Тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 4,28 Mb.
бет7/17
Дата22.05.2018
өлшемі4,28 Mb.
#15654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17


Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.

11. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан да көп пайыз сомасында иеленетін немесе жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым акцияларының он немесе одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның шешімдеріне өздерінің арасындағы шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;

3) олардың бірі басқа тұлғаның лауазымды тұлғасы немесе өкілі болып табылатын;

4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;

 5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын;

6) олардың бірі басқа тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын оларға сыйға тартылған ақша немесе өтеусіз алынған мүлік есебінен сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.

Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.

12. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.

Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижесі туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда, жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі.

13. Келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда, уәкілетті орган осы бапқа сәйкес берілген келісімді қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.

Осы бапқа сәйкес берілген келісімі қайтарып алынған тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлікпен басқаруға беруге құқылы емес.

Уәкілетті орган тиісті келісімді қайтарып алу жөнінде өздеріне қатысты шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы.

14. Егер тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан сәйкес келген болса, ол жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай іс-әрекетті қолдануға және (немесе) осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін осы акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.

Көрсетілген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетін тұлға өзінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні оған белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.

Тиісті мәртебені иелену туралы өтініш жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне өзінің сәйкес келетіні оған белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе, уәкілетті органға ұсынылады. Акцияларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылданғаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға беріледі.

15. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне осы тұлғаның сәйкес келетінін көрсететін мәліметтер болған кезде, уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан ақпаратты ұсынуды талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.


16. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, өзіне тиесілі акциялар санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ол тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасының өзгергені туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнде) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайында, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпаратты ұсынуға тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы – жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының акциялары санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына тиесілі он пайызынан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының өтініші бойынша не көрсетілген фактіні дербес анықтаған жағдайда, осы факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.

17. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өзіне тиесілі акциялары санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына пайыздық арақатынасын көрсете отырып, өзінің барлық ірі қатысушыларының тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етіп отыруға міндетті.

18. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы олар осы фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.

19. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 12–18-тармақтарына сәйкес көрсетілген мерзімде талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі немесе дәйексіз мәліметтерді беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»;

12) 36-2-бапта:

тақырыбындағы «қорының» деген сөзден кейін «немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қатысушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта:

бірінші абзацтағы «қорының» деген сөзден кейін «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;

4), 5), 6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«4) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;



5) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционер) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар;»;

6) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;»;

«8) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына талдаудың жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;»;

11) тармақша «зейнетақы қорының» деген сөздерден кейін «немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:

1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылуы;

2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегергенде, өзінің активтерінен асып кетуі;

3) аяқталған соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шегуі;

4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндіруі;

5) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның алдында мерзімі өткен және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның балансына жатқызылған берешегінің болуы;

6) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдауы өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;

7) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларына) нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайы тұрақсыздығының белгісі болып табылады.

3. Тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз иеленген кезде, уәкілетті орган алты айдан аспайтын мерзімде осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сату бойынша талаптар тұрғысынан осы Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.»;

13) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«37-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеу

Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырады.

Рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.



Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, әділет органдарында қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік қайта тіркелгеннен кейін жинақтаушы зейнетақы қоры қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға тіркеген әділет органының белгісі және мөрі бар құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

Құрылтай құжаттарына мемлекеттік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры әділет органының зейнетақы қорының хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.»;

14) 40-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды:

1) директорлар кеңесін – басқарушы органды;

2) басқарманы – атқарушы органды қалыптастырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген есептіліктің әртүрлі нысандарын қоса алғанда, уәкілетті органға ұсынылатын ақпаратқа, сондай-ақ кастодиандық шартқа сәйкес зейнетақы активтері бойынша ай сайынғы салыстыру жүргізілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшылары жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері деп танылады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2 -тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. Жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға қаржы жылы ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының барлық басшы қызметкерлеріне жинақтаушы зейнетақы қоры төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанда ұсынуға міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

1-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі және (немесе) басқармасы мүшелерінің осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкері лауазымын атқаруына болмайды.»;

3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға берілген келісімді уәкілетті органның қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алу үшін негіз болып табылады.»;

15) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:

«40-1-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі

Жинақтаушы зейнетақы қорлары немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін құрады, ол:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функциональдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;

2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясатты және рәсімдерді;

3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді;

4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның органдарына ұсынудың ішкі рәсімдерін;

5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс.

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.».

16) 41-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:

1) зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;

2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға;

3) уәкiлеттi орган берген лицензиялар негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті дербес жүзеге асыруға;

4) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен салымшының жазбаша өтiнiшi бойынша сотта оның мүдделерiн бiлдiруге;

5) өз мұқтажы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруге;

6) зейнетақы шартының талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.»;

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«3-1) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтері есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

3-2) салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызмет көрсетуге;»;

8) тармақшадағы «шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті,» деген сөздер «қаржылық есептілікті және» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) тармақшаның екінші сөйлеміндегі «және өкілдің» деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:

1) осы баптың 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;



2) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мүлiктi қоспағанда, мүлiктi сатып алуды немесе сатуды жүзеге асыруға;

3) үлестес тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін, параметрлері қор биржасы акциялары нарығы индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізіміне) кіретін акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен сатып алуға;

4) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;

5) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлеріне айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетілетін қаржы көмегін қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен өтеусіз негізде қаржы көмегін көрсетуге;

6) сақтандыру қызметімен айналысуға;

7) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді кепiлге беруге;

8) акциялардан басқа бағалы қағаздарды шығаруға;

9) жинақтаушы зейнетақы қорының мақсаттары үшін банктерден күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімге, меншікті капиталдың мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын тартуға;

10) қарыздарды кез келген тәсілмен беруге;

11) кез келген түрдегі кепілдемелер мен кепілдіктерді беруге;

12) жинақтаушы зейнетақы қоры еңбек шартын жасаспаған тұлғаларды осы баптың 2-тармағының 3-2) тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындау үшін тартуға тыйым салынады.»;

4-тармақта:

бірінші бөлікте:

«қорларының» деген сөзден кейін «және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;

«уәкілетті орган белгілейді» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлік «қоры» деген сөзден кейін «және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымы деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:

«Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан астамын тікелей немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының» деген сөздер «Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөзбен ауыстырылсын;

«меншікті капиталының» деген сөздердің алдынан «және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайы нашарлағанда жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын ұлғайту бойынша шаралар қолдануға міндетті.»;

5-тармақ алып тасталсын;

17) 41-1-бап алып тасталсын;

18) мынадай мазмұндағы 41-3-баппен толықтырылсын:

«41-3-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.

      2. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорынан шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.

      Бұл талап уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен нақтылауға құқылы.

3. Мына тұлғаларға:

зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;

жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметкерлері болып табылмайтын және жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы қорлары көрсететін қызметтерді жарнама беруші ретінде жарнамалауға тыйым салынады.

4. Зейнетақы активтері туралы ақпаратты жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиісті инвестициялық кіріс алынған кезеңді көрсету арқылы ғана ұсынуы мүмкін.»;

19) 42-бапта:

1-тармақта:

бірінші абзацтағы «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;

1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;»;

«3) міндеттеме-хатты ұсыну туралы талап жіберуге;

4) міндетті түрде қол қойылуы тиіс жазбаша келісім жасасуға құқылы;»;

2-тармақта:

«кемшіліктерді» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

«кемшіліктерді» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта:

«дереу» деген сөз алып тасталсын;

«кемшіліктерді» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

«осыған байланысты» деген сөздер «осы кемшіліктерді жою жөнінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы «міндеттеме-хаттың немесе жазбаша келісімнің» деген сөздер «міндеттеме-хаттың, жазбаша келісімнің немесе жазбаша нұсқаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақта:

5) тармақшадағы «не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«5-1) уәкілетті орган қолданған ықпал етудің шектеулі шараларының талаптарын орындамауы;

5-2) уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тартуы;»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Егер уәкілетті орган ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғалардың, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушыларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында келтірілген шаралар ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушыларына да қолданылады.»;

20) 42-7 және 43-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«42-7-бап. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ

жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы

активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын

ұйымға ірі қатысушыларға қолданылатын мәжбүрлеу

шаралары

1. Уәкілетті орган:

1) ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алмаған;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;

3) осы Заңның 42-бабы 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына немесе «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын және уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімдерді орындамаған;

4) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы олардың нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді жасаған;

5) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғалардың, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушылардың оның нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін қаржылық жағдайының тұрлаусыз болған;

6) осы Заңның 41-2-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайы нашарлаған;

7) жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен оған ірі қатысушының, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған;

8) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ ірі қатысушының осы Заңның 41-бабының 4-тармағы талаптарының орындалмауына әкеп соққан әрекеті немесе әрекетсіздігі орын алған жағдайларда ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде уәкілетті орган:

1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушыдан оның тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесін жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;

2) жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан ірі қатысушыға қатысты олардың арасындағы жинақтаушы зейнетақы қорын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды тәуекелге ұрындыратын (тікелей және жанама түрде) операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;

3) жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушыдан жинақтаушы зейнетақы қорын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды қосымша капиталдандыру бойынша шаралар қабылдауды талап етуге құқылы.

3. Ірі қатысушы не жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.

Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыға не жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушыға не ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берген жағдайда акцияларды сенімгерлік басқару белгіленетін мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды белгілеу туралы тиісті шешімінде анықталады.



Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырған кезеңде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

Ірі қатысушы не жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушының белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық өзіне тиесілі акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.

Өтінішхатта көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.

Сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруға беру негіздері жойылмаған жағдайда уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында акцияларды сату туралы шешім қабылданған күнге қалыптасқан нарықтық баға бойынша сату жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда бағалаушы акцияларды сату құнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушыға не ірі қатысушының белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушыға не ірі қатысушының белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
43-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру

1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша бiрiктiру нысанында жүзеге асырылады. Қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық-актiлерiмен белгiленедi.

Жинақтаушы зейнетақы қорының қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшхатына мынадай құжаттар қоса тiркеледi:

1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;

2) жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың белгіленетін болжамды шарттары, тәртібі мен мерзiмдерi;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы.

Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтiнiшхатты құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.

2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

3. Қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негізінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға құқылы.

4. Қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қорына берілуге тиіс.»;

21) 44-бап 3) тармақшадағы «бұзылуы бойынша бас тартылады.» деген сөздер «бұзылуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) қайта ұйымдастыруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі бойынша бас тартылады.»;


22) 45-бапта:

1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-2. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы:

1) зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттары;



2) ашылған жеке зейнетақы шоттары;

3) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылар (алушылар) алдында орындалмаған міндеттемелері болмаған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.»;

2-тармақтағы «Ерiктi және мәжбүрлеп тарату» деген сөздер «Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуды жүргізу тәртібі» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта:

екінші бөліктегі «Ерiктi немесе мәжбүрлеп» деген сөздер «Мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі «ерекшеліктері» деген сөз «тәртібі» деген сөзбен ауыстырылсын;

6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есептi бекіткеннен кейiн күнтізбелік отыз күн ішінде оларды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал аталған құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға табыс етуге мiндеттi.

Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

Жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуы тіркелгеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін уәкiлеттi органға табыс етеді.

7. Ерікті түрде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен танылған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген кезектілікпен қанағаттандырылады.

Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:

1) бірінші кезекте таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін және оның зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін қабылдаған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері алдындағы талаптары қанағаттандырылады;

2) екінші кезекте жалақыдан және (немесе) өзге табыстан ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ азаматтың алдында өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры жауаптылықта болатын олардың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;

3) үшінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді төлеу жөнінде, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнінде есеп айырысулар жүргізіледі;

4) төртінші кезекте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі;

5) бесінші кезекте Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа да кредиторлармен есеп айырысулар жүргізіледі.

Тиiстi кезектілік басталған кезде кредитордың талабы оның келісімiмен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың пропорционалды қағидатын сақтай отырып, мүлiктi заттай нысанда беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.

Жинақтаушы зейнетақы қорының активтері бір кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы және (немесе) өзге мүлкі бір мезгілде осы кезектегі кредиторлар арасында қанағаттандырылуға тиіс талаптардың сомаларына пропорционалды түрде бөлінеді.

Тарату iсiн жүргiзуге байланысты, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүргізіледі.»;

23) 45-1-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоттарының, сондай-ақ осы Заңның 45-бабы 1-2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген міндеттемелердің болмауын растайтын құжат;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуы үшiн оның өз қаражатының жеткiлiктi екенін, сондай-ақ осы Заңның
45-бабы 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелерінің жоқ екендігін куәландыратын бухгалтерлік баланс пен оған түсіндірме жазба;»;

3-тармақтағы «орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында» деген сөздер «баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақ алып тасталсын;

24) 45-2-бапта:



2-тармақтағы «3) тармақшасында» деген сөздер «1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясынан айырылған күннен бастап:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары, органдары жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкіне билік етуге құқылы емес;

2) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты бұрын қабылданған сот шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына қоятын талаптары тек тарату ісін жүргізу барысында ғана қойылуы мүмкін;

4) кредиторлардың, салық қызметі органдарының, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандырылуы тиіс талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін өндіріп алуға өтінім жасауына жол берілмейді;

5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды тұлғаларының жинақтаушы зейнетақы қорының өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруына тыйым салынады;

6) басшы, ал қажет болғанда өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкілетті орган зейнетақы активтерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін табыс еткеннен кейін он жұмыс күні ішінде сотқа жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтініш береді.»;

бесінші бөлік «міндеттемелерін» деген сөзден кейін «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін» деген сөздермен толықтырылсын;



мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында уақытша әкімшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) жинақтаушы зейнетақы қорының меншігі болып табылатын ақшаны уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оның зейнетақы активтерінің алдындағы міндеттемелерін төлеуге беруге құқылы.»;

алтыншы бөліктегі «мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізуді аяқтағанға» деген сөздер «уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға» деген сөздермен ауыстырылсын;

сегізінші бөліктегі «есебi жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешiм қабылдаған уәкiлеттi органға және сотқа табыс етіледi» деген сөздер «орындалған жұмыс туралы есебі бекіту үшін уәкілетті органға табыс етіледi» деген сөздермен ауыстырылсын;

тоғызыншы бөлік алып тасталсын;

оныншы бөліктегі «мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізу аяқталған күннен бастап он күннен» деген сөздер «уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап бір айдан» деген сөздермен ауыстырылсын;

он бірінші бөлікте:

бірінші сөйлемдегі «және оны уәкiлеттi орган бекiтедi» деген сөздер алып тасталсын;

екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

«Қабылдау-беру актісінің бір данасы – уәкілетті органға, ал екіншісі жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жiберіледi.»;

4-1 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4-1. Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банктік шоттар бойынша барлық операцияны тоқтатуға міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған күніне дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру және зейнетақы аннуитеті туралы шарттар бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аударуды қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аудару тоқтатыла тұрады.



Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аудару зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша активтерді және міндеттемелерді оның таңдалуы осы баптың 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылған жаңа жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру рәсімі аяқталғаннан кейін отыз жұмыс күні өткен соң қайта басталады.»;

«6. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 1) – 4) және 6) тармақшаларында көзделген салдар туындайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап жинақтаушы зейнетақы қорының бұрын жұмыс істеп тұрған органдарының өкілеттігі тоқтатылады, басшы, ал қажет болған кезде өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.»;



8-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;

25) 45-3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы «орындамаған жағдайда,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;

26) 47-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларына ақы төлеу «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру кезінде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен жүзеге асырылады.»;

4-тармақтағы «жарғылық капиталға ақша салады,» деген сөздер алып тасталсын;

27) 48-баптың 1-тармағында:



екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Комиссиялық сыйақының шамасы жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Комиссиялық сыйақының шамасы кемiнде екi мерзiмдi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау арқылы салымшылар мен алушыларға күнтiзбелiк жыл басталғанға дейін бiр айдан кешіктірмей хабарлануы тиiс.

Комиссиялық сыйақыны өндіріп алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;

28) 49-1, 49-2 және 49-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудиті

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы және жинақтаушы зейнетақы қорымен үлестес емес аудиторлық ұйым және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым жүргiзедi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпияны құрамайды.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудиторлық есебі аудитордың – орындаушының және аудиторлық ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігі туралы тәуелсіз пікірін және осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты есепке алуды жүргізу және есептіліктің жасалуы тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды.


49-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы

активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын



ұйымға ірі қатысушының есептілігі

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:

1) басқа тұлғалармен бірге шарттың негізінде не өзгеше түрде жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешімдерге ықпал етуді жүзеге асыру туралы, оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктерді табыстаудың сипаттамасы қамтылатын;

2) жарғылық капиталдардағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдардағы өзінің атқаратын лауазымдары туралы;

3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзіне тиесілі қатысу үлестері (акциялар), сондай-ақ оларды сатып алу көздері туралы;

4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауындағы ұйымдар туралы ақпаратты;



5) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, ол болған кезде жинақтаушы зейнетақы қорына ірі қатысушы салық органдарына ұсынатын жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін беруге тиіс.

3. Есептілікті беру тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.



4. Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы уәкілетті органға:

1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы жинақталған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;

2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған жинақталған және жинақталмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;

3) үлестес тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті табыс етуге тиіс.

5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:

1) ірі қатысушының қызметі түрлерінің сипаттамасы;

2) ірі қатысушы оның қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;

3) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ үлестес тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушыны бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер.

Жинақтаушы зейнетақы қорында немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысы болмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей беруге тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы – заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы – заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, көрсетілген өзгерістер болған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға заңды тұлға болып табылатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті уәкілетті органға табыс етуге тиіс.

7. Егер Қазақстан Республикасының резиденті – қаржы ұйымы жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы болып табылатын жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді. Бұл ретте, егер жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге табыс етсе, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.
49-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін

инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі

қатысушыларға аудит

1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушылар үшін міндетті.

Аудиторлық есептің көшірмесі көрсетілген құжат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға берілуге тиіс.

2. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін осы Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым растауға тиіс.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ірі қатысушы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.

4. Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның аудиторлық есепте көрсетілген қаржылық ахуалына әсерін тигізетін бұзушылықтарды көрсетілген тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:

1) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға қатысты тиісті лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;

2) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

5. Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:

1) жинақтаушы зейнетақы қорын және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды лицензиясынан айыруға;

2) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.»;

29) 50-бапта:

3-тармақтағы «алушының» деген сөз «салымшының (алушының)» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта:

4) тармақшадағы «алушының» деген сөз «салымшының (алушының)» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:

«6-2) орталық атқарушы органға – салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;»;

30) 52-бапта:

1-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқығы жоқ.»;

1-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйымдардың жиынтық меншікті капиталы Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдарының жиынтық меншікті капиталының елу пайызынан аспауы керек.

Осы тармақтың талабы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйымдардың жиынтық меншікті капиталын Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдарының жиынтық меншікті капиталынан:

1) бөлінбеген пайда;

2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық меншікті капиталын азайту есебінен елу пайыздан асатын мөлшерге дейін ұлғайтқан жағдайға қолданылмайды.»;

1-4-тармақ алып тасталсын;

1-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-5. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйым – орналастырылған акцияларының үштен бірінен астамы:

1) Қазақстан Республикасы резидент еместерінің;

2) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының резидент еместерінің иелігіндегі, меншігіндегі және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының не оларға ұқсас Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының;

3) Қазақстан Республикасының резидент еместерінің (сенімді тұлғаларының) не осы тармақтың 2) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың қаражатына иелік етушілер болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің иелігіндегі, меншігіндегі және (немесе) басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым.»;

31) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«53-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге

асыратын ұйымның басшы қызметкерлері

1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қаржы жылы аяқталған күннен бастап күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық басшы қызметкерлеріне зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қаржы жылының ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлері жөніндегі зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесінің және (немесе) басқармасының мүшелері зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды осы ұйым жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымында бола алмайды.



3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;

32) 55-бапта:



1-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

2) тармақша «банктерден» деген сөздің алдынан «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мақсаты үшін» деген сөздермен толықтырылсын;

3) тармақшада:



«жинақтаушы зейнетақы қорының» деген сөздер алып тасталсын;

«зейнетақы активтері есебінен» деген сөздер «зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«3-1) зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің есебінен үлестес тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не параметрлері қор биржасының акциялары нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілді тізіміне) не базалық активі осындай акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар тізіміне кіретін акцияларды қоспағанда, базалық активі осындай акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды сатып алуға;

3-2) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;

3-3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметкерлеріне қаржылық көмекті қоспағанда, меншікті активтер есебінен бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға өтеусіз негізде қаржылық көмек ұсынуға;»;
8) тармақша «зейнетақы» деген сөзден кейін «және (немесе) меншікті» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6,
49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат;
2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11,
56
-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат;
2006 ж., № 3, 22
-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4,
28
-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):

1) 1-тарау мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:



«12-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің

үлестес тұлғасы



1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (бұдан әрі осы бапта – серіктестік) үлестес тұлғасы деп тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді анықтауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың біреуінің) қабылдайтын шешіміне, оның ішінде жасалған мәміле негізінде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) танылады.

2. Мыналар:

1) құрылтайшылар, қатысушылар;

2) осы тармақтың 1), 3) және 9) тармақшаларында аталған жеке тұлғалардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы), зайыбының (жұбайының) жақын туыстары;

3) серіктестіктің немесе осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары;

4) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған тұлғаның не серіктестіктің лауазымды тұлғасының бақылауында болатын заңды тұлға;

5) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған не серіктестіктің лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;

6) оған қатысты серіктестік ірі акционер болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;

7) осы тармақтың 6) тармақшасында аталған заңды тұлға оған қатысты ірі акционер болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;

8) серіктестікпен бірге үшінші бір тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;

9) серіктестік қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқылы, шартқа сәйкес серіктестікпен байланысты болатын тұлға;

10) дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызын иеленетін, пайдаланатын, оларға билік ететін тұлға;

11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылады.

2. Тиісінше серіктестік немесе өзге де заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді анықтау мүмкіндігі серіктестікті немесе өзге де заңды тұлғаны бақылау болып табылады.

12-2-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің

үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды.

2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің үлестес тұлғаларын есепке алуды осы тұлғалар беретін мәліметтер негізінде жүргізуге міндетті.



3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үлестестігі пайда болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өздерінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді жауапкершілігі шектеулі серіктестікке беруге міндетті.»;

2) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«41-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  органдары

мен лауазымды тұлғалары

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің органдары мыналар:

1) серіктестіктің жоғары органы – оған қатысушылардың жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);



2) серіктестіктің атқарушы органы (алқалы және (немесе) жеке-дара) болып табылады.

2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының мүшелері немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының функцияларын жеке-дара атқаратын тұлға, сондай-ақ байқаушы кеңестің мүшелері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің лауазымды тұлғалары болып табылады.

3. Жарғыда көзделген жағдайда жауапкершілігі шектеулі жауапкершілігі шектеулі серіктестік байқаушы кеңесті және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушіні) құруы мүмкін.

4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік органдарының құзыреті, сондай-ақ олардың шешім қабылдау немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік атынан әрекет жасау тәртібі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен және жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысымен анықталады.».
11. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

5-баптың 2-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушылар;».
12. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2010 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 3-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:



«2-1) үлестес тұлғалар – шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәміле негізінде ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда). Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы тұлғаларды бір-біріне қатысты үлестес деп айқындау үшін негіз болып табылмайды.»;

3) тармақшада:

бірінші абзацтағы «бір заңды тұлғаның басқа» деген сөздер алып тасталсын;

екінші абзацта:



«басқа тұлғаның дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының» деген сөздер «заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«басқа» деген сөз алып тасталсын;

үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«бір тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;



Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылған;»;

бесінші абзацта:

«бір заңды тұлғаның» деген сөздер «бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғалармен бірлесіп,» деген сөздермен ауыстырылсын;

«басқа» деген сөз алып тасталсын;

18-2) тармақша «ақпараттың жиынтығы» деген сөздерден кейін «(оның ішінде электрондық нысанда)» деген сөздермен толықтырылсын;

23-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«23-2) сақтандыру тобы – банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.

Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі, сондай-ақ еншілес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденттері емес болып табылатын ұйымдар кірмейді.»;

26) тармақшада:

бірінші абзацтағы «дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздер «орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып)» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзац «осы Заңда» деген сөздердің алдынан «мұндай иегер мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;

26-1) тармақшада:

бірінші абзацтағы «дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздер «орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып)» деген сөздермен ауыстырылсын;



екінші абзацтағы «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздер алып тасталсын;

үшінші абзац «жағдайларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 11-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде:

1) ірі қатысушы – жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі;

2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттері болмаған кезде мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалатын міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының талабы орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.»;

3) 15-1-бапта:

тақырыбындағы «аффилиирлендірілген тұлғаларына» деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 4-1 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

«4-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да астам пайызын иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы – жеке тұлға немесе осы Заңның 26-бабында белгіленген тиісті мәртебені алу шеңберінде сақтандыру холдингі ұсынған бизнес-жоспарды қарайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының бизнес-жоспарын қарау нәтижелері туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының бизнес-жоспарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының даму стратегиясына (даму жоспарына) енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.»;
«6. Осы баптың талаптары:

1) мынадай шарттардың бірі:

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің
А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауының болуы;

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің


А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерін;

2) банктік конгломераттардың құрамына кіретін банктік холдингтер болып табылатын сақтандыру холдингтерін қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне қолданылады.»;

4) 16-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін сақтандыру тарифтерінің сақтандыру сыныптары бойынша мөлшері туралы ақпаратты интернет-ресурста немесе клиенттердің көруі үшін қолжетімді жерде орналастыруға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес жаңартылған күйде ұстауға мiндеттi.»;

5) 17-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Сақтандыру брокеріне кез келген сыйақыны ол осы баптың


2-тармағында аталған брокерлік қызметті сақтанушының (цеденттің) мүддесінде жүзеге асырғаны үшін тек қана сақтанушы (цедент) төлеуге тиіс.

6. Егер сақтандыру брокері және (немесе) оның үлестес тұлғасы бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырған жағдайда сақтандыру брокеріне және (немесе) оның үлестес тұлғасына сыйақыны сақтанушы төлейді.»;

6) 18-1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін» деген сөздер алып тасталсын;

7) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.

Аталған шектеу рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

Рейтингтік агенттіктердің тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;

8) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, орналастырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшамен төленуге тиіс.»;

9) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымына ірі қатысушы



«1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама түрде иелене, пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының он немесе одан да астам пайызы мөлшерінде қабылдайтын шешімдерге бақылау жасай алмайды немесе әсер ету мүмкіндігі жоқ. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингі болғанда сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін ала алады. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төменгі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын жанама түрде иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызымен жанама түрде дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.

Өзінің орналасқан жерінің елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының тікелей жиырма бес немесе одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі болып табылуы мүмкін.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді кері қайтарып алу қағидасын, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.


жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау