, (С-О-4 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: реттейтін саладағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бөлімнің жұмысына басшылықты ұйымдастыру, өзіне жүктелген мәселелердің орындалуына дербес жауапкершілік. Заңнамалар мен белгіленген қағидалардың орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу, сонымен қатар өсімдіктер карантині бойынша шараларды орындау, карантиндік тексеру жүргізу, карантиндік өнімдерге, көліктерге тексеру жүргізу. Карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар беру. Өсімдіктер карантині бойынша шаралардың орындалуы туралы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдар шығару және олардың орындалуына бақылау жасау, өсімдіктер карантині жөніндегі заңдылықтарды бұзған лауазымды, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту. Өзінің қызметін шекаралық, кедендік, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен бірігіп жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолдану. Заңнамаларға сәйкес басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ауыл шаруашылығы ғылымдары (агрономия немесе өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, топырақтану және агрохимиия) саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |