ТК 042-18-16.1.115/03-2016
|
Басылым №1 08.09.2016ж
|
беттің - шісі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 деңгейлі құжаты
|
ПОӘК
|
ТК042 – 18.1.115 / 03-2016
|
Таңдау компонентінің оқу-әдістемелік материалдары
|
Басылым № 1 08.09. 2016ж.
|
Байланыс және тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы
5В050300 - Психология
Семей
2016
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәріс
3 Практикалық сабақтар
4 Білім алушылардың өздік жұмыстарын орындауға нұсқаулар
1 ГЛОССАРИЙ
Ақпараттық диалог - әңгімелесу, талқылау арқылы хабарлармен алмасу.
Әуестік- бірдеңе істеуге тілек немесе қажеттілік, адамды белгілі бір әрекеттерге итермелеуші.
Әрекет - өзін және қоршаған ортаны жетілдіруге бағытталған шығармашылық әрекет, адам белсенділігінің ерекше түрі.
Беделді – қоғам ішінде белгілі бір тұлғаның айқын салмағының болуы, өзін мойындатумен және силатумен , оларды пайдалану – қабілеттілігі.
Вербальды – адамның дауыстап сөйлеуі.
Вербальдық қарым-қатынас – процесс барысында белгілеуші жүйе ретінде сөз, тіл қолданылатын сөздік қарым-қатынас.
Вербальдық емес қарым-қатынас – тілдік емес белгілер арқылы жүзеге асатын қарым-қатынас.
Визуалдық қарым-қатынас – көздің көмегімен байланыс жасау.
Диалогты қарым-қатынас –екі немесе одан да көп адамның тілдесуі.
Импульсивтілік –жылдам, ойланбаған әрекеттерге және қылықтарға тән адам мінезінің түрі.
Индивид – биологиялық, физикалық, әлеуметтік және психологиялық сапалардың жеке бір адам тұлғасында көрініс беруі.
Интеллект –адамның зерделі қабілеттіліктерінің ақыл –жиынтығы.
Интеракция -өзара әрекеттестік.
Интроверсия –адам санасының өз-өзіне бағытталуы; өзінің меншікті проблемаларымен ойға бату арқылы қоғамнан алшақтану.
Интуиция – болатын оқиғаларды алдын ала сезу немесе қиын өмір жағдайларында тез арада тез шешім қабылдау қабілеті.
Имидж- дегеніміз адамның өзін белгілі бір бейнеде қоғамда бой көтеріп көрсетуі болып табылады.
Инцидент- дегеніміз конфликтіге себепші болған салдарлардың тоғысуы.
Интерактивті- өзара бірлескен әрекетті қалыптастыру.
Иландыру- белгілі бір адамның екінші адамның психологиясына санасыз түрде әсер етуі.
Катарсис – тазару. Аффект немесе стресс түріндегі психологиялық жағдайлардан кейін жеңілдеу сезімі.
Коммуникация – хабармен алмасу мақсатындағы қарым-қатынас актісі.
Кинетикалық қарым- қатынас – вербальдық емес құралдардың көмегімен жүзеге асатын қарым- қатынас: жест (қимыл),мимика (бет бұлшық еттерінің қимылы), пантомимика (дененің қозғалысы).
Конфликт – латынша қақтығыс деген мағына береді, екі жақтың (адам немесе топ) арасында өзара келісім мен түсінісудің жоқтығы.
Конфликт- бірін-бірі жоққа шығаруға тырысқан қызығушылықтар мен позициялардың ашық күресі.
Конфликтілік жағдай – конфликтінің басты себебі жиналған қарама- қайшылықтар топтамасы.
Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас – педагогтар мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінің жүйесі.
Қарым-қатынастық проксемикалық құралдары – кеңестік пен уақытқа мағына беруші, яғни қарым-қатынас мүшелерінің бір-біріне жақындығы (дистанция), кеткен уақыт.
Қарым-қатынас адамдар арасындағы байланысты орнатудағы және дамытудағы күрделі, көп сатылы процесс.
Қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы байланыс орнату мен дамытуда пайда болатын жеке бас белсенділігінің формасы.
Қарым-қатынас- бұл бір адамның екінші адамға ықпалы нәтижесінде болатын адамдар арасындағы байланыс.
Қарым-қатынас –бұл ақпараттар қайнары мен каналы.
Қарым-қатынас –адамдар қатынасының ең күрделі түрі.
Монологты қарым-қатынас –лекция, баяндама түрінде қолданылатын ауызша сөйлеу (лектордың, баяндаушының, мұғалімнің сөзі).
Мәнерлі қозғалыс (экспрессия) –табиғаттан берілген немесе жатталған қозғалыстардың (мимика, ым, пантомимика) көмегі арқылы өз ішкі күй-жағдайы туралы ақпаратты басқа адамдарға беру.
Перцептивті – қарым-қатынаста бір- бірін қабылдау, бақылау, зерттеу, түсіну, бағалау.
Психологиялық барьер – Адамның кейбір әрекеттерді сәтті орындауына кедергі жасацтын психологиялық ішкі кедергілер (қаламау, қорқу, сенімсіздік және т.б.).Іскер және жеке адамдардың өзара қатынастарында ашық және сенімді қарым-қатынас орнатуда кедергі келтіреді.
Педагогикалық қарым-қатынас – шығармашылықтың ерекше түрі.
Сыртқы қарым-қатынас – қарым-қатынас мүшелерінің ақпаратты бір-біріне жеткізуі; басқаға бағытталған сөз.
Ым – адамның ішкі жағдайын немесе сыртқы әлемдегі бір обьектіні көрсетуге бағытталған адам қолының қозғалысы.
2 ДӘРІС
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.
Міндеттері:
- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.
Дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |