Тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 4,28 Mb.
бет3/17
Дата22.05.2018
өлшемі4,28 Mb.
#15654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
банк холдингін;

жанама иелену банк холдингі арқылы жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, өзге қаржы ұйымының орналастырылған немесе дауыс беретін акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бестен кем пайызын тікелей немесе жанама иеленетін банктің ірі қатысушысы - жеке тұлғаны қоспағанда, бірде-бір тұлға банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп тікелей немесе жанама иелене алмайды.

Банк холдингін немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі талаптар көрсетілген банктің (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы банктің акцияларын жанама иеленуші (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды.



Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі талаптар өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және көрсетілген банктің (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының - Қазақстан Республикасының резиденті еместердің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы банктің акцияларын жанама иеленуші (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаға қолданылмайды.»;

4-тармақтың 1) және 3-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алуға жұмсалатын ақша көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.

Мыналар:

кәсіпкерлік, еңбек қызметінен немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістер;

өтініш берушінің құжатпен расталған жинақталған ақша қаражаты банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады.

Сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған, банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ақша банктің акцияларын сатып алу үшін осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша пайдаланылуы мүмкін.

Өтініш беруші сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен банктің акцияларын сатып алған кезде сыйға тартушы және көрсетілген мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;»;

«3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешектер туралы ақпаратты;»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызына (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) иелік ететін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін анықтау немесе оларды бақылау мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;

1-2) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;»;

6-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 1-1), 1-2), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш берушінің сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігін білдіретін жазбаша растауын, не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай шешім осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы өтінішін ұсынады.»;

7-тармақта:

бірінші абзацтағы «Банктің ірі қатысушысы» деген сөздер «Банк холдингінің қатысушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған түрде қадағалануы тиіс екендігі туралы жазбаша растауын;

1-2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін;»;

7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7-1. Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызына иелік ету үлесі бар банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша таяу бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.»;

8-тармақтың 5) тармақшасындағы «табылатын тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады» деген сөздер «табылатын тұлғалар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) олардың бірі екінші тұлғаға оның сыйға берген ақшасы немесе өтеусіз алған мүлкі есебінен банктің акцияларын сатып алуға мүмкіндік жасаған тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.»;

9-тармақта:

бірінші абзац «банктің» деген сөзден кейін «немесе банк холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;

бесінші абзац «банктің» деген сөзден кейін «немесе банк холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;

алтыншы, жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) сатып алушы тарап болып табылатын жағдайлар;



өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;»;

сегізінші абзац «берушінің банктің» деген сөздерден кейін «немесе банк холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;

он үшінші абзацтағы «табылатын жағдайлар негіз болып табылады» деген сөздер «табылатын жағдайлар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:

«өтініш беруші заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;

Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымдары болып табылатын заңды тұлғалар - ірі қатысушылар және банк холдингтері бойынша, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдарының арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы негіз болып табылады.»;

10-тармақтың төртінші абзацы «аяқталған» деген сөзден кейін «әрбір» деген сөзбен толықтырылсын;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«11. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз банктің ірі қатысушысы, не банк холдингі белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ алты айдан аспайтын мерзімде банктің акцияларын өткізу жөніндегі талаптар тұрғысынан осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;

12-тармақта:

бірінші бөлік «айқындалған» деген сөзден кейін «шарттарда және» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші бөліктің үшінші абзацындағы «осы Заңда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;



12-1-тармақта:

4) тармақшада:

«акционерлер банктің» деген сөздерден кейін «, банк холдингтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;

«акцияларының» деген сөзден кейін «орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

«қоғамға» деген сөз «банкке» деген сөзбен ауыстырылсын;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес банк холдингінің немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін берілген өтініш бойынша шешімді өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде қабылдауға тиіс.

Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижелері туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда жазбаша хабарламада бас тарту негіздері көрсетіледі.»;



15-тармақта:

бірінші сөйлемдегі «осы Заңның» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші сөйлем «қолданылатын тұлға» деген сөздерден кейін «алты ай ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:



«Осы бапқа сәйкес берілген келісім қайтарып алынған тұлға банктің акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлікпен басқаруға беруге құқылы емес.

Уәкілетті орган өздеріне қатысты тиісті келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, осы тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындауы үшін уәкілетті орган сотқа жүгінуге құқылы.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген болса, ол банктің басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекеттер жасауға және (немесе) осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алғанға дейін осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.



Көрсетілген жағдайда банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлға оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні өзіне белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

Егер осы тұлға акцияларды көрсетілген мерзімде иеліктен шығарғысы келмесе ғана оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні уәкілетті органға белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оған тиісті мәртебені иелену туралы өтініш табыс етіледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдау туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға ұсынылады.»;

18-тармақта:

бірінші бөліктегі «отыз күн ішінде» деген сөздер «күнтізбелік отыз күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

«акциялары санының» деген сөздер «акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«проценттік арақатынасы» деген сөздер «қатысты» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:



«Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 4-тармағының
1) тармақшасында айқындалған.»;

үшінші бөліктегі «бір» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Банк және банк холдингі өздеріне тиесілі орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акцияларs шегеріле отырып) немесе банктің немесе банк холдингінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің санын, сондай-ақ олардың пайыздық арақатынасын көрсете отырып, өздерінің барлық ірі қатысушыларының немесе банк холдингтерінің (банк үшін) тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етіп отыруға міндетті.»;

9) 17-2-бапта:

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:



«5-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарияланған акцияларын сатып алған кезден бастап осы банктің еншілес ұйымдарына қатысты шешімдерді банктің директорлар кеңесі қабылдайды.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«6. Банктің пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауына алып келген, оның қаржылық жай-күйі жақсарған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын тікелей атаулы сату жолымен не қор биржасында сауда-саттық жолымен өткізу жөнінде шаралар қолданады.

Банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.»;

10) 18-баптың 1-тармағындағы «Негiзгi рейтинг» деген сөздер «Рейтинг» деген сөзбен ауыстырылсын;

11) 20-бапта:

тақырыбы «Банктің» деген сөзден кейін «және банк холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Банк қаржы жылы аяқталған соң уәкілетті органға күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банктің қаржы жылы ішінде банктің барлық басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті ұсынуға міндетті.

Банктің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа түрлерін төлеу бойынша банктің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Банктің ірі қатысушысы банк басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.

Банктің еншілес ұйымының басқару органының немесе банк капиталына қомақты қатысатын ұйымның құрамына кіретін банктің атқарушы органы мүшелерінің саны, ұлттық басқару холдингі бас ұйым болып табылатын банктің атқарушы органының мүшелерін қоспағанда, банктің еншілес ұйымының басқару органы немесе банк капиталына қомақты қатысатын ұйым мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауға тиіс.»;

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын директорлар кеңесінің бірінші басшысы немесе мүшесі, банк басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде үш жыл;»

9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болады.»;

мынадай мазмұндағы 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:



«12. Басқару органдарының, атқарушы органның бірінші басшылары мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес ұйымдар мен банк холдингіне қомақты қатысатын ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын банк холдингінің өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері ретінде танылады.

13. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының резиденттері емес банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың бірін орындаған кезде:

банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауы болған;

банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингтен төмен емес өзіндік кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.»;

12) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңінде сақтамаған;»;

13) 28-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін, әділет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн олар қайта тіркелген күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.

Құрылтай құжаттарына қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, банк әдiлет органының банктің хатын қабылдап алғандығы туралы белгісі соғылған күннен бастап банк күнтізбелік он төрт күн ішінде банктің осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;

14) 29-бапта:


жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау