Минералды тұздар өндірісі. Медицинада қолданылуы



жүктеу 17,41 Kb.
Дата14.12.2022
өлшемі17,41 Kb.
#40612
5 билет


5 билет

  1. Минералды тұздар өндірісі. Медицинада қолданылуы.

Минералдық тұздардың өндірісі 2 негізгі үрдістен тұрады: табиғи
тұздарды тауып, өндіру жəне табиғи шикізаттан немесе шикізаттың басқа
түрінен минералдық тұздарды алу. Табиғи ерігіш тұздарды қазып шығару
жəне өңдеу (галлургия) бірнеше үрдістерге негізделген: шаю (сілтісіздендіру),
буландыру, кристалдау жəне табиғи тұз ерітініділерін өңдегенде,
сусыздандыру. Осы əдістерді қолдану арқылы тұздар жүйесін жеке дара
тұздарға бөлуге мүмкіндік туады.
Тұздарды синтетикалық əдіспен алуда бастапқы материал ретінде негізгі
химиялық өндірісінің жартылай өнімдері немесе əртүрлі өндірістердің
қалдықтары пайдаланылады. Тұздардың синтезі бейтараптау реакцияларына
негізделген. Мысалы, маңызды азот тыңайтқыштарын қышқыл мен негізден
осылайша алады. Көптеген тұздарды басқа өндірістердің қосымша өнімі

ретінде алады. Мысалы, нефелиннен глинозем өндіргенде қосымша өнім


ретінде поташ пен соданы алады.
Минералдық тұздар мен тыңайтқыштардың бірнеше түрі, сонымен бірге
оларды алатын шикізаттың түрлері өндірістің көптеген əдістермен
шартталады. Көптеген типтік үрдістер өңдеудің физика-химиялық əдістеріне,
əсіресе, шикізаттарды дайындау сатыларына жəне өнімді аяғына дейін
жеткізуге негізделген. Тұздардың технологиясында абсорбция жəне
десорбция үрдістерін жиі қолданады. Минералдық тұздардың пайда болуы
күйдіру, пісіру, шаймалау, абсорбция сияқты үрдістер барысындағы
химиялық реакцияларына негізделген.
Медицинада қолданылуы.
Ba Қышқылдар мен суда ерімейтін күкіртқышқылды барий рентген сәулелерін жақсы жұтады, сондықтан оны
асқазан мен ішекті зерттеуде қолданады. BaS0 4 барий сульфаты; рентген айқындауда қолданылады.
Натрий және калий. Иондары ағзада кең таралған, біріншісі жасушааралық сұйықтарда, ал екіншісі жасуша
ішінде болады. Абсолюттік шама бойынша бағаласақ, онда 95% натрий иондары жасуша сыртында болып ал
калийдің осынша үлесі жасуша ішінде болып зат алмасу процесіне қатысады. Дәрілік препараттар медицинада
қолданылады.

натрий иодиді иод препараты сияқты эндемиялық


жемсау ауруында қолданылады
Nal калий перманганаты жараларды жууда, тамак
және ауызды шаюда антисептикалық препарат
ретінде қолданылады
натрий гидрокарбонаты (ас содасы) асказан NaHC03 KMn04
сөліндегі тұз қышқылын тез арада
бейтараптандырады

NaCI КІ калий иодиді иод препараты сияқты жемсау


натрий хлориді изотонды ерітінді ағза ауруына қарсы қолданылады.
сусызданғанда қанның плазмасын алмастырушы
ерітінді ретінде, гипертоникалық ерітінділер іріңді КСІ
жараларды емдеу үшін қолданылады
калий хлориді ағзада электролит алмасуы
бұзылғанда (құсу, іш өту) сонымен қатар жүрек соғысы
бұзылғанда қолданылады
Р - элементтерінің биологиялық маңызы және
олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы

Көміртегі оксидінің (II) адам ағзасына зиянды әсері бар, оны «пеш газы» деп те атайды. Дем алғанда


С көміртегі оксиді (II) қанға өтеді және гемоглобинмен - карбоксигемоглобин түзеді. Пеш газымен улану
өлімге себепші болады. Медицинада қолданылады: 1. Активтелген көмір (карболен); ауыр металдар
тұздарымен, алкалоидтармен т.б уланғанда қолданылады. 2. NaHC03 натрий гидрокарбонаты; асқазан
сөлінің кышқылдығын кемітеді; ол сулы ерітінділерді шаюда, жууда қолданылады.


  1. Пластикалық массалар және олардың түрлері

Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында
бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары
иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе
кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар.
Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэл. қасиеті
жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады.
Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді
Пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды.
Мысалы, фенол-фармальдегидті Пластмассалар,
поливинилхлоридті Пластмассалар, т. б. аталуы да
Пластмассаларға байланысты алынған. Полимерлерден басқа
Пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар
, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы
сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады.
Пластмассалар гомогенді (бір фазалы) немесе гетерогенді (көп
фазалы) материалдар болуы мүмкін. Гомогенді Пластмассаларда
полимер материалдың қасиетін анықтаса, гетерогенді
Пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады,
қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді.
• Пластмассалар 4 топқа бөлінеді:
• полимерлену өнімдері Пластмассалар (полиэтилен,
полистирол, т.б.) негізіндегі Пластмассалар;
• поликонденсациялану (полиамидтер, полиэфирлер, т.б.)
негізіндегі Пластмассалар;
• хим. модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі
Пластмассалар (протеин, целлюлоза, галалит);
• табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі
Пластмассалар Сонымен қатар термопластик. және
термореактивті Пластмассалар болады.
• Термопластикалық Пластмассалар қыздырғанда
пластикалық күйге химиялық өзгеріссіз өтеді. Оларды
бірнеше қайтара қыздырып, әр түрлі пішінге келтіруге
болады. Термореактивті Пластмассалар жылу әсерінен
алғашқы кезде пластикалық, одан әрі қыздырғанда
химиялық өзгеріске ұшырайды. Оларды алу үшін
құрылысы торланған қосылыстарға тез өтетін полимерлер
(эпоксид, анилин, фенол-альдегид, т.б.) қолданылады.
Пластмассалардың бұл түрінен жасалған бұйымдар шыны
тәрізді, сол қалпын терм. деструкция басталғанға дейін
сақтайды. Олар 100 — 500oС аралығындағы
температурада өзгеріске ұшырамайды. Пластмассалар
электртехника, машина жасау, құрылыс өнеркәсіптерінде,
ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен
қолданылады. Пластмассалар өндіру зауыттары
Қазақстанда Маңғыстау,Атырау облыстарында бар.
• Пластмасса негізгі қолданылу саласына
қарай бірнеше топқа бөліп қарастыруға
болады:
• Конструкциялық
Электр және радио техникалық
• Антикоррозиялық және бүлдіргіш
орталарға тұрақтылық
• Дыбыс және жылу оқшаулағыштар
• Әр алуан материлдардың жақсы қасиеттері
пластмассаладран табылады. Сондықтан техникалық
көптеген мәселелерді шешкенде, пластмассалар ең
керекті, тіпті баламасы жоқ материал болып саналады.
жүктеу 17,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау