Тк 042-18-16 115/03-2016 Басылым №1 08. 09. 2016ж


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



жүктеу 0,96 Mb.
бет3/6
Дата25.05.2018
өлшемі0,96 Mb.
#17304
1   2   3   4   5   6

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Қарым-қатынастың вербальдық емес құралдарын атаңыз.

2. Мимика деген не?

3. Қарым-қатынастағы вербальдық емес құралдардың ерекшеліктері неде?



Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:



  1. Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.

  2. Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.

  3. Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.

  4. Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.

  5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.

  6. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.

  2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

  3. Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.

  4. Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.

  5. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.

  6. Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.

Тақырып 5. Тұлға аралық қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы

Жоспар:

Басқарудағы қарым – қатынастың мәні мен орны. Шағын топ және ұжым туралы түсінік. Топтағы қарым – қатынас және оның құрылымы. Шағын топтағы әлеуметтік биліктің құрылымы. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар.

1. Басқарудағы іскерлік қарым – қатынастың мәні мен орны. Шағын топ және ұжым туралы түсінік. Топтағы қарым – қатынас және оның құрылымы.

Әлеуметтік ортақтасу психологиясы – социология ғылымының бір саласы. Ортақтасу психологиясының  пәні адамдардың қарым-қатынастары болып табылады.  Сондықтан, ортақтасу психологиясы – адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зеріттейтін ғылым. Ортақтасу психологиясы қамтитын сұрақтар: Адами қатынас  деген    не?  Оның ерекшеліктері мен механизімдері  қандай?  -Жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды өзін   қалай ұстайды? Неге оның мінезқұлқында өзгерістер  пайда болады? Ортақтасу психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары: “Мен”   -  “Басқа”  жүйесіндегі арақатынас. Ортақтасу барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін – бірі  тану мен түсіну механизімін  зеріттеу, олардың ортақ қызыметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етудің жолдары мен мүмкүндіктерін айқындайды. “Топ”  -  “Мен” жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың  адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зеріттеу.  Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен  қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтену  -  даму барысында әлеуметтік құндылықтарды,  нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі. “Мен” – “Топ”. Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының  қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады. Сонымен, ортақтасу психологиясының   негізгі  мәселесі – адами ортақтасудың тұлғааралық және топаралық формаларын танып-білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның ортақтасу барысында  әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу. Ортақтасу психологиясы адамдар мен топтардың  әлеуметтік мінез – құлықтарының  заңдылықтарын зеріттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының  жиынтығы.

Ортақтасу формалары: Тікелей ортақтасу – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тариқындағы бірінші формасы. Жанама ортақтасу- қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын , не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді. Тұлға аралық  ортақтастыру – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы , бір-бірінің ерешеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі. Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шеру-бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар-жанама ортақтасу, вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде-тұлғааралық . Персонааралық ортақтасу – ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер). Рөлдік ортақтасу – белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың пстхологиялық контакттары, мысалы, оқушы- оқытушы, әке-бала, сатушы-алушы, көрші- көрші, дәрігер- ауру, бастық-бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерде орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады. Сол рөлдерді  орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады. Әрине, әлеуметтік рөл  адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды. Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге қандай қатынаста болады?  Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізеді. Ортақтасу барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерешеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.

2. Шағын топтағы әлеуметтік биліктің құрылымы. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар.

Әрбір адам белгілі бір қоғамға немесе үлкен топқа енеді. Адамдарды жалпы екі топқа бөлуге болады, бұл олардың спецификалық – психологиясының ерекшеліктеріне байланысты, екі топқа бөлінудің негізі топ ішіндегі мінез байланысында. Бірінші жағдайда бұл объективті берілген әлеумметтік байланысына байланысты. Адамдардың осы топтарға мүше болуы олардың еріктеріне тәуелді емес. Ол объективті түрде белгіленген. Белгілі бір мақсаты – бағыты бар адамдар бір топқа бірігуге әкеледі, бұны жекеленген топ деп қарауға болады. Бұл бірігулер негізі психологиялық көріністерден құрылады.

Топтың ұйымдастыруына қарай стихиялы түрде ұйымдасқан топ және арнайы ұйымдастырылған топтар болып бөлінеді. Үлкен әлеуметтік топтар ашық және жабық болуы мүмкін. Әлеуметтік топтар дамуына байланысты бірнеше этаптан өтеді. Г.Г.Дилигенскийдің классификациялануына байланысты үш нұсқамен қарастырайық. Бірінші нұсқа - типологиялық. Ол мынамен мінезделеді, бұл топтың мүшелері объективті түрде бір-бірінің қасиетіне тән. Бұл қасиеттер жеке дара әрекетке белгілі бір мәні болуы мүмкін.Мысалы кәсіпкердің бірінші деңгейде әлеуметтік топ құруын қарауға болады.Олардың әр қайсысы өз ісімен белгілі бір әрекетпен байланысады. Екінші нұсқа әлеуметтік топ мүшелері өздерін осы топқа қажет екенінде,және сол топқа мүше екенің сезінуінде. Бұл идептификациялық деңгей. Мысалы: адамдар өздерін белгілі бір қоғамға мүше екенінде сезінуі. Үшінші нұсқа: топ мүшелері ұжым мақсатына өз іс-әрекеттерін жұмсау. Дилигенский бойынша салдарлы деңгей.Оны интегрировалық деңгей деуге де болады.Мысалы:Кәсіпкер ассоцияларға, корпарацияларға бірігіп басқа да серіктестіктермен жұмыс істеуі белгілі бір бағдарлама,стратегиясын жасауын қарауға болады. Психологиялық көріністер үлкен әлеуметтік топта психикалық сферада дараланады-кооперативті қажетті-мативациялы, аффектілі, регулетивті жігерлі. Когнетивті сфераға жататындар ұжымдық көзқарастар, әлеуметтік ойлар, қоғамдық пікірлер т.б. Когнетивті процесстер мазмұны тарихи-қоғамдық дамумен анықталуы. тарихи-процессте жаңа замандағы орыс қоғамындағы әлеуметтік-эканомикалық саяси өзгерістер қарауға болады. Қажетті мотивациялы сферада толық топтың мативациямен мінезделеді, топтың қажеттілік,көз-қарастар, мақсаттар, байлықтар, идеялар. Топ қызығушылығында субъекті түрде материалды жағдай көрініс береді.Осыдан қажеттілікті қанағаттандыратын әрекеттер айқын көріністер береді.Қоғамдық көзқарасты әлеуметтік топқа деген қызығушылық танылады. Мотивациялық сферада өмірлік бағыт бағдар ескеріледі.Ол өз алдында таңдау не шешімге келуге альтернативалық жағдайларды ескереді. Бұнда топтық іскерлігі,жеке тұлғалар,болашақтағы жасалатын жұмыстар айқын көрінеді.Олар өмірлік іскерлікті анықтап қажет етеді. Идеалдар әлеуметтік психололгиялық жоспарда бейнеленіп көрініс немесе реалды,реалды емес образдарға сай көрініс болып келеді. Афекті сферада - үлкен әлеуметтік топтар психологиясында сезім, көңіл күй эмоциялара қосады. Әлеуметтік сезім үлкен әлеуметтік сезімді эмоцияларды қарым-қатынас фактілер жағдаяттарда әлеуметтік айқындылықта нақты көрінеді.

Жағымды әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтанда А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді /мажырлы/ екпінге баса мән берген. Әлеуметтік-психологиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына баса мән беріледі.

Үлкен топтың кіші топтан айырмашылығы мынада үлкен топта әлеуметтік әрекетті спецификалық тұрғыда реттеу болады, ал кіші топта мұндай жоқ. Бұлар салт-дәстүр. Белгілі әрекеттер бұл топтың өмірін сипаттайды. Әрекет арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас контактлерін анықтауға болады. Үлкен топта «тіл» ерекшеліктері бойынша алады. Сонымен қатар сөйлеу мәдениетті бұл көбінесе жастарға байланысты болады. Мысалы,: топты мамандықты, жастарды бір тізімге қоюға болмайды. Енді үлкен топтың құрылымдық психологиясы қандай деген сұраққа жауап берсек. Құрылымдық психологияға көптеген элетенттер енеді, яғни әр жеке тұлғаның өзіндік психологиялық құрылымы, психологиялық процестері, психологиялық кейпі. Зерттеулер бойынша: 1. Психологиялық жиынтық бұл тұрақты білім (әлеуметтік мінез, салт-дәстүр). 2. Эмоционалдық жиынтық бұл қозғалмалы динамикалық білім (көңіл-күй, қажеттілік, қызығушылық).

Әлеуметтік психологияда шағын топ ол саны жағынан , жалпы қызығушылақтары мен мақсаттары және топтық тәртіп нормасы мен байланысқан топтың байланысқа түсетін индивидтер жиынтығы. Шағын әлеуметтік топқа белгілі бір құрылымдық қауымдастық, әлеуметтік – психологиялық өмір қызметінің механизмі, топтық диалектикасы кіреді. Шағын әлеуметтік топта басқарушы жүргізуші буын қызмет мақсаттарын қояды. Шағын әлеуметтік топта топ мүшелерінің біріккен іс - әрекетін ұйымдастырушылық және әрекетін, мақсатын қоятын орта қызығушылықтарын ескере отырып орындайтын жетекші болады.

Адам өзі кіретін топтың әрқайсысында белгілі орын ала отырып сол топтың iшiнде әлеуметтiк әрекеттестiктi қалыптастырады. Әлеуметтiк әрекеттестiк – бұл бiр-бiрiне уақыт аралата әсер етiп, әр серiктестiктiң әлеуметтiк әрекетi жүзеге асып отыруын және серiктестiктердiң бiр-бiрiнiң әрекеттерiне бейiмделуiне қол жеткiзу.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Қарым-қатынастың әлеуметтік психологиясы деген не?

2. Басқару деген не?

3. Қарым-қатынастағы басқарудың ерекшеліктері неде?

4. Топ деген не?

5. Ұжым деген не?



Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:



  1. Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.

  2. Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.

  3. Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.

  4. Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.

  5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.

  6. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.

  2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

  3. Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.

  4. Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.

  5. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.

  6. Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.

Тақырып 6. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық аспектілері

Жоспар:

Педагогикалық қарым – қатынас туралы түсінік. Тұлғаралық қарым – қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі.Тұлғааралық қарым-қатынасты дамыту. Коммуникативті әсер етудің тиімділігін жетілдіретін құралдар.

1. Педагогикалық қарым – қатынас туралы түсінік. Тұлғаралық қарым – қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі.

Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы. Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтаған. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.

Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен мәселенің сұрақтарын қарастыруға болады. Негізгі мәселе - мұғалімдік мамандыққа қойылатын талаптарды психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің сырын ашып көрсету және оны педагогикалық және методикалық жағынан алып талдау. 1. Тұлғааралық қарым-қатынасты дамыту. Коммуникативті әсер етудің тиімділігін жетілдіретін құралдар.

Талас-тартысты мәселелердің туындап отыруының әлеуметтік- психологиялық заңдылықтары болады. Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық негіздері мен сипаттарын ғылыми тұрғыдан тереңірек ашып көрсету өз алдына зерттеліп, тиісті шешімін келешектен күтеді. Шәкірттер мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы кезге дейін зерттелуде. Міне,осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты: орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді; өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды ”тәрбиеленуі қиын” балалар қатарына ой салмақтамай қосып, өз жұмыстарында қиындатады. Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді. Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың жас және өзіндік ерекшеліктері, мұғалім мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету стилі де әсер етуі жатады.Тәлім-тәрбие саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтап қарастырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы тартыстардың туындап, олардың етек алуының бірнеше түрлері болатындығы байқалады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі неде?

2. Педагогтың әдістері қандай?

3. Педагогикалық қарым-қатынастың стилдерін атаңыз.



Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:



  1. Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.

  2. Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.

  3. Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.

  4. Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.

  5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.

  6. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.

  2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

  3. Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.

  4. Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.

  5. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.

  6. Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.

Модуль 2. Қарым-қатынас мәселелері

Тақырып 7. Тұлғааралық қарым – қатынас этикасы

Жоспар:

Этика туралы жалпы түсінік. Этика, мораль, адамгершілік түсініктерінің арақатынасы. Кәсіби этиканың қалыптасуы. Мораль құрылымы және функциялары. Тұлғааралық қарым-қатынас этикасы, оның қалыптасуы.

Әдептілік адамның жоғарғы шындықты, қарапайымдылық, сабырлық көрсетуі, өзін өзі басқарып ұстамдылық жасау, әртүрлі жағдайларда, өзге адамдармен, қарым қатынас жасай білу ептілігін біріктірілетін адамгершілік тәртібі. Әдепті адам әр уақыттада құрметті адамы. Сондай ақ тұлғааралық қарым қатынастағы ең маңызды көрсеткіштерінің бірі әдепті сақтау.

Әдеп - жоғарыда айтып өткендей әдетіктен, ұстамдылықтан, адамгершіліктен т.б.қасиеттерден көрініс беруі тиіс. Әдеп – адамның сырт көркі.



Тұлға кез-келген ортада өзiн қоршаған адамдармен өмiр сүредi және қалыптасады, оған сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз. Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам. Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi. Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз. Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз: басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз. Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз. Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз. Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз. Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.

Манипуляция, алдап – арбау ортақтасуы- жиі кездесетін тұлғааралық ортақтасу – жиі кездесетін тұлғааралық ортақтасу партнері өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өзмақсатына жету үшін манипулятор ортақтасу партнері нысана ретінде қарастырады. Манипуяциялық ортақтасу – Басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу. Императив пен  манипуляцының ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық  стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не ауыстырылады. Алдап –арбау ортақтасуының қоғамдағы ресми орны –бизнес , сауда-саттық, іскерлік, насихат -, оқыту болып табылады. Оқыту барысында (тәрбиелеуде емес !) сабақты қызықты өткізу , оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы, манипулятор мейірімді адамның мейірімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін -өзі біртұтас тұлға ретінде емес , кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін де, басқаға да сенбеушілік. Диалог ортақтасуы.  Бұл –тең құқықтық субьектілердің арақатынасы, ортақтасу мақсаты- өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастарын негізгі айырмашылығы –эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу . Бұл ортақтасу үрдісінде екі дауыс екі пікір естіледі, бұл субьект-субьект қатынасы. Диалог ортақтасуының ережелері: Сұхбаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, «осы жерде-осы сәтте» қағидасын басшылыққа алып арақатынасын жүргізу дәл осы кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу. Ортақтасу серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын-ала оның ниеттеріне сену, біріне-бірі сенімділік білдіру . Серікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау. Шешілмеген мәселе мен сұрақтар ортақтасу мазмұны болуы керек (ортақтастыру мазмұнын мәселелендіру). Сұхбат адамының өз атынан жургізілуі керек, біреудің пікіріне сілтемей, өзінің сезімдерімен тілектерін білдіру қажет (персоналандыру). Диолог ортақтасуы қатысушылардың өзара тусінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы керек. Оқушылармен қалай сөйлесу керек? Олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару қажет?  Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе, адамдар сұрағы анық қой деп, сұхбаттасушыны тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап алған жөн болар («Кешір мен онша түсінбей тұрмын», «Мен дұрыс түсінсем...»). Кейінгіге қалдырмай («бұл келесі сабақтың тақырыбы») міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек. Екіншіден, жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа қырынан көрсету тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс жауап беруге де боламайды. Үшіншіден, оқушылар кейде сұрақты дәлме-дәл жауап алу үшін ғана қоймайды. Сұрақты өзінің ойлау қабілетін , білім деңгейін көрсету үшін де қояды. Мұғалімнен көмек күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жағдай жасау қажет. Ортақтасу - өте күрделі феномен. Оның әртүлігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты. Ортақтасудың ішкі құрлымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады.: комуникация , перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан-жақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте ара қатынас- біркелкі, бұзылмайтын процесс. Коммуникация- арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі. Интеракция- тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасу. Перцепция- адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.

2. Мораль құрылымы және функциялары. Тұлғааралық қарым-қатынас этикасы, оның қалыптасуы.

Субъектiлердiң белгiлi құралдарымен жүзеге асыратын бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындаған және серiктесiнiң жай-күйiн, мiнез-құлқымен тұлғалық маңыздылық құрылымын едәуiр өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесу. Кезінде бірінші болып қарым-қатынастың көпдеңгейлі, иерархиялық, көпөлшемді ұйымдасуын көрсеткен белгілі кеңес психологы Б.Г.Ананьев қарым-қатынастың макро-, мезо-, микродеңгейлерін бөледі: қарым-қатынасқа түсуші адамдар өмір сүретін қоғам, өздері мүшесі болып табылатын әр типті ұжымдар, өздері жиі байланысқа түсетін жақын қоршаған ортасы, сонымен қатар осы іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзараәрекеттесуші адамдардың қарым-қатынаста қалыптасатын және жүзеге асатын индивидуалды сипаттамалары микродеңгей тұлғааралық қарым-қатынастың ең ұсақ бөлшектерінен тұрады. Макродеңгейге басқару мен сауда сияқты ірі құрылымдар кіреді. Кез-келген әлеуметтік жағдайларда адамдар барлық деңгейлерде өзара әрекеттеседі. Әдетте тұлғааралық қарым-қатынастың екі формасын қарастырады: монологиялық, бұл кезде серіктестердің біреуіне ғана белсенді қатысушы рөлі беріледі, ал басқасына – пассивті орындаушы, және — диалогтық, қатысушылардың ынтымақтастығынан көрінеді. Екі адам қарым-қатынасы процесін білдіретін сөздер көп емес — әңгімелесу, сөйлесу, диадикалық қарым-қатынас (екеудің қарым-қатынасы). Бұл процеске қатысатын адамдарды сөйлеуші және тыңдаушы әңгімелесушілер немесе қарым-қатынас серіктестері деп атайды. Қарым-қатынасқа байланысты келесi ұғымдар бар: Тұлға диспозициясы – бұл әрекеттiң белгiлi бiр жағыдайлары және осы жағыдайлардағы белгiлi бiр мiнез-құлықты қабылдауға деген бейiмдiлiктiң жүйесi немесе кешенi. Өмiр салты – бұл адамдардың тарихи нақты әлеуметтiк қатынастары типтiк болып табылатын өмiр сүру формасы. Әлеуметтiк институт – бұл адамдардың бiрiгiп әрекет етун ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Фактiлiк қатынас. Коммуникативтiк құралдарды тек қатынас процесiн қолдау мақсатында ғана падаланылатын мазмұнсыз құбылыс. Әлеуметтiк психологиялық бiлiктiлiк. Индевидтiң өзiн қоршаған адам мен тұлғаарлық қатынастар жүйесiнде тиiмдi әрекеттесе алу қабiлетi құндылықты реттеумен байланысты, әлеуметтiк және мәдени дамудың деңгейi. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп жұмыс iстеймiз, қонаққа барамыз, бiр ортақ iстi орындаймыз. Егер өзiмiздi бақылап көрсек бiздер мынан байқауымызға болады. Өзге адамдармен қатынаса отырып бiз оларды қабылдаймыз және бағалаймыз, бiздiң әрқайсымыз өзiнiң ерекшелiгiн жеке қарым-қатынас тәжiрибесi арқылы қоршаған ортадағы, мектептегi, көшедегi тiкелей контакт арқылы қалыптасады.


жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау