6-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
2) тармақшадағы «және» деген сөз «немесе» деген сөзбен, «бөлігіндегі қосымшалардың әділет органдарында тіркелген күнінің» деген сөздер «бөлігінде толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдап алғандығы туралы әділет органының белгісі соғылған күннің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «және» деген сөз «немесе» деген сөзбен, «бөлігіндегі қосымшалардың әділет органдарында тіркелген күнінің» деген сөздер «бөлігінде толықтырулар енгізу туралы әділет органының банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «тексеру» деген сөз алып тасталсын;
8 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркелуді қажет ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент банкі әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға:
1) филиал, өкілдік туралы ережеге енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) филиалдың, өкілдіктің есептік қайта тіркелгендігі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік тіркеуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі әділет органының банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттың көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Филиалдың орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк филиалдың үй-жайының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын қорытынды мен актінің нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға қосымша табыс етеді.»;
«13. Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген туралы хабардар етуге міндетті.
Өкілдік туралы ережеге қайта тіркеуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті емес банктің өкілдігі әділет органының Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк өкілдігінің көрсетілген хатының көшірмесін, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
15-тармақтағы «талап етуге құқылы» деген сөздер «талап етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 30-бапта:
2-тармақтың 8) тармақшасындағы «, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрлерін жүргізуді банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай:
1) Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңнамалық актісінде көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген;
2) осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген банк операцияларын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым лицензиясыз жүзеге асыра алатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның лицензиясы болғанда жүзеге асырады.»
6-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «брокер және (немесе) дилер номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен» деген сөздер алып тасталсын;
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бас банкі не тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар банк холдингі не ірі қатысушысы - жеке тұлғасы жоқ банктер (орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге құқылы емес.»;
16) 31-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «банктердің» деген сөзден кейін «, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 34-баптың 1-тармағында:
«номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен брокердiң және (немесе) дилердiң немесе» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат беруге оның келісімі талап етілмейді.»;
18) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Клиент кредитті өтеу қабiлеті жоғары және сенiмдi болған жағдайда, банк қамтамасыз етпестен кредит (бланктік кредит) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы. Қамтамасыз етпестен кредит (бланкілік кредит) беру критерийлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
19) 40-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
екінші абзацта:
«клиенттермен» деген сөз «тұлғалармен» деген сөзбен ауыстырылсын;
«адамдар болып табылмайтын» деген сөздер «емес» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «клиенттерден» деген сөз «тұлғалардан» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінің в) тармақшасы «iрi қатысушысы» деген сөздерден кейін «не лауазымды адамдары» деген сөздермен толықтырылсын:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Банк қандай да бір тұлғамен:
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемелер төлеміне;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен айналысқа шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға әкеп соғатын мәмілені жасай алмайды.»;
мынадай мазмұндағы 9, 10, 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын::
«9. Банктің директорлар кеңесі банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленетін банктің ірі қатысушысы жеке тұлға немесе банк холдингі осы Заңның 17-1-бабында белгіленген тиісті мәртебені иелену аясында ұсынған бизнес-жоспарды қарайды.
Банктің директорлар кеңесінің банктің (банк холдингінің) ірі қатысушысының бизнес-жоспарын қарау нәтижелері туралы банк уәкілетті органды банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) бизнес-жоспарын даму стратегиясына (даму жоспарына) енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Банктің директорлар кеңесі банктің даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.
10. Осы баптың талаптары банк холдингтеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Банк конгломератымен ерекше байланысты тұлғалардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
11. Осы баптың 1, 2 және 3-1-тармақтарының талаптары осы Заңның 11-2-бабында айқындалған жағдайларда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйым мен бас банк арасында жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.
12. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірін орындаған:
банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген - Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауы болған;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингтен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды.»;
20) 3-тарау мынадай мазмұндағы 40-5-баппен толықтырылсын.
«40-5-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
1. Банктер тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, ол:
1) банктің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
2) ішкі саясат пен тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі рәсімдерді;
3) банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді;
4) банк органына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Банк конгломератының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын шоғырландырылған негізде қамтамасыз етеді.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды банк конгломераты қатысушыларының сақтауы үшін жауаптылықта болады.
21) 42-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері;»;
төртінші бөліктегі «және (немесе) банк акцияларының жиырма бес пайызынан астамын иеленетін банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғаларды» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
«Банк» деген сөзден кейін «, банк конгломераты» деген сөздермен толықтырылсын;
«банк» деген сөзден кейін «, банк холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Банк холдингтері, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген банктің және банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда, банк холдингі, банктің ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйін жақсарту, оның ішінде банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде банктің және банк конгломератының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.»;
22) 44 және 45-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Банктердің, банк холдингтерінің және банк
конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру
1. Банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган банктердің қызметіне тексеру жүргізген кезде банктердің үлестес тұлғаларының қызметін тек қана олардың банктердің қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында тексеруге құқылы.
2. Банктер, банк холдингтері, банк конгломератына қатысушылар, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша тексерушi органға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткізуін қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банктердің, банк холдингтерінің және конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi тұлғаларға беруге тыйым салынады.
4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған және банктік не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылықта болады.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мына талаптардың бірін орындаған:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингінің, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауы болған;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингтен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөнінде келісім болған кезде банк холдингі, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды.
45-бап. Ертерек ден қою шаралары
1. Уәкілетті орган банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
1) меншікті капиталының жеткіліктігі коэффициенттерінің төмендеуін;
2) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуін;
3) жеке және заңды тұлғалардың банк міндеттемелері сомасында тартылған салымдары үлесінің төмендеуін;
4) негізгі борышы және пайыздық сыйақысы бойынша мерзімін кешіктіру уақыты күнтізбелік тоқсан күннен асатын банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі қарыздардың ұлғаюын;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және банк конгломератының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында, банк конгломератының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
1) банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктігі коэффициентінің төмендеуін;
2) бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициентінің ұлғаюын;
3) банк конгломератына қатысушылар болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларының қолданылуын;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банк конгломератының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банк конгломератының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
3. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
Банк және (немесе) оның акционерлері көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банкке және (немесе) оның акционерлеріне төмендегі санамаланған ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
1) банктің ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
2) депозиттер қабылдауды шектеуді;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
4) банк провизияларын ұлғайтуды;
5) банктің басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
6) тәуекел дәрежесі жоғары банк операцияларының жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе шектеуді;
7) банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банктің меншікті капиталын ұлғайтуды;
8) банктің активтерін және (немесе) міндеттемелерін қайта құрылымдауды;
9) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес ұйымдарын жабу арқылы қысқартуды қолданады.
4. Банк конгломератының қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) банк холдингін не банк конгломератына қатысушыларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және банк конгломератының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
Банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына төменде санамаланған ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
1) банк конгломератына қатысушылардың өз акционерлерінің (қатысушыларының) арасында жай акциялар бойынша дивиденттерді есептеуін және (немесе) төлеуін (таза кірісті бөлуін) тиісінше уәкілетті орган белгілеген мерзімге тоқтатуды;
2) басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымнан шеттетуді;
3) банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде банк конгломератының жарғылық капиталын ұлғайту жолымен оның меншікті капиталын ұлғайтуды;
4) банк конгломератының активтерін қайта құрылымдауды;
5) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де еншілес және тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесін азайту арқылы қысқартуды;
6) банк холдингін және банк конгломератына қатысушыларды тәуекелге ұшырататын операцияларды (тікелей және жанама) тоқтатуды қолданады.
5. Банктің (банк конгломератының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған ертерек ден қою іс-шараларының жоспары осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімде ұсынылмаған немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы атқарылмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес атқарылмаған немесе уақтылы атқарылмаған жағдайда банкке (банк холдингіне) және (немесе) оның акционерлеріне (ірі қатысушыларына) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал етудің шектеулі шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
6. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және банктің (банк конгломератының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірін орындаған:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауы болған;
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөнінде келісім болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды.»;
23) 46-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Уәкiлеттi органның пруденциалдық қалыптарының және сақталуға мiндеттi басқа да нормалары мен лимиттерiнiң бұзылғанын, нормативтiк құқықтық құжаттарының бұзылғанын» деген сөздер «Пруденциалдық қалыптардың және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің бұзылғанын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын» деген сөздермен ауыстырылсын;
в) тармақшасындағы «ескерту» деген сөз «жазбаша ескерту» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «кемшiлiктердi мойындау фактiсi және» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын мойындау фактісі, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«дереу» деген сөз алып тасталсын;
«кемшiлiктердi» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осыған байланысты» деген сөздер «осы бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы бапта келтірілген шаралар банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін тұрақсыз қаржылық жағдайы туындаған жағдайларда, сондай-ақ уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаған жағдайда қолданылуы мүмкін.»;
Достарыңызбен бөлісу: |