|
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» Жалпы ережелер
|
Дата | 16.05.2018 | өлшемі | 110,68 Kb. | | #14084 |
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 217 қаулысына
қосымша
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау»
1. Жалпы ережелер
1. «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО);
2) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЗТМО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
порталда – ЗТМО-ның ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) ЗТМО-ға ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. ЗТМО қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;
ЗТМО жіберген қателер анықталған кезде – 5 (бес) жұмыс күнге ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе мемлекеттік қызмет қатені жойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) ЗТМО-да көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
ЗТМО-да – зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама;
порталда – көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) ЗТМО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін қабылдауды кезекші мамандар жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ЗТМО-ға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш:
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
3) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);
4) зейнетақы мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстағы үзілістерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі қатарынан кез келген 3 жылғы орташа айлық табысы туралы ұйымның (кәсіпорынның) анықтамасы;
6) зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның еңбек өтілін растау үшін, олардың болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
еңбек кітапшасы;
білімі туралы құжат;
әскери билет немесе аудандардың және қалалардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінің анықтамасы;
балалардың тууы туралы куәліктері (немесе туу туралы актілік жазба немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама) мен балалардың мынадай құжаттарының біреуі:
жеке куәлігі;
неке туралы куәлік (азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
орта арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың тұрақты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (немесе қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама);
Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс кезеңінде сақтандыру жарналарының төленгені туралы салық органының анықтамасы («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5) және 17) тармақшаларына сәйкес өтілді есепке алу кезінде);
ақталу туралы анықтама;
әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға және атом сынақтарынан, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен немесе иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖИТС ауыратын 16 жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілде аралығында төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжат;
егер еңбек қызметі туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмеген немесе түзетулер бар болса, мұрағат мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтама;
бұрынғы кеңестік мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелерінің және халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің зайыбының (жұбайының) шетелде тұрғанын растайтын анықтама;
әскери қызметшілердің зайыбының (жұбайының) жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ жерлерде тұрғанын растайтын анықтама;
арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері зайыбының (жұбайының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ жерлерде тұрғанын растайтын анықтама;
неке және (немесе) некені бұзу туралы куәлік не азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген неке қию және (немесе) некені бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады:
үшінші адамдар қажетті құжаттарды және өтініштерді берген жағдайда – сенімхат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:
1) ЗТМО-да – көрсетілетін қызметі алушыға тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ЗТМО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ЗТМО басшысының не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылады.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|