ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Бекітемін
ҚЖМ Директоры
з.ғ.к., доцент С.Г. Пен
__________________________
«____»____________________ 2016 ж.
«5В030100-Құқықтану»,
«5В030200-Халықаралық құқық»,
«5В030300-Құқық қорғау қызметі»
мамандықтарының 2, 3-курс студенттеріне
арналған кәсіптік практика
БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана – 2016 ж.
Кәсіптік практика бағдарламасын әзірлегендер:
К.Е. Рахимбеков – Қылмыстық құқық, қылмыстық іс-жүргізу құқығы кафедрасының аға оқытушысы, Тәжірибе, мансап және жұмыспен қамту кеңсесінің «5В030300-Құқық қорғау қызметі», «5В030100-Заңтану» мамандықтары (орыс бөлімі) бойынша координаторы;
Д.У. Мухамеджанова – Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы, Тәжірибе, мансап және жұмыспен қамту кеңсесінің «5В030200-Халықаралық құқық», «5В030100-Заңтану» мамандықтары (қазақ бөлімі) бойынша координаторы..
_____________________________________________________мақұлданды
«__» _____________2016 ж. №____ хаттама
Төрағасы ________________
Жалпы ережелер
1.1. Кәсіптік практика бағдарламасы Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының білім, ғылым, тіл туралы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне және Еңбек кодексіне сәйкес, «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына, «5В030100-Заңтану», «5В030200-Халықаралық құқық», «5В030300-Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша МЖБС, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Жарғысына, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ ректорының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес әзірленді.
1.2. Кәсіптік практика оқу және өндірістік практикадан құрылады. Оқу және өндірістік практика екінші курс студенттеріне, ал өндірістік практика -үшінші курс студенттеріне арналған. Кәсіби практиканы өту мерзімдері және оның ұзақтығы оқу жоспарлары мен оқу үдерісінің кестесіне сәйкес анықталады. Оқу үдерісіне сәйкес студенттер кәсіби практиканы келесі мерзімдерде өтуі тиіс:
«Құқықтану», «Халықаралық құқық» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарының 2-ші курс студенттері оқу практикасын бір аптада және өндірістік практиканы тағы бір аптада өтеді;
«Құқықтану», «Халықаралық құқық» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарының 3-ші курс студенттері өндірістік практиканы бір аптада өтеді.
1.3. Практика координаторлары практиканың барлық түрлерін ұйымдастыру және жоспарлау кезінде көмектеседі. Студенттердің мекемелер, бірлестіктер мен әр түрлі нысандағы ұйымдармен практика бойынша жасалатын шарттардың құқықтық негізін және мақсатына сәйкестігін тексереді. Жоғары құқық мектебінің студенттеріне мекемелер, бірлестіктер мен ұйымдармен практика бойынша шарттарды жасасуға және жұмысқа орналасуға көмектеседі.. Құқық жоғары мектебінің директоры бекіткен кестеге сәйкес студенттердің қатысуымен кәсіби практика мәселелері, мансап және жұмыспен қамту туралы кеңестер өткізеді.
1.4. Астана қаласынан тыс тұратын студенттер өздерінің тұрғылықты тұратын мекенжайы бойынша немесе Астана қаласынан тыс орналасқан орындарға практиканы өтуге мектеп директорының рұқсатымен жіберіледі.
1.5. Студент практика өтетін орнын өз бетімен таңдауға құқылы, тек тиістітиісті мерзімдерде өзінің координаторын хабардар етуге міндетті. Практика координаторы практика базаларының сұраныстарын анықтап, практиканы ұйымдастырады, сондай-ақ студенттің практика өтетін орнын өз бетімен ауыстыруға құқылы.
1.6. Егер Университеттің ұйыммен практиканы өту туралы шарты жасалмаған жағдайда, студенттің өтініші, тиісті ұйымның студентті практикаға қабылдау және оның осы Бағдарламаға сәйкес талаптарды орындауын қамтамасыз етуі туралы өтініш-жолдамасы- үшін тиістіосы ұйымға студентті жіберу үшін негіздеме болып табылады.
1.7. Ұйымнан тәжірибенің тікелей жетекшісі Университет атынан координатормен бірге осы Бағдарламаның орындалуын, практиканы өтуін және ұйымдастыруын қадағалайды.
1.8. Практика базаларында практика жетекшілігін ұйым басшысы немесе жауапты жұмыскер жүзеге асырады. Практика базаларында практика өту кезінде студенттер білікті мамандарға тіркеліп, олардың тікелей жетекшілігімен практиканы өтеді.
2. Практика мақсаттары және міндеттері
2.1. 2-ші курс студенттерінің оқу практикасынан өту мақсаттары:
- студенттердің заңгер мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығы жайында түсінігін қалыптастыру,
- теоретикалық білімдерді әрі қарай бекіту және кеңейту,
- студенттерді салалық және арнайы заңи пәндерді оқытуға даярлау, бастапқы кәсіби білімдер, машықтарды игеруге дайындау;
- кәсіби қызмет уәждемесін нығайту,
- қарым-қатынас машықтарын дамыту болып табылады.
Оқу практикасын өтудің нәтижесінде студенттер:
- оқу практикасын өткен ұйымның немесе мемлекеттік органның ұйымдастырушылық құрылымы, функциялары, оның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері және құзыреттіктерін, олардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, жүзеге асыратын қызметтің көлемі мен тізімін, құжат айналымының ерекшеліктерін білуге;
- практика үдерісі кезінде студент мемлекеттік органдардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі олардың орны мен ролін анықтап, олардың мақсаттарын, міндеттері мен маңызын түсінуге;
- студент өтетін практика базасында ұйымның негізгі заңи бағыттарын байқауға;
- құқықтық сипаты бар құжаттардың мәнін түсінуге және оларды рәсімдеу тәртібі мен құрылымымен танысуға үйренеді.
2.2. 2-ші курс студенттердің өндірістік практикасын өту мақсаттары:
- практика өтетін орнының ұйымдастырушылық құрылымы мен функцияларымен танысу,
- мамандық бойынша бастапқы кәсіби машықтарын қабылдау,
- ұйымдастырушылық жұмыстың тәжірибесін игеру, кәсіби өзін-өзі жетілдіруге уәждемесін нығайту болып табылады.
3-ші курс студенттерінің өндірістік практикасынан өтудің мақсаттары:
- практика өтетін орнында нормативтік-құқықтық база мен құжат айналымымен танысу және талдау, болашақ мамандығы бойынша бастапқы кәсіби машықтарды бекіту,
- практика өтетін орнында құқық қолдану қызметін мемлекеттік-құқықтық, іздестіру, соттық, әкімшілік, коммерциялық және т.б. қызметтерді талдау.
2.3. 2-ші және 3-ші курс студенттерінің кәсіби практикадан өту міндеттері:
- құқықтық жұмыс бойынша мамандық бағдарымен танысу;
- бөлек лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді игеру кезінде теоретикалық білімдерін қолдану;
- іс жүргізу құжатарының жобаларын дайындау;
- бөлек процессуалдық әрекеттер жүргізу кезінде әдістемені игеру.
3. Практика бағдарламасы.
3.1. Студенттің практика өтетін орнын ескере отырып, жетекшісімен бірге құрылған жеке тапсырмасына сәйкес практика жоспарланады.
3.2. Практика өту барысында студент практика күнделігін жүргізіп, тапсырмалар аясында орындалған жұмыс сипатын, өзінің байқауларын күн сайын толық көлемде көрсетеді. Күнделік нысаны (Қосымша 1) берілген.
3.3. Практика өту барысында студент практика базасының жетекшісімен бірге кәсіби практиканың жұмыс жоспар-кестесін құрастырады (Қосымша 3).
4. Практика күнделігі.
Студент практика күнделігінде орындалған жұмыстардың тізімін сипаттайды. Жолдамада практикаға («Пакеттер үшін» мөрінен басқа) келу және кету туралы белгіні ұйым жетекшісі қолы мен мөрімен расталады (Қосымша 2). Күнделіктегі жазулар нақты және анық болуы тиіс, күнделікті күн сайын практика базасының жетекшісінің қолымен куәландарады. Кәсіби практика аяқталуы ұйым атынан жетекшінің қолымен және осы ұйымның кеңсе мөрімен куәландырылады.
5. Есепті рәсімдеу.
2,3 курс студенттерімен жасалған барлық құжаттар қағаз тезтікпесіне жинақталып, тезтікпенің ішіне нөмірленетін құжаттар тізімдемесі тіркеледі.
Есеп келесі тәртіппен рәсімделуі тиіс:
Титулдық бет;
Практикаға жолдама;
Күнделік;
Практиканың жеке күнтізбелік жоспары;
Ұйымның мөрі мен практика базасы жетекшісінің қолымен куәландырылған мінездеме;
Ұйымның мөрі мен практика базасы жетекшісінің қолымен куәландырылған есеп үшін бағасы;
Практикадан өту туралы есеп;
Практика бойынша жасааллған құжаттар жобаларының қосымшалары, үлгілері.
2 және 3-курс студенттеріне арналған есепті рәсімдеу бойынша талаптары:
1. Студент есепті 10 бет көлемінде А-4 форматында мәтінді рәсімдейді.
2. Есеп мәтіні, кестелер және суреттер келесідей параметрлерге сәйкес: жоғарғы өрісі – 20 мм., төменгі өрісі – 20 мм; сол өрісі – 30 мм.; оң өрісі – 10 мм.
4. Мәтін «WORD» редакторында, «Times NEW Roman» қарпімен, 14 кегль, жоларалық интервал – дара.
5. Есептің беттерін нөмірлеу – бастапқы беттен басталады. Титулдық бетте беттердің нөмірі қойылмайды.
6. Бөлімдердің атаулары қалың қарпімен жазылып, бөлімдердің тақырыпшалары мәтіннен бір жолмен бөлінуі керек;
7. Суреттер (кестелер, схемалар, диаграммалар, суреттер және фотографиялар) бір атаумен аталады «сурет». Әр сурет атаумен белгіленеді.
8. Есептің соңында студенттің практикадан өткен орнына тиісті қолданылған әдебиеттер, нормативтік-құқықтық актілер тізімі көрсетіледі. Нормативтік-құқықтық актілер тізімі заңи күшіне сәйкес және соңғы өзгерістер мен толықтырулармен рәсімделеді.
Есеп жазу кезінде практика күнделігі негізге алынады. Күнделікте жазылған жазуларды есептің ішінде көрсетудің қажет емес. Күнделік пен практика бойынша есептің айырмашылығы – есепте практика өту барысында жалпыланған мағлұматтар және практика өту үдерісі кезінде болашақ кәсіби қызметінде қолдана алатын білімдер мен машықтар, өзінің қалыптасқан жеке пікірі көрсетіледі.
2-курс студенттерінің оқу практикасының есебінде келесідей мағлұматтар:
1) схема түрінде иерархиясымен көрсетілген ұйымдастырушылық құрылымы;
2) өндірістік процесстердің сипаттамасы, оларды жүйелендіру және уақыт межелеу үдерісі;
3) практика орнында болған жұмыс күнінің ұзақтығы;
4) қызметкерге қойылатын талаптар (білімі, машықтары). Осы позицияда студент болашақта жұмыс істеу үшін университетте қандай машықтарға көбірек назар аудару қажеттігі көрсетіледі.
Оқу практикасы туралы есептің жалпы беттер саны 2 бет болуы тиіс.
2,3 курстың студенттердің практика туралы есебі үш бөлімнен құрылады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.
Кіріспеде практика өту орны мен мерзімдері көрсетіледі. Ұйым қызметінің талдауы (оны қалыптастырудың ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері, оның қызмет етуі, басқару құрылымы, штаттық саны, практикант қызметінің негізгі бағыттары, оның мәртебесі және т.б.). Кіріспе көлемі 2 беттен тұрады.
Негізгі бөлімінде практика бойынша негізгі қорытындылар, жиналған білімдер мен машықтар және орындалған жұмыстар көрсетіледі. Берілген бөлім ең қызықты істерді, суреттер мен кестелерді құрайды. Практика туралы есеп студенттің өз бетімен, жеке орындалуы тиіс (бір-бірінен көшіруге тыйым салынған), нақты, шын орындалған жұмысты анықтайды. Практикаға тиісті емес ақпарат есепте көрсетілмейді. Осы бөлімде студенттің өз бетімен жасаған іс-жүргізу құжаттары мен басқа да актілер жобаларының үлгілері міндетті түрде қосымшаларда тіркеледі. Аталған бөлімде ұйымдастырушылық сипаттағы жұмыстар көрсетіледі (конференцияға дайындық және қатысу, аударма қызметі және т.б.). Негізгі бөлім 3 беттен тұрады.
Сондай-ақ 3-ші курс студенттері бөлек тапсырмалар мен бұйрықтарды орындағанда өздігімен талдау, іске шығармашылықпен көзқарас білдіру, жаңа ғылыми-техникалық құралдар қолдана білу машықтарын көрсетуі тиіс.
Қорытындыда практика өту барысында жинақталған машықтар мен білімдердің сипаттамасы, жалпы нәтижелер мен ұсыныстар беріледі. Қорытынды 1 беттен тұрады.
Аталған бөлімнің құрылымы, студенттің алған практикалық машықтар мен құзыреттіктерді бағалау, сондай-ақ студенттің өздігімен жасаған қорытындылар мен ұсыныстарды жасай білу қабілеттіктерін көрсетеді. Өндірістік практика туралы есеп 6 беттен құрылады.
6. Қосымшалар
Практикант түрлі құжаттарды ұсынғанда ерекше мұқиятпен дайындалуы тиіс. Практикант құжаттар тізімін жасағанда тек құпия құжаттардан басқа, өздігімен жасалған құжаттар (көшірмелер) және бекіту үшін құрылған құжаттарды (түпнұсқалар) ұсынады. Практика орнынан құжаттарды беруге тыйым салынған жағдайда, рұқсат берілмеудің себебі және жасалған құжат жобасын есептің ішінде көрсету керек. Практика өту орнына қатысы жоқ құжаттарды ұсынуға тыйым салынған. Барлық ұсынылатын құжаттар есептің ішінде көрсетіледі. Студенттердің орындаған жұмыс көлеміне сәйкес қосымшалар көлемі анықталады. Әр қосымша бөлек беттермен тіркеледі. Жоғары оң жиегінде келесі сілтеме көрсетіледі: Қосымша А және әрі қарай алфавит бойынша жалғасады. «Қосымша» бағанынан кейін ортада бұл қосымшаның атауы беріледі. Сосын келесі жолдан мәті және қосымшаның құрылымы көрсетіледі.
Практика өту туралы есеп, практика өткен орнынан мінездеме (жұмыс берушінің қарауына байланысты). Практика аяқталғаннан кейін практика жетекшісіне күнделік ұсынылады (Приложение 3).
2015 жылдың 23 қаңтардағы Еңбек кодексіне сәйкес кәсіби практиканы өткен кезде практикантка қатысты жазатайым оқиға орын алсан жағдайда толығымен ұйым – практика базасы жауапты болады.
7. Есептерді қорғау және комиссия.
Жоғары құқық директорымен құрылған комиссия алдында студент практика туралы есепті қорғайды. Комиссия ЖҚМ-нің тәжірибесі бар оқытушылар қатарынан, мамандық профиліне сәйкес құрылады. Комиссия құрамында комиссия төрағасы және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия құрамына мүшелерді кафедра меңгерушілерінің ұсынысымен ЖҚМ-нің Директоры бекітеді.
Оқу кестесіне сәйкес практика туралы есептерді қорғау жүзеге асырылады. Комиссия есептерді қорғау кезінде бар болған құжаттарды қабылдайды. Қорғау кезінде студенттерге есептерді қайта рәсімдеуге, құжаттарды қосу.а және т.б. рұқсат берілмейді.
Есептерді қорғау өткізу кезінде комиссия мүшелеріне тыйым салынады:
- кешігіп келу;
- қорғау кезінде шығу;
- өздігімен мүшелігін ауыстыру.
Практика бойынша бұзушылықтар болған жағдайда, комиссия мүшелеріне тәртіптік жаза мөлшері қолдануы мүмкін.
Есептерді қорғау өткізу тәртібі бойынша туындаған сұрақтарды ЖҚМ Директорымен өтініш негізінде шешіледі.
Есепті қорғау бағасын анықтағанда әділ және бейтарап болуы тиіс. Бағалау кезінде база практикасында заңдық қызметін ұйымдастыру туралы қорытындылар жасау, практика жетекшісінің сұрақтарын түсіндіре білу қабілеті, бұл қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру. Студентке қорғау кезінде практика барысында орындалған жұмыстар құрамы бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.
Практика есептерін қорғау кезінде практика жетекшілеріне келесідей жағдайларға назар аудару қажет:
- практика бағдарламасына сәйкес жинақталған құжаттардың толтыру дұрыстығы мен жеткілікті болуы;
- студенттердің жоспарлары, күнделіктері және мәнездемелері практика базаларының бірінші жетекшілерінің мөрлері мен қолдарымен расталады;
- студент-практиканттардың апта сайын толтырған жазбалары және қолдарының қойылуы ;
- практика бағдарламасына (практиканттың жеке тапсырмасына ) сәйкес есепте орындалған жұмыстарды толық көлемінде практика нәтижелері мен сапасы толтырылады.
- практика өту мерзімдерінің материалдарды жинау мерзімдерімен сәйкес келуі;
- студенттердің қабылдаушы ұйымның практикалық қызметін теориялық тұрғыдан түсіну (оның мақсаттары, міндеттері және әдістері);
-студенттердің қабылдаған кәсіби дағдыларының дәрежесі мен сапасы;
- практика өту барысында студенттің жасаған қорытындылары мен ұсыныстарының кәсіби дәрежесі.
Қорғау нәтижелері бойынша студент бағаланады.
Студенттің есебінде плагиат болған жағдайда практика жетекшісінің бағасы есептелмей, тек түпнұсқалылығының проценті анықталады. Егер түпнұсқалылық 0% болса, студентке автоматты түрде қанағаттанарлықсыз баға қойылады.
Студенттер практика орнына себепсіз келмеген жағдайда немесе қорытынды бағасы «F» болса, студент қайтадан практиканы өтуге және келесі академиялық кезеңде есепті ақысыз негізде тапсыруға құқылы. Өндірістік практиканы өтпеген және практика туралы есепті қорғамаған студент Мемлекеттік емтихан тапсыруға жәберілмейді.
Бағаны қою келесідей:
20% - ауызша жауап;
80% - есеп толтыру талаптарына сәйкестігі және қажетті растайтын құжаттардың болуы.
Бағалаудың критерийлері:
«Өте жақсы» барлық қойылған талаптар мен мерзімдерге сәйкес барлық жоспарланған жұмыс көлемі жоғары деңгейде орындалған есеп үшін қойылады. Студент барлық дағдылар мен білімдерін көрсете білуі қажет. Есепте барлық дайындалған құжаттар тиянақты сипатталады. Есеп орындалған шараларға қатаң түрде сәйкес болы шарт. Түзету жасау, қайтадан көшіру және басқа да өзгерістер жасауға тыйым салынған. Есеп тиянақты, түсінікті және нақты жасалуы тиіс. Есеп рәсімдеудің техникалық параметрлері нақты және тиянаұты орындалып, грамматикалық қателер жасауға рұқсат берілмейді.
«Жақсы» студент алдына қойған міндеттерін анықтап, оларды орындау мақсаттары мен тәсілдерін өздігімен іздеп, жұмыста ынтасын білдіріп практика бағдарламасына сәйкес есептің негізгі талаптарға сәйкес рәсімдеп орындаған, бірақ та шығармашылық әлеуетін және шығармашылық мүмкіндіктерін ашып көрсетпеген. Студент барлық құзыреттіктердің тізімін толық көрсете алмаған. Есепті рәсімдегенде техникалық ахаулықтар жасалса, дайындалған құжаттар тізімі толық көрсетілмей, құжаттар тізіміне сәйкес келмесе және құжаттарды толық көлемінде бермеу туралы негіздер болмаған жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлық» студент практика бағдарламасын орындап, бірақ терең теориялық білімдерін толық көрсете алмай, оларды практикада қолданбай, міндеттерін орындаған кезде қателер жіберілсе бағаланады. Студент барлық құзыреттіктердің тізімін толық көрсете алмаған, оларды толығымен көрсете алмаса. Есеп рәсімдегенде техникалық ахаулықтар, түзетулер жіберіп, құжаттар тізімі орындалған шараларға сәйкес келмейді. Есепте дайындалған құжаттар тізімі толық көрсетілмей, құжаттар тізіміне сәйкес келмесе және құжаттарды толық көлемінде бермеу туралы негіздер болмаған жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз» студент практика бағдарламасын орындамаған жағдайда, есепті жасамаған, практика өту барысында тәртіп бұзушылықтарын жасаса, қанағаттанарлықсыз бағаланады. Сондай-ақ есеп жазғанда, плагиат табылса.
9. Студент міндеттері:
4.1. Студент практика басталар алдында:
- практика басталар алдында әдістемелік және инструктивтік материалдарымен танысып, практика жетекшісінен кеңес алуға;
- практика туралы сұрақтар бойынша таныстыру конференцияға қатысуға міндетті.
Студент практика орнына себепсіз келмеген жағдайда (науқас, жақын туысының өлімі), практика орнынан жетекшісі мен университеттегі практика координатрына хабарлап айтуға міндетті.
Студенттер практика орнына себепсіз келмеген жағдайда немесе қорытынды бағасы «F» болса, студент қайтадан практиканы өтуге және келесі академиялық кезеңде есепті ақысыз негізде тапсыруға құқылы. Студенттер практика бағдарламасын орындамаған жағдайда, теріс пікір алса немесе есепті қанағанаттанарлықсыз бағамен қорғаса, практиканы қайтадан өтуге жіберіледі.
Практиканы өту барысында студент міндетті:
- берілген мерзімдерде практикаға бөлінген уақытты барынша пайдаланып, толық көлемінде және жоғары сапамен практика бағдарламасында көзделген барлық тапсырмаларды тиісті мерзімде орындауға;
- әшк тәртіп ережелерін, тиісті ұйым қызметкерлерінің қызметінің тәртібін және басқа да нормативтік актілерді сақтауға;
- практика басталар алдында ұйымға келу туралы жолдамада мөр қойдыруға;
- практика күнделігіне күн соңына дейін орындалған жұмыстар туралы белгілі деректер толтырып жазу;
- практика аяқталар алдында ұйымнан шығу туралы жолдамада мөр қойып, пратика туралы есеп жасап, практика туралы есеп-күнделікті мөр және ұйым атынан жетекшінің қолымен растау керек.
10. Практика жетекшілерінің міндеттері:
- студентке қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізіп, ұйымның басқа да ерекшеліктері ескеріле отырып, ішкі тәртіп сақтау ережелерімен таныстырады;
- студенттің жұмыс күнінің бекітілген ұзақтығын қамтамасыз етеді;
- студенттің жұмысын жүйелі түрде бақылайды;
- практика бағдарламасын орындауға қолайлы шарттар жасайды;
- студенттің жұмыс уақытын тиімді қолдануын қамтамасыз етеді, студентті практика бағдарламасына сәйкес емес жұмыстарды орындауға жібермейді;
- практика аяқталғаннан кейін практика жетекшісімен студенттің мінездемесін толтыруға және оған қол қоюды ұйымдастырады және толтырылған күнделікті растайды;
- жоғары оқу орнынан практика жетекшісімен қарым-қатынасты сақтау..
1-қосымша
«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Кәсіптік практиканы өту туралы
ЕСЕП
Студент______________________________________________________________
Практиканы өту орны ___________________________________________
Мамандығы________________________________________________________
Курс__________
Ұйым (мекеме) атынан практика жетекшісінің бағасы______________________________ _______________________
Баға (әріптік, сандық, проценттік құрамы) қолы «____» ____________201____ж.
М.Ө.
Практика нәтижелері бойынша комиссияның шешімі_______________________
____________________________________________________________________
Астана, 2016 г.
2-қосымша
Жолдама
Білім алушы__________________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кәсіпорнының атауы)
кәсіптік практиканы өту үшін жолданады
Практиканың басталу мерзімі ______________________2017 ж.
Практиканың аяқталу мерзімі ______________________2017 ж.
Практика координаторы _______________________________________
____________________________
М.О. (қолы)
_____________________________________________________________________
Оқу орнына қайтарылады
Келу мен кету туралы белгі
Білім алушы _________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
кәсіптік практиканы өту үшін _______________________________________
_____________________________________________________________________
(кәсіптік практиканың атауы)
Келді Кетті
_____________________________ ______________________________
______________________________ ______________________________
2017 ж. «______»______________ 2017 ж. «______»_____________
Мөр, қолы Мөр, қолы
3-қосымша
Білім алушының кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі
_______курс _____________мамандығы
р/с
№
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес орындауға (оқытуға) жататын жұмыстар тізбесі
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері
|
Ескертпе
|
басталуы
|
аяқталуы
|
1.
|
1) білім алушыларды болашақ кәсіби қызметімен ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) тікелей таныстыру;
2) білім алушылардың мамандық бойынша бастапқы машықтар мен дағдыларын меңгеру;
3) ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) нақты кәсіптік қызметін орындау мен зерттеудің негізінде арнайы пәндерді оқу кезінде алынған білімдерді бекіту, тереңдету және жүйелеу;
4) кәсіби ойлауды дамыту, өндірісте машықтарға баулау және кәсіби қызметінің дағдыларды игеру болып табылады.
|
06.06.2017*
|
07.06.2017*
|
|
2.
|
1) Мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;
2) теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;
3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді меңгеру.
|
07.06.2017*
|
08.06.2017*
|
|
3.
|
1) ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;
2) практика өту барысында мәліметтер мен материалдарды жинақтау, талдау және тұжырымдау.
|
08.06.2017*
|
09.06.2017*
|
|
4.
|
1) Мұрағатта сақталуға тиісті істерді дайындау;
2) істер номенклатурасымен танысу
3) командалық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің дағдыларын игеру;
|
09.06.2017*
|
10.06.2017*
|
|
5.
|
1) Өз бетінше өз қызметін жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстарды орнату, рольдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады.
2) Кәсіптік практикадан өту туралы күнделік-есеп рәсімдеу.
|
10.06.2017 -
11.06.2017*
|
|
Ескерту: *Осы белгімен тапсырма орындаудың болжалмы мерзімднерін көрсетіңіз. Студент тапсырманы орындаудың нақты мерзімдерін көрсетуі қажет. Барлық орындалған тапсырмалар есепте көрсетілуі тиіс.
(кәсіби тәжірибе орнынан кәсіптік жетекшісінің тегі, аты және әкесінің аты
_________________________________________________________________________________
«______» _______________201_ ж. _____________________ Қолы
Кәсіптік практиканы өту туралы
есеп
№
п/п
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
|
Кәсіптік практиканың жеке тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері
|
Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4-қосымша
Кәсіби практиканы өту туралы
есеп
________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Білім алушының қолы _____________________
_____________________________________________________________________
(студенттің тегі, аты-жөні толығымен)
«_____» ___________________20 ___ж.
_____________________________________________________________________
(практика орнынан тікелей жетекшісі)
«_____» ___________________20 ___ж.
Білім алушының қолы _____________________
_____________________________________________________________________
(Студенттің аты-жөні толығымен)
«___» _______________ 2017 ж.
___________________________________________________________________
(кәсіптік практикасының тікелей жетекшісі)
«___» _______________ 2017 ж.
2. Білім алушы практиканттың мадақтамалары мен ескертпелері
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. (Ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) кәсіптік практика
жетекшісінің қорытындысы
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(Ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) кәсіптік практика жетекшісінің қолы_______________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________
(Аты жөні, қызметі толығымен)
«______»_________________2017 ж.
Балл бағасы/Оценки в баллах
Әріппен бағалау кестесі
|
Баллдар
|
%-тік сипаттама
|
Әдебиеттік баға жүйесі бойынша
|
А
|
4.0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3.67
|
90-94
|
В+
|
3.33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3.0
|
80-84
|
В-
|
2.67
|
75-79
|
С+
|
2.33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2.0
|
65-69
|
С-
|
1.67
|
60-64
|
D+
|
1.33
|
55-59
|
D
|
1.0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағатанарлықсыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |