10) 26-1-бапта:
тақырыбындағы «Сақтандыру» деген сөз «Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Сақтандыру» деген сөз «Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша «ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «немесе сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе иеленуші тарап тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оған ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын жағдайлар;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және сақтандыру тобының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін еместігі;»;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға немесе сақтандыру холдингтеріне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы;
8) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау;»;
11) тармақшадағы «заңнамасында» деген сөз – «заңнамалық актілерінде» деген сөздермен, «қолданылады.» деген сөз «қолданылады;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) өтініш беруші – заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарына шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сәйкессіздігі;
13) ірі қатысушылар – заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдары болып табылатын сақтандыру холдингтері бойынша – уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы негіз болып табылады.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақта:
3) тармақша «аяқталған» деген сөздің алдынан «әрбір» деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «өтініш берушінің» деген сөздер «өтініш беруші – заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы не сақтандыру холдингі белгілерін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз алған кезде уәкілетті орган осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабында көзделген, алты айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын өткізу талаптары бөлігінде мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
11) 31 және 32-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу тәртiбi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер және (немесе) толықтырулар мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткiзiлгенге не әдiлет органдарына хабарланғанға дейiн уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келiсу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Әділет органдарында қайта тіркеуді талап ететін құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға тіркеген әділет органының белгісімен және мөрімен құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Құрылтай құжаттарына қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдағандығы туралы белгісі қойылған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшірмесін, құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру
холдингтерінің еншілес ұйымдары және сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің
ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуы
1. Осы Заңның 48-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құра алады немесе иелене алады.
Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе иемденуге арналған рұқсатын алу жөніндегі талап аталған ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен ықпал етуге мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасы резидентінің акцияларына (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен әсер ету мүмкіндігінің болуы) иелік ету арқылы осы ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне жанама түрде иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен әсер етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
Еншілес ұйымды құруға немесе иемденуге рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге, сондай-ақ ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуға құқылы емес.
3. Қазақстан Республикасының резиденттері – еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге құқылы емес.
Бұл талап банктің холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдарына қолданылмайды. Бұл ретте аталған тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылады.
4. Еншілес ұйымды құруға, иемденуге рұқсат алу үшін өтінішке мынадай құжаттарды:
1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы шешімдерді;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі органының еншілес ұйымды құру немесе иемдену туралы шешімін;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпаратты;
4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және үлестес тұлғалар туралы мәліметтерді қоса беру қажет.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру холдингі болмаған жағдайда:
олардың қызметі осы ұйымдар қауымдастығының меморандумы немесе ережелері шарттарына сәйкес біріктірілген негізде басқарылса;
егер аталған ұйымдардың атқарушы органының, басқару органының (акционерлік қоғамдар үшін), қадағалаушы кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол бір тұлғалар білдірсе;
5) бизнес-жоспарды ұсына отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
6) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олар мен сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты еншілес ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкін еместігін болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпаратты;
7) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы туралы, сондай-ақ олар сатып алатын акциялардың саны мен акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) алдын ала төлемінің мөлшері туралы ақпаратты;
8) аудиторлық ұйымның есебін және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігін;
9) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
10) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны, еншілес ұйымның сатып алу шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты;
11) жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректерді, оның ішінде мыналарды қамтитын:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді;
заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді.
Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды иемдену жағдайларына қолданылады;
12) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттарды;
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және еншілес ұйымның оны құрғаннан немесе сатып алғаннан кейінгі болжамды есептік балансын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құрудың, иемденудің қаржылық салдарларын талдауды, сондай-ақ ол бар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымның активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару бойынша қызметке елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспар мен ұсынысты;
14) олардың негізінде бақылауды сатып алу болжанатын немесе бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, еншілес ұйымды бақылауды растайтын өзге де құжаттарды қоса беру қажет.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі әрбір аяқталған соңғы екі қаржы жылының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде шығынсыз қызмет жасау және пруденциалдық нормативтерді, оның ішінде уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш беру күнінің алдындағы соңғы үш ай ішінде шоғырландырылған негізде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтау шартымен еншілес ұйымды құруға құқылы.
6. Еншілес ұйымды құруға, иемденуге рұқсат беруден бас тартудың негіздері:
1) рұқсат алуға қажетті құжаттарды табыс етпеу;
2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмеуі;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 2-тармағының 3), 4) және
5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжамды болуы нәтижесінде құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
5) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық зардаптарды талдау;
6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;
7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциалдық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
8) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) иемдену болжанған еншілес ұйымға қатысты қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) санкциясының болуы;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйым – Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе сатып алған жағдайда осы Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген сақтандыру немесе банктік холдинг, Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы болып табылады.
7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіні бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйым уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашуға міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсатын алмай тұрып еншілес ұйымға бақылауды иемдену құқығын иеленген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Осындай жағдайда уәкілетті орган аталған бұзушылықты анықтағаннан кейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымның өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) өздерімен үлестес тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе иемденуге арналған рұқсатын алу жөніндегі талап аталған ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен ықпал етуге мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасы резидентінің акцияларына (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен әсер ету мүмкіндігінің болуы) иелік ету арқылы осы ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне жанама түрде иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен әсер етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала келісімін алмай тұрып ұйымның капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Осындай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі өздерінің капиталында қомақты қатысуы бар ұйымның оларға тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғалары болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды алты ай ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
12. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса тіркей отырып, беріледі.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
13. Уәкілетті орган:
1) олардың негізінде рұқсат берілген дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталға қомақты қатысуы бар ұйымдардың органдары шешім не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі иелігіндегі ұйым акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелігінен шығарған;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның қызметі осы Заңның 48-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес болмауы анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі алты ай ішінде аталған ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру холдингімен үлестес тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
14. Осы баптың талаптары:
1) мынадай талаптардың бірі:
сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауының болуы;
сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасындағы ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің еншілес немесе тәуелді ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес және тәуелді ұйымдарды құрған немесе иемденген кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге;
Достарыңызбен бөлісу: |