|
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
|
Дата | 14.01.2018 | өлшемі | 73,2 Kb. | | #7487 |
| - Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
- Астана, 2012 жылдың қарашасы
- Діни бірлестіктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде осы Заңның талаптарына сәйкес өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті. Сонымен бір мезгілде тіркеуші органға діни бірлестіктің мәртебесін растайтын құжаттар табыс етіледі.
- Дiни мүдделерi мен қажеттiлiктерiн қанағаттандырумен айналысатын және осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн дiни бiрлестiктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жылдың iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзуге мiндеттi.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн өздерiнiң құрылтай құжаттарын осы Заңның талаптарына сәйкес келтiрмеген заңды тұлғалар дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органның жүгiнуi бойынша сот тәртiбiмен таратылады.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Діни бірлестік он сегіз жасқа толған, құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы бойынша құрылады, онда діни бірлестікті құру, оның атауы, жарғысы туралы шешімдер қабылданады және оның басшылық органдары құрылады. Азаматтар құрылтай жиналысына (съезіне, конференциясына) өз еркі бойынша жеке түрде қатысады.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Діни бірлестіктің мынадай белгілері:
- 1) ортақ діни ілімі;
- 2) діни жораларды, рәсімдер мен уағыздарды орындау;
- 3) өз қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын дінге тәрбиелеу;
- 4) қызметінің діни бағыты болуға тиіс.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Республикалық діни бірлестіктер мен өңірлік діни бірлестіктер өз жарғыларына сәйкес діни қызметшілер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру ұйымдарын құруға құқылы.
- Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құруға жол берілмейді.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Діни бірлестіктің атауы ұстанатын діні мен мәртебесін қамтуға тиіс.
- Толық және қысқартылған атауы мен оның нышаны Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің мемлекеттік рәміздерін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына байланысты тыйым салынған және (немесе) таратылған діни бірлестіктердің атауы мен нышанын толық немесе оның елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Дiни бiрлестiк оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап заңды тұлғаның құқық қабiлеттілігiне ие болады.
- Республикалық діни бiрлестiктердi және өңірлік діни бірлестіктерді мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
- Жергілікті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Діни бірлестікті құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі ай мерзім ішінде тіркелу үшін тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішке:
- 1)діни бірлестік басшысының қолы қойылған діни бірлестіктің жарғысы;
- 2)құрылтай жиналысының (съезінің, конференциясының) хаттамасы;
- 3)құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштердегі тізімі;
- 4)дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат;
- 5)діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және осы ілімге сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылған діни баспа материалдары;
- 6)заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алымдар төлемін растайтын құжат;
- 7)діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни орталық басшыны тағайындаған жағдайда, уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат қоса беріледі.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өңірлік діни бірлестіктерді құруға бастамашылық жасаған жергілікті діни бірлестіктердің әрқайсысының қатысушыларының тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариат куәландырған көшірмелері қосымша табыс етіледі.
- Республикалық діни бірлестіктер мәртебесін растау үшін тіркелген күнінен бастап бір жыл өткенге дейін тіркеуді жүзеге асыратын органға олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті (5-тармақ).
- Осы баптың 5-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда, республикалық діни бірлестік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Діни бірлестіктерді мемлекеттiк тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептiк тiркеу, діни бірлестіктерді қайта тiркеу, тiркеуден бас тарту осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) мерзіміне дінтану сараптамасын жүргізу және діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтар тізімінің осы Заңның талаптарына сәйкестігін тексеру үшін үзіліс жасалады.
- Тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға дінтану сараптамасын жүргізу және діни бірлестіктер құруға бастамашы азаматтар тізімдерін тексеруді ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін жібереді.
- Ұсынылған құжаттардың заңнамаға сәйкестігін тексерудің, жүргізілген дінтану сараптамасының, діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтардың тізімін тексерудің нәтижелері бойынша діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу туралы немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Дiни бiрлестiк өз қызметiн жарғының негiзiнде жүзеге асырады, онда мыналар:
- 1)атауы, қызметінің мәні мен мақсаттары;
- 2)орналасқан жерi және оның шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумақ;
- 3)құрылымы, басқару органдарын қалыптастыру тәртiбi мен олардың құзыреті;
- 4)қатысушыларының (мүшелерінің) құқықтары мен мiндеттерi;
- 5)ұстанатын діні, діни ілімінің негіздері және осы ілімге сәйкес келетін діни қызметі туралы мәліметтер;
- 6)діни бірлестіктің мүшесі етіп қабылдаудың және одан шығудың шарттары мен тәртібі;
- 7)мүлікті қалыптастыру көздері;
- 8)құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
- 9)қызметін қайта ұйымдастыру және оны тоқтату шарттары;
- 10)таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі;
- 11)филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер болуға тиіс.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Дiни бiрлестiктiң жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер болуы мүмкін.
- Діни ілім негіздері мен діни қызмет туралы мәліметтерде негізгі діни идеялар, діни бірлестік қызметінің нысандары, осы діни бірлестік қатысушыларының (мүшелерінің) және басқа да адамдардың неке мен отбасына, білімге, денсаулыққа көзқарасының ерекшеліктері, оның қатысушылары (мүшелері) мен қызметшілерінің конституциялық құқықтары мен міндеттерін іске асыруға көзқарасы қамтылуға тиіс.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарындағы және өзге де ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дәйексіз болса және (немесе) құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмаған жағдайларда діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден, оның құрылымдық бөлімшесін (филиалы мен өкілдігін) есептік тіркеуден бас тартылады.
- Тіркеуден бас тартылған жағдайда сотқа шағымдануға болады.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Діни бірлестіктерді қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қосылу, бiрiгу, бөлiну, қайта құру және бөлiнiп шығу жолымен діни бірлестіктің құрылтай құжаттары уәкілеттік берген органның шешiмi бойынша не сот шешімі бойынша жүзеге асырылады. Діни бірлестік тек басқа діни бірлестік болып немесе жеке мекеме болып қайта құрылуы мүмкін. Діни бірлестіктерді қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған ұйымдар осы Заңның талаптарына сәйкес келген жағдайда діни бірлестіктер ретінде тіркелуі мүмкін.
- Діни бірлестіктің қызметін тоқтата тұру және оны тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргізіледі.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- Діни бірлестік таратылған немесе қызметі тоқтатылған кезде оның меншігінде болған мүлікке иелік ету оның жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Құқық мирасқорлары болмаған кезде мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіне өтеді.
- 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының
- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы
- 2012 жылдың 25 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның діни алаңында 17 конфессияны құрайтын 3 088 діни бірлестік пен олардың филиалдары қалды
- 2011 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 46 конфессия 4 551 діни бірлестік пен олардың филиалдары және заңды тұлға белгісі жоқ саны аз діни топтар есепте тұрған.
- Діни бірлестіктердің 32%-ы, яғни үштен бірі қысқарды
- Ислам – VII ғасырдың басында пайда болған әлемдік монотеистік дін. Қазақ жеріне ислам осыдан 12 ғасырдан астам уақыт бұрын келген.
- ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының преамбуласында Қазақстан халқының рухани өмірі мен мәдениетіндегі исламның сунниттік бағыттағы ханафи мазхабының тарихи рөлі атап көрсетілген.
2011 жылдың басында Қазақстанда 2 811 исламдық діни бірлестік болған. - 2012 жылдың 19 маусымында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами бірлестігі тіркелді. Оның филиалдары ретінде еліміздің барлық аймағында 2 228 мешіт қайта тіркеуден өтті.
Қазақстандағы ҚМДБ филиалдары (мешіттері) - Православие – христиан конфессияларының бірі.
- Елімізде православиелік Қазақстан Православ шіркеуі, Армян апостолдық шіркеуі және көне әдет-ғұрыптық қауымдар қызмет атқарады. 2011 жылдың басында 304 православ діни бірлестігі болған.
- 2012 жылдың 17 қазанында 9 епархия мен 261 приходты біріктіретін Митрополиялық округ республикалық діни бірлестігі тіркелді.
- Сонымен қатар бұрын қызмет атқарған Армян апостолдық шіркеуі мен 8 көне әдет-ғұрыптық қауым қайта тіркеуден өтті.
Қазақстандағы православ шiркеуiнiң приходтары - Ескерту: Бұған қосымша Алматы қаласында Армян апостолдық шiркеуi және ШҚО (4 ), БҚО (2 ),
- Алматы қ. (1 ), Қостанай обл. (1 ) көне әдет-ғұрып шiркеулерi жұмыс iстейдi.
- Католиктік – христиандық конфессиялардың бiрi. Діни ілімі Библияға және Қасиеттi жазбаға негiзделеді. Негiзгі қағидалары Католик шiркеуiнiң катехизисында баяндалған.
- Қазақстанда Рим-католик шiркеуінің 79 субъектісі қызмет атқарады.
Қазақстандағы католик шiркеулерi - Лютерандық – христиан дініндегі протестанттық ағымдардың бiрi. Лютерандық XVI ғасырда Германияда реформация қозғалысының нәтижесінде пайда болды.
- Қайта тіркеуден 13 жергілікті діни бірлестік өтті.
- 2011 жылдың басында елде 32 дiни бiрлестiк есепте тұрған.
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - Солтүстік Қазақстан облысы
| | | - Оңтүстік Қазақстан облысы
| | - Баптизм – XVII ғасырдың басында пайда болған христиан дініндегі протестанттық бағыттардың бірі. Өз діни ілімі бойынша баптизм жалпыхристиандық және жалпыпротестанттық Үшбірлік пен Иса Мәсіхтің құдайға тән табиғаты, сондай-ақ жалпыпротестанттық құтқарылу туралы қағидаларды ұстанады.
- Қайта тіркеуден 100 жергілікті діни бірлестік өтті.
- 2011 жылдың басында елде 364 діни бірлестік, саны аз діни топтар мен филиалдар есепте тұрған.
- Методизм XVIII ғасырда Англияда пайда болды.
- Методизм діни ілімі классикалық протестантизм қағидаларын ұстанып, Библияны мойындайды. Сонымен қатар діни ұйғарымдарды әдістемелік тұрғыдан сақтауды талап етеді.
- Қайта тіркеуден 11 жергілікті діни бірлестік өтті.
- 2011 жылдың басында елімізде 18 діни бірлестік есепте тұрған.
- Қайта тіркеуден бір жергілікті діни бірлестік өтті.
- 2011 жылдың басында елімізде 6 діни бірлестік есепте тұрған.
- Меннониттер алғашқы протестант-тық ағымдардың бірі болып табылады. Атауы осы ілімнің негізін қалаушы Менно Симонсқа байланысты қойылған.
- Елуіншілер XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында АҚШ-та пайда болған.
- Елуіншілердің діни ілімінің ерекшелігі Қасиетті Рухтың елуіншілер күнінде жерге түскендігі және соның нәтижесінде Апостолдар мен Иса Мәсіхтің басқа да шәкірттерінің Қасиетті Рух күшіне ие болғандығы туралы жеке тармақтың бекітілуі болып табылады.
- 2011 жылдың басында елімізде 400 діни бірлестік, саны аз діни топтар мен филиалдар есепте тұрған.
- Қайта тіркеуден 189 жергілікті діни бірлестік өтті.
- Пресвитериандық протестанттық ағымдардың бірі болып табылады.
- Пресвитериандық кальвинизмнің және кең ұғыммен алғанда реформаттық шіркеу тармақтарының бірі ретінде қарастырылады.
- Пресвитериандық доктрина Құдайдың жоғарғы күшіне сенуге және құдайдан құт-береке келуі үшін тек сенім ғана керек екеніне негізделеді.
- 2011 жылдың басында елімізде 229 діни бірлестік, саны аз діни топтар мен филиалдар есепте тұрған.
- Қайта тіркеуден 55 жергілікті діни бірлестік өтті.
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - Солтүстік Қазақстан облысы
| | | - Оңтүстік Қазақстан облысы
| | - «Ехоба куәгерлері» XIX ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болды. Діни ілімінің негізгі ережелері осы ілімнің негізін салушы Чарльз Расселдің «Қасиетті Кітап зерттеулері» атты жеті томдық еңбегінде жазылған.
- 2011 жылдың басында елімізде 70 діни бірлестік есепте тұрған.
- Қайта тіркеуден 59 жергілікті діни бірлестік өткен.
- Жетінші күн адвентистері – АҚШ-та 1843 жылы пайда болған протестанттық ағым. Адвентистік діни ілімінің негізін бұрынғы баптист Уильям Миллер қалаған. Адвентистер сенім мен өмір сүрудің жалғыз ережесі ретінде Библияға сүйенеді, Иса Мәсіхтің екінші рет тіріліп келетін күнінің жақын қалғанына сенеді және сенбіні демалыс күні ретінде ұстанады.
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - Солтүстік Қазақстан облысы
| | | - Оңтүстік Қазақстан облысы
| | - 2011 жылдың басында елімізде 67 діни бірлестік есепте тұрған.
- Қайта тіркеуден 42 жергілікті діни бірлестік өтті.
- Жаңа апостолдар шіркеуі 1832 жылы Англияда пайда болды, ол католиктік пен лютерандықтан кейінгі Германияның негізгі шіркеулерінің бірі болып табылады.
- Жаңа апостолдар шіркеуі апостолдардың ерекше рөлін тани отырып, Библияны өздерінің негізгі оқулығы деп санайды.
- Қайта тіркеуден 8 жергілікті діни бірлестік өтті.
- 2011 жылдың басында елімізде 47 діни бірлестік есепте тұрған.
- Иудаизм – бұл еврей халқының ұлттық діні. Иудаизм ілімінің негізінде иудейлер өмірінің барлық салаларын реттейтін қатаң монотеизм жатыр.
| | | | | | | | | | | | | - Оңтүстік Қазақстан облысы
| | - 2011 жылдың басында елімізде 26 діни бірлестік есепте тұрған.
- Қайта тіркеуден 4 жергілікті діни бірлестік өтті.
- Буддизм – ежелгі әлемдік дін. Б.д.д. VI-V ғғ. Үндістанда пайда болды.
- Басқа діндерден ерекшелігі буддизмде Құдайдың әлемнің жаратушысы және оның билеушісі екендігі туралы идея жоқ. Буддизм ілімінің мәні әрбір адамды азаптан арылу жолына түсуге шақыру болып табылады.
- 2011 жылдың басында елімізде 4 діни бірлестік есепте тұрған.
- Қайта тіркеуден 2 жергілікті діни бірлестік өтті.
- «Кришна Санасы Қоғамы» 1966 жылы Нью-Йорк қаласында Бенгаль монахы Бхактиведанта Свами Прабхупада негізін салған неоиндуистік діни бірлестік. Кришнаиттер Кришнаға құдайдың құдіретті бейнесі ретінде табынады.
- 2011 жылдың басында елімізде 14 діни бірлестік есепте тұрған.
- Қайта тіркеуден 8 жергілікті діни бірлестік өтті.
- Бахаи қауымы XIX ғасырдың ортасында пайда болды. Оның негізін «Бахаулла» есімімен танылған парсылық Мирза Хусейн Али қалаған. Бахаи ілімі әлемдік және дәстүрлі діндердің жекелеген қағидаларын негізге ала отырып синтезделген ілім болып табылады.
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | - Оңтүстік Қазақстан облысы
| | - 2011 жылдың басында елімізде 20 діни бірлестік есепте тұрған.
- Қайта тіркеуден 6 жергілікті діни бірлестік өтті.
- Иса Мәсіхтің соңғы қасиетті күндері шіркеуінің (мормондар) негізін 1830 жылы АҚШ-та Джозеф Смит қалады. «Мормон» термині 1830 жылы қасиетті жазба ретінде жарияланған, мормондар Библиямен қатар қолданатын «Мормон кітабынан» шыққан.
- 2011 жылдың басында елімізде бір діни бірлестік есепте тұрған.
- Қайта тіркеуден 2 жергілікті діни бірлестік өтті.
- Жалпы алғанда, 2012 жылғы 25 қазанға дейін
- 17 конфессияны құрайтын 3 088 діни бірлестік қайта тіркеуден өтті.
| | | | | | | | | | | | | | | | | - Інжілдік христиан-баптистер
| | | | | | | | | | | | - Пресвитериандық шіркеулер
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - Иса Мәсіхтің соңғы қасиетті күндері (мормондар) шіркеуі
| | | | | | | | | | | - * Бұдан басқа 20 дәстүрлі емес діни бірлестік қайта тіркеуден өтпеген
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|