Модуль 1. Байланыс және тұлғааралық қарым-қатынастың теориялық негіздері. Тұлға аралық қатынас педагогикалық – психологиялық проблема ретінде
Жоспар:
Қарым – қатынас, қатынас түсінігін анықтау . Қарым – қатынас түрлері және мазмұны. Қарым – қатынас процесіндегі әсер ету механизмдері. Қарым – қатынас стилі. Қарым – қатынастың психологиялық және педагогикалық аспектілері.
1. Қарым – қатынас, қатынас түсінігін анықтау. Қарым – қатынас мазмұны.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қоғам өмірі саласында жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі бір әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылған талаптар арта түсуде. Соңғы жылдары қабылданған мәні зор құжаттар бар. Бұл құжаттарда жас жеткіншектрге қарым- қатынас арқылы шәкірттердің бойына ізгілік, адамгершілік, зиялылық қасиеттерді қалыптастыру мәселесі негізінде еңбек ету делінген. Қарым- қатынас мәселесі ересек адамға ғана тән қасиет емес, ол жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым- қатынас жасау мәселесі педагогика және психология ғылымында тәлім- тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі мәселелердің қатарына жатады.
Қарым-қатынас мәселесін қарастырған ғалымдар С.М. Елеусізова, Қ.Ж. Қарақұлов, С.И. Қалиева, Д.Ж. Намазбаева, В.К. Шабальников, Н.Д. Хмель т.б. Олар ересектер мен оқушылардың қарым- қатынасын, олардың психикасының жан- жақты дамып, қалыптасуында үлкен маңызы бар фактор екендігі анықтаған. Ұстаз бен оқушылардың қарым- қатынасы оқу – тәрбие үрдісінде ұйымдастыру жөнінде көптеген маңызды зерттеулер бар.
Ресей ғалымдары: В.А.Кан-Калик, А.В.Мудрик, А.В.Запорожец, М.И. Лисина, А.В. Петровский т.б. қарастырған. Сонымен қатар қарым- қатынас мәселесімен бірге отбасы ішілік қарым- қатынастар ерекшеліктерін А.И.Захаров, А.С.Спиваковская, А.Я.Варга, Э.Г. Эйдемиллер, Ю.Гипнрейтер, М.Буянов, З.Матейчек, Г.Холкентаускас, А. Фромм, Р.Снайдер және басқалар зерттеген. Балалар мен ата- аналар арасындағы қарым- қатынастарды зерттеуге А.С. Макаренко көп үлес қосты. «Ата- аналарға» деген кітабында Макаренко отбасының алғашқы ұжым екенін көрсетеді, мұндағылардың барлығы толық құқықты мүшелер болып келген, олардың әрқайсысының өзіндік жұмыстары бар, оларға баланың да кіретінін көрсеткен. Э.Арутунянның еңбектері де қызықтырады, мұнда тәрбие мен бала ата-аналар арасындағы қарым-қатынастар отбасының құрылымның талдауымен байланыстырады. Ол отбасының түрлерін бөліп көрсетті: дәстүрлік, ерлі-зайыптылық және достық. А.Е.Личко отбасы ішілік қатынастардың мәселелерін зерттей келе, отбасындағы жайсыз жағдайларды бөліп көрсетті (бақылаусыздық, отбасында «кумирдің» пайда болуы және т.б. жағдайлар). Жалпы балалар мен ата – аналар арасындағы қарым- қатынастар бала жеке басының дамуына әсер ететіндігін көптеген ғалымдар зерттеп, оны жан-жақты қарастырады. Бұл мәселе оқушылар мен ересектер арасындағы өзара қарым- қатынас психологиясына теориялық және практикалық тұрғыда зерттелінген жұмыстар өте көп. Олардың әрқайсысы іс- әрекет барысында тиімді әрі жүйелі түрде қолданылуда.
2. Қарым – қатынас процесіндегі әсер ету механизмдері. Қарым – қатынас стилі. Қарым – қатынастың психологиялық және педагогикалық аспектілері.
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз. Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз: басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз; жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз; таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз; басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз; шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, түрлері, мазмұны
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қарым-қатынас дегенімізі не?
2. Қарым-қатынас мәселесін Қазақстанда кімдер зерттеген?
3. Қарым-қатынастың алғашқы формасы қандай?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.
Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.
Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.
Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.
Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.
Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.
Қосымша әдебиеттер:
Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.
Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.
Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.
Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.
Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.
Тақырып 2. Қарым – қатынас , оның түрлері және формалары
Жоспар:
Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік. Іс барысындағы әңгімелесу қарым – қатынастың негізгі формасы ретінде. Әңгімелесушілердің сұрақтары және олардың психологиялық мәні. Әңгімелесушінің өз жұбына әсер етуі психологиялық жолдары.
Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік және түрлері. Әңгімелесу қарым – қатынастың негізгі формасы ретінде. Әңгімелесушілердің сұрақтары және олардың психологиялық мәні. Әңгімелесушінің өз жұбына әсер етуі психологиялық жолдары.
Тұлға – қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық рөл атқаратын, саналы индивид. Рөл дегеніміз – жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Мысалы, ата – ананың рөлі баланы тәрбиелеу, ал мектеп мүдірінің рөлі – мұғалімдер ұжымын басқару және оқушылардың оқыту процесін ұйымдастыру. Жеке адамның позициясы дегеніміз – оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, өзі мойнына алған міндеттерге, еңбек міндеттеріне деген т.б. қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін, оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтағы-олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне байланысты. Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады: “Бет-перделердің байланысуы”- әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, ескеру ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер қолданылады, әңгімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы; Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объект ретінде бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып ызалана; Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады; Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым; Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ымынан, бет әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады; Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту); Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында, яғни адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.
Қарым-қатынастың келесі түрлерi: маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi; формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады; іскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады; достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi; маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады; вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру; интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету; перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру; экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту. Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады: -жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық беру. - төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б. Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай элемент керек: хабар берушi; мәлiмет; арнайы ақпарат беру құралы; ақпарат алушы. Коммуникация процесi кезеңнен тұрады: ақпарат алмасудың басталуы, мұнда хабар жiберушiнiң қандай реакция алатынын ашық бiлу керек; ойдың символға мәлiметке айналуы.
Қарым-қатынастың негізі түрлері: тікелей және жанама қарым-қатынас, тұлға-аралық және тұлға ішілік қарым-қатынас, іскерлік және тұлғалық қарым-қатынас. Жанама және тікелей қарым-қатынас. Биологиялық, материалдық, когнитивтік қарым-қатынас. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Қарым-қатынастың тұлға дамуындағы рөлі. Адамның интеллектуалдық және адамгершіліктік дамуы үшін оған басқа адамдармен араласу қажеттілігі. Жалғызбасты адамның тұлғалық, психологиялық, мінез-құлықтық мінездемесі. Жалғыз басты адамның өз-өзіне деген қатынасы және өзін-өзі бағалауы. әр түрлі адамдарыдң жалғыздыққа деген реакциялары. Жалғыз басты адамдарға тән тұлға аралық қатынастың спецификалық мәселелері. Өзін-өзі бағалаудың төмендігі жалғыздық факторы ретінде. Ерте балалық кезеңдегі тәжірбиенің ересек адамда жалғыздық пайда болуындағы рөлі. Қарым-қатынас техникасы мен тәсілдері. Қарым-қатынас техникалары мен тәсілдерін анықтау. Қарым-қатынас техникалары мен тәсілдерінің алғашқы сатылары. Қарым-қатынасқа икемделу, әңгімелесушіде қажет күйді тудыру. Мұнда қолданатын қарым-қатынас техникалары мен тәсілдері. Кері байланыс түсініг және оның мезанизмі. Коммуникациялық қабілеттер. Қарым-қатынас техникалары мен тәсілдерінің жастық ерекшеліктері. Қарым-қатынас техникалары мен тәсілдерінің кәсіптік ерекшеліктері.
Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, қарым-қатынас түрлері
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қарым-қатынастың түрлері ?
2. Қарым-қатынастың қазіргі формалары қандай?
3. Қарым-қатынастағы манипуляция деген не?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.
Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.
Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.
Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.
Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.
Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.
Қосымша әдебиеттер:
Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.
Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.
Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.
Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.
Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.
Тақырып 3. Тұлғааралық қарым – қатынастың құрылымы
Жоспар:
Қарым – қатынастың перцептивті жағынан сипаттамасы.Әлеуметтік перцепция түсінігі әлеуметтік перцепцияның кезеңдері. Әлеуметтік перцепцияның психологиялық механизмдері: идентификация, эмпатия, рефлексия және аттракция. Қарым – қатынастың коммуникативті жағының сипаттамасы. Коммуникативті қарым – қатынастың құралдары. Қарым – қатынастың интерактивті жағының сипаттамасы.
1. Қарым – қатынастың перцептивті жағынан сипаттамасы.Әлеуметтік перцепция түсінігі әлеуметтік перцепцияның кезеңдері. Әлеуметтік перцепцияның психологиялық механизмдері: идентификация, эмпатия, рефлексия және аттракция.
Қарым – қатынасты екі негізгі аспект ретінде қарастыруға болады, біріншісі, адамдармен қарым – қатынасқа түсе отырып, түрлі қасиеттерге ие болу, екіншісі, өзін тыңдау. Адамдар арасындағы қарым – қатынастар бірнеше қызмет атқарады:
Қарым – қатынас адамның ұжымдық іс - әрекеттерінде байланыстырушы қызметін атқарады. Адамдарды кез – келген іс - әрекетте біріктіруге жағдай жасайды.
Қалыптастырушы адамның психикасының өзгеруі мен қалыптасуының негізгі жағдайы ретінде көрінеді.
Бекітуші адам басқа адамдармен қарым – қатынас процесінде өзін бекітеді және оған мүмкіндік алады.
Жеке өзара қарым – қатынастарды қолдау және ұйымдастыру. Бұл адамның бір – бірін ұнату және ұнатпауы.
Адамның ішкі өзіне деген қатынасы. Бұл адамның диалог арқылы өзі - өзімен (ішкі, сыртқы) қарым – қатынасы. (2 - сызба)
Б.Ф.Ломов қарым – қатынас қызметін мынадай топтарға жіктеді:
- Ақпаратты – коммуникативтік;
-Тұрақтандырушы - коммуникативтік;
-Аффектті - коммуникативтік;
Әрбір адам әртүрлі қызмет атқарады: қызметтік (бастық, бағынушы, оқушы, дәрігер, педагог және т.б.) жанұялық (шеше, әке, күйеу, әйел, апай, бауыр және т.б.), бұлар қарым – қатынастың әртүрлі түріне байланысты.
Әлеуметтік қызметке негізделген қарым – қатынастар формалды деп аталады. Қарым – қатынастың формалды емес түрі серіктер арасында қалыптасқан жеке тұлғаның субъективті ойына толы. Формалды емес қарым – қатынастың жоғарғы формасы – махаббат және достық.
Қарым – қатынастың құрылымы:
- коммуникативтік,
- интерактивті;
- перцептивтік.
Манипуляция –қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен , достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады.
А.А.Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің «сыңарлары» деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі – диалогты қарым-қатынас.
Диалог – тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып-түсіну, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму.
Қарым-қатынас қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Қарым-қатынас, Г. М. Андрееваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Қарым-қатынас формалары: Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы. Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т.с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді. Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
2. Қарым – қатынастың коммуникативті жағының сипаттамасы. Коммуникативті қарым – қатынастың құралдары. Қарым – қатынастың интерактивті жағының сипаттамасы.
I. Коммуникативтік қарым – қатынас – бұл субъектінің хабарлармен алмасуы. Коммуникация – қатынас, жол. Вербальды және вербальды емес құралдар арқылы жүзеге асады. Қарым – қатынас барысында адамдар әр түрлі ойлармен, қызығушылықтармен, көңіл – күйлермен, сезімдермен және т.с.с. алмасады. Мұның барлығы әркелкі ақпарат ретінде қарастырылады. Адамдар арасындағы коммуникативтік процесс техникалық құралдармен ақпарат алмасудан айрықша ерекшеленеді. Тұлға аралық коммуникация өзінің маңызы бойынша да, формасы бойынша да маңызды арнайы белгілерге ие. Тұлға аралық коммуникацияның ерекшелігі төмендегі процестер мен феномендерден көрінеді:
кері байланыс процесі
коммуникативтік тосқауылдың болуы (барьер)
коммуникативтік ықпал ету феномені және ақпарат берудің әр түрлі деңгейінің болуы (вербальды және вербальды емес)
Қарым – қатынаста адам ақпарат береді, ол қалыптасады, нақтыланады, дамиды. Қарым – қатынас кезінде коммуникативтік тосқауыл болуы мүмкін. Ол әлеуметтік немесе психологиялық сипатта болады. Бұл әңгімелесушілердің арасындағы әлеуметтік, саяси, діни, кәсіби айырмашылықтың болуынан.
II. Интерактивті қарым – қатынас - өзара бірлескен әрекетті ұйымдастыруы. Бұл шартты термин адам мен өзара әрекеттесу олармен бірлескен әрекет ұйымдастырумен байланысты қарым – қатынастың компоненті. Яғни адамның бір – бірімен қарым – қатынас процесінде өзара әрекет етуді ұйымдастыру. Қарым – қатынас барысында оның қатысушыларына ақпарат алмасып, өзара түсіністікті орнату ғана жеткіліксіз, сонымен бірге әрекет алмасуды ұйымдастыру ортақ іс - әрекет жоспарлау, бірлескен әрекеттің формасы мен өлшемін жасау.
Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, түрлері
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қарым-қатынастың құрылымын сипаттаңыз.
2. Қарым-қатынастың перцептивті құрылымы деген не?
3. Қарым-қатынастағы әлеуметтік перцепция деген не?
4. Қарым-қатынастың интерактивті жағы деген не?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.
Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.
Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.
Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.
Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.
Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.
Қосымша әдебиеттер:
Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.
Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.
Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.
Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.
Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.
Тақырып 4. Тұлғааралық қарым – қатынастағы вербальды емес құралдар
Жоспар:
Вербальды емес құралдар туралы түсінік. Вербальды емес құралдардың қарым – қатынастағы маңызы. Әңгімелесушілердің ішкі жағдайын, олардың қимыл- қозғалысы, мимикалары арқылы танып білу. Қарым – қатынастың коммуникативті жағының сипаттамасы. Коммуникативті қарым – қатынастың құралдары. Көз және ерінмен берілетін белгілер. Жалғандықты білдіретін мимика, қимыл – қозғалыстар. Вербальды емес қозғалыстың маңызы.
1. Вербальды емес құралдар туралы түсінік. Вербальды емес құралдардың қарым – қатынастағы маңызы. Вербальды емес қозғалыстың маңызы.
Вербальсыз катынас - мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым қатынас. Мимика - адам бетінің бүлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі. Ым-ишара (жест) - қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.
Адамдар бір-бірін қабылдау процесі қарым-қатынасының міндетті құрамды бөлігі ретінде танылып, перцепция деп аталады. Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың қисынды түрі – рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. бұл әрекет етіп отырған индивидтің өзінің серігімен қалай қабылданатындығын түсінуі. Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша жүзеге асады: сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз каналдары. Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар ретінде әрі әңгімелесушіге әсер ету тәсілі ретінде көрінеді. Қазіргі жүргізілгекн зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасының күнделікті актісіндегі сөздер оның 7% құрса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 37% , сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 33% құрайды екен. Адамның ішкі күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің қозғалыстары, оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды, яғни адамның көздері, көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Ал адамның маңдайы, қасы, аузы (ерні, көзі, мұрны, иегі) оның түр негізгі эмоцияларын анықтайды. Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты әлеуметтік рөлдері бар. Алайда қандай рөлді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-құлқының икемділігіне байланысты. Адамның даралық психологиялық ерекшеліктері жоғары жүйке жүйесінің типімен анықталып, ең алдымен темперамент қасиеттерінде көрініс табады.
Қарым-қатынас стратегиясы. Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi. Бірінші ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы. Екінші Монологты стратегия. Үшіншi рөдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi). Қарым-қатынас: маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi; формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады; іскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады; достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi; маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады; вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру; интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету; перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру; экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту. Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады: -жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық беру. -төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б. Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн келесі элемент керек: хабар берушi; мәлiмет; арнайы ақпарат беру құралы; ақпарат алушы.
2. Әңгімелесушілердің ішкі жағдайын, олардың қимыл- қозғалысы, мимикалары арқылы танып білу. Көз және ерінмен берілетін белгілер. Жалғандықты білдіретін мимика, қимыл – қозғалыстар.
Эмпатия дегеніміз – басқа адамдардың ситуациядағы сезімдерді, көңіл-күйін ішінен өткізіп түсіну қабілеттілігі. Екіншіден, адамды зейініңді қойып тыңдай білу қасиеті. Егер адамның айтқанын зейін қоса тыңдайтын болсаң, ол саған симпатияның сезгенін көре аласың және де екеуің арасында қарым-қатынас жасасу оңай болады. Үшіншіден, басқа адамдардың мінез-қылықтарын бақылай алу. Бұл әдіс адам туралы, оның эмоционалдық күйі, мінезі туралы информацияны жинаудың қосымша әдісі болып келеді. Адамды оның вербалды емес сигналдар жүйесі: ым-ишара, жесттер, позалар, сөйлеу, жазу ерекшеліктерін бақылау, талдау және зерттеу қажет. Осы сигналдарды оның мінезімен байланыстыру. Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Достарыңызбен бөлісу: |