19
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
бақылауды күшейту үшін тиісті шаралар қолданған
(үй қамағы немесе өзге бір амал), ал бала әйелге
кешірім хатын жазады және өзінің қажетіне
арналған ақшасына сатып алынған гүлді сыйлайды.
Бала қазір мектепке баруда әрі үлгерімі де жақсы,
ол алғаш рет қылмыс жасаған болып шықты.
Осы деректерді ескеріп, егер оған бір жыл арнайы
жабық мекемеде отыру үкімі кесілсе (оқудан ұзақ
уақыт қол үзуіне әкеледі), оның мүдделері сақталар
ма еді? Дұрысы, оны қоғамдық жұмыстар атқаруға
міндеттеу (мысалы, 100 сағат жұмыс істеп, оны де-
малыс және каникул кездерінде атқаратын болса,
бұл едәуір бос уақытынан айыру ретіндегі жаза
болмақ) болса немесе зардап шегуші мен құқық
бұзушы арасында бітімге келу /медиация/ рәсімі
(қалпына келтіру әділсоты) жүргізілсе ше?
40-бапта баланың мүдделерінің сақталуы ата-
аналардың сот талқысына қатысуына тікелей бай-
ланысты екені атап көрсетілген. Егер ата-ананың
қатысуы баланың мүддесіне сай келмесе, одан бас
тартуға болады (4.4.-бөлім).
Бұдан бөлек, 37 (с)-бапта «егер баланың басым
мүдделері үшін бұлай жасауға болмайды деп есеп-
телмесе ғана», бас бостандығынан айырылған
балалардың ересектерден бөлек болуға тиіс екені
атап көрсетілген. Қазақстан сияқты үлкен елдерде
құқық бұзған жасөспірімдерді бас бостандығынан
айыру үшін барлық аудандарды жеке мекемелер-
мен қамтамасыз ету күрделі жайт. 37 (с)-баптың
ережесі балаларды үйінен жырақтағы мекеме-
де ұстап, ата-аналарының оған келу мүмкіндігін
жоққа шығару дегенді білдіруі ықтимал. Осылай-
ша, баланың өз үйіндегі ересектерден ажыратылу
құқығын іске асыруы оның ата-анасымен/отбасы-
мен тығыз байланыста болу құқығына айтарлықтай
шектеу жасауы мүмкін (37 (с)-бап). Сондықтан,
елдің шалғай өңірлерінде балалар бостандығынан
айыруға арналған мекемелерді жергілікті полиция
учаскесінде немесе балалар үйлерінде орналастыру
ұсынылады.
24
Тыңдалу құқығы (12-бап)
Сонымен, қылмыс жасады деп айыпталған неме-
се қылмыстық заңнаманың бұзылуына кінәлі деп
танылған немесе қылмыс бойынша куәгер неме-
се қылмыстың құрбаны ретінде тартылған әрекеті
заңмен қайшы келген бала үшін тыңдалу құқығына
ие болу әділетті сот талқысын жүргізу үшін және
заңның ұлықтығын сақтау үшін негіз болып табы-
лады. Сондай-ақ, егер ол баланың мүдделеріне сай
келсе, өкіл немесе тиісті ұйым арқылы емес, оның
жеке өзінің тыңдалу құқығына ие болуы да әбден
анық жайт. Бұл құқық баланың жауап бермеу
құқығы сақталатын алдын ала қамаудағы кезінен
бастап, полицияның, прокурордың және судьяның
алдында тыңдалуы құқығы секілді, процестің барлық
кезеңінде сақталуға тиіс. Бұл үкімнің шығарылып,
іске асырылуына да қатысты қолданылады.
Басқаша айтқанда, кәмелетке толмағандардың
істері бойынша соттағы тыңдаулар барысында
балаға өз пікірін еркін білдіру мүмкіндігі берілуге
тиіс әрі бұл пікірге баланың жасына және есею
дәрежесіне сәйкес мән берілуі қажет. Бұл сот оты-
рысына баланың белсенді қатысуы үшін тек өзіне
тағылған айыппен ғана емес, сонымен қатар, сот
талқысының мәні, үкім туралы да хабардар етілуге
тиіс екенін білдіреді.
Балаға жазаның басқа (балама) түрлеріне қатысты
өз пікірін білдіру мүмкіндігі берілуі тиіс, сондай-
ақ, осыған байланысты оның өзіндік тілектері мен
басым қалауы ескерілуге тиіс. Балаға қылмыстық
жауапкершіліктің жүктелуі деген сөз, оның
қылмыстық заңнаманың бұзылуына кінә тағу
барысында неғұрлым лайық жауапқа қатысты
шешім шығаруда хабардар болуын және оған бел-
сене қатысуын білдіретін болады. Осындай сот
процестеріне қатысатын судьялар қылмыстық іс
бойынша баланың неғұрлым басым мүдделерінің
сақталуы, оның тыңдалу құқығы және мемлекеттің
мүдделері арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы
үшін жауапкершілік арқалайтыны анық. Про-
цесте балаға пассив нысан ретінде қарау оның
құқықтарының сақталуына мүмкіндік бермейді
және шектен шыққан әрекеттеріне тиісті де
тиімді жауап ретіндегі шараларды қабылдауға
жәрдемдеспейді. Бұл шығарылған үкімді іске
асыруға да қатысты. Зерттеулер баланың проце-
ске белсене қатысуы, көп жағдайда, оң нәтижелер
беретінін көрсетіп отыр.
4.4. сот ісін жүргізу
қағидалары
БҚК-нің 40-бабы «Кәмелетке толмағандардың
істері бойынша әділсотты жүргізу»:
«2. Қатысушы мемлекеттер осы мақсатта және
халықаралық құжаттардың ережелерін назарға
ала отырып. атап айтқанда, мыналарды:
(a) қылмыс жасалған кезде ұлттық заңнамада не-
месе халықаралық құқықта тыйым салынбаған
әрекет жасаудың немесе керісінше әрекетсіздіктің
салдарынан бір де бір бала қылмыстық заңнаманы
бұзған, айып тағылған және оны бұзғаны үшін
кінәлі болып танылмауын;
(b) қылмыстық заңнаманы бұзған немее оның
бұзылуына кінәлі деп танылған әрбір баланың ең
кем дегенде мынадай кепілдіктерінің болуын:
24 Бала құқықтары жөніндегі комитеттеі Австралияға арналған
Қорытынды ескертпелеріндегі ұсынымдарды қараңыз.