Тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 4,28 Mb.
бет8/17
Дата22.05.2018
өлшемі4,28 Mb.
#15654
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
3. Мыналарды:

мемлекетті немесе ұлттық басқарушы холдингті;

сақтандыру холдингін;

жанама түрде иелік ету сақтандыру холдингі арқылы жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, өзге қаржы ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бестен кем пайызына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыны қоспағанда, бірде-бір тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызына дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелік ете алмайды.

Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мәртебесін алу жөніндегі талаптар аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымы – Қазақстан Республикасының резидент емесінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімдерге әсер ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде ие (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімдерге әсер етуге мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды.

Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мәртебесін алу жөніндегі талаптар өзінің орналасқан елінде шоғарыландырылған қадағалауға жататын және аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде ие (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер етуге мүмкіндігі бар) тұлғаға қолданылмайды.

Уәкілетті органның сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы үшін айқындалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.



4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар – жеке тұлғалар оларға меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын төлейді. Бұл ретте мүліктің құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын сатып алынған және сатып алынатын акцияларының жиынтық құнынан аз болмауға тиіс.

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:

1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді береді.

мыналар:

кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;

өтініш берушінің құжаттамамен расталған ақша жинағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын көз болып табылады.

Осы тармақшаның екінші бөлігінде аталған көздерге қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алынатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшердегі сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.



Сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған жағдайда өтініш беруші сый тартушы туралы және сый тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;

2) өтініш берушінің мүдделерін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;

3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарын;

5) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтерді;

6) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес;

7) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;

8) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының
резиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтінішін береді.


7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы мынадай құжаттарды:

1) өтініш берушінің жоғары органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмелерін;

2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан да астам пайызына ие, сондай-ақ шарт негізінде не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе бақылауға алуға мүмкіндігі бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтер мен растайтын құжаттарды;

3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;



4) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған мәліметтер мен құжаттарды;

5) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

7) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

8) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;

9) өтініш берушінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәртебесін алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарын талдауды, егер олар бар болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру немесе оның қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар мен ұсыныстарды, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда табыс етеді.



8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:

1) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақта аталған құжаттарға қосымша өтініш берушінің орналасқан елінің қаржылық қадағалау органынан өтініш беруші осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растама не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіндігі туралы өтініш береді.

9. Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйым мынадай құжаттарды:

1) осы баптың 8-тармағында аталған мәліметтер мен құжаттарды;

2) өтініш беруші тіркелген елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауды;

3) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтініш береді.

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта аталған құжаттар мен мәліметтерге қосымша оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.

11. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) он немесе одан да көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларының он немесе одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама түрде дауыс беруге мүмкіндігі бар және:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шарт негізінде немесе өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

2) жеке алғанда немесе өзара бір-біріне ірі қатысушылар болып табылатын;

3) олардың біреуі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;

4) олардың біреуі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;

5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін;

6) олардың біреуі сыйға берген ақша немесе өтеусіз алынған мүлік есебінен басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын тұлғалар деп танылады.

Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.

12. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін алу үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде қабылдауға тиіс.

Уәкілетті орган өз шешімінің нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлама беруге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісімді беруден бас тартқан жағдайда жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі.

13. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар немесе сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.

Осы бапқа сәйкес берілген келісім кері қайтарып алынған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.

Уәкілетті орган оларға қатысты тиісті келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган осы тұлғаларға уәкілетті органның талаптарын орындату үшін сотқа жүгінуге құқылы.

14. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай бола бастаған жағдайда ол осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған қандай да бір әрекет жасауға және (немесе) осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.

Аталған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай болған тұлға сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екені белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

Тиісті мәртебені алу туралы өтініш оған өзінің сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екені белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер осы тұлға аталған мерзімде акцияларын иеліктен шығарғысы келмесе ғана, уәкілетті органға беріледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдағаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап тез арада уәкілетті органға беріледі.

15. Мынадай:

1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;

2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;

3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;

4) өз есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит өткізу мәселелері бойынша жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызы тиесілі және акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін, олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін акционерлер сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар болып табылмайды.

16. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама түрде дауыс беруге мүмкіндігі бар және:



1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шарт негізінде немесе өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

2) жеке алғанда немесе өзара бір-біріне ірі қатысушылар болып табылатын;

3) олардың біреуі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;

4) олардың біреуі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.

17. Уәкілетті орган осы тұлғаның сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екенін көрсететін мәліметтер болған кезде жеке және заңды тұлғалардан ақпарат беруді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленуші кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғаның бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.



18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тиесілі акциялары санының пайыздық арақатынасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) ол тікелей немесе жанама түрде иеленетін немесе өзінің тікелей немесе жанама түрде дауыс беру мүмкіндігі бар дауыс беретін акцияларының санына қатысты өзгеруі туралы хабардар етуге міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары саны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына қатысты ұлғаю жағына (пайыздық немесе абсолюттік мәнде) өзгерген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар – жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін қолданылатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы он немесе жиырма бес пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не аталған фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.

19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі тоқсан сайын өзінің барлық ірі қатысушыларының немесе сақтандыру холдингтерінің (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін) тізімін оларға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасын көрсете отырып, олардың есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға беруге міндетті.

20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының он немесе одан да астам пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы өзі осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға хабардар етуге міндетті.

21. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылардың, сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың мәліметтерді, сондай-ақ осы баптың 14 – 20-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімінде уақтылы ұсынбауы, бермеуі немесе дәйексіз мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»;


жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау