ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет17/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79

35
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Б
ҚК-нің 20-бабында бала асырап алу балаға 
балама күтім түрі ретінде аталған. 21-бап-
та ел ішінде бала асырап алудың және 
халықаралық бала асырап алудың неғұрлым өзіндік 
ерекшеліктері бар қағидаттары мен ережелері 
ұсынылған.
 46
Баланың басым мүдделері тек «бірінші дәрежелі 
мәнге» емес, басым мәнге ие болуы кез келген бала 
асырап алудың жалпы қағидаты болып табылады. 
Ұлттық заңнамада ішкі және сыртқы бала асырап 
алудың ережелері белгіленген. Оған баланы асы-
рап алу мүмкіндігі, сондай-ақ, ата-аналардың/ата-
ананың, баланың қамқоршысының және басқа да 
жақын адамдарының (егер бала жетім болса, оның 
отбасы мүшесінің) немесе құзыретті органдардың 
келісіміне қатысты ереже талаптары енуі керек. 
Сонымен қатар баланың өз ой-пікірін толыққанды 
жеткізе алу мүмкіндігін қарастыратын ережелер де 
қамтылуы тиіс. Асырап алуға жататын көптеген 
балалар балама қамқорлыққа алынады (бала-
лар үйлерінде). Балама күтімге қатысатын адам-
дар баланың пікірін тыңдау процесіне тартылуы 
мүмкін. 
21-бапта халықаралық бала асырап алудың соңғы 
шара екені ескертілген: Бала асырап алушы отбасын-
да уақытша немесе тұрақты орналастырылуы мүмкін 
болмаған немесе өз мемлекетінде қажетті күтім ала 
алмаған жағдайда, халықаралық бала асырап алу 
туралы мәселе қаралуы мүмкін. Халықаралық бала 
асырап алу туралы мәселені қарайтын судья баланы 
ел ішінде асырап алушы отбасында уақытша неме-
се тұрақты орналастыру үшін қабылданған шаралар 
және олардың нәтижелері сәтсіз болғаны туралы 
ақпарат алуы қажет. 
Сондай-ақ, 21-бапта халықаралық бала асырап алу 
ісіндегі қорғау шаралары мен стандарттар ел ішінде 
қолданылатын, бала асырап алу ісіндегі қорғау ша-
раларына және стандарттарға ұқсас болуға, сондай-
ақ, халықаралық бала асырап алу ісіне тартылған 
адамдардың заңсыз қаржылық пайда табуына жол 
бермеу жөнінде қолданылған шаралар болуға тиіс 
екені белгіленген. 
2010 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Балаларды қорғау 
және халықаралық бала асырап алуға қатысты 
ынтымақтастық туралы конвенцияны (1993) рати-
фикацялады. Бұл халықаралық бала асырап алуға 
қатысты Қазақстан заңдары мен стандарттары осы 
Конвенцияға сәйкес болуға тиіс екенін білдіреді. 
Конвенцияның мақсаты:

халықаралық бала асырап алудың баланың ба-
сым мүдделеріне сай болуын кепілді ету;

мұндай кепілдіктердің пәрменділігін 
қамтамасыз ету үшін уағдаласушы мемлекеттер 
арасында ынтымақтастық жүйесін құру;
– 
уағдаласушы мемлекеттердің тек осы 
Конвенцияға сәйкес бала асырап алуды тануын 
қамтамасыз ету болып табылады.
Конвенцияға баланың асырап алуға жарамдылығы, 
асырап алушы ата-аналардың өтінішінің құқықтық 
негізділігі және қажетті келісімі жөнінде ере-
желер енгізілген. Конвенцияның едәуір бөлігі 
(6-22-баптар) уағдаласушы мемлекеттер-
де Орталық органдар (ОО) құруға, олардың 
қызметтері мен міндеттеріне, сондай-ақ, олардың 
ынтымақтастығына және халықаралық бала асы-
рап алу процесінде көмекшілер немесе делдал 
ретінде қызмет атқаратын агенттіктерді аккредит-
теу шарттарына арналған. 23 және 27-баптарға 
халықаралық бала асырап алуды тану және салдары 
туралы ақпарат енген. Соңғы VI және VII тараулар 
(28-48-баптар) жалпы және қорытынды ережелер-
ден тұрады. 
Тарауда осы Конвенцияның ережелері толық 
қарастырылмайды. Осыған байланысты мынаны 
атап көрсетуге болады:

Конвенцияда баланың тұрақты тұратын жері 
болып табылатын «шыққан мемлекеті» мен 
шыққан елінде асырап алынғаннан кейін қоныс 
аударған немесе қоныс аударатын «қабылдайтын 
мемлекеті» арасында не қабылдайтын мемлекет-
те немесе шыққан мемлекетте мұндай асырап алу 
мақсатындағы айырмашылықты қарастырады 
(2-бап).
6-бөлім. 
бала асырап алу және бала 
асырап алу туралы гаага 
конвенциясы 
46 Балама күтім жөніндегі басшылыққа алынатын нұсқаулар асы-
рап алушы ата-аналар атқаратын күтімге қатысты қолданылмайды, 
өйткені бала асырап алынған сәттен бастап ата-аналардың күтіміне 
алынған деп есептеледі (30 (b)-тармақ)


36
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы және басқа да халықаралық құжаттар
1-тарау. Халықаралық стандарттар: 

Бұл шыққан мемлекетте немесе қабылдайтын 
мемлекетте халықаралық бала асырап алудың 
жүзеге асырылуы мүмкін екендігін білдіреді. 
Асырап алуға жататын баланың қабылдайтын 
мемлекетке шыққан мемлекетінде асырап 
алмай-ақ әкетілуі ұлттық заңнамада белгіленген 
ережелерге байланысты. 

Бұл Қазақстанда, судьялардың қабылдайын мем-
лекетте бірнеше адамның Қазақстанда тұратын 
(тұрақты тұратын жері) балаларды асырап 
алуға өтініштерін немесе Қазақстанда тұрақты 
тұратын бірнеше адамның басқа да елдерде 
тұратын балаларды асырап алуға өтініштерін 
қарауға тура келеді деген сөз. 

Бұл жағдайларда судья осы асырап алу 
нұсқасының баланың мүддесіне сай келетіні, 
оның басым мүдделерін ескеруі және 
қабылдаушы ата-аналардың құқықтық негізділігі 
туралы шешімге келуге тиіс. Бұл шешімдерді 
қабылдау үшін судья қаралып отырған мате-
риалдарында мынадай құжаттардың немесе 
ақпараттың болуын тексеруге тиіс. 

 
өтінім берушілер (қабылдаушы ата-ана-
лар немесе жекелеген тұлға), олардың жеке 
басы, бала асырап алуға құқықтық негізділігі 
және өмірбаян деректері, отбасылық және 
медициналық жағдайы, әлеуметтік ортасы, 
бала асырап алу себептері және басқасы туралы 
ақпарат пен қабылдаушы мемлекеттің орталық 
органдарының есебі (15-бапты қараңыз);

  баланы асырап алуға болатындығы, оның жеке 
басы, өмірбаян деректері, әлеуметтік ортасы, 
отбасылық және медициналық жағдайы, бала 
тәрбиесі және оның этникалық, діни және 
мәдени ерекшеліктері туралы ақпарат пен 
шыққан мемлекетінің орталық органдарының 
есебі, сондай-ақ 4-баптың (с) тармағында 
аталған тиісті мекемелер мен адамдардың ба-
ланы асырап алуға келісім бергендігін және 
асырап алудың баланың басым мүдделеріне сай 
екенін растайтын құжаттар (16-бап);

  шыққан мемлекеттен кетуге және қабылдаушы 
мемлекетке келуге және тұрақты тұруға рұқсат 
алынғаны туралы судьяның хабардар етілгені 
туралы қабылдаушы мемлекеттің және шыққан 
мемлекеттің орталық органдарының құжаты; 

  баланың асырап алудың салдары туралы тиісті 
кеңес алғаны және оған өзінің келісімі, сондай-
ақ, баланың еркі мен пікіріне тиісті назар 
аударылғаны туралы судьяның хабардар етілгені 
туралы құжат. 
Осы барлық ақпарат халықаралық бала асырап 
алудың баланың басым мүдделеріне сай екені ту-
ралы судьяның шешім шығаруы үшін негіз болып 
табылады, бірақ судьяның, егер мүмкін болса (кей-
де асырап алынатын балалар өте кішкентай жа-
ста болғандықтан), баланы, оның ата-аналарын, 
туыстарын немесе асырап алушы ата-аналарды 
тыңдауы тиіс. 
Қысқаша: халықаралық бала асырап алу орталық 
органдардың және тіркелген агенттіктердің, ең ба-
стысы, әділ, тәуелсіз судьялардың түпкілікті шешім 
қабылдаудағы жауапкершілігін қажет етеді.  


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау