Негізгі ұғымдар: дауласу, пікірталас
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қарым-қатынастағы дауласу деген не ?
2. Дауласуда қойылатын қандай талаптар бар?
3. Дауласудың тұлғааралық қарым-қатынасқа ықпалы қандай?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.
Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.
Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.
Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.
Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.
Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.
Қосымша әдебиеттер:
Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.
Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.
Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.
Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.
Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.
Тақырып 11. Көпшілік алдында сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері
Жоспар:
Шешендік өнер туралы түсінік. Сөйлеуге даярлану. Көпшілік назарын өзіңе аудару тәсілдері. Сөйлеуді аяқтау және қорытындылау.Іскер адамның сөйлеу мәдениеті. Психологиялық мәдениеті. Логикалық мәдениеті.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірінде кең қолданылатыны және аса маңыздысы-тіл. Тіл-адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Тіл-адамның іс-әрекет процесінде таным, ақпараттық және коммуникативтік қызметті атқаратын кез келген физикалық табиғаттың таңбалану жүйесі. Тіл-адамның жан дүниесінің көрінісі. Ол тұлғаны қалыптастырады. Педагогикалық іс-әрекеттерді саралау бойынша, егер сабақ ашық-жарқын және бейнелі сөз мәнерімен көркемделмесе, оқу-тәрбие мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алмайтындығы анықталды. Педагогтың тіл мәнерінің дамуы білім беру және тәрбиені күшейту үшін өте маңызды. Мұғалімде жақсы дамыған вербалды есте сақтау қабілет, тіл мәнерін дұрыс таңдау және адаммен тіл табысу барысында дұрыс бағыт таңдай білу, нәтижесін сезе білу дағдысы болу керек.
Тіл дегеніміз- адам қоғамының рухани өмірінде объективті өмір сүретін құбылыс. Тіл мағыналы сөздерден және сол бойынша сөйлемдер жасалынатын ережелер жиынтығы синтаксистен құралады. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы болады. Тілдік сөздің қорында осы тілде сөйлейтін адамдар қауымдастығының айналадағы дүние туралы білімі сақталады. «Тіл-ой музейі» деген теңеу тегіннен тегін емес. Тіл жазбаша және ауызша сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл анық болмаса, ой анық емес деген сөз. Тіл-ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық-адамның жалпы сауатсыздығыны, мәдениеті төмендігінің көрінісі.
В.А. Сухомлинский: «Сөз- ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...»-деп оның маңыздылығына ерекше назар аударған.
Тіл- жалпылыма қабылданған мазмұны бекітілген сөз мәнері тәжірибесінде өңделген тілдік белгілер жүйесі. Тіл мен сөз мәнері бір-бірін өзара толықтырып отыралы. Егер тіл-сөйлесу құралдарының жүйесі болса, сөз мінері –осы жүйені таратушы.
2. Адамның сөйлеу мәдениеті. Психологиялық мәдениеті. Логикалық мәдениеті.
Сөйлеу мәдениеттілігін анықтайтын сөз сапаларының төмендегідей 23 түрін айқындайды. Олар мыналар: сөздің дұрыстығы, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылығы, айқындылығы, жандылылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, ғылымилылығы, идеялылығы, ықпалдылығы, сендірімділігі,тұтастығы.
Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы-тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әрі қимыл-қозғалысы арқылы жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдау әрі оларды дұры байланыстырумен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалы екенінде. Педагогтың сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөз мәнеріне шеберлігі, стилистикалық ойды нұсқаны таңдай білу, ойын анық және айқын жеткізе білу дағдысы.
Сөйлеу дегеніміз – тілдің тілдің көмегімен қарым–қатынас жасау процесі. Тіл – қағам өмірінің обьективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін қамтиды. Қарым-қатынаста адам тіл байлығының шағын бөлігін ғана пайдаланады. Адам сөйлеу күрделі, сонықтан да көп құрамдас түсінік. Педагог ауызша және жазбаша әдеби тіл нормаларын, яғни екпінді, грамматиканы, сөздің қолдану аясын білу керек. Осы тұрғыдан сөз мәнерінің дұрыс не дұрыс еместігі бағалайды.
Сөйлеу мәдениеті көптеген факторларға байланысты-тілдесудің ойлы, бағыттылығы, оның мазмұны, жаңа ақпараттың болуы және т.б. Лингвист Б. Н. Головин «Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік» кітабында оның келесі құрамдас бөліктерін көрсетеді:
сөйлеу дұрыстығы: екпін нормалары;
сөйлеу дұрыстығы: грамматика нормалары;
сөйлеу нақтығы;
сөйлеу логикасы;
сөз мәнерінің тазалығы;
сөз мәнерінің анықтылығы;
сөз мәнерінің байлығы, әр алуандығы;
сөздің орындылығы;
тілдік және сөйлеу стилі.
Тілдің бай лексикалық – сөздік жүйесі педагогтың сөздік мәнеріндегі педагогикалық мәдениеттілігінің анық белгісі болып табылады. Тіл байлығы тек сөз қорына (санына) байланысты емес. Оларды бірнеше мағынада қолдау мүмкіндігімен де анықталады.
Сөйлеу мәдениетінің маңызды белгісі нақтылық болып табылыды.Сөз мәнерінің нақтылығы мен анықтылығына тілдің көптеген құралдарын қолдану арқылы қол жеткіземіз.
Адамның сөйлеу мәнері табиғи және анық болуы тиіс. Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы-бұл сөз тіркестерін және сөйлем құрудағы сөз формаларының орынды қолданылыу мен нормативтілігі. Адамның сөйлеу мәнері тек дұрыс болып қоймай, сонымен бірге анық, бейнелі, эмоционалды болуы тиіс. Бұл жайға тек фразеологиялық мұраларды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қолдану дағдысы арқылы қол жеткізуге болады.
Ауызша сөйлеудің анықталған анафора, градация (бірден-бірге сатыланушылық), инверсия (сөйлемдегі сөздердің дағдылы ретін өзгерту)т.б. тәрізді стилистикалық фигуралар күшейеді. Анафора-бір сөздің бірнеше жол басында қайталануы.
Адамның сөйлеу шеберлігін жетілдіру белсенді тілдік қорды толықтырып отырумен тығыз байланысты. Жазбаша мәнердегі мол, белсенді лексикалық сөз қоры ауызша сөйлеу мәнерінің коммуникативті және әр түрлі бейнелі сапаларына әсер етеді. Ауызша сөйлеу мәнерінің мәдениетін арттыру үшін әр кезде әдеби тілдің нормаларын сақтауға және үнемі еркін, дұрыс дағдысын өңдеуге тырысу қажет. Классикалық көркем әдебиетке үнемі назар аудару да осыған септігін тигізеді. Егер сөз мәнері дұрыс берілмесе, аудитория эстетикалық тұрғыдан қанағаттанбайды. Осы әдеттерден құтылу үшін және дауыс ырғағын дұрыстау үшін өзіндік мәтіндерін іштей оқып, өзінің сөз мәнерін жазып алып, тыңдап дайындалу керек.
Педагогтың беделі, оның ұнамды қасиеттері, шыншылдығы, нақтылығы, берілген спорт саласының дамуында алар орны ерекше. Бет бұлшық еттері шаршағанда, бас, қол және дене қозғалыстарында байқалатын өзгерістер адам сезімдерін ішкі факторлар. Қолды үздіксіз сермей беру де жақсы пікір қалыптастырмайды,тек сөздің коммуникативті әсерін төмендетеді де, оқушыларды білімді меңгеруден алшақтатады.
Сөйлеу техникасы мен оқудағы дауыс маңызын меңгерту. Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік, көңіл-күйін тыңдаушыға бағыттап отырады.
Мұғалімнің өз ойын, оқыған дауыс ырғағы анық, дәл сөзбен айта алу, жарқын мимика мен пнатомимикамен, ұнамды эмоциямен бере білу қабілеті-сөйлеу қабілеті. Өйткені мұғалім мағлұматтардың барлығын оқушыларға жеткізу, жүйелі білім беру үшін негізінен екінші сигнальды сөйлеу сипатында қолданады. Мұғалімнің сөзі өзінің нанымдылығымен, әсерлілігімен ерекше мәнді болуға тиіс. Мұғалім өз шешендігімен оқушыларды баурап алуы керек. Ол ұзақ фразалардан аулақтап, сөйлемді қиындатпай, өз ойын оқушыларға қарапайым және түсінікті бере алуы керек.
Тез асықпай айтылған ойлар, сөздер ұғынып алуға қиындық келтіреді және тез шаршатады. Дауыстың қаттылығы да психикаға әсер етеді. Орынсыз айқайлап айту балалардың жүйкесіне тиеді, ал әлсіз жай дауысты мұғалімді де тыңдау қиын. Қол сермеп сөйлеу сөзді жандандырды, бірақ көбірек, бірыңғай, ылғи, қол сермей беру, орынсыз қозғалыстар тітіркендіреді.
Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы.
Адамның сөйлеу шеберлігі арқылы оның дүниетанымының кеңдігін, ақылдылығын, мәдениеттілігін, тәрбиелілігін, тіпті мінезін де байқауға болады. Сондықтан көптеген адамдардың сөйлеу шеберліктерінің жетіспеушілігі олардың осал жерлері болып табылады.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты. Адамның әрбір сөзі бір нәрсені білдіреді, яғни оның мазмұны бар. Қарым-қатынасқа қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп қабылдаулары үшін олар бір тілде сөйлесулері керек. Сонымен қатар әрбір айтылған сөз ұғынықты, анық, әсерлі болуы маңызды. Сөздің қысқа да нұсқа болғаны дұрыс себебі әр адамның үлкен көлемді ақпаратты қабылдауында, оны меңгеріп санасына сіңіруінде өзіндік ерекшеліктері болады.
Сөйлеу барысында, әсіресе мұғалімнің сабақты түсіндіруі кезінде, тілінің мәдениеттілігі үлкен рөль атқарады. Мұғалімнің сөйлеу интонациясының, дауыс ырғағы мен оның қойылымының өзін дұрыс ойластыру қажет, себебі сөздің қандай көңіл-күймен айтылып тұрғандығы да маңызды. Мысалы А.С. Макаренко балаларға «Кел мында» деген сөзді оншақты түрде дауыс ырғағын өзгерте отырып, әр-түрлі көңіл күй жағдайына сәйкестендіріп айта алған. Өте қатты дауыс - адамның жүйкесіне әсер етеді, өте ақырын дауыс - жалықтырып, қалғытып, тез шаршатады.
Адамның сөйлеу жылдамдығын да қадағалап отыру қажет. Ең жоғары сөйлеу жылдамдығы минутына-120 сөз. Сөйлемдер арасында пауза - үзілістер жасау арқылы адам тынысын түзейді.
Сонымен қатар, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің, негізгі көрсеткіштерінің бірі тілдің байлығы мен тазалығы, оны басқа тілдермен араластырмай, алаламай сөйлеуі қүлаққа жағымды естіледі, және педагогтың абыройы мен беделін жоғарлатады.
Негізгі ұғымдар: сөз, сөйлеу, тіл
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тіл деген не ?
2. Сөйлеу мен сөйлесудің айырмашылықтары неде?
3. Сөйлеуде қолданылатын қандай әдістер бар?
4. Сөйлеу техникасы деген не?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.
Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.
Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.
Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.
Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.
Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.
Қосымша әдебиеттер:
Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.
Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.
Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.
Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.
Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.
Тақырып 12. Келіспеушілік және келіспеушілік этикасы
Жоспар:
Келіспеушілік туралы жалпы түсінік. Келіспеушілік және оның құрылымы. Келіспеушіліктің пайда болу себептері және оның зардаптары. Келіспеушілікті шешу жолдары. Стрестік жағдайлар.
Келіспеушілік – екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы. Конфликт әлеуметтік және бейәлеуметтік болып екіге бөлінеді. Әлеуметтік конфликті субъектілері адамдар, ал бейәлеуметтікке табиғат құбылыстары жатады. Конфликтінің алғышарты қарама-қайшылық. Қазіргі заманда конфликт мәселесін зерттейтін ғылым саласы – «Конфликтология» деп аталады. Конфликт ұғымы. Конфликттер адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауында пайда болады, сондықтан олар адаммен бірге жасап келеді. Техникалық ғылымдардан бастап, әлеуметтік-философиялық ғылымдарда да конфликт зерттеу нысанасы болып келеді. Конфликт мәселелері мен кикілжіңді жағдайлар әрқашан да философтарды қоғамдық қызметкерлерді, оқымыстыларды қызықтырған. Қаншалықты қызықты әрі, ұзақ тарихи мәні болса да, қазіргі кезге дейін жалпыға бірдей анықтамасы «конфликтінің түсінігі әзірше құрылған жоқ, өйткені өте көп әртүрлі құбылыстар тым ұзақ категорияларға түсіп отырады. Ең алғашқы рет әлеуметтік кикілжіңнің табиғи рационалды мағынасын сынауға түсініктеме берген ежелгі грек философтары. Ежелгі грек философы Анаксимандр заттар ылғи да қозғалыстан тұратын «апейрондар, ал қарама-қайшылықтардың шығуына әкелетін материалдық бірліктің бастамасы деп түсіндірді. Ежелгі грек философы Гераклит әлем, табиғат туралы жалпы жүйелі көзқарастарын конфликтілік ситуация мен соғыс туралы өзінің пікірлерімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Гераклит айтуы бойынша, әлемде бәрі өшпенділікпен және дауласумен туады, тек жалғыз ғана космостағы билік етуші-бұл күрес, барлығының әкесі және барлығының патшасы. Олардың бірін құдай қылса, басқаларын адам етті, бірін құл етсе, енді бірі еркіндікте. Бұл сөздер қоғамның даму процесіндегі күрестердің позитивтік ролін түсіндірудегі рационалды сынаудың бірі болып табылады.
Орта ғасырда Фома Аквинский қоғамдық өмірде күрестің болуы керек деген ойды дамытты, тағы да бір жағы әділетті соғыстың жағдайларын анықтады, яғни ол кикілжіңнің бір жағының санкциясы болу керек деді. Э.Роттердамский бастапқы кикілжіңнің пайда болуындағы өзіндік логикасын ұсынды, яғни тізбектелген реакция іспеттес, өзіндік әсерімен жаңадан қайталап күшін орбитаға жинауы. Э.Роттердамский пікірінше ,тіпті екі жағы бірдей идеологиялық позицияны ұстаса да шиеленістік жағдайдағы қарсыластың күрделі қолданысына көңіл бөледі. Ағылшын философы Ф.Бэкон алғашқы рет әлеуметтік шиеленістің жиынтығына теоретикалық талдау жасап негізін қалаған. Материалдық-саяси және әлеуметтік ретсіздіктің психологиялық жағдайларын, сонымен қатар оларды шешудің мүмкіндік беретін тәсілдерін кеңінен қарады. 18-19 ғасырларда ағылшын демократтары Е.Д.Прустли, француз ағартушылары Д.Дидро, Ж.Ж.Руссо, Вольтер, неміс философы Э.Кант, Г.Гегель т.б. кикілжіңге байланысты сыни көзқарастар танытты. Э.Кант көршілес тұратын адамдар арасындағы бейбітшіліктің қалпы бұл табиғи қалпы емес, керісінше күрес, яғни егерде үздіксіз емес қақтығысты әрекеттер болмаса, онда үнемі олардың қорқытуы пайда боллады. Сондықтан да бейбітшіліктің қажет болуы керек. Неміс философы Г.Гегель айтуы бойынша: мемлекет барлық жерде қоғамға көңіл бөліп және мемлекетті реттеп отыруы керек деп есептейді. Тіршілік пен күрес мәселесіне зерттеулерін бағыттаған ағылшын биологы Ч.Дарвин эволюция теориясын ұсынды. Ч.Дарвин /"Табиғи сұрыптаудың пайда болу түрлері және өмірмен күресі үшін текті сақтаудың қолайлы жағдайлары"/ атты еңбегінің басты идеясы- тірі табиғаттың дамуы үшін өмірдегі үнемі күресу жағдайларымен туындап отырады деп түсіндіреді. Ч.Дарвин тірі табиғаттың даму механизмдері табиғи сұрыптау түрінде біршама өмір сүруге бейімделген түрі екенін дәлелдеді.
Тіршілік үшін әрекет механизмін қоғамға енгізе отырып, Л.Гумплович Дарвиннің табиғи таңдау идеясын дамытты. Соның негізінде социалдарвинизмнің негізін қалаушы болды. Ол әлеуметтік конфликттер табиғаты жайында келесі ойларын атап көрсетті: - конфликттер тарихи дамудың бейнесі болып табылады; - қоғамның билеушілер мен бағынушыларға бөлінуі мәңгілік құбылыс; - конфликттер қоғамның бірлігіне жәрдемдеседі. Кең ауқымда бірлестіктердің пайда болуына әсер етеді. неміс әлеуметтік танушысы Георг Зиммель ғылымға «конфликт социологиясы» терминін енгізген бірінші ғалым. Оның негізгі ойлары: - топ ішіндегі келіспеушілік күшейген сайын, топ аралық конфликттер жиілеген сайын топ арасындағы шекараның жойылу мүмкіндігі бәсеңдейді; - конфликттер шиеленіскен сайын, топ қақтығысы бәсеңдеген сайын, конфликтті топтың деспоттың орталыққа бағыну мүмкіндігі артады; - конфликт шиеленісе түскен сайын, жанжалдасушы топтардың ішкі бірлігі арта түседі; - конфликттер бәсеңдеген сайын, әлеуметтік бірлік функционалдық өзара бағынушылыққа бағытталған сайын конфликттің әлеуметтік бірілік үшін интегративті салдары болуы мүмкін; - конфликттер жиілеген сайын және олар бәсеңдеген сайын бағынушы топтар мүшелері жауласудан арылып, олар өз тағдырларының қожасы екендіктерін сезініп, жүйе интеграциясын қолдайды; - конфликттер жиілеп, бәсеңдеген сайын конфликттерді реттеу нормалары құрылуы мүмкін; - әр түрлі дәрежеде билеуші топтар арасындағы конфликттер бәсеңдеген сайын және уақыты ұзарған сайын, олар өздерінің билікке деген көзқарастарын өзгертуі мүмкін.
2. Келіспеушіліктің пайда болу себептері және оның зардаптары. Келіспеушілікті шешу жолдары. Стрестік жағдайлар.
Конфликтология конфликттердің пайда болуын, дамуын, шешуін зерттейтін ғылым ретінде танылады. Конфликтология конфликттердің басталуы мен аяқталуы жайындағы кейбір бағыттарын қарастыратын көптеген теориялардан дамуын табады. Конфликтологияның зерттеу нысанына конфликттің барлық түрі жатады, конфликтология құралын конфликтке әкеп соқтыратын топтың немесе тұлғаның әрекеті жатады. Конфликттерді зерттей келе ғалымдар қоғам өмірінде конфликттер жағымды рөл атқарады деген шешімге келді. Қазіргі уақыттағы конфликт теориясының бастамасы бірқатар социолог ғалымдардың зерттеулері жасады. Солардың ішіндегі танымалы – Г.Зиммель, конфликтің функционалдық теориясының авторы ХХ ғасырдың 60 жылдар ортасында неміс оқымыстысы Р.Дарендорф, соңынан «қоғамның конфликттік моделі» атанған әлеуметтік конфликт теориясын айтып өтті. Конфликтті әлеуметтік қарым-қатынастың қалпы ретінде қарауды Л.Козер, К.Болдинг, Дж.Бернард және басқалар өз жұмыстарында жүргізді. Л.Козер жағымды-функционалдық конфликт теориясын ұсынды. В.В.Дружинин, Д.С.Конторов математикалық аппарат қолдану арқылы конфликттің бірыңғай теориясын құру әрекетін жасады. Бүгінгі күнде конфликттерді зерттеу жан-жақты, әскери іс, философия, социология, психология, құқықтану, педагогика, математика, тарих сияқты ғылымдар жеттетіктерін пайдалана отырып жүргізіледі.
Бүгінгі таңда конфликтологияның дамуының бірнеше бағыттары қалыптасты: философиялық-әлеуметтік (макродеңгейде конфликттердің даму тенденцияларын қамтитын), әлеуметтік-ұйымдық (ұйымдардағы, ұжымдардағы конфликттердің себептері мен дамуын зерттейтін) және жекетұлғалық – психологиялық (жеке тұлғаның мінезін және психофизикалық ерекшеліктерін зерттейтін). Әлеуметтік – ұйымдастырушылық бағыт басқару әдістерімен тығыз байланысады: әрекетті басқару, ұйымдастырушылық әрекетті, персонал әрекетін басқару және т.б. Конфликтология негізінен конфликт жағдайында іс-әрекеттің өзгеруін зерттегенмен, бұл бағыттардың ортақ белгісі болып қарастыру нысаны болып табылады. Конфликтология сипаттамасы оның жеке тұлға мен топтардың қатынастары жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың қалыптасуы және даму себептеріне көп көңіл бөлуінде және оның конфликтке ұласуы, туындаған конфликттердің алдын-алу және шешу жолдарын зерттейді.
Негізгі ұғымдар: келіспеушілік, келіспеушілік себептері
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Келіспеушілік деген не ?
2. Конфликтоген деген не?
3. Конфликті мәселесін кімдер зерттеген?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.
Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.
Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.
Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.
Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.
Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.
Қосымша әдебиеттер:
Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.
Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.
Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.
Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.
Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.
Тақырып 13. Келіспеушілік динамикасы және механизмдері
Жоспар:
Келіспеушілік жағдаяттары. Келіспеушілік жағдаяттарындағы мінез – құлық стратегиясы. Әлеуметтік қысым. Келіспеушілікке қатысушылар психологиясы . Келіспеушіліктің дамуы.
Келіспеушіліктер – қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі. Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы өзімен күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да жұмсақ түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Әрбір адамның, әрбір ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды ұстануына, әртүрлі қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына байланысты өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске түсуі мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырмауын тілейді немесе оның көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп төндіру арқылы, физикалық күш пен қару қолдану арқылы жүретін қарама-қайшылықтық қақтығысты кикілжің деп атайды.
Қарама-қайшылық пен кикілжің – бір нәрсе емес және қарама-қайшылықтың дамуы әрқашанда кикілжіңге ұласпайды. Кикілжің туындауы үшін қарсыластар, яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден, өздерінің мақсаттары мен қызығушылықтарының қарама-қарсылығын сезінуі қажет, ал екіншіден, өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе одан да көп жеке тұлғалардың, топтардың, партиялардың, елдердің, т.с.с. бір-біріне белсенді қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана қарама-қайшылықтар әлеуметтік кикілжіңдердің негізі болып табылады.
Бұл әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің негізін түсіну үшін сөздің этимологиялық мағынасын анықтаған жөн. Латын тілінде қолданатын «conflictus» сөзін құраған лингвистикалық элементтерінің мағынасын анықтасақ, бұл сөздің мәні айқын болады. Бұл сөздің түбір алдына жалғанған «con» буынынан тұрады, ол біреумен бірге, біреуге қарсы, бір уақытта, бірге деген мағынаны білдіреді және «flictus» («fligo») етістігінен құралған. Бұл етістік ұру, итеру, құлату деген мағынаны білдіреді. Сонымен берілген сөздің элементтері оны қақтығыс, дау, күрес, қарсы тұрушылық деп аударуға мүмкіндік береді. Берілген сөзге мұндай мағына беру бөлек индивидтердің арасындағы, олардың топтарының, мемлекеттердің, тағы басқалардың арасындағы қарама-қайшылық болатындығы туралы шешімге алып келді. Қарама-қайшылықтардың екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, әртүрлі әлеуметтік қоғамның позициялары, қызығушылықтары құрайды (оларға отбасы, ұйым, территориялық құрылым, қоғамдық қозғалыс, т.б.). Ал екіншісі, үкімет құрылымының іс-әрекетінің әртүрлі формасынан немесе экономикалық, үкіметтік, саясаттық қарама-қайшылықтар болып табылады. Қарама-қайшылықтардың бұл екі түрі қоғамда кикілжіңнің объективті-реалдық негізін тудырады.
Қоғамдық өмірдің барлық сфералары – экономикалық, саясаттық, әлеуметтік рухани жағы – барлығы өзара көптеген дифференциацияларға, қарама-қайшылықтарға, әртүрлі мақсаттар мен қызығулықтарының қақтығыстарына толы. Сондықтан да қоғамда әртүрлі кикілжіңдерге орын бар. Кикілжіңге индивидтер және олардың топтары немесе әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер, кейде мемлекеттердің коалициялары да түсуі мүмкін. Әртүрлі кикілжің түрлерін тудырушы объектілер және оны шешу тәсілдері бар, сонымен қатар кикілжіңді әрекеттерді тудырушы субъекттердің түрлері аз емес, олар тек бөлек ерлер немесе әйелдер, балалар немесе жастар, жұмысшылар немесе студенттер, оқымыстылар немесе жазушылар типтес ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл топтары – профессионалдық жағынан, партиялық, ұлттық, рухани және тағы басқа жағынан да болуы мүмкін. Сондықтан өзінің объектісі және субъектісі бойынша, қарама-қайшылықтарының әрекетінің мінездемесіне қарай, оның түбірлі негізіндегі себебіне, дамуы мен шешілуіне, тереңдігі мен өту ұзақтығына байланысты кикілжіңдердің әртүрлі де әрқилы түрлерін ажыратуға болады. Бірақ кикілжіңдердің әрекеттерінің интенсивтілігінің функцияларының, қоғамдағы рөлінің әртүрлілігіне қарамастан, дұрыс та терең зейін аударсақ, олардың барлығына ортақ ұқсастықтарды сызып көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |