11
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
грациялану құқығы белгіленген (39-бап). БҚК-нің
екі Факультативтік хаттамасында сексуалдық пай-
даланудан және қарулы қақтығыстарға қатысудан
қорғау мейлінше егжей-тегжейлі қаралған (бұдан
әрі 1.3-бөлімді қараңыз). Заңның 40 және 37-бап-
тарында заңмен қайшылықта жүрген балаларды
қорғау көзделген. Осы баптар одан әрі 4-бөлімде
талқыланатын болады.
1.3. бҰҰ бала құқықтары
туралы конвенциясына
факультативтік хаттамалар
2000 жылғы 25 мамырда БҰҰ Бас Ассамблеясы
БҚК-ге қосымша екі факультативтік хаттаманы:
Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына
қатысты хаттама (ҚҚФХ) мен Балалар саудасы-
на, балалар жезөкшелігіне және балалар порно-
графиясына қатысты факультативтік хаттаманы
қабылдады (БСФХ).
16
Олар БҚК-ге маңызды толықтыру болып та-
былады, бірақ кәмелекте толмағандардың істері
жөніндегі соттардың қызметі үшін маңызды емес.
Сондықтан бірнеше қысқаша ескерту берілген:
ҚҚФХ: Осы факультативтік хаттама-
ны қабылдаудың басты себебі көптеген
мемлекеттердің БҚК-нің 38-бабында балаларды
қарулы қақтығыстарға қатысуға тарту және олар-
ды қарулы күштер қатарына шақыру үшін төмен
жастың белгіленуіне қарсы болуымен байланы-
сты болатын. Факультативтік хаттамада мейлінше
жоғары стандарттар белгіленген:
•
18 жасқа толмаған адамдарды қарулы
қақтығыстарға тартуға (қарулы қақтығыстарға
тікелей қатысуға) тыйым салынған (1-бап);
•
мұндай адамдарды қатысушы мемлекеттің
қарулы күштерінің қатарына алудың міндетті
болуына жол берілмейді (2-бап; бұл қарулы
топтарға да қатысты,(4-бап);
•
қарулы күштер қатарына өз еркімен шақырылу
үшін ұсынылатын ең төменгі жас – 16 (3-бап;
18 жасқа толмаған адамдарды қарулы күштер
қатарына ерікті түрде тартуға жол берілмейді,
4-бап).
БСФХ: Бұл факультативтік хаттама БҚУ 34
және 35-баптарына толықтыру ретінде қаралуы
мүмкін. Судьялар баланы немесе балаларды
сексуалдық пайдалану туралы істерді қараған кез-
де осы факультативтік хаттаманың ережелерін
басшылыққа алуы мүмкін. Сондықтан осы
Хаттаманың кейбір ережелеріне толық тоқталайық:
•
2-бап балалар саудасы, балалар жезөкшелігі
және балалар порнографиясына берілген
анықтамадан тұрады және ол қандай да бір
әрекеттің балалар саудасы, балалар жезөкшелігі
және балалар порнографиясы болып табылаты-
ны туралы шешім шығару қажет болған істерде
судьялар үшін пайдалы рөл атқарады.
•
3-бап мемлекеттерден осы бапта аталған
әрекеттерді ұлттық заңнамаға сәйкес қылмыстар
деп тануын, сондай-ақ, заңды тұлғаларға осы
қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік
белгілеуін талап етеді.
•
4-бап қатысушы мемлекеттерді 3-бапта аталған
қылмыстар үшін эксаумақтық заңдық бағыныс
белгілеуді міндеттейді, осы бапты іске асыру-
да Қазақстанның үлгісі мысалға келтірілген: а)
егер құқық бұзушы Қазақстан азаматы болып
табылса немесе Қазақстан аумағында тұрақты
тұрса және өзге елде осы аталған қылмыстардың
бірін жасаса, (мысалы, Филиппинде немесе Ре-
сейде), ол қылмыстық тәртіппен қудаланып,
Қазақстанда сот рәсіміне жатуы мүмкін; б)
егер Қазақстан азаматы болып табылатын бала
жасалған қылмыстың құрбаны болса, құқық
бұзушының азаматтығына қарамастан, осы
қағида қолданылады.
•
5-бапта белгіленгендей, 3-бапта аталған
қылмыстар қылмыскерді ұстап беруге әкелетін
қылмыстар болып табылады және экстрадици-
ялау туралы шарттарға енгізілуге тиіс немесе
осы бап экстрадиция үшін заңды негіз ретінде
қаралуға тиіс.
Факультативтік хаттама көптеген баптардан
тұрады, мысалы, құрбан болған балаларды және
мұндай қылмыстардың куәгерлерін қорғау ту-
ралы (8-бап), балаларды сексуалдық пайдалануға
жол бермеу және мұндай пайдалану құрбандарын
толық физикалық және психологиялық тұрғыдан
қалпына келуі, әлеуметтік қайта бейімделуі үшін
тиісті көмек алу құқықтары туралы ақпарат тарату
үшін ақпараттық науқандар өткізу қажеттілігі ту-
ралы баптар енген (9-бап).
16. Екі Хаттама қарармен қабылданды: БСФХ A/RES/54/263БҰҰ
құжаты, 2002 ж. 18 қаңтарда күшіне енген, (2013 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанды қоса алғанда, 162 мем-
лекет ратификациялаған) және 2002 ж. 18 қаңтарда күшіне енген,
(2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанды қоса
алғанда, 150 мемлекет ратификациялаған).