Тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 4,28 Mb.
бет5/17
Дата22.05.2018
өлшемі4,28 Mb.
#15654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

24) 47-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Уәкiлеттi орган банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оларға санкциялар қолдануға құқылы.»;

2-тармақтың е) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «банктің» деген сөз алып тасталсын;

7-тармақтың үшінші бөлігі «өтінішпен» деген сөзден кейін «он жұмыс күші ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;

25) 47-1-бапта:

1-тармақта:

бірінші бөлікте:



3) тармақшадағы «уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын» деген сөздер «қолданылған ықпал етудің шектеулі шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы «мүмкін болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы» деген сөздер «мүмкін болған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

«6) осы Заңның 45-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайы нашарлаған;

7) банк конгломераты пруденциалдық нормативтерді жүйелі түрде (бір жыл ішінде екі және одан да көп рет) орындамаған жағдайларда, мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;

екінші бөліктегі «банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамын тікелей және жанама иеленетін банк холдингтеріне және банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғаларға» деген сөздер «банк холдингтеріне және оның ірі қатысушыларына» деген сөздермен ауыстырылсын;

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:

      1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банктің ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;

      2) банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және оны мен банк арасындағы банкті тәуекелге ұшырататын операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;

      3) банктен және банк холдингінен банк немесе банк холдингі олардың акционері (қатысушысы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты олардың арасындағы банкті, банк холдингін не банк конгломератына қатысушы ұйымдарды тәуекелге ұшырататын операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;

      4) банктен немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен өзінің иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізуді талап етуге;

5) банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардан олар мен үлестес тұлғалар арасында банк конгомератын тәуекелге ұшырататын операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;

6) банктің немесе банк конгломератының меншікті капиталын банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын мөлшерде арттыру мақсатында банк холдингінен, банктің ірі қатысушысынан банкті немесе банк конгломератын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдауды талап етуге құқылы.

3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің не банк холдингінің ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаға тиесілі банк акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Бұл акциялар уәкілетті органға үш айға дейінгі мерзімге сенімгерлікпен басқаруға беріледі.

Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлікпен басқаруға берген жағдайда, акцияларды сенімгерлікпен басқаруды бекіту мерзімі уәкілетті органның сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы шешімінде айқындалады.

Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің акцияларын сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырған кезеңде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.

      Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға банктің өзіне тиесілі барлық акцияларын қолдаухатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы қолдаухатпен жүгінуге құқылы.

      Қолдаухатта көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган қолдаухатты қанағаттандырады.

Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер сенімгерлікпен басқару тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің сенімгерлікпен басқарудағы акцияларын олардың акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық құны бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында өткізу жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, акцияларды өткізу бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.

Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі банк акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға тиесілі банк акцияларын сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырудың тәртібі, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлікпен басқару кезеңіндегі іс-әрекеті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;

26) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы а-1) тармақшамен толықтырылсын:

«а-1) банкте өзге банк холдингі немесе банк акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленетін жеке тұлға – ірі қатысушы болмағанда, банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленетін жеке тұлғадан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін қайтарып алу;»;

27) 48-1-баптың 4-тармағындағы «және оның көшірмесі банкті тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі» деген сөздер алып тасталсын;

28) 50-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Таратылу процесіндегі банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.»;

3-тармақтағы «банкiнiң» деген сөз «банктің, Қазақстан Республикасының резиденттері – банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың екінші бөлігінде:

3) тармақшадағы «банк уақытша» деген сөздер «банк және (немесе) уақытша» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақшадағы «табыс етуі банк құпиясын ашу болып табылмайды» деген сөздер «табыс етуі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік бюроға теріс ақпарат беруі және кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік тоқсан күннен асып кеткен берешегі тұрғысынан теріс ақпарат беруі;

8) банктердің заңды тұлғаға күмәнді және үмітсіз актив ретінде сыныпталған кредитке (қарызға) байланысты және ол жөнінде осы кредит (қарыз) бойынша аталған тұлғаға талап ету құқықтарын беру кезінде теріс ақпарат бар екенін білдіретін ақпарат беруі;

9) банктің Қазақстан Республикасының резиденті банк холдингіне банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді есептеуі, сондай-ақ банк конгломератының қатерлерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін мәліметтер беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды..»;

5-тармақ «кепiлдеме берушiсi» деген сөздерден кейін «, лизинг алушысы» деген сөздермен толықтырылсын;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Банктік құпиясы бар ақпарат Қазақстан Республикасының ақпарат алмасуды көздейтін халықаралық шарттары негізінде беріледі.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.»;

29) 54-1-бапта:

1-тармақта:

бірінші абзацтағы «аяқталғаннан кейін» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ұйымдардың жарғылық капиталына қатысудың өзіне тиесілі үлестері (акциялар), сондай-ақ оларды сатып алу көздері туралы;»;

4) тармақша «жақын туыстары» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы тұлғалар бақылайтын ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақшадағы «ақпаратты беруге тиіс» деген сөздер «ақпаратты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) кірістер мен мүлкі туралы мәліметтерді, банктің ірі қатысушысы салық органдарына беретін жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесі бар болса, оны беруге тиіс.»;

2-тармақ:

«аяқталғаннан кейін» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;

«түсіндірме жазбаны» деген сөздерден кейін «сондай-ақ үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы есепті» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны және есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;»;

2) тармақша «аяқталғаннан кейін» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;

2) тармақшадағы «жазбаны табыс етуге тиіс» деген сөздер «жазбаны;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:



«3) үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынуға тиіс.»;

5-тармақта:

бірінші бөлікте:

2) тармақша «қаржылық есептілігі» деген сөздерден кейін «, банк конгломератының құрылымы туралы есеп» деген сөздермен толықтырылсын;

3) тармақшадағы «мәліметтер көрсетілуге тиіс» деген сөздер «мәліметтер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) банк конгломератының үшінші тұлғалар (тұлғалар тобы) алдындағы банк конгломератының меншікті капиталының он және одан да көп пайызын құрайтын барлық міндеттемелері туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.»;

екінші бөліктің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

үшінші бөлігі «кезден бастап» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес уәкілетті органға жылдық қаржылық есептілікті ұсынуға тиіс.

Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылады.

Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысына осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингіне қатысты көзделген талаптар қолданылады.»;

8-тармақ алып тасталсын;

30) 55-бапта:

тақырыбы «Банк» деген сөзден кейін «және банк холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Банк холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, сондай-ақ еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.»;

Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының банк холдингі болып табылатын резидент еместерге қолданылмайды.»;



31) 57-бапта:

1-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «күннен бастап» деген сөздерден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;

1-2-тармақ алып тасталсын;

32) 59-3-бапта:

11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Банк конгломератына қатысушы болып табылатын банктің қайта құрылымдау жоспарында көрсетілген ақпараттан басқа банкті қайта құрылымдаудың банк конгломератына басқа қатысушыларға әсерінің болжамды нәтижесі жазылуға тиіс.».

15-тармақтың екінші бөлігіндегі «осы Заңда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:

«16. Банктің сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта құрылымдауды жүргізу кезеңінде банк ұйымдардағы қатысу сомасын (абсолюттік мәнде) өсіре алмайды.»;

33) ІІ-бөлімнің және 7-тараудың тақырыбындағы «Банкілердің» деген сөз «Банктердің және банк холдингтерінің» деген сөздермен ауыстырылсын:

34) 60-бапта:



тақырыбындағы және мәтіндегі «Банкілерді», «банк», «Банкіні», «банкінің», «банкіні» деген сөздер тиісінше «Банктерді (банк холдингтерін)», «банк (банк холдингі)», «Банкті (банк холдингін)», «банктің (банк холдингінің)», «банкті (банк холдингін)» деген сөздермен ауыстырылсын;

1 және 2-тармақтар «акционерлердiң», «акционерлерiнiң» деген сөздерден кейін тиісінше «(қатысушылардың)», «(қатысушыларының)» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақтағы «қолданылып жүрген заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне» деген сөздермен ауыстырылсын;



мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Осы баптың талаптары мынадай талаптардың бірін орындаған:



тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингінің, банк холдингі белгілері бар тұлғаның шыққан елінің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауы болған;

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөнінде келісім болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды.»;

35) 61-бапта:

тақырыбындағы «Банкіні» деген сөз «Банкті және банк холдингін» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші абзацтағы «Банкіні» деген сөз «Банкті (банк холдингін)» деген сөздермен ауыстырылсын;

а) тармақшасындағы «банкілер» деген сөз «банктердің (банк холдингтерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;

36) 61-3-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Тұрақтандыру банкінің, осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген қызметті қоспағанда,» деген сөздер «Тұрақтандыру банкінің, заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен кезде осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алуды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

37) 8-тараудың тақырыбындағы «Банкіні» деген сөз «Банкті және банк холдингін»деген сөздермен ауыстырылсын;

38) 62-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;

39) 65-баптың 2-тармағының з) тармақшасындағы «беруге құқылы.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы и) тармақшасымен толықтырылсын:

«и) осы Заңның 8-бабында көздеген қызметті жүзеге асыруға құқылы.»;

40) 8-тарау мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:

«67-1-бап. Банк холдингін консервациялау

1. Банк холдингін консервациялау банк холдингінің қаржылық жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банк холдингіне қатысты әкiмшiлiк, заңдылық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн уәкілетті органның шешiмi бойынша мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.

2. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі ғана консервациялауға ұшыруы мүмкін.

Банк холдингі мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн:

1) банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің орындалмауы;

2) қатарынан екі және одан да көп тоқсанда теріс меншікті капиталдың болуы.

3. Консервациялау режимiн белгiлеу банк холдингін басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе банк холдингінің уақытша басқарушысын уәкілетті органның шектеулi (бiр жылға дейiнгі) мерзiмге тағайындауын көздейді.

4. Банк холдингін консервациялау банк холдингінің өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк холдингінің акционерлерi (қатысушылары) күнтізбелік он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау банк холдингін консервациялауды тоқтатпайды.

6. Осы Заңның 63, 64, 65, 66 және 67-баптарының талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде банк холдингтеріне қолданылады.»;

41) 69-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат берудің тәртібі, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару және оларды басқа банкке аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Уәкілетті орган банкті өз еркімен таратуға рұқсат беруден бас тартуды мынадай негіздердің бірі:

1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы және тиісті түрде ресімделмеуі;

2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткілікті болмауы;

3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі іс-шараларды қабылдамауы бойынша жүргізеді.»;

42) 73-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап банктің бұрын жұмыс істеп келген органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы қызметкерлері, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.»;

7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:

«Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін оларды күнтізбелік отыз күн ішінде - заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;

мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. Тарату комиссиясы банк қызметінің тоқтатылуы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде банк қызметінің тоқтатылуының тіркелгені туралы бұйрықтың көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.»;

43) 74-4-баптың 1-трмағының 5) тармақшасындағы «орындамаған жағдайда,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын.

9. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж. , № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) бүкіл мәтін бойынша «ашық» деген сөз алып тасталсын;

2) 1-бапта:

2), 3), 4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

2) үлестес тұлғалар – шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, оның ішінде жасалған мәмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ұлттық басқарушы холдингтің жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің құрамында болуы тұлғалардың бір-біріне қатысты үлестес екенін айқындау үшін негіз болып табылмайды;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын жанама иелену (дауыс беру) – жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының, немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы айқындау мүмкіндігі;


жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау