ӘОЖ 377
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА МЕКТЕПТЕН ТЫС
МЕКЕМЕЛЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Р.Д. Дарибаева, Г.К. Ордабекова
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ.
Баланың бос уақытын ұйымдастырудың келешек жасөспірімдерге тигізетін пайдасы зор.
Осы арқылы олардың қоғамдағы орнын білуге негіз салынады. Елі саудың - дені сау демекші,
қоғамның бір байлығы - оның дұрыс жетілген ұрпағы екені белгілі. Сондықтан бос уақытты
ұйымдастыруды педагогикалық негізде және баланың жас ерекшелігіне сай ұйымдастыра
отырып, келешек ұрпақтың мәдени, саяси, рухани негізін салуға жағдай туатынын естен
шығармауға тиіспіз. Дегенмен, қазіргі кезде кинотеатр, драматеатр, мұражайларда оқушылардың
болуы сирек, балалардың бос уақытын ұйымдастыруға байланысты өткізілетін іс-шаралардың
дәрежесінің төмендеп бара жатқаны байқалады. Бұл баланың бос уақытын ұйымдастыруға
ересектер тарапынан көмектің аздығын көрсетеді. Яғни бос уақытқа мән берілмей отырғанын
байқатады. Ал шын мәнінде бала бос уақытының әр бөлігі оның дамуында басты орын алады.
Осыны ескеріп, баланың бос уақытын ұйымдастыруды жан-жақты зерттеп, әр мезгілде орынды
пайдалануды педагогикалық, психологиялық тұрғыдан негіздеу керек деп ойлаймыз.
Бос уақыт өзінің базисі ретінде жұмыс уақытын игере отырып, қоғамның даму шегіне
қарай, үлкен маңызға ие болады. Қоғам мен жеке адам неғұрлым бос уақытқа ие болса, соғұрлым
мәдени тынығу қызметінің сан-алуан түрлерінде өзін өзі тарату мүмкіндігін молырақ
иемденеді.Бос уақытты пайдалану қоғам үшін әлеуметтік және тікелей адамгершіліктік,
моральдық пен имандылық құндылықтарды игереді. Бос уақыттың маңыздылығы тек жеке
адамның өз қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып қоймайды, сондай-ақ қоғамдық-пайдалы
нәтижелерге де қол жеткізеді. Мысалы, жеке тұлғаның дамуы, рухани құндылықтарды насихаттау
мен мәденитті қалыптастыру. Бос уақыт аясында жеке тұлға бюджетіндегі бос уақыт бөлігі
түсіндіріледі, ол міндетті жұмыстардан, жанұялық, қоғамдық міндеттерден, тұрмыстық
тауқыметтерден, сондай-ақ қажетті физиологиялық қажеттіліктерден ұйқы, тамақтану т.б.,
босатылу дегенді білдіреді.
Бос уақыт мазмұнын анықтауда әртүрлі пікірлер бар.Тименова В.Н. бос уақыт қызметінің
3 тобын бөліп көрсетеді,біріншісі: бұл қоғамдық - пайдалы қызмет (рационалдық, көркемдік
шығармашылық), мәдени құндылықтарды жасау; екіншісі: рухани қажеттіліктерді тұтыну; кітап,
газет, журналдар оқу, телехабарлар мен театрды тамашалау; үшіншісі: демалыстың сан алуан
түрлері, белсенді -денешынықтыру, спорт, туризм, ойын-сауық және енжар демалыс.Қызметтің
бұл топтары бос уақыттың негізгі құрылымдық типтерін көрсетеді: бірінші - қызметтік
(шығармашылықтық), жасампаздық; екінші - тұтыну; үшінші - рекреациялық (демалыс және
ойын-сауық)[1].
Евтеева Г.А. бос уақытты пайдаланудың төрт негізгі деңгейін бөліп көрсетті.Біріншісі
- қабілеттілік пен шыңғармашылықты белсенді дамытатын жұмыстар. Екіншісі - рухани және
физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын жұмыстар. Үшіншісі - шекаралық, жұмыстар
(шығармашылықтық және әлеуметтік потенциялды дамытуға қатысты). Төртіншісі - деструктивтік
(мәдениетке қарсы). Алайда бұл жүйелер салыстырмалы.Бос уақыт қызметтері алуан түрлі,
мыналарды бөліп көрсетуге болады: рекреациялық қызмет және психологиялық күшті қайта
қалпына келтіру; дамытушы қызмет, саналық, денелік, интеллектуалдық, көркемдік,
адамгершілік; деструктивтік, тынығуға қарсы - спиртті ішімдіктер, құмар ойындар,
болмаса ештеңемен айналыспау.
Ғылыми әдебиеттерде бос уақыт және тынығу түсініктерін синоним ретінде жиі
қолданады. Арымбаева К.М. тынығуды демалуға, ойын-сауыққа, өзіндік білімін жетілдіруге,
шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған саналы, эстетикалық, физикалық қызмет ретінде
анықтайды. Тынығу түсінігінде 4 түсініктемені айрықша көрсетуге болады: 1)Тынығу - бос уақыт
серуен, жұмыстан тыс кеңістік (ұзақтық бойынша); 2)Тынығу - жұмыссыздық, демалыс,
жұмысқа қарама-қарсы айналысу, ермек т.б.; 3)Тынығу - сапа, қасиет, ептілік, қабілеттілік,
шеберлік; 4)Тынығу - адамның жұмыстан тыс жағдайы ретінде [2].
Француз оқымыстысы Дюмазедье мынадан анықтама береді: тынығу - жанұялық,
жұмыстық, қоғамдық міндеттерге қарама-қарсы қызмет түрі, бұларға жеке тұлға демалу мен ойын-
сауық мақсатында және білімін кеңейту үшін, өзінің шығармашылық қабілетін еркін дамыту үшін
жүгінеді. Тынығу - жұмыстан тыс, міндетті істерден бос уақыт. Тынығу, яғни біз бос
уақытымызды немен толықтырамыз. Жеке тұлға тынығуды әртүрлі шұғылданудан және мазмұны
бойынша ерекше қызметтерден тұрады. Кей жағдайда ол конструктивті, ал кейде деструктивті.
Мысалы, көркем әдебиеттер оқу-интеллектуалды дамытады, кей жағдайда әлеуметтік нақты-
жағдайда қиял әлемге жетелейді.Тынығудың әртүрлі типтері бір-бірінен ерекшеленеді: көлемі
жағынан жалғасуына байланысты; мазмұнымен белсенді немесе енжар сипатымен; жоспарлаумен
немесе бытыраң қылығымен; кеңістік локализациямен, үйде тынығу немесе орынға байланысты;
жекеше, топтық және бұқаралық сипаттағы жұмыстар т.б.
Бос уақытты толықтыратын қызметтің нақты түрлерін тынығу элементтері деп атайды,ол
кітап оқу, театрға, концерттерге бару, спортпен шұғылдану.Үлкен Кеңес энциклопедиясында
тынығуға былай деп анықтама береді: тынығу - жұмыстан тыс уақыт бөлігі, ол адамның тікелей
міндеттерін атқарғаннан кейінгі уақыт (қимыл қозғалыс, ұйқы, тамақ ішу және т.б. тұрмыстық
өзіне өзі қызмет көрсетудің басқа да түрлері).
Тынығу мәселелерін Г.А.Евтеева, С.Н.Иконникова, И.В.Бестужев-Лада, В.Д.Патрушев,
Э.В. Соколов сияқты орыс ғалымдары мен Қазақстандық Шулунова Л.И., Сихимбаев И.Б.,
Арымбаева К.М., Қожмұратов А.О. сынды т.б. ғалымдар қарастырды және зерттеуді жалғастыруда
[2,3,4].Мысалы, Шулунова Л.И. - адамның бос уақытында айналысатын қызмет түрі «тынығу» деп
аталады. Ол көптеген жағдайда жеке бас қызығушылығы мен тартымдылығы негізінде жүзеге
асырылатын қарым-қатынас ретінде таратылады. Тынығуды ғалымдар әртүрлі аспектіде
қарастырады. Көпшілігі оны «қызмет бастауы» деп, басқалары қарама-қарсы тұрғыда
қарастырады.
Э.В.Соколов өзінің «Культура досуга» атты кітабында тынығуға келесі анықтама береді:
тынығу - бұл адамның бос уақытында өзін-өзі жетілдіретін қызметі. Тынығу қызметі мен оның
деңгейлерін автор былай деп көрсетеді : гедонестикалық,рахат және қуаныш; рекреациялық,
демалыс және ойын-сауық, психологиялық, қалыптылықты қайта орнату; дамытушы;
шығармашылық; деструктвитік [5]. Э.В. Соколов тынығу деңгейінің төмендегінше жіктелуін
ұсынады (бұл жерде ол «өндірістік» деп аталатын жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етуші
критерийді негізге алады): демалыс, ойын-сауық, ағартушы, шығармашылық, маңыраю , мереке,
думан. Енжар демалыс - тынығу деңгейінің қарапайым, кәдімгі түрі.Үйдегі демалыс - араласу,
тыныштық эмоция қолдау көрсету. Енжар демалыстың шексіз жалғасуы мүмкін емес. Ол едәуір
дамушы деңгейге өтеді: ойын-сауық, серуен, кинотеатрларға, саябаққа, бұқаралық іс-шараларға
бару. Келесі деңгей - рухани қызығушылықты арттыру. Мәдениет саласындағы белсенді ізденіс.
Лекцияларға, галереяға, көрмеге бару. Танымдық аспект.Келесі деңгей - шығармашылық. Ол
қанағаттандырады және рухани жетілдіру құралы болып табылады. Біз, зерттеуді қорыта
келгенде,ғылыми әдебиеттерде тынығу, мен бос уақыт анықтамаларына біркелкі келулер
жоқ, бұл табиғи нәрсе, өйткені бұл процесс көпжақты, олай дейтініміз бұл адам өмірінің
барлық саласын қамтиды. Тынығу - бұл тек еңбек өнімі емес, тынығу - бұл адам өмірінің
философиясы, оның мәдениетінің, тәжірибесі мен ортасының көрінісі, ол адамның жасына,
жынысына, жанұясына, материалдық жағдайына, денсаулығына т.б. қатысты болады.
Қоғамдағы мәдени және рухани өмірді басқару мен дамыту сияқты күрделі процесте белгілі
қиындықтар мен қарама-қайшылықтар бар. Олардың қатарына мыналар жатады: қоғамда тұрақты
қажет болатын әлеуметтік педагогтарды дайындау жылдамдығынан едәуір артта қалушылық; осы
мамандықтың
жоғары
әлеуметтік
маңызының
жастардың
әлеуметтік
бағдарымен,
профориентациялық жағдайлармен әлеуметтік педагогикалық қызметке адекватты еместігі,
бітірушілердің басқа салаларға өтіп кетуі [5,6].
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда мектептен тыс мекемелер орасан зор үлес қосады.
Тәрбие, әрине сабақ берумен ғана шектелмейді. Ол сабақтан тыс уақытта да жалғастырылады
және тереңдетіле түседі. Оқыту процесінде тәрбиенің күрделі де көп қырлы міндеттерін толық
көлемде жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік іс-
әрекет қажет. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс
жұмысқа мектеп оқушыларымен сабақтан тыс кезде жүргізетін, тәрбие және білім беру
сипатында ұйымдастырылған, әрі мақсатты бағыты бар сабақтар жатады. Бұл сабақта тәрбие
берудің жалпы жүйесінің ажырамыс бөлігін құрайды. Олар жан-жақты дамытуға, бос уақытты
ақылға қонымды ұйымдастыруға септігін тигізеді. Тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыс та
едәуір орын алады. Бұлар мектептен тыс мекемелер - жасөспірімдер үйлері мен сарайлары,
балалар кітапханалары, жасөспірім көрермендердің театрлары өткізетін тәрбие және білім беру
сабақтары және мәдени ағарту шаралары. Соңғы жылдарды тұрған жерлер бойынша жүргізілетін
мектептен тыс тәрбие жұмысы қанатын кең жайды. Мұны әдетте мектептен тыс меккемелер,
мектептер және кәсіпорындар мен мекемелердің оқу орындарының қоғамдық ұйымдары
ұйымдастырады. Мектептен тыс жұмысқа белгілі бір мәнде балалармен жанұяда жүргізілетін
тәрбие жұмысын да жатқызуға болады. Демек, балалардың, жасөспірімдердің, бозбалалар мен
қыздардың мектептен тыс өмірі мен іс-әрекеттері көп салада-жанұяда, мектепте, мектептен тыс
тәрбие мекемелерінде, көшелерде, әлеуметтік қатынастың кең өріс алған жерлерінде өтіп
жатады. Жеке адамның қалыптасу процесі үздіксіз сипатта болатынын айтуға болады. Ол тұрмыс
пен бос уақыт саласын қамтиды [7]. Сондықтан осы алуан түрлі салалардың үйлесімді болуының
маңызы зор. Крупская мектептен тыс жұмыс жөнінде кеңесте сөйлеген сөзінде: «Жалпы
тәрбие белгілі бір сағаттарда жүргізіліп қана қоймайды. Балалардың бар өмірін оларды
нағыз тәрбиелі өсіру үшін бағыттау қажет» дейді. Тәрбие беруде демалыс күндері де болмайтыны
белгілі. Ол барлық уақытта және барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен,
сабақпен шектеуге болмайды. Оқушылардың мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың сезімдерін
дамытуға деген бейтарап уақыт жоқ. Қазақстан Республикасының білім туралы заңының 19
бабында білім берудің қосымша дамыту бағдарламасы бойынша мектептен тыс ұйымдарға да
көңіл бөлінеді [8].
Еліміздегі тәуелсіздік туымен қатар келген қоғамдағы саяси әлеуметтік, экономикалық,
рухани өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие жүйесін қоғамдық талаптарға сәйкес, жаңа
мазмұнда қайта құруды талап етеді. Білім саласындағы мемлекеттік заңдар мен ресми құжаттарда
жас ұрпақтың шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен
салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жас ұрпақтың жеке басының дамуы
арқылы интеллектілікті байытуға, дарындылығын дамытуға баса назар аударылған. Жас
ұрпақтың рухани эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру үшін баланың бос
уақытын тиімді ұйымдастырудың жақтарын табу - ең керекті жағдай. Бос уақытты
ұйымдастырудың тағы бір тиімділігі - үздіксіз білім беруді жетілдіру мәселесі де себін тигізеді.
Себебі мектеп алды дайындығы кезінде балалар бос уақытты ұйымдастыра білген жағдайда ғана
үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік туады. Бос уақыт - тек көңіл көтеру емес, ол баланың өз
бетінше жұмыс істеуіне, сауықтар мәселелеріне араласуына, өнер түрлерімен танысуына және
өнерге талпынуына жағдай жасайды. Баланың бос уақытында олардың өмірге белсенділігін
арттыруға және ынтасын қалыптастыру мақсатында әр түрлі мәдени іс-шараларға тарту
негізінде баланың жеке басы дамуына әсер етіледі, оның рухани дүниесінің өзгеруіне мүмкіндік
жасалып, тәртіптілікке ынтасын баулу мақсаты жүзеге асады. Сонымен қатар әлеуметтік ортаның
балаға тигізетін ықпалын ескере отырып, жаңа өмір салтына икемдеуге талпындыру мақсаты да
көзделеді. Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру құрылымдық және стилдік ерекшеліктері
жеке тұлғаның даму дәрежесінің, оның жан-жақтылығы мен үйлесімділігінің көрсеткіші болып
табылады. Бос уақытты түрлі іс-шаралар жүйесімен толықтыру, тиімді пайдалану балада
эмоциональдық, ерік-жігер және ақыл-ой тәрбиесінің сапалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Бос уақытты дұрыс ұйымдастыра білген жағдайда ғана олардың танымдық және шығармашылық
мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туады. Баланың бос уақытын ұйымдастыруда жанұяның
ықпалы зор. Жанұя бала өмірінің айнасы, тәрбиедегі тірек. Сондықтан ата-ана баланың күнделікті
өмірін, соның ішінде бос уақытын ұйымдастыруда, оларды мәдени орталықтарға апаруда басты
роль атқарып, сол арқылы баланың тәжірибе жинақтауына негіз салады. Бос уақытты орынды
және түрлі тәрбиелік жұмыстар арқылы пайдалану сабақтан тыс уақыттарда жүзеге
асырылады. Олардың қолдану қатарына түрлі тәрбиелік жұмыстар, баланың дене мәдениетін
жетілдіру үйірмелері, жанұяда дәстүрлі мерекелерді атап өту, театрларға бару, табиғатқа саяхатқа
шығу, саяжайларда болу, жанұялық жарыстар, қоршаған табиғат сұлулығын тамашалау,
мұражайларды көру сияқты түрлі жұмыстар жатады. Бос уақытты ұйымдастыруда мәдени
тынығуға уақытты үнемді пайдалануға, сұлулыққа еліктеуге, көзге түскен жақсы және әдемі
обьектілерді қабылдап, олардан үлгі алуға бейімделеді. Соның ішінде әсіресе аптасына театрға
бару арқылы олардың рухани дүниесін байытуға, өмірге көзқарасын өзгертуіне, адамдармен
қарым-қатынасының негізін қалауға, мәдени жүріп тұруға талғамға сай киінуге, өзінің өмірдегі
орнын түсінуге мүмкіндік туады.
Баланың бос уақытын ұйымдастырудың келешек жасөспірімдерге тигізетін пайдасы
зор. Осы арқылы олардың қоғамдағы орнын білуге негіз салынады. Болашақ өмірдің бастауы -
білімді және жан-жақты дамыған жас ұрпақ. Қорыта келгенде, оқушының жан дүниесіне көбірек
үңіліп, оны жете білуге және сол арқылы тәрбиелік ықпал ету мүмкіндігін арттыруда сыныпта
және сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ролі өте зор. Яғни балаға ықпал ету, олардың неге
ынтық, қандай ерекшеліктері мен өзіндік ұмтылыстары бар екенін жете білуіне қажет жағдайлар
сабақтан гөрі осы сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда мол. Сондықтан бұл жұмыстардың
тиімділігін арттыру үшін және тәрбиелік мақсатта нақ көздеген нәтиженің болуы үшін мұғалім,
сынып жетекшісі бұл жұмыстардың түрі, мазмұны дегендерді өзі жете біліп және оларды оқушы
қызыгушылыгы мен жас ерекшелігіне сәйкес жүргізе білу шарт. Осыған байланысты сыныптан
және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары оқушыларға жай әсер етіп қоймай,
олардың жеке қасиеттерінің (танымдық, ойлау, адамгершілік, белсенділік, отансүйгіштік т.б.)
дамуына, өзін-өзі ұйымдастыра алу қабілетінің артуына, адамдармен дұрыс жүйелі
қатынастарының
қалыптасуына,
сана
сезімінің,
дүниеге
деген
көзқарасының
бірізді
қалыптасуына, яғни жан-жақты үйлесімді дамуына зор ықпал етеді.
Әдебиет
1 Фролова Г.И. Организация и методика клубной работы с детьми и подростками. – М., 1986.
2 Арымбаева К.М. Введение в общую методику организации КДД в школьных и внешкольных
учреждениях.- Шымкент, 1995.
3 Сихимбаев И.Б. Бос уақытты пайдаланудың педагогикалық негіздері.- Шымкент, 1992.
4 Сихимбаев И.Б. Свободное время и психолого-педагогические основы его использования.- Шымкент,
2002
5 Соколов Э.В. Культура досуга. -М., 1989.
6 Соколов Э.В. Свободное время и культура досуга.- С-Пб, 1977.
7 Камалова Н.К. Мәдени шұғылдампаздылық педагогикасы.- Шымкент, 2000.
8 Доспенбетова А.Ш. Методические рекомендации по организации досуга детей и подростков.- Шымкент,
1993.
Резюме
В статье анализируется научное определение свободного времени и отдыха. Дается сравнительный
анализ научного подхода к их определению. Организация свободного времени школьников является одной
из неотъемлемых задач работы внешкольных учреждений (детские площадки, клубы по интересам,
дворовые клубы, игротеки, спортивные секции и т.д.). Социальный работник в меру своей компетенции
содействует повышению духовной культуры школьников. Рациональное использование свободного
времени школьников во внешкольных учреждениях повышает умственную, познавательную,
нравственную и патриотическую ценность. Организация свободного времени школьников во внешкольных
учреждениях - актуальная проблема современного научного исследования.
Summary
In article considers the scientific definition of free time and rest are analysed in this paper,where is given
comparative analyses of scientific approaches in definition of free time and rest. One of the inalienable task
organization free time of schoolchildren is work of extra-curricular establishment (children`s ground,clubs to
interest,yard`s club, game club, sport sections and etc.).
The social worker assists to encrease spiritual schoochildren`s culture in his moderately. The rational using
free time in extra-curricular establishment to encrease mental, cognitive, moral and patriotic values of
schoolchildren. The organization schoolchildren`s free time in extra-curricular is actual problem of modern
scientific investigation.
Достарыңызбен бөлісу: |